Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттау жүргізудің үлгі ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы N 125 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 21 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5191 болып енгізілді.

Жаңартылған

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз.

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының  5-бабының  19) тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) жалпы орта білім беру ұйымдарындағы оқушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың  үлгі ережесі ;
      2) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің  үлгі ережесі ;
      3) жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің  үлгі ережесі  бекітілсін.

      2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):

      1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;

      2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.

      3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481  бұйрығының  (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

       Министр                                      Ж. Түймебаев

Қазақстан Республикасы  
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы   
 N 125 бұйрығымен     
бекітілген           

  Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі  Ереже)»"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабы  19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.

      2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
      1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.

  2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі

      3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.
      1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.
      Бірінші сыныптың  бірінші жарты  жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.

      4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.

      5. Бастауыш және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушылардың бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген деңгейлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.

      6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.

      7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.

      8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.

      9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады "3", "4", "5" бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.

      10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
      Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.

  3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі 

      11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
      - ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ);
      - жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.

      12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
      ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.

      13. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді. Мұндай бітірушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638  бұйрығымен  бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ережесі) сәйкес оқуға қабылдана алады.

      14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
      Білім беру ұйымдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.
      Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы керек.
      Комиссия емтихандардың басталуынан бір ай бұрын құрылады.

      15. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткер білім алушылары пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері ұйымдастырған тәуелсіз комиссияға тапсырады.
      Білім беруді басқару органдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын тәуелсіз комиссия пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен тұрады.

      16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.

      17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.

      18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11 (12)-сыныптар білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
      5-11 (12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.

      19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.

      20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.

      21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
      - бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
      - үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
      - үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы деңгейінің толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      22. 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын қайта қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында тиісті пәндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.

      23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.
      Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.

      24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:

      1) денсаулық жағдайына байланысты;

      2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;

      3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.

      25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:

      1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) қорытындысы;

      2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;

      3) үлгерім табелдері.
      2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.

      26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.

      27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері дайындайды.

      28. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.

      29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.

      30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім департаменттері жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.

      31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.

      32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.

  4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі

      33. ҰБТ тізбесі Министрдің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің (бұдан әрі - ҰБТ ӨП) базасында өткізіледі.

      34. ҰБТ-ны өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз қызметінде " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, " Мемлекеттік құпиялар туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ережені және басқа да білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.

      35. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім департаментінің директоры (бұдан әрі - білім департаментінің директоры), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық, оның ішінде жастар және студенттік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, білім департаменттерінің білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны тақ болуы: 5 адамнан кем емес және 11 адамнан аспауы қажет.

      36. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, білім департаментінің директоры, аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
      МК құрамы жоғары оқу орындарының және білім департаменттерінің ұсынысы бойынша Министрдің бұйрығымен ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.

      37. МК:
      1) бітіруші тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтерді пайдаланған, сондай-ақ осы ереженің 46.; 47.; 48. тармақтарында көрсетілген ҰБТ кезінде бітірушінің өзін-өзі ұстау ережесін бұзған жағдайда ҰБТ нәтижелерін жою және оларды аудиториядан шығару жөнінде шешім қабылдайды;

      2) ҰБТ аяқталғаннан кейін дұрыс жауап кодтарын іледі және тестілеудің нәтижесін хабарлайды;

      3) МК-ның шешімі отырысқа қатысып отырған МК мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшы қол қоятын отырыс хаттамасымен толтырылады. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.

      38. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі.
      Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі.

      39. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.

      40. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.

      41. ҰБТ Білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттарының ұлттық орталығы (бұдан әрі - БТМСҰО) жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.

      42. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.

      43. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25.

      44. ҰБТ-ға 3 астрономиялық сағат бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру:
      1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;
      2) оң бағаны арттыру мақсатында рұқсат берілмейді.

      45. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген  1-қосымшадағы  шкалаға сәйкес МК жүргізеді.

      46. Бітіруші өзін тәртіпті ұстауы және Министрдің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 193 бұйрығымен бекітілген ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) белгіленген барлық нормаларды қатаң ұстануы керек.

      47. Бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.

      48. Бітіруші осы Ереженің 46., 47. тармақтарын бұзған жағдайда Министрлік өкілі Нұсқаулыққа сәйкес үстінен түсу және алып қою актісін жасайды. МК шешімімен бітіруші аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.

      49. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТ ӨП-де апелляциялық комиссия құрылады.

      50. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

      51. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.

      52. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде бітірушінің жауап бланкісін, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.

      53. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.

      54. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамы - облыстар, Алматы және Астана қалалық білім департаменттерімен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.

      55. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, бітірушіге балдар қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оған апелляцияның қорытындылары туралы оны хабардар етеді.

      56. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тестілік тапсырмалардың мазмұны бойынша өтініш тестілеу кезінде емтихандық материалдарымен бірге, ал техникалық себептерге байланысты келесі күнгі сағат 13-00-ге дейін беріледі және Нұсқаулыққа сәйкес апелляциялық комиссия тәулік бойына қарайды. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ге жіберу рұқсаттамасы болуы керек.

      57. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ол жоқ болған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.

      58. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болуға құқығы бар. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.

      59. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы БТМСҰО-да сақталады.

      60. ҰБТ-ны өткізу технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.

      61. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:
      ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат);
      жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат) беріледі.
      Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.

      62. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.
      Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.
      Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және базасында ҰБТ ӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару ұйымдарының мөрі басылады.

      63. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде МК шешіміне сәйкес жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады.

      64. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі Қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес белгіленеді.

  5. Қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі

      65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
      Кестеде:
      әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
      әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
      егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның өткізілуі қарастырылады.

      66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
      11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4 (4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) бөлінеді.

      67. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.
      Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
      Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.

      68. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.

      69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
      Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
      Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер саны жеке көрсетіледі.
      Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға "2" (қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.
      Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.
      9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.

      70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.

      71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.
      Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
      Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.

      72. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.

      73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға төмендейді).

      74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, емтихан хаттамасына енгізеді.
      Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.

      75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:
      1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;

      2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;

      3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.

      76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5" болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға "бес" қойылады.

      77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескеріліп қойылады.

      78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша өтініші негізінде оған Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасының қатысуымен өз жазба жұмыстарының тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.

      79. Кезекті емтиханнан "2" алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
      9-сыныптағы қайта тапсыратын міндетті қорытынды емтихандарының мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің келісімі бойынша осы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей аудандық, қалалық білім бөлімдері белгілейді.

  6.   Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия жұмысының тәртібі

      80. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектеп білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттар білім алушыларының, негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін, Министрдің бұйрығымен Оқушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - ҚАРК) құрылады.
      Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.

      81. Республикалық комиссия үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жөніндегі ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растау үшін және марапаттауға ұсынылған оқушылардың осы ереженің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253  қаулысымен  бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігі жөнінде облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық білім беру ұйымдарының актілерін қарау жөніндегі комиссия құрылады.

      82. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін Министрлікке жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар туралы (тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нөмірі, облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі көрсетілген мәліметтер береді.
      Республикалық білім беру ұйымдары негізгі орта білімі туралы үздік куәлік және жалпы орта білім туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін ұсынады.

      83. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің және республикалық білім беру ұйымдарының жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлер бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары Министрлікке ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.

      84. Ағымдағы жылғы 15 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.

      85. "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын алуға білім алушылардың кандидатураларын бекіту туралы ҚАРК-нің шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

      86. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен оқушылардың қорытынды аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.

                                         Бастауыш, негізгі орта,
                                        жалпы орта білімнің білім
                                       беретін оқу бағдарламаларын
                                         іске асыратын білім беру
                                     ұйымдарындағы білім алушылардың
                                     үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
                                      оларды аралық және қорытынды
                                      аттестаттаудың үлгі ережесіне
                                                 1-қосымша

       Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.06.18  N 260  (қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан  қараңыз) Бұйрығымен.

     ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
            аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы

N
р/с

Пән

2 (қанағат-
танарлық-
сыз)

3 (қанағат-
танарлық)

4 (жақсы)

5 (үздік)

1.

