Ұшуды және авиациялық электр байланысын радиотехникалық қамтамасыз ету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 10 қыркүйектегі N 785 Қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 31 желтоқсандағы № 1525 Қаулысымен

      Ескерту. Күші жойылды - ҚР Үкiметiнiң 2012.11.21 № 1474 (алғашқы ресми жарияланғанынан кейiн күнтiзбелiк жиырма бiр күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      1. "Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесін және оған қойылатын біліктілік талаптарын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 6 шілдедегі N 574  қаулысына мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Жерге орналастыру, топография-геодезиялық және картографиялық жұмыстар жүргізу жөніндегі қызметті лицензиялау ережесінде:
      16-тармақтың үшінші абзацының екінші сөйлеміндегі "лицензияның және (немесе) лицензияға қосымшаның телнұсқаларын" деген сөздер "лицензияның телнұсқасын" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы қаулы алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі