Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің 2008 жылғы 21 наурыздағы N 136 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 мамырда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5210 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      " Азаматтық авиацияны мемлекеттік реттеу туралы " Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 15 желтоқсандағы Заңына" сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (М.М. Қубаев) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                          С. Ахметов

       Келісілген:
      Қазақстан Республикасы
      Ақпараттандыру және байланыс
      агенттігінің төрағасы
      ___________________ К. Есекеев
      2008 жылғы»3 сәуір

Қазақстан Республикасы   
Көлік және коммуникация  
министрінің        
2008 жылғы 21 наурыздағы  
N 136 бұйрығымен бекітілген

  Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының
жердегі радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін беру
ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясының жердегі радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәліктерін беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) Қазақстан Республикасы азаматтық авиациясы ұйымдарының жердегі радиосәулелендіру құралдарының (бұдан әрі - радиосәулелендіру құралдары) жарамдылық куәліктерін (бұдан әрі - жарамдылық куәліктері) беру тәртібін анықтайды.

      2. Жарамдылық куәліктерін беруді Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (бұдан әрі - Азаматтық авиация комитеті) жүзеге асырады.

      3. Әрбір радиосәулелендіру құралына Ережеге  1-қосымшада  белгіленген нысан бойынша жарамдылық куәлігі беріледі.
      Көрсетілген құжатсыз немесе қолданылу мерзімі өтіп кеткен радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға рұқсат етілмейді.

      4. Азаматтық авиация комитеті радиосәулелендіру құралдарын есепке алу мақсатында оларды арнайы журналда (қағаз түрінде және электронды нұсқада) тіркейді.

  2. Жарамдылық куәліктерін беру тәртібі

      5. Жарамдылық куәліктерін беру Ережеге  2-қосымшада  белгіленген нысан бойынша азаматтық авиация ұйымының өтініші негізінде жүргізіледі. Жарамдылық куәліктері радиосәулелендіру құралдары қызметінің бүкіл мерзіміне беріледі.

      6. Өтінішке төмендегі құжаттар қоса беріледі:

      1) радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға қабылдау-тапсыру актісі (құжаттардың көшірмесі);

      2) радиосәулелендіру құралдарының техникалық жай-күйінің актісі;

      3) жердегі тексеру және күйіне келтіру хаттамасы;

      4) радиосәулелендіру құралдарының техникалық жай-күйі туралы есептер мен қорытындылар (тек қызметінің немесе қорлардың мерзімін ұзартқан жағдайда ғана);

      5) ұшуда тексеру актісі (жоғары жиілік ауқымындағы авиациялық электр байланыс құралдарынан басқа);

      6) әуе кемелерімен жүргізілетін екі жақты радиобайланыстың қашықтық кестесі (өте жоғары жиілік ауқымындағы авиациялық әуе электр байланысы құралдары үшін);

      7) жабу бұрыштарының кестесі (бірінші және екінші реттік шолу радиолокаторлары үшін, азимуттық-қашықтық радиомаяктар үшін);

      8) индикаторда негізгі жолдар мен жарық аймақтарын көрсете отырып, полярлық координаттардағы шолу радиолокаторларының әрекет ету қашықтығының кестесі;

      9) күту және қонуға кіру аймақтарында әуеайлақтық шолу радиолокаторының көрінім аймағының сызбасы;

      10) объектіні электрмен жабдықтау сызбасы (бір желіде орындау);

      11) объектінің ұшу-қону жолағына қатысты орналасу жоспары (әуеайлақ жанындағы құралдар үшін);

      7. Ереженің 6-тармағындағы 2), 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар "Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі  N 785  қаулысымен бекітілген ұшуды радиотехникалық қамтамасыз ету және авиациялық электр байланысы ережесінде келтірілген нысандар бойынша ресімделеді.

      8. Жарамдылық куәліктерінің қолданылуы төмендегі жағдайларда уақытша тоқтатылады:

      1) радиосәулелендіру құралдарының пайдаланылуын тоқтата тұру туралы шешім қабылданғанда;

      2) радиосәулелендіру құралдарын жаңа объектіге (орынға) орнату мақсатында бөлшектеген кезде (әуеайлақ шегіндегі авиациялық электр байланысы құралдарынан басқа);

      3) радиосәулелендіру құралдары аварияға ұшыраған жағдайда, одан кейін олар жөндеуге және қалпына келтіруге жатады.