Қазақ тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

2.

Орыс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

3.

Қазақстан тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

4.

Математика

0-2

3-11

12-19

20-25

5.

Физика

0-2

3-11

12-19

20-25

6.

Химия

0-2

3-11

12-19

20-25

7.

Биология

0-2

3-13

14-20

21-25

8.

География

0-2

3-13

14-20

21-25

9.

Дүниежүзі тарихы

0-2

3-13

14-20

21-25

10.

Қазақ әдебиеті

0-2

3-13

14-20

21-25

11.

Орыс әдебиеті

0-2

3-13

14-20

21-25

12.

Ағылшын тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

13.

Неміс тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

14.

Француз тілі

0-2

3-13

14-20

21-25

15.

Қазақ тілі орыс
мектептеріне
арналған

0-2

3-11

12-17

18-25

16.

Орыс тілі қазақ
мектептеріне
арналған

0-2

3-11

12-17

18-25

                                         Бастауыш, негізгі орта,
                                        жалпы орта білімнің білім
                                       беретін оқу бағдарламаларын
                                         іске асыратын білім беру
                                     ұйымдарындағы білім алушылардың
                                     үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
                                      оларды аралық және қорытынды
                                      аттестаттаудың үлгі ережесіне
                                                 2-қосымша

                  ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ
    Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғарғы орта
      деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың
                       ХАТТАМАСЫ

Қазақстан Республикасы_____________________________________облысының
________________________қаласының (селосының)_______________________
ауданының _______________N______мектебінің__________________________
_______________сынып______________________ пәнінен__________________

Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. ______________________________
____________________________________________________________________

Емтихан алушының Т.А.Ә._____________________________________________
____________________________________________________________________

Ассистенттердің Т.А.Ә. _____________________________________________
____________________________________________________________________

Білім департаменті жіберген емтиханға арналған материалдары бар пакет___________сағ __________мин. ашылды.
Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар (пакет ішіндегі материалдар хаттамаға қоса тігіледі)

Емтиханға________________________________________оқушы қатысты.
____________________________________________________________________
           (келмей қалған оқушының тегі және аты)
____________________________________________________________________

Емтихан______________сағат_____________минутта басталды.
Емтихан______________сағат_____________минутта  аяқталды.

5-8 сынып оқушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы қолданады.

N
р/с

Емтихан тапсырушы-
ның тегі,
аты, әке-
сінің аты

Жазбаша жұ-
мыстың тақы-
рыбы және
нұсқасы, ал-
ған билеті-
нің нөмірі

Емтихан
бағасы
(жазумен)

Жылдық
бағасы
(жазумен)

Қорытынды
бағасы
(жазумен)

1

2

3

4

5

6

Комиссия мүшелерінің жеке оқушылардың жауаптарын бағалау туралы ерекше пікірлері_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Емтихан өткізу күні __________ж. "_______"__________________
Бағаларды хаттамаға жазу күні ________ ж. "______"__________

      Емтихан комиссиясының төрағасы

      Емтихан алушы мұғалім

      Ассистенттер

                                         Бастауыш, негізгі орта,
                                        жалпы орта білімнің білім
                                       беретін оқу бағдарламаларын
                                         іске асыратын білім беру
                                     ұйымдарындағы білім алушылардың
                                     үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
                                      оларды аралық және қорытынды
                                      аттестаттаудың үлгі ережесіне
                                                 3-қосымша

         Жылдық, емтихан және қорытынды бағаларының
                       ВЕДОМОСЫ
_____________________________________________________ бітірушісі
                    (оқу орнының атауы)
____________________________________________________________________

________________________________________________ ауданы (қаласы)

____________________________________________________________________
                  (тегі, аты, әкесінің аты) 

N
р/с

Оқу жоспарына
сәйкес оқу
пәндері

Жылдық
бағалары
10 сынып    

Жылдық
бағалары
11 сын.
12 сын.

Емтихан
бағалары

Қорытынды
бағалары

1

2

3

4

5

6

 

 

 

 

 

 

      М.О.

Директор           _________ ж. "_______"_______________
____________________________________________________________________

Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Ескерту: Кестенің үшінші бағаны жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға ұсынылған білім алушыларға толтырылады, кестенің төртінші бағаны кешкі /кезекті/ және өзге де бөлімшелерде, арнайы түзеу білім беру ұйымдарында толтырылады.

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы     
N 125 бұйрығымен        
  бекітілген           

  Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі

1. Негізгі ережелер

      1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының  19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
      1) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі.

      2) Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.

      3) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.

  2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу

      3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.

      4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды.

      5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.

      6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.

      7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.
      Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.

      8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.

      9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.

      10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
      - емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
      - емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
      - оқу және технологогиялық карталар;
      - спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
      - емтихан ведомосы дайын болуы қажет.

      11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.

      12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.
      Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.

      13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:
      әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;
      жазбаша емтиханды өткізуге:
      1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;

      2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;

      3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;

      4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.
      Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.

      14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.

      15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.

      16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.

      17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").

      18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.
      Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).

      19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.

      20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.

      21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.

      22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.

  3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу

      23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
      1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;

      2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.

      24. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен арнайы пәндер мен өндірістік оқыту жөніндегі аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
      Комиссия төрағасы (төрайымы) тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандарының арасынан білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және құрылтайшының келісімімен (3 мәртеден көп емес), ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен тағайындалады.
      Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, комиссия мүшелері - кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, бөлімшелердің өндірістік шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау (электр қауіпсіздігін сақтау) жөніндегі органдарының өкілдері арасынан тағайындалады.

      25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.

      26. Комиссия:
      техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;
      білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.

      27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.

      28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.

      29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
      мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
      кәсіптік лицей, колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
      білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
      оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;
      білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.

      30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.
      Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.
      Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
      Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
      Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.

      31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.
      Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.

      32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.

      33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.

      34. Комиссияның отырысы төрағаның, комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтиханын және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау туралы қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырыстары хаттамаларының үзінділері "Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамыту ғылыми-әдістемелік және біліктілікті беру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына жіберіледі.

      35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 595  бұйрығымен  бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылдың 13 желтоқсанында N 5035 тіркелген Білім алушылардың кәсіби даярлығының деңгейін бағалау және оларға біліктілік беру білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін Техникалық және қызмет көрсету еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.

      36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.

      37. Біліктілігін көрсете отырып диплом беру туралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады.
      Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.

      38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.

      39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.

      40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.

Қазақстан Республикасы    
Білім және ғылым министрінің 
2008 жылғы 18 наурыздағы    
N 125 бұйрығымен     
бекітілген          

  Жоғары оқу орындарындағы білім алушылардың үлгерімін
ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттаудың
үлгі ережесі

      1. Осы Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  5-бабының  19) тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу тәртібін анықтайды.

      2. Үлгерімді ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау білім алушылардың мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын және кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.

      3. Осы ережеде мынадай негізгі ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:
      1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес, оқу кестесіне сай ағымдағы оқытушының дәріс барысында білім алушылардың білімін жүйелі түрде тексеру;

      2) білім алушыларды аралық аттестаттау - бағдарламаға сәйкес, оқытылып біткен оқу пәнінің мазмұнын білім алушылардың игеру мақсатында өткізілетін рәсім;

      3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім;

      4) транскрипт - әріппен және санмен көрсетілген кредиттер мен бағалар көрсетіле отырып, тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат.

  2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау және аралық аттестаттауды ұйымдастыру
және өткізу

      4. Білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орыны (бұдан әрі - ЖОО) дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың әр түрлі нысандары көзделген. Халықаралық білім кеңістігіндегі білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау нәтижелерін тануды қамтамасыз ету үшін білімді бағалау балдық - рейтингтік әріп жүйесі бойынша дәстүрлі бағалар шкаласына тиісті жүзеге асады  1-қосымшаға  сәйкес.

      5. Білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс жоспарының негізінде құрылған оқу дәрістерінің кестесіне сәйкес жүзеге асады.

      6. ЖОО-дағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және курстық оқу бағдарламасына сәйкес емтихандар мен дифференциалдық сынақтар тапсыру нысанында жүзеге асырылады.

      7. ЖОО-да білім алушыларды аралық аттестаттау кезеңі емтихандық сессия болып табылады.

      8. Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың зертханалық және есептік-кестелік тапсырмалары мен курстық жобаларды (жұмыстарды) табысты орындауын, сондай-ақ кәсіби практикадан өтуі мен бекітілген бағдарламаларға сәйкес барлық оқу тапсырмаларын орындауын тексерудің нысаны болып табылады.
      Дифференциалдық сынақтар, білім алушылардың білімін бағалауда балдық - рейтингтік жүйесі бойынша қойылады.

      9. Емтихандар бекітілген кестеге сәйкес аралық бақылау кезеңінде тапсырылады.

      10. Емтихан барлық пәндер бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру нысаны болып табылады және олардың академиялық күнтізбе аралығындағы жұмысын, алған теориялық білімділігін, шығармашылық ойлау қабілетін, дербес жұмыс істеу дағдыларын дамытуын бағалау. Сонымен қатар, білімін синтездеп, өмірде қолдана білу дағдысын көздейді.

      11. Білім алушылардың аралық аттестаттауын ұйымдастыру және өткізу офис регистратор бөліміне жүктеледі. Сонымен қатар, емтиханды өткізу үшін тапсырылып отырған пәннің бейініне біліктілігі сәйкес келетін оқытушы қатыстырылады.
      Емтиханды өткізу рәсіміне қатыспаған бөгде және басқа адамдар офис регистраторының рұқсатынсыз емтиханға қатыса алмайды.

      12. Емтихандық сессияның кезеңі мен ұзақтығы ЖОО-ның ғылыми кеңесі бекіткен мамандықтардың оқу жұмыс жоспарына және академиялық күнтізбеге сәйкес анықталады. Қысқы және жазғы емтихандық сессияларды айқындайды. Осыған сәйкес жазғы емтихандық сессия көшіру сессиясы болып табылады, соның нәтижесінде білім алушыларды курстан курсқа көшіру туралы ЖОО басшысының бұйрығы шығарылады.

      13. Білім алушылар жұмыс және дербес оқу жоспарына, сондай-ақ ЖОО-ның барлық оқыту нысандарына арналған бекітілген бірыңғай бағдарламаларға сәйкес барлық емтихандарды тапсыруы керек.

      14. Білім алушылар қосымша оқу пәндерінің түрлері бойынша нәтижелері емтихан ведомосіне және транскриптке енгізілетін емтихандар тапсыруларына болады.

      15. Білім алушыларды емтихандық сессияға жіберу олардың тегі, аты, әкесінің аты және академиялық тобы көрсетілген факультет деканының, (институт директорының) өкімімен рәсімделеді.
      Курстық жоба (жұмыстарды) тапсырмаған білім алушылар жоба тапсырылатын пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
      Сырттай оқыту нысанының білім алушыларының өткен курстар үшін академиялық берешектері жоқ болса да, емтихандық сессияға қатысуға жіберіледі.
      Сырттай оқыту нысанының емтихан сессиясы, олардың кезеңі оқу жылындағы санын ғылыми кеңес бекітеді.

      16. Барлық оқыту нысандарына арналған емтихандар кестесін офис регистратор бөлімі факультет деканымен қосыла жасайды.
      Емтихандар кестесін оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және емтихандық сессия басталғанға дейін екі апта мерзімінен кешіктірмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізілуге тиіс.

      17. Науқастығына немесе басқа да дәлелді себептерге байланысты жалпыға ортақ белгіленген мерзімде емтихандарды тапсыра алмаған білім алушыларға факультет деканы (институт директоры) оларды тапсырудың жеке кестесін белгілейді.

      18. Білім алушының емтиханға келгенде өзімен бірге емтихандық сессияға жіберілгендігі туралы мөртаңба басылған сынақ кітапшасы болуы керек.

      19. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) кеңесімен академиялық кезеңнің басынан бір ай мерзімде белгіленеді.

      20. Емтихандар, жазбаша, ауызша және тест нысанында жүргізіледі. Тест нысаны кезінде бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, екі немесе одан да көп пәндер бойынша кешенді емтихан белгіленуі мүмкін.
      Емтихан бағасы бекітілген тәртіпке сай әр пән бойынша жеке қойылады.
      Білім алушылар емтихан кезінде пәннің оқу бағдарламаларын және анықтама әдебиетті пайдалана алады.

      21. Білім алушының емтихандағы үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесі бойынша бағаланады. Оң баға (А тен А-ке дейін "өте жақсы", В+В, В-ке дейін "жақсы", С+, С тен С-ке дейін; Д-тен, Д-, қанағаттанарлық) ведомосқа және білім алушылардың сынақ кітапшасына, транскриптке қойылады. "Қанағаттанарлықсыз" F деген баға тек қана емтихан ведомосіне қойылады.

      22. Емтихан ведомосі емтихан қабылдаған оқытушымен толтырылады.

      23. Білімді бағалаудың балдық-рейтінгтік жүйесіне сәйкес оқу пәні бойынша аралық бақылау өткізу барысында академиялық кезең аралығында (семестр, триместр) білім алушының емтиханда алған бағасы және ағымдағы үлгерімнің орта баллы есептелінеді.

      24. Пән бойынша қорытынды баға ағымдағы үлгерім мен қорытынды бақылау бағасынан құралады. Ағымдағы үлгерім бағасы (өту рейтінгі) пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 60%-ін құрайды, ал емтихан бағасы пән бойынша білімді бағалаудың қорытынды бағасының 40%-ін құрайды.

      25. Білім алушы "қанағаттанарлықсыз" деген бағадан оңды бағаға қайта тапсыру үшін осы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көзделген оқу дәрістерінің барлық түріне қатысып, қорытынды бақылауға жіберілгендігі жөнінде рұқсат алуы керек.

      26. Қорытынды бақылауда оң бағаны көтеру мақсатында емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      27. Егер білім алушы емтиханға келмесе, емтихан ведомосіне оның тұсына "келген жоқ" деген белгі қойылады. Дәлелді себеп болған жағдайда деканат (директорат) бұл емтиханды жеке түрде тапсыруы жөнінде шешім қабылдайды.

      28. Қорытынды бақылау нәтижесімен келіспеген студент, емтихан өткізілген күннің ертеңіне аппеляцияға беруге құқығы бар.

      29. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық бақылау) кезеңінде ЖОО-ның басшысының өкімімен біліктілігі апелляция өткізілетін пәннің бейініне сәйкес келетін оқытушылар арасынан апелляциялық комиссия құрылады.

      30. Сырттай оқу нысанында білім алушыға емтихандық сессияны табысты аяқтаған жағдайда, алдағы емтихандық сессияға қатысу үшін белгіленген үлгідегі анықтама-шақыру қағазы беріледі.

      31. Анықтама-шақыру қағаздарын беру және білім алушылардың емтихандық сессияға келуі ЖОО қабылдаған тәртібі бойынша қатаң түрде есепке алынады.

      32. Белгіленген өту балын жинаған білім алушылар ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.

      33. Курстан курсқа көшіру үшін орташа өту балдарын ЖОО белгілейді.

      34. Белгіленген өту балын ала алмаған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылады. Бұл пункт азаматтық емес жоғары оқу орындарында білім алушыларға таралмайды.

      35. Қайта оқу курсына қалдырылған студент, бұрын қабылданған жеке оқу жоспарын аяқтауға немесе белгіленген тәртіпке сай жасалған жаңа жеке оқу жоспарын құруға құқығы бар.

      36. Өту балын жинаған және келесі курсқа көшірілген білім алушы, академиялық берешегі болған жағдайда тиісті пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.

      37. Білім беру грантының иегері болған білім алушы қайта оқу курсына қалдырылған болса, білім беру грантынан айырылады. Одан әрі оқуын ақылы негізде жалғастырады.

      38. Өту балын жинаған және келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешектері бар білім беру грантының иегер білім алушылары үшін білім беру гранты сақталады. Ал тапсырылмаған пәндерін ақылы түрде қайта оқуға және академиялық берешегін жоюға міндетті.

