"Нысанды киім кию, қамтамасыз ету нормалары ережесін және нысанды киім киюге құқығы бар Қазақстан Республикасының азаматтық авиация қызметкерлері лауазымдарының (кәсіптерінің) тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көлік және коммуникациялар

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация Министрінің 2008 жылғы 24 маусымдағы N 302 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 25 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5268 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің м.а. 2010 жылғы 13 тамыздағы № 364 Бұйрығымен.

      "2008 жылға арналған республикалық бюджет туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 6 желтоқсандағы  Заңына ,»"Республикалық және жергілікті бюджеттердің атқарылу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 20 наурыздағы N 225  қаулысына  сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігіне Ақтөбе қаласының көшелеріне жол-жөндеу жұмыстарын жүргізуге Ақтөбе облысының әкімдігіне аудару үшін 2008 жылға арналған республикалық бюджетте көзделген Қазақстан Республикасы Үкіметінің шұғыл шығындарға арналған резервінен 1500000000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге сомасында ағымдағы нысаналы трансферттер бөлінсін.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі бөлінген қаражаттың мақсатты пайдаланылуын бақылауды қамтамасыз етсін.

      3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі                                    К. Мәсімов