      9. Тоқтатылу себебі жойылғаннан кейін және Ереженің 6-тармағының 2)-6) тармақшаларында көрсетілген құжаттарды ұсынған кезде жарамдылық куәліктерінің қолданылуы қайта жаңартылуы мүмкін.

      10. Жарамдылық куәліктерінің қолданылуы төмендегі жағдайларда тоқтатылады:

      1) куәліктердің қолданылу мерзімі өткенде;

      2) радиосәулелендіру құралдарының пайдаланылуын тоқтату туралы шешім қабылданғанда;

      3) радиосәулелендіру құралдарын есептен шығарған кезде.

      11. Қолданылуы тоқтатылған жарамдылық куәліктері Азаматтық авиация комитетіне қайтаруға жатады.

      12. Жарамдылық куәліктерін беру Ережесінің 6-тармағында аталған құжаттармен бірге өтініш түскен күнінен бастап бір ай мерзімде жүргізіледі.

      13. Құжаттар пакеті толық ұсынылмаған жағдайда, Азаматтық авиация комитеті жеті жұмыс күн мерзімінде қайтару себебін көрсете отырып, оларды өтініш берушіге қайтарады.
      Өтінішті қайтару қайта өтініш жасауға кедергі болып табылмайды.

Қазақстан Республикасы   
азаматтық авиациясының жердегі
радиосәулелендіру құралдарының
жарамдылық куәліктерін   
беру ережесіне       
1-қосымша         

Қазақстан Республикасы
Көлік және коммуникация министрлігі
Азаматтық авиация комитеті

Жердегі радиосәулелендіру құралының
жарамдылық куәлігі N _____

      

      

      

Астана қаласы

                                         1-Қосымшаның айналмалы жағы

             Жердегі радиосәулелендіру құралының
                   N жарамдылық куәлігі

      1. Жердегі радиосәулелендіру құралының атауы, түрі
      ______________________________________________________________
      2. Сериясы (зауыттық) N ______________________________________
      3. Әзірлеуші _________________________________________________
      Куәлік берудің негіздемесі ___________________________________
      ______________________________________________________________
           (кәсіпорынның өтініші, қабылдау, аралап ұшу актісі)
      4. Осы Куәлік арқылы жоғарыда аталған жердегі радиосәулелендіру құралының Қазақстан Республикасының азаматтық авиациясында қолданылатын пайдалануға жарамдылық нормаларына (талаптарына) сәйкес келетіндігі расталады.
      5. Егер сертификатта белгіленген шектеулер мен құжаттамаға сәйкес техникалық қызмет көрсету және пайдалану жүргізілетін болса; белгіленген тәртіппен арнайы оқудан өткен және жұмысқа жіберілген қызметкер техникалық қызмет көрсету мен пайдалануды жүргізетін болса, онда жоғарыда аталған радиосәуленлендіру құралы пайдалануға жарамды болып табылады.
      6. Куәліктің қолданылу мерзімі _____________________ дейін
немесе ____________ сағат.

       ААК төрағасының орынбасары    _______________________________
                                                (Т.А.Ә.)

      М.О.
  (елтаңбалы)
                              _________________________________
                                            (қолы)
                              20____жылғы "_____" _____________

                                            Қазақстан Республикасы
                                            азаматтық авиациясының
                                           жердегі радиосәулелендіру
                                            құралдарының жарамдылық
                                          куәліктерін беру ережесіне
                                                    2-қосымша

                                          Азаматтық авиация
                                          комитетінің
                                          төрағасы ___________

                            Өтініш

__________________________________________ әуежайында орнатылған
__________________________________________________________________
            (радиосәулелендіру құралдарының атауы)
__________________________________________құжаттарды қарауыңызды, радиосәулелендіру құралдарының жарамдылық куәлігін беруіңізді сұраймын.
      Радиосәулелендіру құралының құрамы, орналасу жағдайы, тактикалық сипаттамасы, электрмен жабдықталуы Қазақстан Республикасының әуежайларын пайдалану жарамдылығы нормаларының және пайдалану құжаттамасының талаптарына сәйкес келеді.
      Қызмет персоналы радиосәулелендіру құралдарын пайдалануға және қолдануға үйретілген.

      Қосымша: ______________________________________________
               ______________________________________________
               ______________________________________________
               ______________________________________________

      Азаматтық авиация ұйымының басшысы
      _______________________________________________________
                        (Т.А.Ә.) (қолы)

      20___жылғы "____" _________