      39. Емтихан нәтижелері мен оқу процессін жақсарту ұсыныстары емтихан сессиясы (аралық бақылауы) аяқталғаннан кейін кафедра мәжілісінің, деканат (директорат) және ЖОО кеңесінің талқылануына шығарылады.

      40. ЖОО-нан шығарылған тұлғаға білім алуды аяқтамаған азаматтарға берілетін анықтама беріледі. Бұл әскери ЖОО студенттеріне таратылмайды.

   2.1 "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша мемлекеттік
емтиханды ұйымдастыру және өткізу

      41. ЖОО барлық бакалавриат мамандықтарында білім алушылар "Қазақстан Тарихы" пәнін оқып меңгерген академиялық кезеңде Мемлекеттік емтихан тапсырады.

      42. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтихан бекітілген академиялық күнтізбекке сәйкес аралық бақылау кезеңінде өткізіледі.

      43. Мемлекеттік емтиханға дайындықты, факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармамен) бірлесіп Қазақстан тарихы кафедрасы, немесе "Қазақстан тарихы" пәні бойынша сабақ өткізетін кафедра (бұдан әрі - кафедра) өткізеді.

      44. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра барлық нысан түрлері мен мамандықтарға ортақ жұмыс оқу бағдарламасын құрастырады. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтиханының жұмыс оқу бағдарламасы пәннің типтік оқу бағдарламасы негізінде құрастырылып ЖОО ғылыми кеңесімен бекітіледі.

      45. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды тапсыру жұмыс оқу бағдарламасына толық сәйкес ауызша, жазбаша немесе тест нысанында өткізіледі.

      46. МЕК құрамы екі адамнан тұратын жоғары білікті білім алушылар (сыртқы экзаменаторлардан) құрастырылады және ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

      47. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтиханды қабылдау мақсатында Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі - МЕК) төраға және комиссия мүшелері құрамында күнтізбек жылына құрастырылады, комиссия төрағасы ағымдағы оқу жылдың 1-ші қарашаға дейін уәкілетті органға жіберіледі және 1 желтоқсанға дейін уәкілетті орган бұйрығымен бекітіледі.

      48. Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі - МЕК) төраға және комиссия мүшелері ЖОО басшысы бұйрығымен бекітіледі.

      49. Қазақстан тарихы кафедрасы оқытушысы МЕК хатшысы болып тағайындалады.

      50. МЕК мәжілісі кестесі офис регистратор бөлімімен құрастырылып, мемлекеттік емтихан басталуына екі апта қалғанға дейінгі мерзімде ЖОО басшысымен бекітіледі. МЕК мәжілісі ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы тиіс.

      51. МЕК мәжілісі әр білім алушыға белгіленген тәртіп бойынша жеке хаттамамен рәсімделеді (қосымша 2) және мәжіліске қатысқан төраға мен комиссия мүшелерімен қол қойылады.
      МЕК мәжілісінің хаттамасын комиссия хатшысы жүргізеді.

      52. МЕК мәжілісінің хаттамаларын номерлену, тігу және оқу бөлімі (оқу-әдістемелік басқармасы) мөрі басу қажет.

      53. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижелері білім алушылар білімін бағалауда балды-рейтингтік әріптік жүйе бойынша бағаланады.

      54. Мемлекеттік емтиханды тапсыру нәтижесі бойынша білім алушыға өту рейтинг балы мен мемлекеттік емтихан бағасын ескеріп қорытынды баға қойылады. Өту рейтинг бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 60%, ал емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның 40% құрайды.

      55. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтиханда білім алушы "қанағаттанарлықсыз" баға алған жағдайда, ол бұл пәнге қайта жазылып, сабақтың барлық түрлеріне қатысып, ағымдағы бақылау талаптарын орындап, мемлекеттік емтиханға рұқсат алуы тиіс.

      56. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтихан оң бағасын көтеру мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      57. Орта кәсіптік деңгейі негізінде жеделдетілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар "Қазақстан Тарихы" пәнін меңгереді және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырады.

      58. Жоғары кәсіптік деңгейі негізінде жеделтілген мерзім бойынша қысқартылған оқу бағдарламаларында оқитын білім алушылар "Қазақстан Тарихы" пәнін оқымайды және бұл пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсырмайды.

      59. "Қазақстан Тарихы" пәні бойынша Мемлекеттік емтихан нәтижелері, оны тапсыру қарастырылған емтихан сессиясының қорытындылау кезінде ескеріледі.

      60. Комиссия төрағасы МЕК жұмысы біткенде Есеп дайындайды, бұл Есеп ЖОО ғылыми кеңесінде талқыланып бекітіледі және уәкілетті органға бір ай мерзімінде ұсынылады.

  3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу

      61. ЖОО білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбемен және жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған мерзімдерде өткізіледі.

      62. Қорытынды аттестаттау (бұдан әрі - ҚА) ұзақтығы кем дегенде 4 апта мерзімінде белгіленеді.

      63. Білім алушыларды ҚА мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарымен (бұдан әрі - МЖМБС) белгіленген нысандары бойынша өткізіледі.

      64. Білім алушылар қатаң түрде оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырулары және дипломдық жобаларын (жұмыстарын) қорғаулары қажет.

      65. Білім алушы
      1) сырқатына орай ұзақ мерзімді стационарлық емделуіне;

      2) 2 жасқа дейінгі баласының болуына;

      3) науқас немесе қартайған ата-аналарына қарауына орай, ЖОО басшысының келісімімен дипломдық жобаның (жұмыстың) орнына екі мемлекеттік емтихан тапсыруына құқығы бар.
      Осыған орай білім алушы ЖОО басшысының атына өтініш жазады және қажетті құжаттар тапсырады. Ал басқа жағдайларда дипломдық жоба (жұмыс) мемлекеттік емтихан тапсырумен ауыстырылуына рұқсат етілмейді.
      Бұл жағдайда мемлекеттік емтихандар тізбесі бітіртуші кафедраның шешімімен бекітіледі.

      66. Білім беру процесі аяқталуының негізгі өлшемі білім алушылардың жоғары білім мамандықтары МЖМБС талаптарына сәйкес оқудың теориялық курсының қажетті көлемін меңгеруі болып табылады.

      67. ЖОО басшысы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі құжаттарға (диплом, қосымша) ағымдағы жылдың 1-ші қазанына дейін (күтілетін бітірушілер саны бойынша) сұраныс жасайды.

      68. Білім алушыларды қорытынды аттестациядан өткізу үшін оқудың барлық нысандары бойынша әр мамандыққа тиісті МАК құрылады.

      69. ЖОО басшысы уәкілетті органға ағымдағы жылдың 1-ші қарашасына дейін бітіруші практикалық тәжірибесі бар мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, ғалымдардың, оқытушылардың, өндіріс жоғары білікті мамандарының және мұғалімдердің арасынан аттестаттау комиссияларының (бұдан әрі - МАК) төрағалары кандидатураларын ұсынады.

      70. МАК төрағасын уәкілетті орган күнтізбелік жыл бойына бекітеді.

      71. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін жетекші профессорлардың, доценттердің, жоғары білікті мамандардың арасынан қалыптасады. Бір мемлекеттік аттестаттау комиссиясының сандық құрамы төрт адамнан кем болмауы керек.

      72. АК құрамы жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен, жыл сайын 31 желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол күнтізбелік жыл бойы жұмыс істейді.

      73. Білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауға жіберу студенттер тізім бойынша қорытынды мемлекеттік аттестаттау басталғанға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканы (институт директоры) өкімімен рәсімделеді және МАК ұсынылады.

      74. МАК жұмысының кестесін құру офис регистратор бөліміне жүктелінеді.

      75. АК жұмыс кестесін ректор бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталғанға дейін 2 апта қалғанда барлығының назарына жеткізіледі. АК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.

      76. ҚА-ды өткізу басталғанға дейін студенттер МАК-қа мынадай құжаттарды тапсырады:
      1) білім алушы оқу жоспарын орындағандығы, барлық пәндер бойынша оның көлеміндегі тапсырған курстық жобалары (жұмыстары) мен практика түрлерінен алынған бағалары туралы факультет деканының (институт директорының) анықтамасы;

      2) қорғауға "жіберіледі" немесе "жіберілмейді" деген дәлелденген қорытындысы бар дипломдық жоба (жұмыс) ғылыми жетекшісінің пікірі;

      3) тиісті ғылыми ұйымның немесе білім беру ұйымының тиісті практикалық кәсіби қызметі маманының диплом жобасын (жұмысын), қорғауға берілген жан-жақты мінездемесімен ("өте жақсы", "жақсы", "қанағаттанарлық" немесе "қанағаттанарлықсыз") деген бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша біліктілігін және бакалавр академиялық дәрежесін беру туралы рецензиясы.

      77. МАК-на сондай-ақ орындалған дипломдық жобаның (жұмыстың) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын құжаттар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (магистрлік диссертацияның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары мен актілері, макеттер, минералдар жинағы, гербари және тағы сол сияқты басқа да материалдар ұсынылуы мүмкін.

      78. Дипломдық жобаны (жұмысты) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың ішіндегі мамандармен жүзеге асырылады.

      79. Дипломдық жобалардың (жұмыстардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орындары және лауазымы көрсетілген бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.

      80. Мемлекеттік емтихандар (іргелі бейімдеуші пәндер немесе мамандықтар бойынша) мынадай: ауызша, жазбаша, олардың оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.

      81. Мамандықтар бойынша кешенді тестілеу түріндегі мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.

      82. ЖОО мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарына сәйкес мемлекеттік емтихан тапсыру көзделген іргелі бейімдеуші пәндер бойынша 1 кешенді емтихан өткізуі мүмкін.

      83. ЖОО өздігінен мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген тест) түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын әзірлейді және бекітеді.

      84. МАК-тың барлық мәжілістері хаттамамен ресімделеді. МАК-тың мәжілісі оның мүшелерінің жартысынан көпшілігі қатысқан жағдайда ғана расталады.

      85 МАК отырысының хаттамасының бланктері МАК-тың жұмысы басталғанға дейін қорытынды аттестацияның барлық нысандары бойынша жеке кітап ретінде нөмірленіп, тігіліп жоғары оқу орнының оқу бөлімінің мөрімен бекітілуі қажет.

      86. МАК-тың хаттамалары   3  - 5 қосымшаларға  сай белгіленген нысан бойынша әрбір білім алушыға жеке толтырылады.

      87. Хаттама бітіруші кафедра оқытушылары қатарынан алынған комиссия құрамында бекітілген МАК-тың хатшысымен толтырылады.

      88. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді МАК-ның мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік даусымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылдайды. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.

      89. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жобасын (жұмысын) қорғауда анықталған білімдердің бағасы енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен АК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер АК-ның бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазуға және өзі қол қоюға құқығы бар. Хаттамада біліктілік, академиялық дәреже, сондай-ақ жоғары оқу орнын бітірушіге қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.

      90. Хаттамаға АК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

      91. АК-ның хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

      92. Мемлекеттік емтихан тапсырысының және диплом жұмыстарының қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.
      Мемлекеттік емтихан тестілеу нысанында өткізілген жағдайда емтихандық ведомость хаттаманы рәсімдеу үшін негіздеме болып табылады.

      93. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау МАК-ың ашық отырысында жүргізіледі.

      94. Бір дипломдық жұмысты қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Дипломдық жұмысты қорғау үшін білім алушылар МАК алдында минуттан артық сөйлемеуі керек.

      95. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау нәтижесі бойынша студенттердің білімін бағалауда балдық - рейтингтік жүйесі бойынша бағалар қойылады. Бұл жағдайда білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензентінің ресми жақтаушысының пікірлері назарға алынады.

      96. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген білім алушы МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе дипломдық жобаны (жұмысты) осы АК-ның басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

      97. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға рұқсат берілмейді.

      98. "Қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.

      99. Диплом жобасын (жұмысын) қорғау "қанағаттанарлықсыз" деп есептелген жағдайда, АК-сы студент осы жұмысын комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға болатындығын немесе оның бітіртуші кафедра белгілеген жаңа тақырыпты әзірлей алатындығын белгілейді.

      100. Білім алушыға қайта ҚА-уы келесі ҚА кезеңінде бұрынғы аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандары бойынша ғана өткізіледі.
      Сонымен қатар, осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі, білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен анықталады.
      Қорытынды аттестаттау нәтижесінде оқудан шығарылған студент бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестация басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, білім беру ұйымының Басшысының атына қанағаттанарлықсыз баға алған нысандары бойынша қорытынды аттестацияға жіберілуіне рұқсат алу үшін өтініш жазады.

      101. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушылар белгіленген үлгідегі анықтама беріле отырып ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-нан шығарылады.

      102. Мемлекеттік қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған білім алушыларға денсаулығы жарамсыз туралы анықтама АК қарастырылмайды.

      103. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаған және мемлекеттік емтихан тапсырған білім алушыға МАК-ның шешімімен алған мамандығына сәйкес біліктілік және (немесе) академиялық бакалавр дәрежесі тағайындалады.
      Қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткен және жоғары білімнің тиісті кәсіптік білім беру бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген білім алушыға мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.

      104. Дипломға қосымша білім алушының оқу жоспарын орындағаны туралы ЖОО-ның бөлімше басшысының анықтамасы негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттармен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, тапсырылған курстық жобалар (жұмыстары), практика мен ҚА-дың нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.

      105. Оқу жоспарындағы барлық пәндердің кем дегенде 75 пайызы бойынша емтихандар мен дифференциялдық сынақтарды А- -тен А-ға дейінгі "өте жақсы" деген бағаға, ал қалған пәндер бойынша В- -тен, В, В+ -ке дейін "жақсы" деген бағаға және мемлекеттік емтихан мен диплом жобасын (жұмысын) "өте жақсы" деген бағаға тапсырған, білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.

      106. АК-сы қызметінің құзыретіне:
      1) мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттармен белгіленген жоғары білім беру мамандықтарының талаптарына бітіруші мамандардың ғылыми-теориялық және практикалық даярлықтарының сәйкестік деңгейін тексеру;

      2) оларға тиісті біліктілік пен диплом беру туралы (үздік емес, үздік) шешім қабылдау;

      3) тиісті мамандықтар бойынша академиялық бакалавр дәрежесін тағайындау;

      4) мамандар даярлаудың сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу кіреді.

      107. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін комиссияның төрағасы есеп жасайды және екі апта мерзім ішінде ЖОО-ның басшысына ұсынады.

      108. МАК-тың төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің немесе факультет кеңесінің отырысында талқыланады.

      109. Білім алушыларды қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім саласының уәкілетті органына бекітілген есепті ұсынады.

      110. АК төрағасының есебінде мыналар көрсетілуі керек:
      1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;

      2) диплом жобаның (жұмыстың) орындалу сапасы;

      3) диплом жобасы (жұмысы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сай екендігі;

      4) Білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудың кемшіліктері көрсетілуі керек;

      5) белгілі бағыт бойынша мамандар даярлау сапасын талдау;

      6) ЖОО мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.

  4. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың
қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық
бақылауын өткізу ережелері

4.1 Негізгі қағидалар

      111. Осы Ереже жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу ережелері (ары қарай - Ереже) Қазақстан Республикасының
"Білім туралы заңының"  36-бабы  3, 4) тармағына сәйкес жасалған және ведомстволық бағыныштылығы мен меншік формасына тәуелсіз жоғарғы оқу орын және ғылыми ұйымдарында білім алушылардың қорытынды, аралық аттестациясын және үлгерімнің ағымдық бақылауын өткізу тәртібін анықтайды.

      112. Үлгерімнің ағымдық бақылауы, аралық және қорытынды аттестациясы магистратура мен докторантурада білім алушылардың сәйкес кәсіптік оқу бағдарламасын игеру дәрежесін анықтау мақсатында жүргізіледі.

      113. Осы Ережелерде келесі анықтамалар қолданылады:
      1) магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімдерінің ағымдық бақылауы - оқу барысында оқытушы өткізетін, профессионалды оқу бағдарламасына сай білім алушылардың білімін жүйелік тексеру.

