Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 22 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5223 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес белгіленсін.

      2. "Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізу болжамдалған немесе енгізілген эмитенттерге, сонымен қатар осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар туралы" Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі төрағасының 2006 жылғы 8 қыркүйектегі N 5 бұйрығының күші жойылды деп танылсын (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4408 тіркелген, 2006 жылдың 20 қазанындағы N 254-255 (24508) "Егемен Қазақстан" газетінде жарияланған).

      3. Қазақстан Республикасы Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Даму департаменті:

      1) Агенттіктің Заң басқармасымен бірге осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуіне шаралар қабылдасын;

      2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің, "Қазақстандық қор биржасы" акционерлік қоғамына және "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігінің назарына жеткізсін;

      3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауын қамтамасыз етсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Агенттік төрағасының бағыттаушы орынбасарына жүктелінсін.

      5. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы бұйрықтың күшіне енуіне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған бағалы қағаздар осы бұйрықпен бекітілген бағалы қағаздардың тиісті листингілік санаттарына осы бұйрықтың күшіне енген күннен бастап бір ай өткеннен кейін аударылуы тиіс.

      7. Осы бұйрық қосымшасының 8-12 тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келмейтін, Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілген борыштық бағалы қағаздар Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының екінші санатшасына аударылатын болады.

      8. 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне тек осы бұйрық қосымшасының 8, 9 және 12-тармақтарында қарастырылған талаптарға сәйкес келетін борыштық бағалы қағаздар ғана қосылатын болады.
      Осы бұйрық қосымшасының 10, 11 тармақтарына сәйкес 2009 жылғы 31 желтоқсанына дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне қосылған рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар өтеу күніне дейін Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатында қалатын болады.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.

      Төраға                                       А. Арыстанов

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасының
      Қаржы нарығын және қаржы
      ұйымдарын реттеу мен
      қадағалау агенттігінің төрағасы
      ________________ Е. Бахмутова
      2008 жылғы 14 мамыр

Қазақстан Республикасы Алматы  
қаласының өңірлік қаржы орталығының
қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының
2008 жылғы 8 мамырдағы N 04.2-09/119
бұйрығына қосымша       

Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы
орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі
деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ
осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      Бағалы қағаздары Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптар (әрі қарай - Талаптар) "Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығы туралы" 2006 жылғы 5 маусымдағы Қазақстан Республикасы Заңының 6-бабының 5) тармақшасына сәйкес әзірленген және Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының (әрі қарай - қаржы орталығы) арнайы сауда алаңының тізіміне енгізіледі деп көзделген немесе енгізілген эмитенттерге, сондай-ақ осындай бағалы қағаздарға қойылатын талаптарды белгілейді.

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Талаптар мақсатында келесі ұғымдар пайдаланылады:

      1) арнайы кәсіпорын (Special purpose vehicle) - шетел мемлекетінің заңнамасына сәйкес құрылған, қызметінің жалғыз түрі өзінің жеке құрылтайшысының (қатысушысы, акционері) - осы немесе басқа мемлекеттің заңды тұлғасының кепілдігіне қаржы тарту, соның ішінде борыштық бағалы қағаздар шығару және орналастыру болып табылатын заңды тұлға;

      2) арнайы қаржы компаниясы - секьюритилендірудің бір немесе бірнеше мәмілесін жүзеге асыру, сондай-ақ бөлінген активтер бойынша уақытша бос түсімдерді инвестициялау үшін "Секьюритилендіру туралы" 2006 жылғы 20 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес құрылатын заңды тұлға;

      3) борыштық бағалы қағаз - шығару шарттарымен бекітілген көлем мен мерзімде, оның иесіне эмитенттен негізгі борыштың сомасын алуға құқығын растайтын бағалы қағаз;

      4) жергілікті атқару органдарының облигациялары - республикалық маңызы бар қала, астана жергілікті атқару органдары шығарған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздары;

      5) жіберілім бастамашысы - бастамасы бойынша бағалы қағаздар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін (жіберілетін) эмитент, немесе қаржы орталығының қатысушысы (қор биржасының мүшесі);

      6) индекстік қор - белгілі бір қор индексінің өкілдік тізіміне кіретін, активтері ұқсас қаржы құралдарынан тұратын, берілген қор үшін "негіз" болып табылатын, инвестициялық қор;
      6-1) исламдық бағалы қағаздар - исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары;

      7) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің «Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы» Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген қайта құрылымдау жоспары және «Банкроттық туралы» Қазақстан Республикасының 1997 жылғы 21 қаңтардағы Заңында белгіленген тәртіпте бекітілген оңалту жоспары негізінде іске асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа да іс-шаралары мен рәсімдерінің кешені.

      8) қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімі - бағалы қағаздар және бағалы қағаздардың эмитенттері аталған тізімге енгізу үшін және онда қалдыру үшін белгіленген талаптарға сәйкес келетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының тізімі;

      9) қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган - қаржы орталығының жұмыс істеуін мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      10) қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті орган - қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалауды жүзеге асыратын мемлекеттік орган;

      11) листингілік компания - бағалы қағаздары ресми тізімге енгізілген заңды тұлға;

      12) маркет-мейкер - қор биржасының ережелеріне сәйкес, бағалы қағаздардың баға кесімін қолдау және ұдайы жариялау бойынша міндеттерді атқаратын, қор биржасымен маркет-мейкер ретінде танылған, қор биржасының мүшесі;

      13) ресми тізім секторы - белгіленген талаптарға сәйкес келетін эмиссионды бағалы қағаздар енгізілетін қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бөлігі;

      14) сауда алаңы - ресми тізімге енгізілген (қор биржасында айналымға жіберілген), қаржы құралдарының жекелеген түрлерімен мәмілелер жасалатын қор биржасының бағдарламалық - техникалық кешенінің бөлігі;

      15) индекстің өкілдік тізімі - қор биржасының сол не басқа индикаторларын есептеу мақсатында параметрлері қолданылатын белгіленген бағалы қағаздардың тізімі;

      16) үлестік бағалы қағаз - Қазақстан Республикасының заңнамасында қарастырылған жағдайда, мүліктің белгілі үлесіне оның иесіне құқығын растайтын бағалы қағаз;

      17) эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдау – эмитенттің қаржылық ахуалын қалпына келтіру және жұмысының сапасын жақсарту үшін эмитентті қайта құрылымдау жоспары негізінде ол ерікті негізде жүзеге асыратын әкімшілік, заңдық, қаржылық, ұйымдастырушы-техникалық және басқа іс-шаралардың кешені.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.

      2. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған бағалы қағаздар, соның ішінде базалық активі Қазақстан Республикасының және басқа мемлекеттердің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар болып табылатын туынды бағалы қағаздар енгізіледі (жіберіледі).
      Қазақстан Республикасының ұйымдастырылған бағалы қағаздар нарығының айналымына, қор биржасының ресми тізіміне енгізілген (жіберілген) шетел мемлекеттерінің заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік емес бағалы қағаздар және халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары жіберіледі.
      Ресми тізім келесі секторлардан тұрады:

      1) акциялар;

      2) борыштық бағалы қағаздар;

      3) инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары;

      4) депозитарийлік қолхаттар;

      5) халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары;

      6) мемлекеттік бағалы қағаздар;

      7) туынды бағалы қағаздар;
      8) исламдық бағалы қағаздар.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімнің секторлары бөлек санаттарға және санатшаларға бөлінеді.
      Қор биржасының ішкі құжаттарында, осы тармақта көрсетілген ресми тізімнің секторларының басқа, қосымша секторлардың қызмет етуін қарастыра алады.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.

2. "Акциялар" секторындағы айналымға жіберілетін
(жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      3. "Акциялар" секторы үш санатқа бөлінеді: бірінші (ең жоғарғы) санат, екінші (ең жоғарғы) санат және үшінші (ең жоғарғы санатынан кейінгі) санат.

      4. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің бірінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде үш жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде үш жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 4-тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына (International Financial Reporting Standards) (бұдан әрі - ҚЕХС) немесе Америка Құрама Штаттарында қолданылатын стандарттарға (International Accepted Accounting Principles) (бұдан әрі - АҚШ ҚЕС) сәйкес қаржылық есептілігін әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржы құралдарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарына жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті үш аяқталған қаржылық жылы үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен соңғы ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты ай өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы эмитенттің соңғы күнгі қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі тиісті жылға арналған республикалық бюджет туралы заңға сәйкес айлық есептік көрсеткішті (бұдан әрі - АЕК) құрауы керек.
      Берілген санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты айдан кейін осы акциялардың эмитентінің нарықтық капитализациясы, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетіндей, сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі АЕК кем емес болуы керек.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды.
      Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда:
      қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде;
      қаржылық ұйым болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталы сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген көлемдегі АЕК баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі;

      6) акция эмитентінің таза табысы соңғы үш жылдың әрқайсысы үшін эмитенттің соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Акциялар эмитенті берілген тармақшаның бірінші абзацында белгіленген таза кіріс көлемі бойынша талаптарды орындамаған жағдайда және егер эмитенттің операциялық іс-әрекетінен түскен ақшалай қаражат ағымдары өткен соңғы үш жылдың әрқайсысы үшін оның қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес оң болған жағдайда, онда оның акциялары берілген категорияға көрсетілген талаптарды ескерусіз енгізіледі.

      РҚАО-ның ескертуі!
      6) тармақшаның үшінші абзацының қолданылуы 2012 жылғы 1 шілдеге дейін таралады - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда, жылына сексен бес мың алты жүз АЕК еселі мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрайтын, аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес соңғы үш жылдың ең болмағанда екі жылында акциялар эмитентінің таза кірісі бар болуына жол беріледі;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан (эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге) осы типтес акциялар санынан он пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он бес пайыз және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен жағдайда жиырма бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын, осындай тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
      Елуден астам пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу датасына, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан акциялар санынан бес пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) берілген санатқа акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 4-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18, 2009.03.30. N 04.2-44/84, 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.

      5. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің екінші санаты (ең жоғарғы) бойынша "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның акцияларын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 5-тармақтың 4) және 6) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілігін әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе эмитенттің аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа акцияларды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы эмитенттің соңғы күнгі қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Берілген санаттағы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты айдан кейін осы акциялардың эмитентінің нарықтық капитализациясы, қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес белгіленетіндей, жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Осы тармақшаның екінші абзацының талаптары ресми тізімге артықшылықты акцияларды енгізу жағдайында қолданылмайды.
      Акциялар ресми тізімнің осы санатында болғанда:
      қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде;
      қаржылық ұйым болып табылмайтын эмитенттің меншікті капиталы жүз жетпіс бір мың еселенген көлемдегі АЕК баламалы сомасының жетпіс пайызына тең шамаға дейін, бірақ аудиторлық есеппен расталған, соңғы есептілік күнгі қаржылық есептілікке сәйкес эмитенттің жарғылық капиталынан төмен емес төмендеуіне жол беріледі;

      6) акция эмитентінің соңғы екі жылдың біреуі үшін эмитенттің соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес жағымды таза табысы болуы керек;

      7) еркін айналымдағы акциялар саны аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан (эмитентпен сатып алынған, ауыртпалығы бар және (немесе) оқшауланғаннан өзге) осы типтес акциялар санынан бес пайызды, аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап бір жыл өткен жағдайда - он пайыз және аталған акциялар саудасы ашылған күннен бастап екі жыл өткен жағдайда он бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санына, "Акционерлік қоғамдар туралы" 2003 жылғы 13 мамырдағы Қазақстан Республикасы Заңының 64-бабына сәйкес акционерлік қоғамның аффилиирленген тұлғасы болып табылатын, осындай тұлғаларға тиесілі акциялар енгізілмейді.
      Елуден астам пайыздық акциялары мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы компанияларға тиесілі ұйымдардың акцияларын ресми тізімге енгізу датасына, еркін айналымдағы акциялар саны бойынша талап осы акциялар саудасы ашылған күннен бастап алты ай өткен жағдайда кем дегенде орналасқан акциялар санынан бес пайызды құрайды.
      Еркін айналымдағы акциялар санын есептеу берілген эмитенттің жай және артықшылығы бар акциялар бойынша дербес жүзеге асырылады;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) берілген санатқа акцияларды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған акциялар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 5-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18 , 2009.03.30. N 04.2-44/84, 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.

      6. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің үшінші санаты бойынша (ең жоғарғы санатынан кейінгі) "акциялар" секторына эмитент акцияларын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      2) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      3) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін немесе эмитент қызметін бір жылдан аз мерзімде жүзеге асырса, нақты қызмет ету кезеңі үшін қаржылық есептілігін ұсынады.
      Жіберілім бастамашысымен аталған санатқа енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен аталған акциялар эмитентінің соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін ұсынбастан, егер де эмитентте бар болса, қабылда нуы мүмкін:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса эмитенттің аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;

      4) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес кем дегенде елу бір мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      5) (алынып тасталды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 Бұйрығымен)

      6) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      7) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 6-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 , 2009.03.30. N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

3. "Борыштық бағалы қағаздар" секторындағы айналымға
жіберілетін (жіберілген) бағалы қағаздарға және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      7. "Борыштық бағалы қағаздар" секторы үш санаттан тұрады:

      1) рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар;

      2) рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар:
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының бірінші санатшасы (ең жоғарғы санат);
      рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасы (ең жоғарғы санатынан кейінгі санат);

      3) буферлік санат.
      Ескерту. 7-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының  2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.

      8. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына (ең жоғарғы санат) эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) борыштық бағалы қағазға рейтингілік бағаны рейтингілік бағаларын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірі беруі қажет. Рейтингілік баға қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен деңгейден төмен бола алмайды. Бұл ретте қор биржасы назарға тек соңғы он екі айдың ішінде берілген (расталған, жаңартылған) рейтингілік бағаны алады. Бірнеше рейтингілік агенттіктер берген рейтингілік бағалар болған жағдайда, назарға олардың соңғысы ғана алынады;

      2) эмитентті мемлекеттік тіркеу оның бағалы қағаздарын ресми тізімге енгізу туралы арыз беруден бұрын кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, 8-тармақтың 5) тармақшасында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      3) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      4) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      5) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатқа борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      6) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      7) берілген санатқа борышты бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      8) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 , N 04.2-44/84 Бұйрықтарымен.

      9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар" санатына (ең жоғарғы санат) арнайы кәсіпорындар немесе арнайы қаржылық компания шығарған секьюритилендірілген борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенттері келесі талаптарға сай болуы керек:

      1) эмитент бір немесе бірнеше секьюритизация мәмілелерін жүзеге асыру үшін арнайы құрылған заңды тұлға болып табылады;

      2) эмитент және оның рейтингілік бағасы бар борыштық бағалы қағаздары осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 4) және 7) тармақшаларында бекітілген талаптарға сәйкес болуы тиіс.
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207 Бұйрығымен.

      10. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар бірінші санатшасы" санатшасына (ең жоғарғы санат), инфрақұрылымдық облигациялардан басқа, эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және сонда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның борыштық бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде екі жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде екі жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы кезекті екі аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы соңғы күні эмитенттің қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде екі миллион елу мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
     Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы санатшасында болғанда, қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде төмендеуіне жол беріледі;

      6) соңғы екі жылдың біреуі үшін эмитенттің таза кірісі расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде сексен бес мың алты жүз еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек;

      7) лизингтік ұйым және несие серіктестігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігі деректері бойынша негізгі қызметі бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде кем дегенде екі миллион елу мың еселенген көлемдегі АЕК құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсаны не жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш бергенге дейін, аралық аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің мәліметтері негізінде (ағымдағы жылдың 6 не 9 айлары ішінде) қарастырылуы мүмкін, көрсетілген кезең үшін оның сату көлемі аталған тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) ресми тізімнің осы санатшасына борышты бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған борышты бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатшасында болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18, 2009.03.30 N 04.2-44/84, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      10-1. «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «борыштық бағалы қағаздар» секторының «рейтингтік бағасы бар борыштық бағалы қағаздар (ең жоғары санат)» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы борыштық бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 8-тармағының 1), 3), 6), 7) және 8) тармақшаларында белгіленген талаптарға сәйкес келуі тиіс.
      «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат коры» акционерлік қоғамы ашатын ақпараттың тізбесі қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      Ескерту. 10-1-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.

      11. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші санатшасына" санатшасына (ең жоғарғы санатынан кейінгі), инфрақұрылымдық облигациялардан басқа, эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) эмитенттің мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес ұйымның (ұйымдардың) жүзеге асыру мерзімі үшін, қайта ұйымдастыру нәтижесінде эмитент құрылғанда, сынақ жасалуы мүмкін.
      Егер қор биржасының ішкі құжаттарында жүз пайыздық акциялары (жарғы капиталына қатысу үлестері) мемлекетке немесе ұлттық холдингке не ұлттық басқарушы холдингке тиесілі ұйымдар үшін қызмет ету мерзіміне кем дегенде бір жыл болуы бойынша талап қойылған жағдайда, осы тармақтың 4), 6), 7) тармақшаларында белгіленген талаптар олардың іс жүзінде қызмет ету мерзіміне байланысты қолданылады;

      2) эмитент ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) эмитенттің қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған эмитенттің кем дегенде келесі мерзім үшін қаржылық есептілігін ұсынады:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай өтіп берілсе;
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы аяқталған қаржылық жыл үшін, егер осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз соңғы аяқталған қаржылық жылдың аяқталу датасынан төрт ай ішінде берілсе.
      Егер аудиторлық есеппен расталған аяқталған қаржылық жыл үшін соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз берген күніне дейін алты айдан астам мерзім өтсе, жіберілім бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп беретін болады.
      Жіберілім бастамашысымен ұсынылған эмитенттің соңғы қаржылық есептілігін құру датасынан, аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (эмитенттің аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп шығарылған, осы санатшаға борыштық бағалы қағаздарды енгізу туралы арыз беру датасына дейін алты айдан кем емес мерзімнің өтуі тиіс;

      5) эмитенттің жеке капиталы соңғы есептілік күнінде аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес оның жарғы капиталынан аз бола алмайды. Бұл ретте эмитенттің жеке капиталы соңғы күні эмитенттің қаржылық есептілігінің расталған аудиторлық есебіне сәйкес кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген көлемдегі АЕК құрауы керек.
      Борыштық бағалы қағаздар ресми тізімнің осы санатшасында болғанда, қаржылық ұйымның меншікті капиталының қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау өкілетті органымен белгіленген меншікті капиталдың жеткіліктілігі бойынша пруденциалдық нормативін сақтаған кезде төмендеуіне жол беріледі;

      6) соңғы есеп беру датасына аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігіне сәйкес аяқталған үш қаржылық жылдың бірі үшін эмитенттің таза табысының болуы;

      7) лизингтік ұйым және несие серіктестігінен басқа, қаржылық емес ұйымның сату көлемі аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің деректері бойынша негізгі қызметі бойынша соңғы қаржылық жыл ішінде кем дегенде үш жүз қырық мың еселенген көлемдегі АЕК құрайды.
      Егер облигация эмитенті соңғы аяқталған қаржылық жылдың төртінші тоқсаны не жылдың бірінші тоқсаны ішінде басқа ұйымдарға бақылауды алған жағдайда, ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы өтініш бергенге дейін, аралық аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің мәліметтері негізінде қарастырылуы мүмкін (ағымдағы жылдың 6 не 9 айлары ішінде), көрсетілген кезең үшін оның сату көлемі аталған тармақшаның бірінші абзацында көрсетілген талаптарға сәйкес болуы тиіс;

      8) Қазақстан Республикасының резиденттеріне - акционерлік қоғамдарына қатысты - эмитент акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы, Қазақстан Республикасының резидент еместеріне қатысты - корпоративтік басқару кодексінің болуы немесе заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында қарастырылған тәртіпте бекітілген мазмұны бойынша ұқсас құжаттың болуы, егер заңды тұлға ретінде эмитентті тіркеу елі заңнамасында оның болуы қарастырылған жағдайда;

      9) алынып тасталды;

      10) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.
      Ескерту. 11-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2008.08.28. N 04.2-09/207, 2009.01.20 N 04.2-44/18, N 04.2-44/84,  2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      11-1. «Исламдық бағалы қағаздар» секторы екі санатқа бөлінеді: исламдық жалға алу сертификаттары мен исламдық қатысу сертификаттары.
      Ескерту. 11-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
      11-2. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық жалға алу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) эмитент акционерлік қоғам не жауапкершілігі шектеулі серіктестік ұйымдастырушылық-құқықтық нысанында құрылған заңды тұлға болып табылады;
      2) оригинаторды мемлекеттік тіркеу исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтінішті берген күнге дейінгі кем дегенде үш жыл бұрын жүзеге асырылған. Қор биржасының ішкі құжаттарына сәйкес қайта ұйымдастыру нәтижесінде оригинатор құрылған ұйымның (ұйымдардың) жұмыс істеу мерзімін есепке алу жүргізілуі мүмкін;
      3) рейтингтік бағасын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органымен танылатын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингтік агенттіктердің біреуімен исламдық бағалы қағазға және оригинаторға рейтингтік баға беріледі. Бұл ретте қор биржасы соңғы он екі ай ішінде берілген (расталған, жаңартылған) сол рейтингтік бағаға ғана назар аударады. Бірнеше рейтингтік агенттіктер берген рейтингтік бағалар бар болған кезде, осы бағалардың соңғысына мән беріледі;
      4) оригинатор қаржылық есептілігін ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес жасайды;
      5) рұқсат беру бастамашысы аудиторлық есеппен расталған мына:
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай өткеннен кейін берілген болса, аяқталған соңғы үш қаржы жылынан;
      егер исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш соңғы аяқталған қаржы жылы біткен күннен бастап төрт ай ішінде берілген болса, аяқталған соңғы қаржы жылының алдындағы аяқталған жүйелі үш қаржы жылынан кем емес уақыттағы қаржылық есептілікті ұсынады.
      Аудиторлық есеп немесе аралық қаржылық ақпаратқа шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есеп шығарылған, рұқсат беру бастамашысы соңғы берген оригинатордың қаржылық есептілігін жасау күнінен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтінішті беру күніне дейін кемінде алты ай өтуі тиіс.
      Егер аудиторлық есеппен расталған, аяқталған қаржы жылының соңғы қаржылық есептілігі жасалған күннен бастап исламдық бағалы қағаздарды осы санатқа енгізу туралы өтініш берілген күнге дейін алты айдан астам уақыт өтсе, рұқсат беру бастамашысы аралық қаржылық есептілігі бойынша аудиторлық есепті немесе аралық қаржылық ақпаратты шолу (оригинатордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) жөніндегі есепті береді;
      6) оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес оның жарғылық капиталынан кем бола алмайды. Бұл ретте оригинатордың меншікті капиталы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған оригинатордың қаржылық есептілігіне сәйкес АЕК сегіз миллион бес жүз алпыс мың еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      7) оригинатордың соңғы үш жылдың екі жылы ішіндегі таза табысы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес АЕК сексен бес мың алты жүз еселенген мөлшерінен кем емес баламалы соманы құрайды;
      8) исламдық бағалы қағаздарды шығару проспектісін оригинатордың исламдық қаржыландыру принциптері жөніндегі кеңесі келісуі тиіс;
      9) оригинатордың левередж шамасы аудиторлық есеппен расталған соңғы есептілік күніне жасалған қаржылық есептілікке сәйкес екіден аспайды;
      10) рұқсат беру бастамашысы эмитенттің соңғы есептілік күніне жасаған қаржылық есептілігін береді;
      11) құрылтайшы эмитенттің жарғылық капиталын толығымен төлейді;
      12) бөлінген активтердің құрамына кіретін мүліктің объектілері исламдық бағалы қағаздарды ресми тізімге енгізу туралы өтініш берілген не оригинатор мен эмитент арасында бөлінген активтерді құрайтын мүліктің объектілерін исламдық бағалы қағаздардың айналыста болу мерзіміне жалға (қаржы лизингіне) беру туралы шарт жасалған күнге дейінгі екі жыл ішінде жалға (қаржы лизингіне) беріледі;
      13) эмитенттің бөлінген активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі;
      14) бөлінген активтер бойынша кірістердің кемінде жетпіс бес пайызын мүлікті жалға (қаржы лизингіне) беру нәтижесінде алынған кірістер құрайды;
      15) бөлінген активтер құрамына кіретін мүліктің объектілеріне ауыртпалық салынбаған болуы тиіс.
      Ескерту. 11-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
      11-3. Исламдық бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «исламдық бағалы қағаздар» секторының «исламдық қатысу сертификаттары» санатына енгізу және олардың сонда болуы үшін осы бағалы қағаздар, олардың эмитенті және оригинатор мына талаптарға сәйкес келуі тиіс:
      1) осы Талаптардың 11-2-тармағының 1), 2), 3) 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11) тармақшаларында көзделген талаптар;
      2) эмитент қолданыстағы инвестициялық жобаны дамытуға шығарудан тартылған қаражатты кейіннен пайдалану мақсатында исламдық бағалы қағаздарды шығару үшін құрылған заңды тұлға болып табылады;
      3) инвестициялық жобада ақшалай қаражатты жинақтайтын объектінің (қаражат көзінің) және осы ақшалай қаражатты бөлу механизмінің, сондай-ақ инвестициялық жоба шығындарының негізгі көздерінің бар екенін болжамдайтын ақшалай қаражат қозғалысының айқын схемасы бар;
      4) инвестициялық жобаның рентабельділігі оның жобалық құжаттамасына сәйкес оң шамаға жатады;
      5) оригинатор инвестициялық жобаға енгізген мүліктің бағасы қор биржасымен танылатын бағалаушылардың тізбесіне кірген бағалаушылардың біреуімен жүргізіледі.
      Ескерту. 11-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.

