Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.
"Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңының 5-бабының 19) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған:
1) Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі;
2) техникалық және кәсіптік, орта оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі ;
3) жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі ережесі бекітілсін.
Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2009.12.25 № 590 Бұйрығымен.
2. Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаменті (С.М. Өмірбаев):
1) осы бұйрықты белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді қамтамасыз етсін;
2) мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін осы бұйрықты бұқаралық ақпарат құралдарында жарияласын.
3. "Білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылаудан, аралық және қорытынды мемлекеттік аттестаттаудан өткізу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2006 жылғы 7 қыркүйектегі N 481 бұйрығының (Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4394 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау вице-министр К.Н. Шәмшидиноваға жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр Ж. Түймебаев
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін
оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы
білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды
аралық және қорытынды аттестаттаудың үлгі ережесі
Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша "білім департаментінің директоры" деген сөздер "білім басқармасының бастығы" деген сөздермен ауыстырылды - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудан өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже)»"Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабы 19) тармақшасына сәйкес әзірленді және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттаудың тәртібін анықтайды.
2. Осы ережеде мынадай анықтамалар қолданылады:
1) білім алушылардың үлгерімін ағымдағы бақылау - бұл мұғалімнің жалпы білім беретін бағдарламаға сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізетін білім алушылардың білімдерін жүйелі тексеру;
2) білім алушыларды аралық аттестаттау - оқушының бір оқу пәнін оқып аяқтағаннан кейінгі бөлігінің немесе барлық көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартында көзделген оқу пәндерінің көлемін меңгеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізілетін рәсім.
2. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды,
аралық аттестаттауды өткізудің тәртібі
3. Бастауыш сыныптарда білім алушылар тоқсандық (жарты жылдық) бағаларының негізінде аттестатталады.
1-сынып оқушылары психологиялық-медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары және ата-аналарының келісімі (немесе өзге де заңды өкілдердің) бойынша қалдырылған оқушыларды қоспағанда қайта оқу жылына қалдырылмайды.
Бірінші сыныптың бірінші жарты жылдығында оқу материалдарын меңгеру деңгейіне баға қойылмайды.
4. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардан келесі сыныпқа емтихан бағаларын есепке ала отырып, барлық оқу пәндері бойынша жылдық және қорытынды бағалары "3", "4", "5" болған білім алушылар көшіріледі.
5. Бастауыш және негізгі орта, жалпы орта білім беру ұйымдарындағы мемлекеттік аралық бақылау (бұдан әрі - МАБ) білім беру қызметінің сапасын бағалау және білім алушылардың бастауыш және негізгі орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген деңгейлерін анықтау мақсатында жүзеге асырылады.
6. 2-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушылардың оқу үлгеріміне ағымдағы бақылауды әрбір тақырып пен тарау бойынша жалпы білім беретін оқу бағдарламалық материалдарды меңгергендігін тексеру мақсатында барлық оқу пәндерінің мұғалімдері өткізеді.
7. 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардағы білім алушыларды аралық аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 31 мамырға дейін өткізіледі. Жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде әзірленген оқу жоспарлары мен оқу бағдарламаларына сәйкес білім беру ұйымдары оқу пәндерінің тізбесін (2-ден артық емес), қажеттілігін, нысандары мен мерзімдерін белгілейді.
8. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-cыныптардың білім алушылары аралық аттестаттауға жіберіледі. Үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар білім алушылар білім беру ұйымдарының педагогикалық кеңесінің шешімі бойынша қайта оқу жылына қалдырылады және білім беру ұйымының бұйрығымен ресімделеді.
9. Кемінде екі пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 2-4-сыныптардың білім алушылары үшін педагогикалық кеңестің шешімі бойынша ауызша, жазбаша немесе тест тапсырмалары нысандарындағы бақылау жұмыстары ұйымдастырылады "3", "4", "5" бағалар алған білім алушылар келесі сыныпқа көшіріледі.
10. 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағалары бар 5-8 (9), 10 (11)-сыныптардың білім алушылары осы пәндер бойынша қайта аттестаттауға жатады. Жазғы каникул уақытында осы білім алушыларға пәндер бойынша тиісті оқу тапсырмалары беріледі.
Қайта аттестаттау оқу жылы аяқталғаннан кейін 3 аптадан соң жүргізіледі. Қайта аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз қорытынды баға алған жағдайда білім алушылар қайта оқу жылына қалдырылады немесе ата-аналарының келісімі (және өзге де заңды өкілдердің) және медициналық - педагогтік консультацияның ұсынымдары бойынша теңестіріп оқытатын сыныптарға ауыстырылады.
3. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізу тәртібі
11. Жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушыларын қорытынды аттестаттау:
- ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - ҰБТ);
- жалпы білім беретін пәндер бойынша қорытынды емтихандар нысанында өткізіледі.
12. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсуге тілек білдірген білім алушылар, жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткерлер, үстіміздегі жылғы жалпы білім беретін пәндерден республикалық олимпиадалар мен оқушылардың ғылыми жобалар жарысының жүлдегерлері үшін қорытынды аттестаттау міндетті түрде ҰБТ нысанында өтеді.
ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген бітірушілер орта мектеп курсы үшін қорытынды аттестаттауды қорытынды емтихан нысанында өткізеді.
Өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы білім беретін мектептердің бітірушілері өз қалауы бойынша ҰБТ-ны мемлекеттік немесе орыс тілдерінде тапсыруы мүмкін.
Ескерту. 12-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
13. Жалпы білім беретін пәндер бойынша ағымдағы жылғы халықаралық ғылыми жобалар жарысы мен олимпиадалардың қатысушылары, жалпы орта білім беретін ұйымдардың халықаралық оқушылар алмасу желісі бойынша шетелдерде білім алған оқушылары, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың және жалпы білім беретін мектептерде ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектептердің бітірушілері ҰБТ-ға қатысуға тілек білдірмеген, денсаулығына байланысты ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылар қорытынды аттестаттаудан білім беру ұйымдарында пәндер бойынша қорытынды емтихан нысанында өтеді. Мұндай бітірушілер Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің (бұдан әрі - Министр) 2007 жылғы 19 желтоқсандағы N 638 бұйрығымен бекітілген Жоғары білім берудің кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға қабылдаудың үлгілік ережелерін бекіту туралы (бұдан әрі - Қабылдаудың үлгі ережесі) сәйкес оқуға қабылдана алады.
Ескерту. 13-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
14. Білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттауды құрамы білім беру ұйымдарының басшыларымен бекітілетін қорытынды емтихандарды өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) өткізеді.
Білім беру ұйымдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын Комиссия құрамына білім беру ұйымдары басшыларының орынбасарлары, пән мұғалімдері, әдістемелік бірлестік жетекшілері кіреді.
Комиссия мүшелерінің саны бес адамнан кем болмауы керек.
Комиссия емтихандардың басталуынан бір ай бұрын құрылады.
15. Ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын жалпы орта білім беретін ұйымдардың жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын, жалпы орта білім туралы үздік аттестатын алуға үміткер және ҰБТ-ға қатыспаған білім алушылары пәндер бойынша қорытынды аттестаттауды облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері ұйымдастырған тәуелсіз комиссияға тапсырады.
Білім беруді басқару органдарының басшысы қалыптастыратын және басқаратын тәуелсіз комиссия пән мұғалімдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары, құқық қорғау органдары мен кәсіподақ ұйымдарының өкілдерінен тұрады.
Ескерту. 15-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
16. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушылары қорытынды аттестаттаудан өткізілетін оқу пәндерінің тізбесін және қорытынды емтихандарды өткізу мерзімін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Министрлік) белгілейді.
