Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5223 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы бұйрықтың күшіне енуіне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар осы бұйрықпен бекітілген бағалы қағаздардың тиісті листингілік санаттарына осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап бір ай өткеннен кейін аударылуы тиіс.

      7. Осы бұйрық қосымшасының 8-12 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылатын болады.

      8. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне тек осы бұйрық қосымшасының 8-9 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана қосылатын болады.
      Осы бұйрық қосымшасының 10-12 тармақтарына сәйкес 2009 жылғы 31 желтоқсанына дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар өтеу күніне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатында қалатын болады.

      Төраға                                       А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрағасы
      ________________ Е. Бахмутова
      2008 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Республикасы Алматы  
қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119
бұйрығына қосымша       

Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі
деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ
осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар (әрі қарай - Талаптар) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар мақсатында келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне қаржы тарту, соның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру болып табылатын заңды тұлға;

      2) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;

      3) борыштық бағалы қағаз - шығару шарттарымен бекітілген көлем мен мерзімде, оның иесіне эмитенттен негізгі борыштың сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) жіберілім бастамашысы - бастамасы бойынша бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, немесе қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);

      6) индекстік қор - белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін, активтері ұқсас қаржы құралдарынан тұратын, берілген қор үшін "негіз" болып табылатын, инвестициялық қор;

      7) қаржылық емес ұйым - қаржылық ұйым болып табылмайтын ұйым ("Қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңымен айқындалғандай);

      8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - бағалы қағаздар және бағалы қағаздардың эмитенттері аталған тізімге енгізу үшін және онда қалдыру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;

      9) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган - қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) листингілік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

      12) маркет-мейкер - қор биржасының ережелеріне сәйкес, бағалы қағаздардың баға кесімін қолдау және ұдайы жариялау бойынша міндеттерді атқаратын, қор биржасымен маркет-мейкер ретінде танылған, қор биржасының мүшесі;

      13) ресми тізім секторы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссионды бағалы қағаздар енгізілетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;

      14) сауда алаңы - ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген), қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі;

      15) индекстің өкілдік тізімі - қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында параметрлері қолданылатын белгіленген бағалы қағаздардың тізімі;

      16) үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда, мүліктің белгілі үлесіне оның иесіне құқығын растайтын бағалы қағаз.

      2. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).
      Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының айналымына, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (жіберілген) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары жіберіледі.
      Ресми тізім келесі секторлардан тұрады:

      1) акциялар;

      2) борыштық бағалы қағаздар;

      3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      4) депозитарийлік қолхаттар;

      5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

      6) мемлекеттік бағалы қағаздар;

      7) туынды бағалы қағаздар.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімнің секторлары бөлек санаттарға және санатшаларға бөлінеді.
      Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларының басқа, қосымша секторлардың қызмет етуін қарастыра алады.

2. "Акциялар" секторындағы айналымға жіберілетін
(жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      3. "Акциялар" секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.

      4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде үш жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 4-тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілігін әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен соңғы ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты ай өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы эмитенттің соңғы күнгі қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрауы керек.
      Берілген санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты айдан кейін осы акциялардың эмитентінің нарықтық капитализациясы, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетіндей, сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі АЕК кем емес болуы керек.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

      6) акция эмитентінің таза табысы соңғы үш жылдың әрқайсысы үшін эмитенттің соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Акциялар эмитенті берілген тармақшаның бірінші абзацында белгіленген таза кіріс көлемі бойынша талаптарды орындамаған жағдайда және егер эмитенттің операциялық іс-әрекетінен түскен ақшалай қаражат ағымдары өткен соңғы үш жылдың әрқайсысы үшін оның қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес оң болған жағдайда, онда оның акциялары берілген категорияға көрсетілген талаптарды ескерусіз енгізіледі;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан (эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге) осы типтес акциялар санынан он пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он бес пайыз және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен жағдайда жиырма бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын, осындай тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
      Елуден астам пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу датасына, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан акциялар санынан бес пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) берілген санатқа акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18 , 2009.03.30. N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 5-тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілігін әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе эмитенттің аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы эмитенттің соңғы күнгі қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Берілген санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты айдан кейін осы акциялардың эмитентінің нарықтық капитализациясы, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетіндей, жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды;

      6) акция эмитентінің соңғы екі жылдың әрқайсысы үшін эмитенттің соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес жағымды таза табысы болуы керек;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан (эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге) осы типтес акциялар санынан бес пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он пайыз және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен жағдайда он бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын, осындай тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
      Елуден астам пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу датасына, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан акциялар санынан бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) берілген санатқа акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18 , 2009.03.30. N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      6. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің үшінші санаты бойынша (ең жоғарғы санатынан кейінгі) "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      3) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін немесе эмитент қызметін бір жылдан аз мерзімде жүзеге асырса, нақты қызмет ету кезеңі үшін қаржылық есептілігін ұсынады.
      Жіберілім бастамашысымен аталған санатқа енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен аталған акциялар эмитентінің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін ұсынбастан, егер де эмитентте бар болса, қабылда нуы мүмкін:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;

      4) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес кем дегенде елу бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      5) (алынып тасталды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 Бұйрығымен)

      6) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      7) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 , 2009.03.30. N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

3. "Борыштық бағалы қағаздар" секторындағы айналымға
жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      7. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы екі санаттан тұрады:

      1) рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;

      2) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының бірінші санатшасы (ең жоғарғы санат);
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасы (ең жоғарғы санатынан кейінгі санат).