      12. Инфрақұрылымдық облигациялар қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар екінші санатшасына" санатшасына (ең жоғарғы санатынан кейінгі) енгізіледі.
      Ресми тізімнің берілген санатшаға инфрақұрылымдық облигацияларды енгізу және онда қалдыру үшін аталған облигациялар және олардың эмитенті осы Талаптардың 11-тармағының 2), 3), 8), 9) және 10) тармақшаларында белгіленген талаптарға сай болуы қажет.

      13. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне арнайы кәсіпорындармен шығарылған борыштық бағалы қағаздарды енгізу үшін, аталған эмитенттің жалғыз құрылтайшысы (қатысушысы) болып табылатын ұйымның кепілдігіне шығарылған, талаптар борыштық бағалы қағаздардың эмитентінің өзіне емес, кепілдік беруші ұйымға қолданылады.

      13-1. Эмитенттің борыштық бағалы қағаздарын қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "борыштық бағалы қағаздар" секторының "буферлік санат" санатына аударым жасау мынадай жағдайларда жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар мен оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде;
      2) эмитенттің өз міндеттемелері бойынша сыйақыны (егер борыштық бағалы қағаздардың аталған шығарылымы ресми тізімдегі осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының жалғыз шығарылымы болып табылған жағдайда, соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) төлеу дефолтында;
      3) эмитент міндеттемелері қайта құрылымдағанда.
      Ескерту. 13-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      13-2. Қор биржасы эмитент пен оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында көрсетілген "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін негіздер пайда болған күннен бастап үш жұмыс күні ішінде эмитентке (рұқсатнаманың бастамашысына) осындай сәйкессіздік жөнінде хабарлама жібереді.
      Ескерту. 13-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-3. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) тармақшасында көрсетілген негіздер пайда болғанда, эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін эмитент (рұқсатнамасының бастамашысы) қор биржасына бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген борыштық бағалы қағаздар бойынша міндеттемелер орындалмағаны туралы бағалы қағаздардың шығарылым проспектісінде белгіленген орындалу мерзіміне дейінгі үш жұмыс күні бұрын кешіктірмей хабарлайды.
      Ескерту. 13-3-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-4. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) шешім қабылдаған күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірмей қор биржасына осы факті туралы хабарлайды.
      Ескерту. 13-4-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-5. Эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) қор биржасының жазбаша хабарламасын алған күннен не эмитентті және оның бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағының 2) және 3) тармақшаларында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер пайда болған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде қор биржасының атына эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекіткен эмитенттің бағалы қағаздарын осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген «буферлік санат» санатына аударым жасаудың негіздемелерін жою жөніндегі іс-шаралардың жоспарын (бұдан әрі – іс-шаралар жоспары) жібереді.
      Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күні оны өзінің ресми интернет-ресурсында орналастырады.
      Іс-шаралар жоспарында:
      1) эмитент қызметінің қысқаша сипаттамасы;
      2) эмитенттің бағалы қағаздарын «буферлік санат» санатына аударым жасау үшін негіздемелер туындауының негізгі себептері;
      3) қаржылық ахуалды қалпына келтіруге бағытталған, эмитенттің орындауға ұйғарылған негізгі іс-шаралары;
      4) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың әрқайсысының орындалу мерзімдері;
      5) эмитенттің негізгі қаржылық көрсеткіштерінің болжамы;
      6) іс-шаралар жоспарында көзделген іс-шаралардың орындалуына жауапты тұлғалардың тізбесі қамтылады.
      Эмитенттің іс-шаралар жоспарына қатысты қосымша талаптар қор биржасының ішкі құжаттарында белгіленеді.
      Ескерту. 13-5-тармақ жаңа редакцияда жазылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының м.а. 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрығымен.
      13-6. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын алған күннен кейінгі он  бес жұмыс күні ішінде іс-шаралар жоспарын қарайды және оны қабылдау не қабылдамау туралы шешім қабылдайды.
      Ескерту. 13-6-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      13-7. Іс-шаралар жоспарын қабылдау не қабылдамау туралы шешімді құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін қор биржасының органы (бұдан әрі – листингтік комиссия) қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі бекітеді.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін қор биржасының директорлар кеңесі бекіткен жағдайда, осы шешімде эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс екендігі туралы ақпарат болады.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы санатшаның талаптарына не делистингке сәйкес келген кезде қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің «рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар» санатының рейтингілік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздарының екінші санатшасына аударым жасалуы тиіс.
      Қор биржасының директорлар кеңесі листингтік комиссияның іс-шаралар жоспарын қабылдамау туралы шешімін бекітуден бас тартқан жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатына аударым жасалуы тиіс.
      Эмитенттің бағалы қағаздары «буферлік санат» санатында болған кезеңде эмитент эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) бекітетін іс-шаралар жоспарына өзгеріс енгізе алады.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдау не қабылдамау туралы шешімді листингтік комиссия қабылдайды және оны қор биржасының директорлар кеңесі іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді алған күннен кейінгі он жұмыс күні ішінде бекітеді.