17. Қорытынды аттестаттауға Қазақстан Республикасы жалпы орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарының талаптарына сәйкес жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушылары жіберіледі.
18. Жалпы білім беретін мектептердегі 5-11 (12)-сыныптар білім алушыларының пәндер бойынша қорытынды бағасы тоқсандық, жылдық және емтихан бағаларының негізінде қойылады.
5-11 (12)-сыныптардағы тоқсандық, жарты жылдық, жылдық және қорытынды бағаларды қайта қарауға рұқсат етілмейді.
19. 1-2 пәннен жылдық қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10)-сыныптардың білім алушыларына педагогикалық кеңестің шешімі бойынша қорытынды аттестаттау өткенге дейін қосымша бақылау жұмыстарын (жазбаша және тест тапсырмалары нысанында) орындауға рұқсат етіледі.
20. Білім алушылардың денсаулық жағдайларына байланысты еңбек және дене тәрбиесі сабақтарынан босату оларды келесі сыныпқа көшіру мен қорытынды аттестаттауға жіберілуіне әсер етпейді.
21. Қорытынды аттестаттаудың нәтижесі бойынша:
- бір немесе екі пәннен қанағаттанарлықсыз баға алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларына білім беру ұйымдарында тиісті оқу пәндері бойынша емтихан нысанында қайта қорытынды аттестаттауға рұқсат етіледі;
- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 9 (10)-сыныптың білім алушылары қайта оқу жылына қалдырылады;
- үш немесе одан да көп пәндерден қанағаттанарлықсыз бағалары бар 11 (12)-сыныптың білім алушыларына олардың жалпы орта білімнің жоғарғы деңгейінің толық курсын өткендігі туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
22. 9 (10) және 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын қайта қорытынды аттестаттаудан өткізу үшін білім беру ұйымдарында тиісті пәндер бойынша емтихан комиссиясы құрылады.
23. Жазғы тапсырмалар мен қайта тапсырылатын емтихандардың материалдары (жазбаша, ауызша, тестілеу нысанында) білім беру ұйымында әзірленеді.
Жазғы тапсырмаларды қанағаттанарлық орындаған және емтихандарды қайта тапсырған білім алушылар білім беру ұйымының педагогикалық кеңесінің шешімі негізінде білім беру ұйымының бұйрығымен келесі сыныпқа көшіріледі.
24. Барлық пәндерден үлгеретін білім алушылар мемлекеттік аттестаттаудан облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттерінің бұйрықтарымен, республикалық білім беру ұйымдарының білім алушылары Министрліктің бұйрығымен мынадай жағдайларда босатылады:
1) денсаулық жағдайына байланысты;
2) I және II топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедек, мүгедек-балалар;
3) Қазақстан Республикасының командасы атынан халықаралық олимпиадаларға (жарыстарға) қатысатын кандидаттардың жазғы жиынына қатысушылар.
25. Білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан босату туралы бұйрық мынадай құжаттар негізінде шығарылады:
1) мектеп дәрігерінің (ауылдық жерде - аудандық педиатрдың) ұсынысы бойынша жасалған білім алушының тұрғылықты жеріндегі емхананың медициналық-әлеуметтік сараптамасының (бұдан әрі - МӘС) қорытындысы;
2) педагогикалық кеңес шешімінің көшірмесі және мектептің қолдау хаты;
3) үлгерім табелдері.
2) және 3) тармақшаларда көрсетілген құжаттар білім беру ұйымы басшысының қолымен және білім беру ұйымының мөрімен расталады.
26. Қорытынды аттестаттау кезеңінде ауырып қалған 9 (10)-сыныптың білім алушылары өтіп кеткен емтихандарын тапсыруға мүмкіндік беріледі.
27. Міндетті емтихан жұмыстарының тақырыптары мен мәтіндерін облыстық, Астана және Алматы қалаларының білім департаменттері дайындайды.
28. Оқу курсын аяқтаған және Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері қатарына шақырылуына байланысты қорытынды емтихандарын тапсырмаған кешкі (кезекті) оқу орындарының білім алушылары әскери қызметін аяқтағаннан кейін бір кезең ішінде жалпы орта білім курсы бойынша емтихандар тапсырады.
29. Комиссия мүшелерінің көпшілік дауыстарының шешімімен оның төрағасы келіспеген жағдайда мәселені аудандық (қалалық) білім беру бөлімдері шешеді.
30. Білім алушы жазбаша жұмысына қойылған бағалармен келіспеген жағдайда, емтихан бағасы жарияланғаннан кейін келесі күнгі 13 сағат ішінде республикалық білім беру ұйымдарының оқушыларына арналған Министрліктің, аудандық (қалалық) бөлімдері, облыстық (қалалық) білім департаменттері жанынан құрылған апелляциялық комиссияға шағымдануына құқығы бар.
31. 9 (10), 11 (12)-сыныптарының білім алушыларын мерзімінен бұрын қорытынды аттестаттауға оқушылар шетелге оқуға кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда жіберіледі және пәндер бойынша оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қорытынды емтихан нысанында өткізіледі.
32. Даму мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнаулы түзеу мекемелерінде қорытынды емтихандарын өткізу қажеттілігі туралы мәселені медициналық диагнозына сәйкес жергілікті білім беру органдары шешеді.
4. ҰБТ-ны өткізу тәртібі
33. ҰБТ тізбесі Министрдің бұйрығымен бекітілген тестілеу өткізілетін пункттердің (бұдан әрі - ҰБТ ӨП) базасында өткізіледі.
34. ҰБТ-ны өткізу үшін әрбір ҰБТ ӨП-те мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - МК) құрылады. МК өз қызметінде " Білім туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, " Мемлекеттік құпиялар туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, " Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы " Қазақстан Республикасының Заңын, осы Ережені және басқа да білім саласындағы нормативтік құқықтық актілерді басшылыққа алады.
Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
35. МК-нің құрамына мәслихат пен әкімдік өкілдері, жоғары оқу орындарының ректорлары, облыстық (республикалық маңызы бар қалалар) білім басқармасының бастығы (бұдан әрі - білім басқармасының бастығы), аудандық (қалалық) білім бөлімдерінің меңгерушілері, балалардың құқықтарын қорғау жөніндегі облыстық департаменттің қызметкерлері, құқық қорғау органдарының, қоғамдық, оның ішінде жастар және студенттік ұйымдардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, сондай-ақ білім беру ұйымдарының, білім департаменттерінің білікті қызметкерлері арасынан тағайындалған хатшы кіреді. МК мүшелерінің саны тақ болуы: 5 адамнан кем емес және 11 адамнан аспауы қажет.
Ескерту. 35-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
36. МК-нің төрағасы болып оның базасында ҰБТ ӨП құрылған білім беру ұйымының басшысы (ректор, білім басқармасының бастығы, аудандық (қалалық) білім бөлімінің меңгерушілері) немесе әкімдік өкілі тағайындалады.
МК құрамы жоғары оқу орындарының және білім департаменттерінің ұсынысы бойынша Министрдің бұйрығымен ҰБТ-ны өткізу кезеңіне бекітіледі.
37. МК:
1) бітіруші тест мазмұнын және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтерді пайдаланған, сондай-ақ осы ереженің 46.; 47.; 48. тармақтарында көрсетілген ҰБТ кезінде бітірушінің өзін-өзі ұстау ережесін бұзған жағдайда ҰБТ нәтижелерін жою және оларды аудиториядан шығару жөнінде шешім қабылдайды;
2) ҰБТ аяқталғаннан кейін дұрыс жауап кодтарын іледі және тестілеудің нәтижесін хабарлайды;
3) МК-ның шешімі отырысқа қатысып отырған МК мүшелері жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады және төраға мен хатшы қол қоятын отырыс хаттамасымен толтырылады. Дауыстар тең болған жағдайда, МК төрағасының дауысы шешуші дауыс болып табылады.
4) ҰБТ-ы мәселелері бойынша жұртшылық арасында ұйымдастырушылық және ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізеді.
Ескерту. 37-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
38. ҰБТ бес пән бойынша: қазақ немесе орыс тілі (оқыту тілі), математика, Қазақстан тарихы, орыс тілінде оқытатын мектептерде қазақ тілі және қазақ тілінде оқытатын мектептерде орыс тілі және таңдаған мамандыққа байланысты таңдау бойынша пәндердің біреуі Қабылдаудың үлгі ережесіне сәйкес өткізіледі.
Шығармашылық немесе арнайы дайындықты қажет ететін мамандықтарды таңдаған бітірушілер үшін төртінші пәнді таңдау ерікті. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары оқу орындарына қабылдау кезінде мұндай бітірушілерге арнайы немесе шығармашылық емтихандар белгіленеді, олар өздері таңдаған орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беру ұйымдарының қабылдау комиссияларымен өткізіледі.
39. ҰБТ-ға қатысуға өтініштерді қабылдау мерзімі 10 наурыздан 25 сәуірге дейін. Өтініш бланкілерін толтыру мектеп бітіруші өзі білім алатын жалпы орта білім беру ұйымында жүргізіледі.
40. Тестілеу ҰБТ ӨП-те 1 маусымнан 10 маусымға дейін жүргізіледі.
41. ҰБТ Ұлттық тестілеу орталығы жалпы білім беретін пәндердің бағдарламасы негізінде әзірлеген тест тапсырмаларының көмегімен өткізіледі, олардың мазмұны көрсетілген бағдарламаның шеңберінен шықпауы керек.
Ескерту. 41-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
42. ҰБТ-ны өткізу кезінде пайдаланылатын тест мазмұнының және дұрыс жауаптар кодын айқындайтын мәліметтер мемлекеттік құпия болып табылады.
43. Әрбір пән бойынша тест тапсырмасының саны - 25.
44. ҰБТ-ға 3,5 (үш жарым) астрономиялық сағат (210 минут) бөлінеді. ҰБТ-ны қайта тапсыру:
1) қанағаттанарлықсыз деген баға алған жағдайда;
2) оң бағаны арттыру мақсатында рұқсат берілмейді.
Ескерту. 44-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
45. ҰБТ-ның нәтижелері 125 балдық жүйе бойынша және жалпы орта білім туралы аттестат алу үшін бес балдық жүйе бойынша бағамен бағаланады. Балдарды бағаға ауыстыруды Министрлік белгілеген 1-қосымшадағы шкалаға сәйкес МК жүргізеді.
46. Бітіруші өзін тәртіпті ұстауы және Министрдің 2008 жылғы 14 сәуірдегі N 193 бұйрығымен бекітілген ҰБТ-ны ұйымдастыру және өткізу жөніндегі нұсқаулықта (бұдан әрі - Нұсқаулық) белгіленген барлық нормаларды қатаң ұстануы керек.
47. Бітірушіге бір орыннан екінші орынға ауысып отыруға, емтихан материалдарын басқа бітірушімен ауыстыруға, көшіріп жазуға, шпаргалкаларды, оқулықтарды және басқа да әдістемелік әдебиеттерді, ұтқыр байланыс құралдарын (пейджер, ұялы телефондар) аудиторияға кіргізуге және пайдалануға рұқсат етілмейді.
48. Бітіруші осы Ереженің 46., 47. тармақтарын бұзған жағдайда Министрлік өкілі Нұсқаулыққа сәйкес үстінен түсу және алып қою актісін жасайды. МК шешімімен бітіруші аудиториядан шығарылады, ал оның тест нәтижелері жойылады.
49. Тест тапсырмаларын бағалау кезінде бірыңғай талаптарды сақтау және даулы мәселелерді шешуді қамтамасыз ету, ҰБТ-ға қатысушылардың құқығын қорғау мақсатында тестілеу өткізу кезеңінде апелляцияны қарау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - республикалық апелляциялық комиссия) және әрбір ҰБТ ӨП-де апелляциялық комиссия құрылады.
50. Республикалық апелляциялық комиссияның төрағасы және құрамы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
51. Республикалық апелляциялық комиссия апелляциялық комиссияның бітірушіге балдар қосу туралы ұсыныстардың негіздемесін қарайды және соңғы шешім қабылдайды.
52. Республикалық комиссия өз функцияларын орындау мақсатында апелляциялық комиссиялардан қажетті құжаттар мен мәліметтерді, оның ішінде бітірушінің жауап бланкісін, ҰБТ технологиясының сақталуы туралы мәліметтер сұрауға және алуға құқылы.
53. Республикалық апелляциялық комиссияның шешімі комиссия мүшелерінің жалпы санының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда, комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады. Республикалық апелляциялық комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
54. Апелляциялық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен, ал оның құрамы - облыстар, Алматы және Астана қалалық білім департаменттерімен бекітіледі. Апелляциялық комиссияның құрамына МК мүшелері кірмеуі керек.
55. Апелляциялық комиссия тестілеуге қатысушылардан өтініштер қабылдайды және қарайды, бітірушіге балдар қосу туралы республикалық апелляциялық комиссияға ұсыныс енгізеді және оған апелляцияның қорытындылары туралы оны хабардар етеді.
56. Апелляцияға берілетін өтінішті тестілеуге қатысушының өзі апелляциялық комиссия төрағасының атына береді. Тест тапсырмаларының мазмұны және техникалық себептер бойынша өтініштер тестілеу нәтижесі жарияланғаннан кейін келесі күнгі сағат 13.00-ге дейін қабылданады және Нұсқаулыққа сәйкес апелляциялық комиссия тәулік бойы қарастырады. Өтініш берушінің өзімен бірге оның жеке басын куәландыратын құжаты, ҰБТ-ға жіберу рұқсаттамасы болуы керек.
Ескерту. 41-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
57. Апелляциялық комиссияның жұмысын апелляциялық комиссияның төрағасы, ол жоқ болған жағдайда төрағаның орынбасары басқарады.
58. Апелляциялық комиссияның шешімі комиссияның тізімдік құрамының көпшілік даусымен қабылданады. Дауыстар тең болған жағдайда комиссия төрағасының дауысы шешуші дауыс болуға құқығы бар. Комиссияның жұмысы төрағаның және комиссияның барлық мүшелерінің қолдары қойылған хаттамалармен ресімделеді.
59. Республикалық апелляциялық комиссияның және апелляциялық комиссиялар отырыстарының хаттамалары жыл бойы ҰТО-да сақталады.
Ескерту. 59-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Білім және ғылым министрінің 2009.01.20 N 14 Бұйрығымен.
60. ҰБТ-ны өткізу технологиясының сақталуын бақылауды ҰБТ ӨП-ке жіберілген Министрліктің уәкілетті өкілдері жүзеге асырады.
61. ҰБТ-ны тапсырған бітірушілерге:
ҰБТ-ның нәтижесі туралы сертификат (бұдан әрі - сертификат);
жалпы орта білім туралы аттестат (бұдан әрі - аттестат) беріледі.
Сертификат нысанын Министрлік бекітеді. Сертификаттың қолданыс мерзімі ағымдағы жылдың 31 желтоқсанына дейін.
62. Сертификатты МК толтырады және ҰБТ-ны тапсырған күннен кейін үш күн ішінде ҰБТ ӨП-те беріледі.
Сертификатқа ҰБТ шеңберінде әр пәннен жинаған балл қойылады.
Сертификат МК төрағасының, Министрлік өкілінің қолымен расталады және базасында ҰБТ ӨП ұйымдастырылған жоғары оқу орындарының немесе жергілікті білім беруді басқару ұйымдарының мөрі басылады.
63. Аттестат ҰБТ-ны тапсырған кезде бітірушілер білім алған білім беру ұйымдарымен беріледі. Аттестатқа ҰБТ шеңберінде МК шешіміне сәйкес жалпы білім беру пәндері бойынша ҰБТ-да алған бағасы қойылады.
64. Орта білімнен кейінгі немесе жоғары білім беретін білім беру ұйымдарына қабылдау тәртібі Қабылдаудың типтік ережелеріне сәйкес белгіленеді.
5. Қорытынды емтихандарды өткізу тәртібі
65. Емтихандар мұғалімдер мен білім алушылар емтихандардың басталуынан 10 күн бұрын танысатын білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте бойынша өткізіледі.
Кестеде:
әрбір сыныпта бір күнде бір емтиханнан артық болмауы;
әрбір оқу пәні бойынша емтихандар аралығындағы үзіліс екі күннен кем болмауы;
егер пән бойынша екі емтихан қойылса, бірінші жазбаша одан соң ауызша емтиханның өткізілуі қарастырылады.
66. Білім беру ұйымының негізгі сатысындағы 9 (10)-сыныпта диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, шығармаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 3 (3,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 3 (3,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 4 сағат) бөлінеді.
11 (12)-сыныпта шығармаға - 6 (6,5) астрономиялық сағат, мазмұндамаға - 4 (4,5) астрономиялық сағат, диктантқа - 2 (2,5) астрономиялық сағат, математикаға (жазбаша) - 4 (4,5) астрономиялық сағат (математика пәні тереңдетіліп оқытылатын сыныптарда - 5 сағат) бөлінеді.
67. Жазбаша емтихандарды өткізу үшін неғұрлым үлкен сынып бөлмелерін дайындау қажет: 11 (12)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден, ал 9 (10)-сыныптағы білім алушылар бір-бірден немесе екіден үстелге немесе партаға отырғызылады.
Жазбаша жұмыстарды орындау және ауызша жауапқа дайындалу үшін білім алушыларға мектептің мөртабаны басылған қағаз беріледі. Жұмыстарын орындаған білім алушылар оны жоба жазумен (черновикпен) бірге емтихан комиссиясына тапсырады.
Жұмыстарын емтиханға арналып бөлінген уақыт ішінде аяқтай алмаған білім алушылар сол аяқтамаған қалпында тапсырады.
68. Жазбаша емтихан өтіп жатқан кезеңде (диктанттан басқа) білім алушының 5 минутқа сынып бөлмесінен шығуына рұқсат беріледі. Ондай жағдайда ол жұмысын емтихан комиссиясына тапсырады, емтихандық жұмысына білім алушының шығып келген уақыты жазылады.
69. Жазбаша емтихан аяқталғаннан кейін емтихан жұмыстарын комиссия мүшелері білім беру ұйымының ғимаратында тексереді.
Тексерілмеген жұмыстар білім беру ұйымының басшысына сақталуға тапсырылады. Тексеру кезінде қателердің асты сызылады.
Жалпы орта білім курсы бойынша шығармадағы, мазмұндамадағы, диктанттағы қателер саны жеке көрсетіледі.
Шығармаға, мазмұндамаға және математика пәні бойынша жазбаша жұмыстарға "2" (қанағаттанарлықсыз) және "5" (үздік) бағалары қойылған қысқаша пікір жазылады.
Тіл мен әдебиет бойынша қайта жазбаша аттестаттау нысанын білім беру ұйымының емтихан комиссиясы белгілейді.
9 (10) және 11 (12)-сыныптарындағы шығарма екі бағамен, негізгі және жалпы орта білім беру курсындағы математика пәні бойынша жазбаша емтихан жұмысы - бір бағамен бағаланады.
70. Негізгі жалпы білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер 9 (10)-сынып, сондай-ақ өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде оқытатын мектептің жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттары жалпы орта білім туралы үздік аттестатқа үміткер 11 (12)-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын оқу орнының емтихан комиссияcының мүшелері емтихан тапсырғаннан кейінгі бір күн ішінде, үміткерлер көп болған жағдайда екі күн ішінде тексереді.
71. Жалпы білім беретін мектептердің барлық сыныптарындағы жазбаша емтихан жұмыстары жергілікті уақытпен таңертеңгі сағат 9-да басталады. Ерекше жағдайларда (білім беру ұйымында білім алушылардың саны көп болғанда осы ереженің талаптары мен тәртібін сақтау үшін) емтихандарды бірнеше мерзімде немесе келесі күні (ауызша емтиханды өткізу бойынша) екінші нұсқа бойынша өткізуге болады.
Шығарма тақырыптары, диктант және мазмұндама мәтіндері салынған пакеттер білім алушылар мен емтихандық комиссия мүшелерінің қатысуымен емтиханның басталуына 15 минут қалғанда ашылады.
Математикадан материалдар салынған пакеттер 9-11 сыныптарда емтихан комиссиясы мүшелерінің ғана қатысуымен ұсынылған есептер шартының дұрыстығын тексеру үшін емтихан басталуынан 1 сағат бұрын ашылады.
72. Ауызша емтиханды өткізу үшін 25-тен астам білім алушысы бар сынып екі топқа бөлінеді және олар емтиханды бірінен соң бірі сол күні тапсырады.
73. Жауап дайындау үшін оқушыға 20 минуттан кем емес уақыт беріледі. Егер білім алушы билет бойынша сұрақтарға жауап бермесе, емтихандық комиссия оған екінші билет алуға рұқсат етеді (бұл жағдайда бағасы 1 балға төмендейді).
74. Әрбір пән бойынша ауызша немесе жазбаша емтихан өткізілгеннен кейін емтихандық комиссия білім алушыға емтихан бағасы мен қорытынды бағаларын қояды, емтихан хаттамасына енгізеді.
Хаттамаға осы пәннің емтихандық комиссиясының мүшелері қол қояды.
75. Емтихан комиссиясы қорытынды бағаларды шығарарда төмендегілерді басшылыққа алуы керек:
1) пән бойынша қорытынды баға жылдық және емтихан бағаларының негізінде ағымдағы оқу жылының тоқсандық (жарты жылдық) бағаларын ескере отырып анықталады;
2) емтихан бағасы қанағаттанарлықсыз болған жағдайда оң қорытынды баға қойылмайды;
3) қорытынды баға емтихан бағасынан жоғары болмайды.
76. Егер бір пәннен ауызша және жазбаша емтихандар өткізілсе, екі емтиханды тапсырғаннан кейін бір ғана қорытынды баға қойылып, жазбаша мен ауызша емтихандардың тиісті хаттамасына жазылады. Жазбаша жұмысы "үздік" бағаланып, ауызша емтиханнан алған баға "4"-тен төмен болмай, тоқсандық және жылдық бағасы "5" болған жағдайда емтихандық және қорытынды бағаға "бес" қойылады.
77. Оқу сабақтары ұйымдастырылған емдеу мекемесінде емделіп жатқан білім алушыларға қорытынды бағаны қою кезінде, осы емдеу мекемесінің жанындағы жалпы білім беретін мектепте (сыныпта немесе топта) алған тоқсандық (жарты жылдық) және жылдық бағалары ескеріліп қойылады.
78. Білім алушылардың ауызша емтиханда алған бағалары осы сыныптағы немесе топтағы емтихан аяқталғаннан кейін хабарланады. Білім алушыларға жазбаша өтініші негізінде оған Жұмыстарды көрсетуді ұйымдастыру білім алушының осы білім беру ұйымының емтихан комиссиясының төрағасының қатысуымен өз жазба жұмыстарының тексеру нәтижелерімен танысуға мүмкіндік беріледі.
79. Кезекті емтиханнан "2" алған 9 (10) және 11 (12)-сыныптардың білім алушылары келесі емтиханға жіберіледі.
9-сыныптағы қайта тапсыратын міндетті қорытынды емтихандарының мерзімін облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің келісімі бойынша осы жылғы 25 маусымнан кешіктірмей аудандық, қалалық білім бөлімдері белгілейді.
6. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия жұмысының тәртібі
80. Жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткер ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын мектеп білім алушыларының, ҰБТ-ға қатыспайтын республикалық музыкалық мектеп-интернаттар білім алушыларының, негізгі орта білім туралы үздік куәлікті алуға үміткер республикалық мектеп-интернаттардың 9-сынып білім алушыларының жазбаша емтихан жұмыстарын қарау үшін, Министрдің бұйрығымен Оқушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі республикалық комиссия (бұдан әрі - ҚАРК) құрылады.
Білім беру саласындағы уәкілетті орган қалыптастыратын және басқаратын комиссия құрамына пән мұғалімдері, бағынысты ұйымдардың өкілдері қосылады. Комиссия мүшелерінің саны он бес адамнан кем болмауы керек.
81. Республикалық комиссия үміткерлердің жазбаша жұмыстарын тексеру жөніндегі ұйғыр, өзбек және тәжік тілдерінде оқытатын білім беру ұйымдарының, ҰБТ-ға қатыспаған республикалық музыкалық мектеп-интернаттарының емтихан комиссияларының қазақ тілі мен әдебиетінен, орыс тілі мен әдебиетінен, математика пәндерінен үміткерлерге қойған бағаларын растау үшін және марапаттауға ұсынылған оқушылардың осы ереженің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 21 желтоқсандағы N 1253 қаулысымен бекітілген "Алтын белгі" белгісі туралы ереженің талаптарына сәйкестігі жөнінде облыстық, Астана және Алматы қалалық білім департаменттерінің, республикалық білім беру ұйымдарының актілерін қарау жөніндегі комиссия құрылады.
82. Жалпы орта білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдары типіне, түріне, меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан ағымдағы жылғы 1 мамырға дейін Министрлікке жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға кандидаттар туралы (тегі, аты, әкесінің аты, оқу орнының аты және нөмірі, облыс, қаласы) бейіні мен оқу тілі көрсетілген мәліметтер береді.
Республикалық білім беру ұйымдары негізгі орта білімі туралы үздік куәлік және жалпы орта білім туралы үздік аттестаттан үміткер білім алушылардың қосымша жеке тізімін ұсынады.
83. Облыстық, Астана және Алматы қалалары білім департаменттерінің және республикалық білім беру ұйымдарының жалпы орта білім туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға үміткерлер бойынша (үміткерлердің құжаттарын тексеру актілері) ұсыныстары Министрлікке ағымдағы жылғы 25 мамырдан кешіктірілмей жеткізілуі керек.
84. Ағымдағы жылғы 15 маусымнан кешіктірілмей жұмыс қорытындысын шығару және "Алтын белгі" белгісімен марапатталған білім алушылардың тізімін бекіту туралы шешім қабылдау жөніндегі ҚАРК-нің соңғы отырысы өткізіледі.
85. "Алтын белгі" жалпы орта білім туралы аттестатын алуға білім алушылардың кандидатураларын бекіту туралы ҚАРК-нің шешімі Министрдің бұйрығымен бекітіледі.
86. Барлық емтихандар аяқталғаннан кейін және Министрдің бұйрығын алғаннан кейін білім беру ұйымының педагогикалық кеңесі емтихан комиссиясының барлық мүшелерінің қатысуымен оқушылардың қорытынды аттестаттауы нәтижелерін талқылайды және оқу-тәрбие жұмысының сапасын арттыру жөніндегі нақты шараларды қабылдайды.
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
1-қосымша
Ескерту: 1-қосымша жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008.06.18 N 260 (қолданысқа енгізілу тәртібін 4-тармақтан қараңыз), өзгерту енгізілді - 2009.12.25 № 590Бұйрықтарымен.
ҰБТ сертификатының балдарын жалпы орта білім туралы
аттестаттың бағаларына ауыстыру шкаласы
N |
Пән |
2 (қанағат- |
3 (қанағат- |
4 (жақсы) |
5 (үздік) |
1. |
Қазақ тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
2. |
Орыс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
3. |
Қазақстан тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
4. |
Математика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
5. |
Физика |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
6. |
Химия |
0-3 |
4-11 |
12-19 |
20-25 |
7. |
Биология |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
8. |
География |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
9. |
Дүниежүзі тарихы |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
10. |
Қазақ әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
11. |
Орыс әдебиеті |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
12. |
Ағылшын тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
13. |
Неміс тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
14. |
Француз тілі |
0-3 |
4-13 |
14-20 |
21-25 |
15. |
Қазақ тілі орыс |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
16. |
Орыс тілі қазақ |
0-3 |
4-11 |
12-17 |
18-25 |
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
2-қосымша
ЕМТИХАН ҚҰЖАТТАМАСЫ
Жалпы орта білім берудің негізгі орта, жоғарғы орта
деңгейіндегі емтихан және қорытынды бағалардың
ХАТТАМАСЫ
Қазақстан Республикасы_____________________________________облысының
________________________қаласының (селосының)_______________________
ауданының _______________N______мектебінің__________________________
_______________сынып______________________ пәнінен__________________
Емтихан комиссиясы төрағасының Т.А.Ә. ______________________________
____________________________________________________________________
Емтихан алушының Т.А.Ә._____________________________________________
____________________________________________________________________
Ассистенттердің Т.А.Ә. _____________________________________________
____________________________________________________________________
Білім департаменті жіберген емтиханға арналған материалдары бар пакет___________сағ __________мин. ашылды.
Онда емтихан жүргізу үшін қажетті мынадай материалдар бар (пакет ішіндегі материалдар хаттамаға қоса тігіледі)
Емтиханға________________________________________оқушы қатысты.
____________________________________________________________________
(келмей қалған оқушының тегі және аты)
____________________________________________________________________
Емтихан______________сағат_____________минутта басталды.
Емтихан______________сағат_____________минутта аяқталды.
5-8 сынып оқушыларының көшіру емтихандарында осы хаттаманы қолданады.
N р/с |
Емтихан тапсырушы- ның тегі, аты, әке- сінің аты |
Жазбаша жұ- мыстың тақы- рыбы және нұсқасы, ал- ған билеті- нің нөмірі |
Емтихан бағасы (жазумен) |
Жылдық бағасы (жазумен) |
Қорытынды бағасы (жазумен) |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
Комиссия мүшелерінің жеке оқушылардың жауаптарын бағалау туралы ерекше пікірлері_____________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Емтихан өткізу күні __________ж. "_______"__________________
Бағаларды хаттамаға жазу күні ________ ж. "______"__________
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
Бастауыш, негізгі орта,
жалпы орта білімнің білім
беретін оқу бағдарламаларын
іске асыратын білім беру
ұйымдарындағы білім алушылардың
үлгеріміне ағымдық бақылаудың,
оларды аралық және қорытынды
аттестаттаудың үлгі ережесіне
3-қосымша
Жылдық, емтихан және қорытынды бағаларының
ВЕДОМОСЫ
_____________________________________________________ бітірушісі
(оқу орнының атауы)
____________________________________________________________________
________________________________________________ ауданы (қаласы)
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты)
N р/с |
Оқу жоспарына сәйкес оқу пәндері |
Жылдық бағалары 10 сынып |
Жылдық бағалары 11 сын. 12 сын. |
Емтихан бағалары |
Қорытынды бағалары |
---|---|---|---|---|---|
1 | 2 | 3 | 4 | 5 | 6 |
М.О.
Директор _________ ж. "_______"_______________
____________________________________________________________________
Емтихан комиссиясының төрағасы
Емтихан алушы мұғалім
Ассистенттер
______________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Ескерту: Кестенің үшінші бағаны жалпы орта білімі туралы "Алтын белгі" аттестатын алуға ұсынылған білім алушыларға толтырылады, кестенің төртінші бағаны кешкі /кезекті/ және өзге де бөлімшелерде, арнайы түзеу білім беру ұйымдарында толтырылады.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі 1. Негізгі ережелер
1. Осы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізу ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Білім туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармағына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылауды, аралық және қорытынды аттестаттауды өткізудің тәртібін айқындайды.
2. Осы Ережеде мынадай анықтаулар пайдаланылған:
1) Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау - бұл оқытушының пәнді оқыту бағдарламасына сәйкес ағымдағы сабақ барысында өткізген білім алушылардың білімін жүйелі тексеруі.
2) Білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушының бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейін бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеруінің сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім.
3) Білім алушыларды қорытынды аттестаттау - олардың техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартын меңгеруінің дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім.
2. Білім алушыларды ағымдағы бақылаудан және аралық аттестаттаудан өткізу
3. Ағымдағы бақылау пәндер бойынша практикалық және семинарлық сабақтар жоқ болған жағдайда оқытушының оқу бағдарламасында көзделген міндетті бақылау жұмыстарын (жазбаша тапсырмалар, рефераттар) тексеруі арқылы жүзеге асырылады. Бақылау жұмысы бірнеше нұсқа бойынша (4 нұсқадан кем емес) немесе жеке тапсырмалар бойынша өткізіледі.
4. Оқу жоспарына сәйкес оқыту дәрістік курспен шектелетін пәндер бойынша міндетті бақылау жұмыстары болмаған жағдайда, үлгерімді ағымдағы бақылау жүзеге асырылмайды. Мұндай пәндердің тізбесін білім беру ұйымдарының пәндік (циклдік) комиссиясы анықтайды.
5. Білім алушыларды аралық аттестаттаудан өткізудің пәндер тізбесі мен нысанын мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарға сәйкес техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары белгілейді және оқу жылының басында оқу-тәрбие процесінің кестесіне енгізіледі.
6. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды аралық аттестаттау мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының негізінде әзірленген оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларына сәйкес жүзеге асырылады, курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау, сынақтар және емтихандар нысанында, сондай-ақ сынақтар және курстық жобаларды (жұмыстарды) қорғау емтихандар басталғанға дейін өткізіледі. Курстық жобалар (жұмыстар) аталған пән бойынша курстық жобаны (жұмысты) орындау үшін жеткілікті білімді меңгеруді қамтамасыз ететін пәннің теориялық бөлімі немесе тарауы аяқталғаннан кейін орындалады.
7. Егер ағымдағы семестрдің оқу жоспарында аралық аттестаттау аталған пән бойынша емтихан немесе қорытынды сынақ түрінде қарастырылмаса, сынақтар келесі семестрге ауысқан пәндер бойынша өткізіледі.
Сараланған бағамен өткізілетін сынақтар ("үздік", "жақсы", "қанағаттанарлық" және "қанағаттанарлықсыз") курстық жобалар (жұмыс), кәсіптік тәжірибе бойынша, сондай-ақ тізбесі оқу жұмыс жоспарына сәйкес айқындалатын арнайы пәндер бойынша жүргізіледі.
8. Білім алушыларды аралық аттестаттау материалдары әрбір оқу пәнінің оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде жасалады.
9. Білім алушыларды аралық аттестаттауға даярлау кезеңінде консультацияға бөлінген жалпы бюджет уақыты есебінен консультация өткізіледі.
10. Білім алушыларды емтихан нысанында аралық аттестаттаудан өткізу үшін:
- емтихан билеттері (емтихандық бақылау тапсырмалары), тест тапсырмалары;
- емтихан кезінде пайдалануға рұқсат берілген көрнекі құралдар, анықтама сипатындағы материалдар, нормативтік құжаттар мен техника үлгілері;
- оқу және технологогиялық карталар;
- спорт залдары, жабдықтар, мүкәммалдар;
- емтихан ведомосы дайын болуы қажет.
11. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды қабылдау) сол пәннен семестр бойы (жарты жылдық) сабақ берген оқытушы немесе білім беру ұйымы басшысының тапсырмасы бойынша осы пәннің бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар оқытушы жүзеге асырады.
12. Аралық аттестаттауға барлық практикалық, зертханалық, есеп айырысу-кестелік және курстық жұмыстарды (жобаларды), сынақтарды толық орындаған және әрбір пән бойынша типтік оқу бағдарламаларына сәйкес ағымдағы білім есебінің қорытындысы бойынша қанағаттанарлықсыз баға алмаған білім алушылар жіберіледі.
Емтиханға 1-2 пәннен қанағаттанарлықсыз бағасы бар білім алушы білім беру ұйымы басшысының рұқсатымен, ал екеуден көп қанағаттанарлықсыз бағасы болса, педагогикалық кеңестің (бұдан әрі - педагогикалық кеңес) шешімімен жіберіледі.
13. Аралық аттестаттауды өткізу кезінде емтихан билеттері бойынша тапсырмаларды орындау үшін:
әрбір білім алушыға ауызша емтиханға 25 минуттан көп емес;
жазбаша емтиханды өткізуге:
1) әдебиет (шығарма) бойынша 4 академиялық сағат;
2) математика және арнайы пәндер бойынша 3 академиялық сағат;
3) мемлекеттік тіл және орыс тілі (мазмұндама) бойынша 2 академиялық сағат;
4) мемлекеттік тіл және орыс тілі бойынша (диктант) 1 академиялық сағат.
Жазбаша емтихан (тест тапсырмалары) жұмыстары білім беру ұйымының мөртабаны қойылған қағаздарда орындалады.
14. Тыңдауға, оқу жұмысын қарауға, спорт көріністеріне байланысты арнайы пәндер бойынша емтихандарды тиісті әдістемелік пәндік және циклдық, кафедралық комиссиялардың оқытушылары қабылдайды. Оларды өткізуге бір оқушыға бір академиялық сағаттан аспайтын нақты уақыт қарастырылады.
15. Аралық аттестаттауды (емтихандар мен сынақтарды) өткізу кезінде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының рұқсатынсыз (оқу ісі, әдістемелік жұмыстар жөніндегі басшының орынбасарынан, бөлім меңгерушісі мен пәндік-циклдік комиссияның төрағасынан (төрайымынан) басқа) бөгде адамдардың қатысуына болмайды.
16. Сырқаттануына байланысты немесе басқа да дәлелді себептермен аралық аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім білім беретін оқу орнының басшысы оны тапсыруға жеке мерзім белгілейді.
17. Емтихан тапсыру, сонымен бірге курстық жобаларды қорғау кезіндегі білім алушылардың білімін бағалау цифрлық бес балдық жүйе бойынша жүзеге асырылады: (5 - "өте жақсы", 4 - "жақсы", 3 - "қанағаттанарлық", 2 - "қанағаттанарлықсыз").
18. "Қанағаттанарлықсыз" (сынақтан өткен жоқ) деген баға алған жағдайда емтиханды қайта тапсыру бір пәнге 1 реттен артық рұқсат етілмейді.
Емтиханды (сынақты) қайта тапсыруға пәнді жүргізетін оқытушыға белгіленген мерзімде бөлім меңгерушісі жазбаша түрде рұқсат берген жағдайда жіберіледі (немесе ол оқытушы болмаған жағдайда, осы пәннің бейініне сәйкес біліктілігі бар басқа оқытушыға тапсыруға болады).
19. Аралық аттестаттау қорытындылары бойынша үшеуден артық қанағаттанарлықсыз деген баға алған білім алушылар педагогикалық кеңестің шешімі бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен оған белгіленген үлгіде анықтама беріліп, білім беру ұйымынан шығарылады.
20. Белгіленген курстағы оқу жоспарының талаптарын толықтай орындаған, аралық аттестаттаудың барлық сынақтары мен емтихандарын табысты тапсырған білім алушылар келесі курсқа техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен көшіріледі.
21. Аралық аттестаттауға шығарылмайтын пәндер бойынша қорытынды бағаларды курстың соңында үлгерімді ағымдағы бақылау бағаларының негізінде оқытушылар қояды.
22. Ағымдағы семестрдің пәндері бойынша зертханалық, практикалық, есептік-графикалық және курстық жұмыстарды (жобалар), сынақтарды "өте жақсы" деген бағаға тапсырған үздік білім алушыларға ағымдағы оқу сабақтарынан қол үзбей, мерзімінен бұрын аралық аттестаттаудың емтихандарын тапсыруға техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен рұқсат беріледі.
3. Білім алушыларға қорытынды аттестаттауды өткізу
23. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау:
1) білім беру ұйымдарында білім алушыларды қорытынды мемлекеттік аттестаттауды;
2) кәсіби даярлығының деңгейін бағалауды және біліктілікті беруді қамтиды.
24. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру және өткізу үшін білім беру ұйымдары басшысының бұйрығымен арнайы пәндер мен өндірістік оқыту жөніндегі аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі - комиссия) құрылады.
Комиссия төрағасы (төрайымы) тиісті өндіріс саласының жоғары білікті мамандарының арасынан білім беру саласындағы жергілікті атқарушы органдардың және құрылтайшының келісімімен (3 мәртеден көп емес), ал республикалық бағынысты білім беру ұйымдарында білім беру саласындағы уәкілетті органның келісімімен тағайындалады.
Комиссия төрағасының (төрайымының) орынбасары техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарының басшылары, комиссия мүшелері - кәсіпорындардың жоғары білікті мамандары, бөлімшелердің өндірістік шеберлері, арнайы пәндер оқытушылары, өндірістік оқыту шеберлері, еңбекті қорғау мен техника қауіпсіздігін сақтау (электр қауіпсіздігін сақтау) жөніндегі органдарының өкілдері арасынан тағайындалады.
25. Комиссия қорытынды аттестаттауды өткізу кезеңінде қорытынды аттестаттауды өткізуге бір ай қалғанда құрылады.
26. Комиссия:
техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарында белгіленген білім алушылардың теориялық және практикалық даярлық деңгейінің сәйкестігін;
білім алушылардың кәсіптері (мамандықтары) бойынша оқу бағдарламалары мен біліктілік сипаттамасының талаптарына сәйкестігін, өндірістік оқыту, жалпы кәсіптік және арнайы пәндерден нақты білім деңгейін, іскерлік және тәжірибелік жұмыс дағдысын анықтайды.
27. Комиссия отырыстарының ұзақтығы күніне 6 сағаттан аспауы қажет.
28. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау оқу процесінің кестесінде көрсетілген мерзімде және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарымен белгіленген оқу жұмыс жоспарларының нысандары бойынша өткізіледі.
29. Комиссияға мынадай материалдар мен құжаттар ұсынылады:
мамандықтар (кәсіптер) бойынша білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты;
кәсіптік лицей, колледж басшыларының білім алушыларды қорытынды аттестаттауға жіберу туралы бұйрығы;
білім алушылардың қорытынды бағаларының жиынтық ведомосы;
оқу бағдарламаларына сәйкес қорытынды емтиханға енгізілген емтихан билеттерінің жиынтығы мен мәселелер тізбесі;
білім алушылардың денсаулық жағдайына байланысты қорытынды аттестаттау мерзімін жылжытуды растауға құқық беретін құжаттар.
30. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихан тапсыру және/немесе диплом жобасын (жұмысын) қорғау нысанында өткізіледі.
Арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар: оқу бағдарламаларына сәйкес бірнеше арнайы пәндерден сұрақтар енгізілетін ауызша, жазбаша, кешенді емтихан нысанында өткізіледі.
Диплом жобасын (жұмысын) қорғау қорытынды аттестаттау жүргізу жөніндегі комиссияның ашық отырысында кемінде 2/3 мүшелерінің қатысуымен өткізіледі.
Бір диплом жобасын (жұмысын) қорғау ұзақтығы бір білім алушыға 30 минуттан аспауы керек. Диплом жобасын қорғау үшін білім алушы 10 минуттан аспайтын баяндама жасайды. Диплом жобасын (жұмысын) қорғаудың нәтижесі өткізілген күні жарияланады.
Қорытынды ауызша емтиханның ұзақтығы бір білім алушыға 15 минуттан аспауы керек.
31. Диплом жобасын қорғау немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған тұлғаға тек оның алдыңғы қорытынды аттестаттауда қанағаттанарлықсыз баға алған нысаны бойынша қорытынды аттестаттаудың келесі кезеңіне қайта тапсыруға рұқсат етіледі. Қорытынды емтиханды қайта тапсыру "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған пән бойынша ғана жүргізіледі.
Комиссия білім алушыға комиссия белгілеген бұрынғы жұмысын қайта қорғауға немесе жаңа тақырып әзірлеуге ұсынады.
32. Диплом жобасын қайта қорғаудан немесе қорытынды емтихан тапсыру кезінде "қанағаттанарлықсыз" деген баға алған білім алушыға мамандығы (кәсібі) бойынша оқу курсын толық аяқтағандығы туралы белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
33. Тиісті құжаттармен дәлелденген, себепті жағдайлармен дипломдық жобаны (жұмысты) қорғауға және қорытынды емтиханды тапсыруға келмеген білім алушылар белгіленген мерзімде техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдары басшысының бұйрығы бойынша қорытынды аттестаттаудан өтуге жіберіледі.
34. Комиссияның отырысы төрағаның, комиссия мүшелерінің және хатшының қолы қойылған тиісті хаттамамен ресімделеді. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында білім алушылардың қорытынды аттестаттау емтиханын және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау туралы қорытынды аттестаттаудан өткізу жөніндегі комиссия отырыстары хаттамаларының үзінділері "Республикалық техникалық және кәсіптік білімді дамыту ғылыми-әдістемелік және біліктілікті беру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнының филиалдарына жіберіледі.
35. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2007 жылғы 30 қарашадағы N 595 бұйрығымен бекітілген, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2007 жылдың 13 желтоқсанында N 5035 тіркелген Білім алушылардың кәсіби даярлығының деңгейін бағалау және оларға біліктілік беру білім беру саласындағы уәкілетті органмен бекітілетін Техникалық және қызмет көрсету еңбек кәсіптері (мамандықтар) бойынша кәсіптік даярлық деңгейін растау және біліктілікті беру Ережесіне сәйкес жүзеге асырылады.
36. Емтиханды оқу жоспарының 75 пайыздан кем емес барлық пәндерінен "өте жақсы" деген бағамен, ал қалған пәндерді - "жақсы" деген бағамен тапсырған, және дипломдық жобаны (жұмысты) "өте жақсы" деген бағамен қорғаған білім алушыға үздік диплом беріледі.
37. Біліктілігін көрсете отырып диплом беру туралы техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарындағы білім алушыларды қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі арнайы пәндер бойынша қорытынды емтихандар және (немесе) дипломдық жобаларды қорғау нәтижелері, сондай-ақ кәсіби даярлығының деңгейін бағалаудың және біліктілікті берудің негізінде қабылданады.