      2) магистратура мен докторантурада білім алушылардың аралық аттестациясы - пәнді оқығаннан кейін оның білім алушылармен игерілу сапасын бағалау мақсатында жасалатын рәсім.

      3) магистратура мен докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестациясы - магистратура мен докторантураның оқу кәсіптік бағдарламасында қаралған оқу пәндерінің көлемі мен игерілу дәрежесін анықтау мақсатында жүргізілетін рәсім.

  4.2. Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың
аралық аттестациясы мен үлгерімнің ағымдық бақылауын
жүргізу және ұйымдастыру

        114. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру үшін жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымдармен өздері анықтайтын бақылау мен аттестация формалары қарастырылады. Білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылауының нәтижесінің дұрыстығын қабылдау үшін халықаралық білім беру аумағында білімді бағалау дәстүрлі бағалау шкаласына сәйкес ауыстырылатын балдық-рейтингтік әріптік жүйеде жүргізіледі.

      115. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алуда алдында игерілген кредиттерді есепке алатын жинақтау жүйесі енгізілген. Осыған сәйкес жоғары оқу орны мен ғылыми ұйымдар алдыңғы деңгейлерде оқытылған барлық оқу бағдарламаларын қайта есептеуі қажет.

      116. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімдерінің ағымдық бақылауы жұмыстық оқу жоспары мен оқу кестесіне сәйкес өзіндік ғылыми ұйым мен жоғарғы оқу орындарында жүргізіледі.

      117. Жоғарғы оқу орындары мен ғылыми ұйымдардың магистратура мен докторантурасында білім алушылардың аралық аттестациясы жұмыс оқу жоспарына сәйкес дифференциалды сынақтар мен емтихандарды тапсыру түрінде кәсіптік оқу бағдарламасымен және академиялық күнтізбемен жүргізіледі.

      118. Дифференциалды сынақтар білім алушылардың зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмалар, курстық жобаларды (жұмыстарды) жоғары деңгейде орындауын, сонымен қатар қабылданған кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес профессионалды тәжірибені өтуін тексеру және осы процесс барысында барлық оқу тапсырмаларын орындау болып табылады.
      Дифференциалды сынақтар балды-рейтингті жүйеде білім алушылардың білімдерін бағалауына сәйкес қойылады.

      119. Емтихандар қабылданған оқу кестесіне қатысты академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестация кезінде тапсырылады.

      120. Емтихандар пәндердің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша білім алушылардың оқу жетістіктерін тексеру формасы болып табылады және академиялық кезеңдегі білім алушылардың оқу жетістіктерін, алынған теориялық білімдер, олардың игерілу деңгейін, шығармашылық ойлауының дамуын, өзіндік жұмыстарды орныдау ұқыптылығын, алынған білімдерді синтездеу мен оларды тәжірибе жүзінде қолдануын бағалау мақсатында өткізіледі.

      121. Білім алушылардың аралық аттестациясын жүргізу және ұйымдастыру жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен бірге тіркеу бөлімдеріне (офиске) жүктеледі.

      122. Аралық аттестацияның ұзақтығы мен қайталануы жоғарғы оқу орны немесе ғылыми ұйымның оқу кеңесімен қабылданған академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жоспарына сәйкес анықталады.

      123. Білім алушылар қатаң түрде жұмыстық және жеке оқу жоспарына сәйкес, сонымен қатар пәннің қабылданған оқу бағдарламасы бойынша барлық емтихандарды тапсыру қажет.

      124. Білім алушылар білім алудың қосымша түрлерінің пәндері бойынша емтихандарды тапсыра алады және олардың қорытындылары емтихандық және білім алушының жеке ведомосына енгізіледі.

      125. Емтихандардың кестесін құру жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен бірге тіркеу бөлімдеріне (офиске) жіберіледі.
      Емтихандар кестесі оқу жұмысы бойынша проректоры немесе ғылыми ұйымның орынбасарымен бекітіледі және білім алушылар мен білім берушілерге емтихан сессиясының басталуына дейін екі апта мерзімінен кем емес мерзімде хабарланады.

      126. Оқу пәні бойынша аралық аттестацияны жүргізу кезінде емтиханда алынған балдары және ағымдық үлгерімнің ортақ балдары академиялық кезеңде білім алушылардың балды-рейтингті жүйесін бағалау нәтижелері бойынша ескеріледі.

      127. Емтихандар жазбаша, ауызша және тест түрінде өткізіледі. Тестілік нысанда бейіндік және жақындық негізінде құралған екі немесе одан артық пәндерден тұратын кешенді емтихан өткізіледі.

      128. Әр оқу пәнінің емтиханының өткізілу тәртібі мен түрі сол жоғарғы оқу орнының (факультет) оқу кеңесімен академиялық кезеңінен бастап бір ай мерзімде қабылданады.

      129. Білім алушы қанағаттанарлық емес бағадан басқа баға алу үшін қайтадан емтихан тапсыру үшін сол пән бойынша аралық бақылауға рұқсат алу қажет және оқу жұмыс бағдарламасы бойынша барлық сабақ түрлеріне қатысуы керек.

      130. Аралық бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      131. Аралық бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханның келесі күнінде аппеляцияға беруге құқығы бар.

      132. Осы мақсатта емтихандық сессия (аралық аттестация) кезеңіне ғылыми ұйымның немесе жоғарғы оқу орны басшысының бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай квалификациясы бар оқуытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.

      133. Жоғары оқу орнынан немесе ғылыми ұйымнан шығарылған адамға қабылданған түрдегі академиялық анықтама (білім алушының индивидуалды ведомосы) беріледі. Бұл пункт әскери мамандықтар бойынша білім алушыларға таратылмайды.

  4.3 Жоғарғы оқу орнынан кейінгі білім алушылардың
қорытынды аттестациясын өткізу мен ұйымдастыру

      134. Жоғарғы оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушылардың қорытынды аттестациясы академиялық күнтізбесі мен мамандықтардың жұмыстық оқу жоспарында қарастырылған мерзімде өткізіледі.

      135. Қорытынды аттестацияға оқу жоспары мен оқу бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған магистранттар мен докторанттар жіберіледі.

      136. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестацияға жіберу жоғарғы оқу орнының немесе ғылыми ұйымның бұйрығымен қорытынды аттестацияның басталуына екі апта қалғаннан бұрын рәсімделеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясына (ары қарай - МАК) жіберіледі.

      137. Білім және ғылым ұйымының басшылары 1-ші қарашаға дейін Өкілетті органға, МАК-тың төрағасының кандидатурасын ұсынады:
      Магистратура мамандықтары бойынша - бітіруші мамандықтар бейініне сай келетін, бұл ұйымда қызмет жасамайтын ғылыми дәрежесі бар доктор немесе кандидаттар, бейініне сай келетін PhD докторы немесе бейініне қарай PhD докторы академиялық дәрежесі бар тұлға;
      Докторантура мамандықтары бойынша - бітіруші мамандықтар бейініне сай келетін бұл ұйымда қызмет жасамайтын докторлық ғылыми дәрежесі бар тұлға;

      138. МАК төрағасы Өкілетті орган бұйрығымен 1-ші желтоқсаннан кеш емес мерзімде күнтізбелік 1 жылға тағайындалады.

      139. МАК-тың құрамына оның мүшесі құқығында:
      Магистратура мамандықтары бойынша ЖОО-мен қатар шетелдік жоғары оқу орындарынан да оның мүшесі ретінде доктор және кандидаттық ғылыми дәрежесі бар және осы бейін бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар және осы бейін бойынша магистранттық академиялық дәрежесі бар адамдар енеді.
      Докторантура мамандықтары бойынша - ЖОО-мен қатар шетелдік жоғары оқу орындарынан да оның мүшесі ретінде осы бейінге сәйкес PhD докторы академиялық дәрежесі бар және докторлық ғылыми дәрежесі бар тұлғалар енеді.

      140. МАК-тың сандық құрамы білім және ғылым ұйымымен анықталады.