      8. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына (ең жоғарғы санат) эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) борыштық бағалы қағазға рейтингілік бағаны рейтингілік бағаларын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірі беруі қажет. Рейтингілік баға қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деңгейден төмен бола алмайды. Бұл ретте қор биржасы назарға тек соңғы он екі айдың ішінде берілген (расталған, жаңартылған) рейтингілік бағаны алады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар болған жағдайда, назарға олардың соңғысы ғана алынады;

      2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 8-тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      5) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      7) берілген санатқа борышты бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 , N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына (ең жоғарғы санат) арнайы кәсіпорындар немесе арнайы қаржылық компания шығарған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері келесі талаптарға сай болуы керек:

      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритизация мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;

      2) эмитент және оның рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 Бұйрығымен.

      10. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар бірінші санатшасы" санатшасына (ең жоғарғы санат), инфрақұрылымдық облигациялардан басқа, эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және сонда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның борыштық бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы соңғы күні эмитенттің қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде екі миллион елу мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      6) соңғы екі жылдың біреуі үшін эмитенттің таза кірісі расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      7) лизингтік ұйым және несие серіктестігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі деректері бойынша негізгі қызметі бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде кем дегенде екі миллион елу мың еселенген көлемдегі АЕК құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсаны не жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш бергенге дейін, аралық аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің мәліметтері негізінде (ағымдағы жылдың 6 не 9 айлары ішінде) қарастырылуы мүмкін, көрсетілген кезең үшін оның сату көлемі аталған тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) ресми тізімнің осы санатшасына борышты бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған борышты бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатшасында болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
       10-1. Бағалы қағаздар мен оның эмитенттеріне осы Талаптардың 8 және 10-тармақтарымен қарастырылған талаптар "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамына және ол шығарылған борыштық бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      "Самұрық-Қазына" Ұлттық әл-ауқат қоры" акционерлік қоғамымен жариялануға жататын ақпарат тізімі қор биржаның ішкі құжаттарымен белгіленеді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18 , N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      11. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші санатшасына" санатшасына (ең жоғарғы санатынан кейінгі), инфрақұрылымдық облигациялардан басқа, эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде бір жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы соңғы күні эмитенттің қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      6) соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес аяқталған екі қаржылық жылдың бірі үшін эмитенттің таза табысының болуы;

      7) лизингтік ұйым және несие серіктестігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша негізгі қызметі бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген көлемдегі АЕК құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсаны не жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш бергенге дейін, аралық аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің мәліметтері негізінде қарастырылуы мүмкін (ағымдағы жылдың 6 не 9 айлары ішінде), көрсетілген кезең үшін оның сату көлемі аталған тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) ресми тізімнің осы санатшасына борышты бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған борышты бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатшада болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
       Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18 , N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      12. Инфрақұрылымдық облигациялар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші санатшасына" санатшасына (ең жоғарғы санатынан кейінгі) енгізіледі.
      Ресми тізімнің берілген санатшаға инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу және онда қалдыру үшін аталған облигациялар және олардың эмитенті осы Талаптардың 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сай болуы қажет.

      13. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, аталған эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.

4. "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторындағы айналымға жіберілетін (жіберілген)
үлестік бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне
қойылатын талаптар

      14. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен жарналарын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елі заңнамасында қарастырылған сәйкес құжаты бар (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын шығарылымын тіркеу елі заңнамасына сәйкес қор биржасының жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;

      2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) ресми тізімнің аталған секторына инвестициялық қордың бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде басқарушы компания немесе инвестициялық қордың тіркеу-елі заңнамасында қарастырылған тиісті құжатты алған күннен бастап кем дегенде бір жыл өтуі шарт;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған соңғы толық аяқталған қаржылық жыл не болмаса қызмет ету кезеңі үшін инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынады.
      Жіберілім бастамашысымен аталған инвестициялық қордың бағалы қағаздарын аталған секторға енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынбастан қабылда нуы мүмкін , егер де оларда келесі құжаттар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса аталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;

      5) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың жеке капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің соңғы есептілік күніне сәйкес кем дегенде төрт жүз мың еселенген АЕК құрауы керек.