      Іс-шаралар жоспарына енгізілетін өзгерістерді қабылдамау туралы шешім эмитенттің бағалы қағаздары делистинг үшін негіздемелер болмаған жағдайда, осы Талаптардың 13-13, 13-14, 13-16-тармақтарына сәйкес «буферлік санат» санатында қалатыны туралы ақпаратты қамтиды.
      Ескерту. 13-7-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2010.02.08 N 04.2-40/33 Бұйрығымен.
      13-8. Эмитент "буферлік санат" санатына өзінің бағалы қағаздарын аударым жасаудың негіздерін жойған не делистингі және "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған сәтке дейін растайтын құжаттарды берген не бағалы қағаздардың делистингі жағдайында, осы бағалы қағаздар осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген іс-әрекеттер жасалған сәтте болған қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің санатында қалады.
      Ескерту. 13-8-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-9. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "буферлік санат" санатында бағалы қағаздардың болуының барынша ұзақ мерзімі эмитентті және оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау туралы шешім қабылданған күннен бастап он екі айды құрайды.
      Ескерту. 13-9-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-10. Бағалы қағаздар "буферлік санат" санатында болған кезеңде, эмитент (рұқсатнаманың бастамашысы) тоқсан сайынғы негізде және қор биржасының ресми сұратуы бойынша сауда-саттықты ұйымдастырушысына мына ақпаратты береді:
      1) қор биржасының ішкі құжаттарында және листинг туралы шартта тізбесі айқындалатын, эмитенттің қызметіндегі маңызды оқиғалар жөніндегі оның ішінде мәліметтер бар есептілікті және ақпаратты береді;
      2) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындау туралы мәліметтерді.
      Ескерту. 13-10-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-11. Қор биржасы іс-шаралар жоспарын қабылдаған жағдайда, осы эмитенттің борыштық бағалы қағаздарының барлық шығарылымдары "буферлік санат" санатына аударым жасалады.
      Ескерту. 13-11-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-12. Осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде эмитенттің бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатына аударым жасау үшін осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген негіздер жойылған жағдайда, листингтік комиссияның шешімі негізінде бағалы қағаздар "буферлік санат" санатынан бұдан бұрын олар болған санатқа аударым жасалады.
      Эмитенттің міндеттемелерін қайта құрылымдаған жағдайда, оның бағалы қағаздарын "буферлік санат" санатынан басқа санатқа (шағын санатқа) аударым жасаудың негізі болып құзыретіне листинг, делистинг немесе бағалы қағаздар тізімінің санатын ауыстыру мәселелерін қарау кіретін, қор биржасы органының эмитент және оның бағалы қағаздары қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің тиісті санатының талаптарына сәйкес келетіні туралы шешімі табылады.
      Ескерту. 13-12-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.
      13-13. Осы Талаптардың 13-1-тармағының 1) тармақшасында белгіленген сәйкессіздіктерді осы Талаптардың 13-9-тармағында  көрсетілген мерзімде жоймаған жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      Ескерту. 13-13-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-14. Егер эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 10-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмеген жағдайда, эмитенттің бағалы қағаздары осы шағын санаттың талаптарына сәйкес келгенде не делистингте қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздар" санатының "екінші шағын санаттың рейтингтік бағасы жоқ борыштық бағалы қағаздары" шағын санатына аударым жасауға жатады.
      Ескерту. 13-14-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-15. Егер бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, эмитент қайта құрылымдау жөнінде хабарлаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында қалады.
      Ескерту. 13-15-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145 Бұйрығымен.
      13-16. Эмитенттің бағалы қағаздары мынадай жағдайларда делистингке жатады:
      1) эмитенттің қызметі қайта құрылымдау немесе тарату не эмитент тарату процесінде болу нәтижесінде тоқтатылғанда;
      2) өз міндеттемелері бойынша сыйақы төлеу жөнінде эмитенттің дефолтында (соңғы купондық кезең бойынша сыйақыны қоспағанда) және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      3) бағалы қағаздар және оның эмитенттері осы Талаптардың 10 және 11-тармақтарында белгіленген талаптарға сәйкес келмегенде және эмитент осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын бермегенде;
      4) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген іс-шаралар жоспарын қабылдамағанда;
      5) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитенттің өз міндеттемелері бойынша дефолтында;
      6) қор биржасы осы Талаптардың 13-5-тармағында көрсетілген негіздерді жою мүмкін емес фактісін айқындағанда;
      7) осы Талаптардың 13-13-тармағының талаптарын ескеріп, осы Талаптардың 13-1-тармағында көрсетілген негіздерді осы Талаптардың 13-9-тармағында көрсетілген мерзімде жоймағанда;
      8) егер эмитенттің директорлар кеңесі (акционерлік қоғамнан бөлек, өзге ұйымдастырушылық-құқықтық нысанда құрылған эмитенттің қадағалау кеңесі) міндеттемелерді қайта құрылымдау туралы шешім қабылдамаған жағдайда, эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болғанда, осы санатқа оларды аударым жасауға әкелген сәйкессіздіктермен қоса осы Талаптардың 13-14-тармақтарын ескеріп, осы Талаптардың 10-тармағының 1) – 8), 10) тармақшаларының және 11-тармағының басқа да талаптарына сәйкес келмегенде;
      9) сот эмитентті банкрот деп танығанда;
      10) эмитент мүлігіне осы эмитент активтерінің елу пайызынан асатын мөлшерде тыйым салынғанда;
      11) эмитент және оның бағалы қағаздары "буферлік санат" санатында болған уақытта эмитент (рұқсатнама бастамашысы) тізбесі осы Талаптардың 13-10-тармағында көрсетілген ақпаратты бермегенде;
      12) іс-шаралар жоспарында көзделген шараларды орындамағанда;
      13) қор биржасының ішкі құжаттарында көзделген өзге де жағдайларда.
      Ескерту. 13-16-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының 2009.08.20. N 04.2-44/145, өзгерту енгізілді - N 04.2-40/33 Бұйрықтарымен.

4. "Инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары"
секторындағы айналымға жіберілетін (жіберілген)
үлестік бағалы қағаздарға және олардың эмитенттеріне
қойылатын талаптар

      14. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне инвестициялық қордың акциялары мен жарналарын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған бағалы қағаздар, инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, егер ол инвестициялық портфелді басқаруға лицензиясы не болмаса заңды тұлға ретінде инвестициялық қордың тіркеу елі заңнамасында қарастырылған сәйкес құжаты бар (бұдан әрі - инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор) келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын шығарылымын тіркеу елі заңнамасына сәйкес қор биржасының жүйесінде орналастырылуына және айналымда болуына рұқсат етілуі тиіс;

      2) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор ҚЕХС немесе АҚШ ҚЕС сәйкес қаржылық есептілік әзірлейді;

      3) ресми тізімнің аталған секторына инвестициялық қордың бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз берілген күніне инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор инвестициялық портфелді басқаруға лицензия немесе заңды тұлға ретінде басқарушы компания немесе инвестициялық қордың тіркеу-елі заңнамасында қарастырылған тиісті құжатты алған күннен бастап кем дегенде бір жыл өтуі шарт;

      4) жіберілім бастамашысы аудиторлық есеппен расталған соңғы толық аяқталған қаржылық жыл не болмаса қызмет ету кезеңі үшін инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынады.
      Жіберілім бастамашысымен аталған инвестициялық қордың бағалы қағаздарын аталған секторға енгізу туралы ұсынылған арызы соңғы қаржылық жылдың аяқталғанынан кейін алғашқы төрт ай ішінде қор биржасымен соңғы аяқталған қаржылық жыл үшін аудиторлық есеппен расталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігін ұсынбастан қабылда нуы мүмкін , егер де оларда келесі құжаттар бар болған жағдайда:
      соңғы аяқталған қаржылық жыл алдындағы жыл үшін аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігін, сондай-ақ аралық қаржылық ақпаратты шолу (инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аралық қаржылық есептілігінің толық жиынтығы) бойынша есеп құру датасынан кейін жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе, не болмаса аталған инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың аудиторлық есеппен расталған аралық қаржылық есептілікті құру датасынан жіберілім бастамашысымен аталған арызды ұсыну датасына дейін алты айдан кем емес мерзім өтсе;

      5) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың жеке капиталы жарғы капиталынан аз болмауы тиіс және аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептіліктің соңғы есептілік күніне сәйкес кем дегенде төрт жүз мың еселенген АЕК құрауы керек.

      6) инвестициялық қорды басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігінің аудитін қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган бекіткен қаржылық құралдарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңына жіберу үшін аудиторлық ұйымдарға қойылатын біліктілік талаптарға жауап беретін аудиторлық ұйым жүзеге асырады;

      7) инвестициялық қордың оның басқарушы компаниясы немесе инвестициялық қорда болуының бүкіл мерзімі ішінде оның бағалы қағаздарын ұстаушылар алдындағы міндеттемелерді орындамау немесе уақтылы орындамау жағдайлары болмауы шарт;

      8) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын ресми тізімнің осы санатына енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады;

      9) соңғы есептілік күні инвестициялық қордың таза активінің құны аудиторлық есеппен расталған не инвестициялық пай қоры бойынша арнайы мақсаттағы аудиторлық есепке сәйкес басқарушы компанияның немесе акционерлік инвестициялық қордың қаржылық есептілігіне сәйкес екі жүз он бес мың еселенген АЕК мөлшерінен кем емес баламалы сомасын құрауы тиіс.
      Егер ресми тізімге енгізу датасында берілген инвестициялық қордың жарияланған бағалы қағаздары жоқ болған жағдайда, осы тармақша талаптары таза активтер бағасы бойынша инвестициялық қордың осы бағалы қағаздарының саудасы басталған күннен бастап үш айдан кейін қолданылатын болады;

      10) инвестициялық қордың бағалы қағаздарын ұстаушылар саны аталған бағалы қағаздардың саудасы басталған күннен бастап үш ай өткен соң кем дегенде елуді құрауы керек;

      11) инвестициялық қорды басқарушы компания немесе акционерлік инвестициялық қор, қор биржасымен белгіленген талаптарға сәйкес инвестициялық қордың инвестициялық декларациясын ашуды жүзеге асырады.

      12) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы;

      13) акционерлік инвестициялық қордың мемлекеттік тіркеуі ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арыз бергенге дейін кем дегенде бір жыл ішінде жүзеге асырылуы;
      14) акционерлік инвестициялық қордың активтерін бағалау қор биржасымен танылатын бағалаушылар тізбесіне кіретін бағалаушылардың бірімен жүзеге асырылады.
      Осы тармақшаның қолданылуы Қазақстан Республикасының инвестициялық қорлар туралы заңнамасына сәйкес құрылған акционерлік инвестициялық қорға таралады;
      15) аудиторлық есеппен расталған қаржылық есептілігінің соңғы есеп беру датасына сәйкес акционерлік инвестициялық қордың әр қызмет ету жылы үшін таза табысының болуы;
      16) акционерлік инвестициялық қордың акционерлерінің жалпы жиналысы бекіткен корпоративтік басқару кодексінің болуы.
      Ескерту. 14-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84, 2009.08.20. N 04.2-44/145, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.

      14-1. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жылжымайтын мүлік қорының акцияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін, аталған жылжымайтын мүлік қоры мен оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:
      1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10), 11), 12), 13), 14), 15) және 16) тармақшаларымен қарастырылған;
      2) шығарылған бағалы қағаздар бойынша міндеттемелерінің және/ немесе басқа міндеттемелерінің жиынтықтағы көлемі жылжымайтын мүлік қорының жеке капиталының он пайызынан аспауы;
      3) жылжымайтын мүлікті жалға беру нәтижесінде түскен табыстар жылжымайтын мүлік қорларының инвестициялық табыстарының жетпіс бес пайызынан кем болмауы;
      4) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік қорын басқарушы компаниясының аффилиирленген тұлғаларынан сатып алынбауы;
      5) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік ауыртпалатылған және сенімді басқаруға берілмеуі;
      6) жалға беру келісім-шартымен бекітілген, жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға беру бір жылдан кем емес мерзімді құрауы;
      7) жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін жалға үш жыл мерзімі ішінде ресми тізімге оның бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін беріледі.
      Жіберілім бастамашысы қор биржасына жалға беру туралы стандартты нысандағы келісім-шартын, сондай-ақ жылжымайтын мүлік қорының активтерін құрайтын жылжымайтын мүлік обьектілерін бір жылдан кем емес мерзімге жалға берілуін растайтын ресми тізімге жылжымайтын мүлік қорының бағалы қағаздарын енгізу туралы арызды берген күнге дейін жасалған жалға беру келісім-шарттарының көшірмелерін ұсынады.
       Ескерту. 14-1-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84, 2010.08.03 № 04.2-40/124 Бұйрықтарымен.
      