      141. МАК құрамы жоғарғы оқу орны басшысының бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кеш емес мерзімде жыл сайын күнтізбелік 1 жылға тағайындалады.

      142. Магистратура және докторантурада білім алушының қорытынды аттестациясы кешенді емтихан тапсыру және диссертация қорғау нысанында өткізіледі.

      143. Мамандық бойынша кешендік емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттері кіреді.

      144. Кешенді емтихан келесі формалардың біреуімен өткізіледі:
      ауызша емтихан, жазбаша жұмыс, пәндердің оқу бағдарламасы бойынша тест.

      145. Кешенді емтиханның бағдарламасы өткізілу нысанына және тапсырма мазмұны жоғары оқу орынмен немесе ғылыми ұйыммен осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасына сай жасалады.

      146. Магистрант немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғарғы оқу орындары және ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері жасайды.

      147. Магистратура бойынша кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін бір ай мерзімнен кешікпей қабылданады.

      148. Докторантура бойынша кешенді емтихан диссертация қорғауға дейін үш ай мерзімнен кешікпей қабылданады.

      149. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушыға жеке толтырылатын бекітілген түрдегі хаттамамен рәсімделеді.
      Тест түрінде өткізілген емтихан жүргізу кезінде оның нәтижелері жалпы емтихандық ведомость түрінде және әрбір докторант пен магистрантқа жеке хаттамамен рәсімделеді.

      150. Кешенді емтиханды қайта тапсыру, сонымен қатар алынған бағаны жоғарлатуға рұқсат етілмейді.

      151. "Қанағаттанарлықсыз" баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестация кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.

      152. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім беру немесе ғылым ұйымынан білім беру немесе ғылым ұйымының басшысының бұйрығымен және қабылданған түрдегі академиялық анықтама (транскрипт) беріліп, оқудан шығарылады.

      153. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген магистрант (докторант) МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсыруына немесе диссертациялық жұмысты осы МАК-ның басқа отырысы болған күні қорғауына болады.

      154. Кешенді емтиханды А-дан бастап Д-ға дейінгі оңды бағаға тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі.

      155. Қазақстан Республикасында ресми танылған ғылым кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар докторлық диссертацияны қорғаудың орнына кандидаттық диссертацияның негізгі ғылыми жетістіктерін 7 шетелдік ғылыми баспаларда (3-алыс шет елдерінде) шығарып, көлемі 10 беттен кем болмайтын ғылыми баяндама түріндегі түйін даярлауы керек. Түйін қазақ, орыс және ағылшын тілінде жазылып, жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің сайтына талқылау үшін орналастыру керек.

      156. Диссертациялық жұмыс МАК қалыптастыратын эксперттік кеңес өткізетін экспертизадан өту керек.

      157. Эксперттік комиссия құрамына отандық және шетелдік ғылыми баспаларда соңғы 5 жылда қорғалатын диссертация бейіні бойынша екі немесе одан көп мақалаларымен расталған, ұсынылған зерттеудің пәні мен объектісі саласында білімі бар үш адамнан кем болмайтын мамандар енуі қажет.

      158. Эксперттік комиссияның құрамы жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің басшысының бұйрығымен бекітіледі. Эксперттік комиссияның құрамына диссертантың ғылыми жетекшісі және консультанты кірмейді.

      159. Эксперттік комиссияға төмендегі құжаттар тапсырылады:
      1) аяқталған диссертациялық жұмыс;

      2) диссертация тақырыбының бекітілгені туралы құжат;

      3) докторанттың ғылыми зерттеу саласында маманданған екі ғалымның рецензиясы, оның біреуі жоғары оқу орнының немесе ғылыми мекеменің қызметкері болуы мүмкін;

      4) транскрипт;

      5) диссертациялық жұмыстың аннотациясы;

      6) қабылданған түрде бекітілген ғылыми мақалалар тізімі және олардың көшірмесі;

      160. Эксперттік комиссия төмендегі шешімдердің біреуі бойынша қабылданған түрде негізделген жазбаша қорытынды береді:
      1) диссертацияны ашық қорғауға ұсыну;

      2) көрсетілген мерзімге сай кемшіліктерді жойылған жағдайда ашық қорғауға ұсыну;

      3) қорғауға ұсынбау;

      161. Диссертация жұмысы жоғары оқу орнынында немесе ғылыми мекемеде құрылған МАК-ың ашық отырысында қорғалады.
      МАК эксперттік комиссияның қорытындысы негізінде диссертациялық жұмысты, осы Ереженің 48 тармағында көрсетілген тізімдегі құжаттарды өткізген жағдайда қабылдайды.

      162. Диссертация жұмысын қорғау комиссия мүшелерінің 2/3 бөлігінен көпшілігін қатысуымен мемлекеттік аттестациялық комиссиясының ашық отырысында жүргізіледі.

      163. МАК-тың хаттамалары   6  7 қосымшаларға  сай белгіленген нысан бойынша әрбір білім алушыға жеке толтырылады.

      164. МАК отырысының хаттамасының бланктері МАК-тың жұмысы басталғанға дейін қорытынды аттестацияның барлық нысандары бойынша жеке кітап ретінде нөмірленіп, тігіліп жоғары оқу орнының оқу бөлімінің мөрімен бекітілуі қажет.

      165. Хаттама МАК-тың хатшысымен толтырылады.

      166. Диссертацияның бүкіл қорғау рәсімі стенографиядан өткізіледі. Диссертация қорғауының стенографиясы білім алушының жеке ісіне тігіледі.

      167. Магистрлік (докторлық) диссертация жұмысын қорғау бағалары туралы, сондай-ақ біліктілік беру, академиялық дәреже тағайындау және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес үздік) диплом беру туралы шешімді МАК-ның мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста жасырын дауыс беру арқылы қабылданады.

      168. Хаттамаға МАК-ның төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.

      169. АК-ның хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.

      170. Диссертациялық жұмыстың қорғау нәтижелері олардың өткізілген күні жарияланады.

      171. Диссертацияны қорғаудың нәтижесі бойынша білім алушыға сәйкес мамандық бойынша академиялық дәреже тағайындалады.

      172. Магистерлік (докторлық) диссертациялық жұмысты ашық қорғаған магистрантқа (докторантқа) алған мамандығына сәйкес магистр (PhD) докторы немесе бейін бойынша доктор) академиялық дәрежесі тағайындалады және жоғары орнынан кейінгі білім алғандығы жөнінде мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен (транскриптімен) беріледі.

                                            Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 1-қосымша

       Түрлі шкалаға ауысатын білім алушылардың
         оқу жетістіктерінің бағаларының
             балдық-рейтингтік жүйесі

Әріптік
жүйе
бойынша
бағалар

Балдардың
сандық
эквиваленті

%-тік құрамы

Дәстүрлі жүйе
бойынша бағалар

А

4,0

95-100

Өте жақсы

А-

3,67

90-94

В+

3,33

85-89

Жақсы

В

3,0

80-84

В-

2,67

75-79

С+

2,33

70-74

Қанағаттанарлық

С

2,0

65-69

С-

1,67

60-64

D+

1,33

55-59

D

1,0

50-54

F

0

0-49

Қанағаттанарлықсыз

                                            Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 2-қосымша

        Қазақстан тарихы бойынша Мемлекеттік емтихандық
                       комиссия отырысы
                         N_____Хаттама

                     (әрбір студентке толтырылады)

"___"___________200__ж. _____сағ. _____ мин. ____сағ. _____мин.дейін

Қатысқандар:  Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы____________
____________________________________________________________________
       (аты-жөні, тегі, ғылыми деңгейі, ғылыми атағы
____________________________________________________________________

Ұйым атауы, атқаратын қызметі)

Комиссия мүшелері:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру жөнінде

1. Емтихан тапсырушы студент________________________________________
                                 (аты-жөні, тегі, мамандығы)
____________________________________________________________________

2. Сұрақтар:

1.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

3. Студент _________________________________________________________
                               (аты-жөні, тегі)
Жіберілу рейтингі___________________________________________________
               (жіберілу рейтингі балдық-рейтингтік жүйеде: әріптік
____________________________________________________________________
    баға, сандық эквивалент, пайыздық құрамы және дәстүрлік баға)

