Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
"Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 28) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1. "Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы" (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3109 тіркелген) Көлік және коммуникациялар министрлігі Азаматтық авиация комитетінің төрағасы міндетін атқарушының 2004 жылғы 26 тамыздағы N 157
бұйрығына
мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі бекітілген ережеде:
көрсетілген ережеге 2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын;
осы бұйрыққа 2, 3-қосымшаға сәйкес 7, 8-қосымшаларымен толықтырылсын.
2. Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация министрлігі Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникация вице-министрі А.Ғ. Бектұровқа жүктелсін.
4. Осы бұйрық жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр С. Ахметов
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2008 жылғы 24 маусымдағы
N 302 бұйрығына
1-қосымша
"Нысанды киім кию, қамтамасыз
ету нормалары ережесіне және
нысанды киім киюге құқығы бар
Қазақстан Республикасының
азаматтық авиация қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің)
тізбесіне
2-қосымша
Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
нысанды киім киюге құқығы бар қызметкерлері
лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесі
1. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бастығы.
2. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының бас сарапшысы.
3. Мемлекеттік авиациялық қадағалау басқармасының сарапшысы.
4. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бірінші басшысы.
5. Ұшуға рұқсаты бар авиакомпанияның бірінші басшыларының орынбасарлары.
6. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі авиакомпания инспекциясының бастығы.
7. Ұшу қауіпсіздігі жөніндегі авиакомпания инспекциясының инспекторлық құрамы.
8. Ұшу қызметінің директоры.
9. Ұшу қызметі директорының орынбасары.
10. Ұшу отрядының (эскадрильяның) командирі.
11. Ұшу отряды (эскадрильясы) командирінің орынбасары.
12. Аға штурман.
13. Аға бортинженер.
14. Инструктор-пилот.
15. Әуе кемесінің командирі
16. Инструктор-штурман
17. Инструктор-бортинженер.
18. Инструктор-бортмеханик.
19. Екінші пилот.
20. Штурман
21. Бортинженер
22. Бортмеханик
23. Бортрадист
24. Бортоператор
25. Инспектор-бортсерік
26. Инструктор-бортсерік
27. Бортсерік
28. Тасымалдарды қамтамасыз ету қызметінің бастығы.
29. Тасымалдарды қамтамасыз ету қызметінің ауысым бастығы.
30. Супервайзер.
31. Аэровокзалда жолаушыларға қызмет көрсету бөлімінің агенті.
32. Тасымалдарды ұйымдастыру қызметінің диспетчері.
33. Авиациялық қауіпсіздік қызметінің маманы.
34. Сүйемелдеудің инженерлік-техникалық құрамы.".
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2008 жылғы 24 маусымдағы
N 302 бұйрығына
2-қосымша
"Нысанды киім кию, қамтамасыз ету
нормалары ережесін және нысанды
киім киюге құқығы бар Қазақстан
Республикасының азаматтық авиация
қызметкерлері лауазымдарының
(кәсіптерінің) тізбесіне
7-қосымша
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық
қауіпсіздік қызметінің мамандарына арналған
нысанды киімнің сипаттамасы
1. Жазғы киім:
көкшіл қара түсті фуражка (бейсболка);
көкшіл қара түсті берет (әйелдердің кепи - шляпасы);
көк (көгілдір) түсті қысқа жеңді әйел адамның жейдесі;
көк түсті қысқа жеңді жейде;
қара түсті галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
қара түсті туфли.
2. Маусымдық киім:
көкшіл қара түсті фуражка (бейсболка);
көкшіл қара түсті берет (әйелдердің кепи - шляпасы);
көкшіл қара түсті күртеше;
көкшіл қара түсті әйел адамның бір қаусырмалы плащы;
су өтпейтін плащ;
көк (көгілдір) түсті ұзын жеңді жейде;
көк түсті ұзын жеңді жейде;
қара түсті галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
белгіленген үлгідегі жемпір;
көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
маусымдық костюмі (күртеше, шалбар және полукомбинезон);
көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
қара түсті туфли.
3. Қысқы киім:
қара түсті қысқы қалпақ (бейсболка);
көкшіл қара түсті күртеше;
көкшіл қара түсті әйелдер пальтосы;
көк (көгілдір) түсті ұзын жеңді жейде;
көк түсті ұзын жеңді жейде;
қара түсті галстук;
жейдеге тағатын бант-галстук;
белгіленген үлгідегі жемпір;
көкшіл қара түсті ер адамның костюмі (китель мен шалбар);
көкшіл қара түсті әйел адамның костюмі (жакет, көкірекше, белдемше, шалбар);
қара түсті әйелдер етігі;
қысқы бәтеңке;
унты.".
Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрінің
2008 жылғы 24 маусымдағы
N 302 бұйрығына
3-қосымша
"Нысанды киім кию, қамтамасыз ету
нормалары ережесін және нысанды
киім киюге құқығы бар Қазақстан
Республикасының азаматтық авиация
қызметкерлері лауазымдарының
(кәсіптерінің) тізбесіне
8-қосымша
Азаматтық авиация ұйымдарының авиациялық
қауіпсіздік қызметінің мамандарына арналған ерекшелік белгілердің сипаттамасы
Нысанды киімнің сыртқы киімінде сол жеңінде иықтан 8 см қашықтықта авиациялық қауіпсіздік қызметі қатысты азаматтық авиация ұйымының эмблемасы бар логотип, алдыңғы сол жақта үстінен 2- және 3-түймелердің тұсында сары түсті көлемі 10х3 см "SECURITY" деген жазуы бар логотип, арқасында сары түсті көлемі 30х7 см жағадан 10 см төмен қашықтықта "SECURITY" деген жазу орналасуы тиіс. Бас киімнің алдыңғы жағында азаматтық авиация ұйымының басшылығы белгілеген үлгідегі кокарда орналасады.".