      14-2. Осы Талаптардың 14-тармақтың 13) тармақшасы және 14-1-тармақтың 3) мен 7) тармақшаларымен қарастырылған талаптар рейтингілік бағасы рейтингілік бағаларын қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын рейтингтік агенттіктердің тізбесіне кіретін рейтингілік агенттіктердің бірімен берілген жылжымайтын мүлік қорына қолданылмайды.
       Ескерту. 14-2-тармақпен толықтырылды - ҚР Алматы қаласының өңірлік қаржы орталығының қызметін реттеу Агенттігі Төрағасының N 04.2-44/84 Бұйрығымен.

      15. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "инвестициялық қорлардың бағалы қағаздары" секторына индекстік қордың бағалы қағаздарын енгізу үшін және онда қалдыру үшін индекстік қор және оның бағалы қағаздары келесі талаптарға сәйкес болуы керек:

      1) осы Талаптардың 14-тармағының 2), 3), 4), 5), 6), 7), 8), 9), 10) және 11) тармақшаларында қарастырылған;

      2) индекстің өкілдік тізіміне кіретін бағалы қағаздар қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті органы танитын қор биржаларының тізбесіне кіретін, қор биржалардың ресми тізіміне енгізілуі тиіс.

5. Депозитарийлік қолхаттар листингіне
қойылатын талаптар

      16. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "депозитарийлік қолхаттар" секторының айналымына базалық активі Қазақстан Республикасы және басқа мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған акция болып табылатын депозитарийлік қолхаттар енеді.
      Ресми тізімнің берілген секторына депозитарийлік қолхаттарды енгізу талаптар, осы Талаптардың 5-тармағында белгіленген, базалық актив болып табылатын акцияларға қатысты және оның эмитентіне қолданылады.

6. Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
қағаздарының жіберілуіне қойылатын талаптар

      17. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы қағаздары" секторының айналымына халықаралық қаржы ұйымдарының келесі талаптарға сәйкес келетін эмиссионды бағалы қағаздары жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) ресми тізімнің берілген санатқа бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады.
      Қор биржасы эмиссиялық бағалы қағаздары қор биржасы жүйесінде айналымға жіберілетін халықаралық қаржы ұйымдарының тізімін қаржы орталығының қызметін реттеу бойынша уәкілетті органмен келісе отырып бекітеді.

7. Мемлекеттік бағалы қағаздар жіберілуіне
қойылатын талаптар

      18. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторының айналымына Қазақстан Республикасы және басқа да мемлекеттер заңнамасына сәйкес шығарылған мемлекеттік бағалы қағаздар жіберіледі:

      1) олардың есебі орталық депозитарий есебі жүйесінде жүзеге асырылады;

      2) ресми тізімнің берілген санатына бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі, ал олардың осы санатта болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы міндетті болып табылады. Берілген талап Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкімен шығарылған Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарына қолданылмайды.
      Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының айналымына "В-" (Standard @ Poor's және Fitch рейтингілік агенттіктердің классификациясы бойынша) немесе "В3" (Мооdy's рейтингілік агенттігінің классификациясы бойынша) төмен емес шетел валютасындағы егемен ұзақ мерзімді несиелік рейтингілік бағасы бар шетел мемлекеттері шығарған мемлекеттік бағалы қағаздары жіберіледі.

      19. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "мемлекеттік бағалы қағаздар" секторына жергілікті атқарушы органдарының облигацияларын енгізу үшін және онда қалдыру үшін аталған бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 18-тармағында қарастырылған талаптарға сәйкес келуі тиіс.

8. "Туынды бағалы қағаздар" секторының айналымына
жіберілетін (жіберілген) қаржы құралдарына және олардың
эмитенттеріне қойылатын талаптар

      20. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізімінің "туынды бағалы қағаздар" секторының айналымына туынды бағалы қағаздарды енгізу үшін аталған бағалы қағаздар мен олардың эмитенті қор биржасының бекітілген ережелеріндегі талаптарға сай болуы тиіс, сондай-ақ қор биржасының ережелері қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі және қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі уәкілетті органдармен келісе бекітуі тиіс.

9. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша қаржы орталығының
арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізілетін немесе
онда орналасқан бағалы қағаздарға қойылатын талаптар

      21. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне эмитенттердің бағалы қағаздарын енгізу және онда қалдыру үшін бағалы қағаздар және олардың эмитенті осы Талаптардың 22-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес болуы жағдайында жеңілдетілген рәсімдеуді қолдануға жол беріледі. Жеңілдетілген рәсімдеу бойынша секторлардың бөлек санаттарға (санатшаларға) бағалы қағаздарды жатқызу шарттары қор биржасының ережелеріне сәйкес жүзеге асырылады.

      22. Қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне жеңілдетілген рәсімдеу бойынша эмитенттердің бағалы қағазадарын енгізу үшін қойылатын талаптар:

      1) бағалы қағаздары қаржы орталығының қызметін реттеу жөніндегі уәкілетті орган танитын қор биржаларының тізбесіне кіретін қор биржаларының бірінде енгізілуі тиіс;

      2) эмитенттердің ақпарат ашуы тиісті қор биржаларының ресми сайттарында және қор биржасы мен жіберілім бастамашысы немесе эмитенттері арасында бекітілген ақпаратты ашу туралы келісімге сәйкес жүзеге асырылады;

      3) ресми тізімге бағалы қағаздарды енгізу туралы мәселені қарастырғанға дейін қор биржасы мүшелерінің қайсыбірі аталған бағалы қағаздар бойынша оған осы бағалы қағаздар бойынша маркет-мейкер мәртебесін беру туралы арыз беруі міндетті, ал олардың ресми тізімде болуы кезінде олар бойынша маркет-мейкердің болуы қажет;

      4) эмитенттің құрылтай құжаттарында және/немесе бағалы қағаздарды шығару проспектісінде бағалы қағаздардың меншік иелерінің иеліктен шығару (оны беру) құқықтарына нұқсан келтіретін немесе шектейтін нормалардың болмауы.

10. Қорытынды ережелер

      23. Қор биржасы осы Талаптарда берілген талаптардан өзге өзінің ережелерінде жіберілім бастамашыларына және листингілік компанияларына қосымша талаптар қоюы мүмкін.

      24. Қор биржасының ережелерінде бағалы қағаздарды қаржы орталығының арнайы сауда алаңының ресми тізіміне енгізу, сондай-ақ ресми тізімнен алып тастау, бір санаттан екінші санатқа ауыстыру туралы арызды қарастыру тәртібі мен мерзімдерін бекітеді.