4. Студент__________________________________________________________
                             (аты-жөні, тегі)

Қазақстан тарихы пәні бойынша мемлекеттік емтиханды_________________
__________________________________________________бағасымен тапсырды
   (баға әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша
                көрсетіледі)

5. Қазақстан тарихы пәні бойынша студенттің_________________________
____________________________________________________________________
                       (аты-жөні, тегі)
____________________________________________________қорытынды бағасы
    (баға әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша
                   көрсетіледі)
6. Мемлекеттік емтихан комиссиясының ерекше пікірлері
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Төраға  ______________________________(қолы)

      Комиссия мүшелері_________________ (қолдары) 

      _________________________(қолдары)

      Хатшы  __________________ (қолы)

                                             Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 3-қосымша

         Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы
                 (әр білім алушыға толтырылады)
                          N____Хаттама

"___"___________200__ж. _____сағ. _____ мин. ____сағ. _____мин.дейін

Қатысқандар:  Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________мамандық немесе пән бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру туралы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Емтихан тапсырушы студент___________________________________________
Сұрақтар:

1.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

1. Студент мемлекеттік емтиханды________бағасымен тапсырғанын растау
___________________________________________________________________
         (жіберу рейтингі балдық-рейтингтік жүйе бойынша)

2. _________________________________________________________________
_______________________________________________________екенін ескеру

3. Мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері
____________________________________________________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Төраға  ______________________________(қолы)

      Комиссия мүшелері_________________ (қолдары)

      _________________________(қолдары)

      Хатшы  __________________ (қолы)

                                            Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 4-қосымша

          Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы
                          N____Хаттама

"___"___________200__ж. _____сағ. _____ мин. ____сағ. _____мин.дейін

Студенттің дипломдық жобасын (жұмысын) қарастыру
бойынша_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
               (аты-жөні, тегі, факультеті, мамандығы)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_________________________________________________тақырыбына жазылған

Қатысқандар: төраға ________________________________________________
мүшелер_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
 (әрбір дипломдық жобаның (жұмысты) қорғалуына бір парақ арналады)

Дипломдық жоба (жұмыс)
___________________________________________________________кеңесімен
____________________________________________________________________
______________________________________________басшылығымен орындалды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясында келесі мәліметтер қаралды:

      1. дипломдық жоба (жұмыс) бойынша есептік-түсіндірме
      хат (немесе дипломдық жобаның (жұмыстың)________бетте
      жазылған мәтіні)

      2. Жобаға арналған________беттегі сызбалар.

      3. Дипломдық жобаның (жұмыстың) жетекшісінің пікірі.

      4. Дипломдық жобаға (жұмысқа) пікір.

      Орындалған жұмысты хабарлағаннан кейін _______ мин. студентке келесі сұрақтар қойылды:

1.__________________________________________________________________
                  (сұрақ қоюшының аты-жөні)
____________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________
                   (сұрақ қоюшының аты-жөні)
____________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________
                   (сұрақ қоюшының аты-жөні)
____________________________________________________________________

 
Студенттің пікір мен қойылған сұрақтарға жауабының жалпы
сипаттамасы_________________________________________________________
            (балдық-рейтингтік жүйе бойынша жіберу рейтингі)
Жалпы ғылыми, жалпы техникалық, арнайы пәндер бойынша қандай дайындық көрді______________________________________________________

______________________________________________________________
______________________________________________________________
        (балдық-рейтингтік жүйе бойынша жіберу рейтингі)

      Студент дипломдық жобаны (жұмысты) _____________ бағамен қорғады деп есептеу

Біліктілігі мен (немесе) "бакалавр" академиялық деңгейін
тағайындау__________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
_______________________________________________________екенін ескеру

Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері_______________________________

____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

      Диплом беру (ерекше, ерекше емес)

       Төраға  ______________________________(қолы, күні)

       Комиссия мүшелері_________________ (қолы, күні)

      ________________________
      ________________________
      ________________________

       Хатшы  __________________ (қолы, күні)

                                          Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 5-қосымша

      Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы жөнінде
                         N____Хаттама
               "______"_________________20_____ж.

барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған, дипломдық жобаны (жұмысты) қорғаған студентке біліктілігі мен (немесе) "Бакалавр" академиялық дәрежесін беру туралы.

Қатысқандар: төраға_________________________________________________
Мүшелер_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Білім алушы ________________________________________________________
                         (аты-жөні, тегі)

Мемлекеттік емтихандарды тапсырды және дипломдық жобаны (жұмысты) келесі бағамен қорғады:
____________________________________________________________________
 (пән атауы, дипломдық жобаның (жұмыстың) түрі, баға, тапсыру күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
суденттің___________________________________________________________
                             (аты-жөні, тегі)
________________________________________________________ескеру қажет
____________________________________________________________________

Мамандық бойынша оқу жоспарындағы барлық мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмысын қорғады.
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
біліктілігі мен (немесе) "бакалавр" академиялық дәрежесін тағайындау
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
________________________________________________екенін ескеру керек.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері_________________________
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Диплом беру (ерекше, ерекше емес).

       Төраға  ______________________________(қолы, күні)

       Комиссия мүшелері_________________ (қолы, күні)

      ________________________
      ________________________
      ________________________

       Хатшы  __________________ (қолы, күні)

                                            Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 6-қосымша

          Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы
                (әр білім алушыға толтырылады)
                       N_______Хаттама

"___"___________200__ж. _____сағ. _____ мин. ____сағ. _____мин.дейін

Қатысқандар:  Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы________
____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
____________________________________________________________мамандық
бойынша мемлекеттік кешенді емтиханды тапсыру туралы
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

Кешенді емтихан тапсырушы
магистрант (докторант)______________________________________________

Сұрақтар:
1.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

2.__________________________________________________________________

3.__________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

1. Магистрант (докторант) мемлекеттік кешенді
емтиханды____________бағасымен тапсырғанын растау
____________________________________________________________________
         (жіберу рейтингі балдық-рейтингтік жүйе бойынша)
2. _________________________________________________________________
_______________________________________________________екенін ескеру

3. Мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________

       Төраға  ______________________________(қолы)

       Комиссия мүшелері_________________ (қолдары)

      ________________________(қолдары)

       Хатшы  __________________ (қолы)

                                            Жоғары білім беру
                                     ұйымдарында білім алушылардың
                                      үлгерімнің ағымдық бақылауын,
                                        аралық және мемлекеттік
                                         қорытынды аттестация
                                       жүргізу туралы Ережелерге
                                            арналған 7-қосымша

    Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы жөнінде
                       N______Хаттама
               "______"_________________20_____ж.

кешенді мемлекеттік емтиханды тапсырған, диссертациялық жұмысты қорғаған білім алушыға "магистр" (PhD докторы) академиялық дәрежесін беру туралы.

      Қатысқандар:
төраға______________________________________________________________

Мүшелер_____________________________________________________________
____________________________________________________________________
Білім алушы_________________________________________________________
                            (аты-жөні, тегі)

Кешенді емтиханды тапсырды және диссертациялық жұмысты келесі бағамен қорғады:
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                      (баға, тапсыру күні)
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
               (диссертациялық жұмыстың тақырыбы)

Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері ____________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________
______________________________________________________________

      Магистрант/докторант қорытынды аттестация нәтижелері бойынша
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
                        (аты-жөні, тегі)

      Мемлекеттік аттестациялық комиссия шешім қабылдайды:

      1. Бағыт бойынша______________________________________________
                     (ғылыми-педагогикалық/бейіндік, (бейіндік PhD))
академиялық дәрежесін:______________________________________________
                                  (магистрдің/докторанттың)
____________________________________________________________________

(Мамандықтың коды және атауы) тағайындау____________________________
                                              (аты-жөні, тегі)

2. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алғандығы жөнінде (ерекше, ерекше емес).

Диплом беру ___________________________________________________ _
                              (аты-жөні, тегі)

       Төраға  ______________________________(қолы, күні)

       Комиссия мүшелері_________________ (қолы, күні)

      ________________________
      ________________________
      ________________________

       Хатшы  __________________ (қолы, күні)