      6) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      7) инвестициялық қордың оның басқарушы компаниясы немесе инвестициялық қорда болуының бүкіл мерзімі ішінде оның бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болмауы шарт;

      8) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      9) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың соңғы есептілік күніне аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне әйкес таза активінің құны кем дегенде екі жүз он бес мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Егер ресми тізімге енгізу датасында берілген инвестициялық қордың жарияланған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, осы тармақша талаптары таза активтер бағасы бойынша инвестициялық қордың осы бағалы қағаздарының саудасы басталған күннен бастап үш айдан кейін қолданылатын болады;

      10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын ұстаушылар саны аталған бағалы қағаздардың саудасы басталған күннен бастап үш ай өткен соң кем дегенде елуді құрауы керек;

      11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады.

      12) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;

      13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылуы;
      14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылар тізіміне кіретін бағалаушылардың бірімен жүзеге асырылуы;
      15) аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің соңғы есеп беру датасына сәйкес акционерлік инвестициялық қордың әр қызмет ету жылы үшін таза табысының болуы;
      16) акционерлік инвестициялық қордың акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
       Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84 Бұйрығымен.

       14-1. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жылжымайтын мүлік қорының акцияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған жылжымайтын мүлік қоры мен оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларымен қарастырылған;
      2) шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің және/ немесе басқа міндеттемелерінің жиынтықтағы көлемі жылжымайтын мүлік қорының жеке капиталының он пайызынан аспауы;
      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде түскен табыстар жылжымайтын мүлік қорларының инвестициялық табыстарының жетпіс бес пайызынан кем болмауы;
      4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорын басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбауы;
      5) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік ауыртпалатылған не болмаса сенімді басқаруға берілмеуі;
      6) жалға беру келісім-шартымен бекітілген, жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға беру бір жылдан кем емес мерзімді құрауы;
      7) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға үш жыл мерзімі ішінде ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін беріледі.
      Жіберілім бастамашысы қор биржасына жалға беру туралы стандартты нысандағы келісім-шартын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын ресми тізімге жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін жасалған жалға беру келісім-шарттарының көшірмелерін ұсынады.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84 Бұйрығымен.
      
      14-2. Осы Талаптардың 14-тармақтың 13) тармақшасы және 14-1-тармақтың 3) мен 7) тармақшаларымен қарастырылған талаптар рейтингілік бағасы рейтингілік бағаларын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірімен берілген жылжымайтын мүлік қорына қолданылмайды.
       Ескерту. 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84 Бұйрығымен.

      15. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына индекстік қордың бағалы қағаздарын енгізу үшін және онда қалдыру үшін индекстік қор және оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында қарастырылған;

      2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы танитын қор биржаларының тізбесіне кіретін, қор биржалардың ресми тізіміне енгізілуі тиіс.

5. Депозитарийлік қолхаттар листингіне
қойылатын талаптар

      16. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "депозитарийлік қолхаттар" секторының айналымына базалық активі Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарийлік қолхаттар енеді.
      Ресми тізімнің берілген секторына депозитарийлік қолхаттарды енгізу талаптар, осы Талаптардың 5-тармағында белгіленген, базалық актив болып табылатын акцияларға қатысты және оның эмитентіне қолданылады.

6. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарының жіберілуіне қойылатын талаптар

      17. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторының айналымына халықаралық қаржы ұйымдарының келесі талаптарға сәйкес келетін эмиссионды бағалы қағаздары жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) ресми тізімнің берілген санатқа бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады.
      Қор биржасы эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасы жүйесінде айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізімін қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

7. Мемлекеттік бағалы қағаздар жіберілуіне
қойылатын талаптар

      18. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторының айналымына Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) ресми тізімнің берілген санатына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Берілген талап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының айналымына "В-" (Standard @ Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің классификациясы бойынша) немесе "В3" (Мооdy's рейтингілік агенттігінің классификациясы бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді несиелік рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі.

      19. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 18-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес келуі тиіс.

8. "Туынды бағалы қағаздар" секторының айналымына
жіберілетін (жіберілген) қаржы құралдарына және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      20. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "туынды бағалы қағаздар" секторының айналымына туынды бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қор биржасының бекітілген ережелеріндегі талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ қор биржасының ережелері қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органдармен келісе бекітуі тиіс.

9. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша қаржы орталығының
арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін немесе
онда орналасқан бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      21. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 22-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болуы жағдайында жеңілдетілген рәсімдеуді қолдануға жол беріледі. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша секторлардың бөлек санаттарға (санатшаларға) бағалы қағаздарды жатқызу шарттары қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жеңілдетілген рәсімдеу бойынша эмитенттердің бағалы қағазадарын енгізу үшін қойылатын талаптар:

      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын қор биржаларының тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінде енгізілуі тиіс;

      2) эмитенттердің ақпарат ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен жіберілім бастамашысы немесе эмитенттері арасында бекітілген ақпаратты ашу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады;

      3) ресми тізімге бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі міндетті, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы қажет;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

10. Қорытынды ережелер

      23. Қор биржасы осы Талаптарда берілген талаптардан өзге өзінің ережелерінде жіберілім бастамашыларына және листингілік компанияларына қосымша талаптар қоюы мүмкін.

      24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы арызды қарастыру тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.