Қорытынды аттестаттау жөніндегі комиссияның шешімі білім беру ұйымдарының мұрағатында сақталады.
38. Комиссияның төрағасы екі апталық мерзімде аттестаттау аяқталысымен аттестаттау қорытындысы туралы есеп дайындайды.
39. Қорытынды аттестаттауды өткізу жөніндегі комиссия төрағасының есебінде: білім алушылардың аталған кәсібі (мамандығы) бойынша даярлық деңгейі; білім алушылардың емтиханда анықталған біліміне сипаттама; пәндердің жекелеген сұрақтары бойынша білім алушылардың дайындығында кездесетін кемшіліктер; техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру кәсіптері (мамандықтары) бойынша білікті кадрлардың даярлығын одан әрі жетілдіру бойынша ұсынымдар көрсетіледі.
40. Комиссия төрағасы немесе оның орынбасары педагогикалық кеңеске комиссия жұмысының қорытындылары туралы баяндайды.
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2008 жылғы 18 наурыздағы
N 125 бұйрығымен
бекітілген
Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі
Ескерту. Ереже жаңа редакцияда - ҚР Білім және ғылым министрiнiң 2010.04.13 N 168 (алғаш рет ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
1. Жалпы ережелер
1. Осы Жоғары оқу орындарында студенттердің үлгерімін ағымдық бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізудің Үлгі ережесі (бұдан әрі – Ереже) «Білім туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 19-тармақшасына сәйкес әзірленген және меншік нысаны мен ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жоғары оқу орындарында студенттердің үлгеріміне ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау өткізу тәртібін анықтайды.
2. Үлгерімді ағымдақ бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жоғары білім алушылардың кәсіптік оқу бағдарламаларын және жалпыға міндетті мемлекеттік стандартын игеру дәрежесін анықтау мақсатында өткізіледі.
3. Осы Ережеде мынадай анықтамалар пайдаланылады:
1) оқу жетістіктерін бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі - халықаралық практикада қабылданған әріптік жүйеге сәйкес келетін және білім алушылардың рейтінгін белгілеуге мүмкіндік беретін балл түріндегі білім деңгейін бағалау жүйесі;
2) білім алушыларды қорытынды аттестаттау – студенттердің білім деңгейіне сәйкес мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартында көзделген пәннің оқу бағдарламасын игеру дәрежесін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;
3) оқудың кредиттік технологиясы – дербестікке, білім алудың таңдаулылығы мен кредит түріндегі оқу материалдарын игеру көлемі есебіне негізделген өз бетімен білім алу және білімді шығармашылықпен игеру деңгейін арттыруға бағытталған білім беру технологиясы;
4) білім алушыларды аралық аттестаттау - білім алушылардың бір оқу пәнін оны зерделеп бітіргеннен кейінгі бір бөлігінің немесе бүкіл көлемінің мазмұнын меңгеру сапасын бағалау мақсатында жүргізілетін рәсім;
5) білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау – академиялық кезең ішінде, кестеге сәйкес оқытушылар өткізетін аудиториялық және аудиториялардан тыс сабақтарда студенттердің білімін кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүйелі түрде тексеру;
6) транскрипт (Transcript) – білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша кредиттері мен бағалары көрсетілген тиісті кезеңде өтілген пәндердің тізбесі бар белгіленген нысандағы құжат;
7) пререквизиттер (Рrereguisite) - оқылатын пәнді игеру үшін қажетті білім, икемділіктер мен дағдыларды қамтитын пәндер тізбесі;
8) Офис регистратор – білім алушылардың барлық оқу жетістіктерін тіркеумен шұғылданатын және білім сапасын бақылаудың барлық түрлерін ұйымдастыруды және оның академиялық рейтингісін есептеуді қамтамасыз ететін тұлға;
9) межелік бақылау – бір оқу пәнінің ірі бөлімін (модулін) аяқтағанда білім алушылардың оқу жетістіктерін бақылау;
10) оқу үлгерімінің орташа балы (Grade Point Average - GРА) – аралық аттестаттау пәндері бойынша кредиттердің жалпы санына қарай аралық аттестаттау пәндерінің балдық бағасының сандық эквиваленті мен кредиттер сомасының қатынасы ретінде білім алушының таңдаған бағдарлама бойынша бір оқу жылындағы қол жеткізген оқу үлгерімінің таразыланған орташа бағасы;
11) емтихан сессиясы - ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау кезеңі.
2. Жоғары оқу орындарында білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау және аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
4. Студенттердің оқу жетістіктерін тексеруді жоғары оқу орны (бұдан әрі – ЖОО) өзі дербес анықтайтын бақылау мен аттестаттаудың түрлі нысандары арқылы жүзеге асырады.
5. Студенттердің (білім алушылардың) оқудағы жетістіктері әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша жоғары оқу орындарында білімді бақылау және бағалау бойынша мемлекеттік жалпыға білім беру стандарттарына сәйкес бағаланады, оны дәстүрлі бағалау шкаласына аудару осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес жүргізіледі
6. Студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу пәнінің әр тақырыбы бойынша өткізіліп, аудиториялық және аудиториядан тыс сабақтардағы бақылауды қамтиды. Ағымдық бақылау бағасы (жіберілу рейтингінің бағасы) аудиториялық сабақтардағы ағымдық бақылау мен межелік бақылау (аудиториялардан тыс сабақтар) бағаларынан жинақталады.
7. Үлгеріміне ағымдық бақылау кезінде студенттердің оқу жетістіктері, әрбір орындаған тапсырмалары (күнделікті сабақтардағы жауап, үй тапсырмаларын тапсыру, студенттің дербес жұмысы (бұдан әрі - СДЖ), межелік бақылау) 100 балдық шкала бойынша бағаланып, үлгерімнің ағымдық бақылаудың соңғы қорытындысы академиялық кезеңде алынған барлық бағалардың орта арифметикалық қосындысы ескеріле отырып есептеледі.
Осындай әдіс аралық және қорытынды аттестаттау кезеңінде білім алушылардың оқу жетістіктерін бағалау кезінде де қолданылады.
8. Кешкі бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау осы Ереженің 6-тармағына ұқсас жүргізіледі.
9. Сырттай бөлімде оқитын студенттер үлгеріміне ағымдық бақылау оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін де, сол кезеңде де жүзеге асырылады, ол академиялық күнтізбеге сәйкес жүргізіледі.
Бұл ретте сырттай бөлімде оқитын студент оқу-емтихан сессиялары басталғанға дейін барлық түрдегі бақылау және есептеу-графикалық жұмыстарды, курстық жұмыстарды (жобаларды), сондай-ақ үй тапсырмаларының жекелеген түрлерін, СДЖ, пәндерді оқыту бағдарламасына сәйкес межелік бақылауды тапсырады.
10. Күндізгі, кешкі және сырттай бөлімдерде оқитын студенттер бірыңғай кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша пәндерді бірдей көлемде оқиды. Пәндерді оқытудың тақырыптық жоспарларында өзгешеліктер болады, ол оқудың түрлі нысандары үшін оқытушылардың студенттермен байланысты жұмыстарының түрлі көлемінде көрініс табады. Бұл ретте сырттай оқитын студенттерге оқу материалдарының 80 пайызға дейінгі көлемін өз бетінше игеруіне рұқсат етіледі.
11. Межелік бақылау бір академиялық кезең аралығында, бір оқу пәні шеңберінде кемінде екі рет өткізіледі. Көлемі бір кредитті құрайтын оқу пәндері ерекшелік ретінде алынады, олар бойынша межелік бақылау санын ЖОО дербес айқындайды.
12. ЖОО-да студенттерді аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбеге және мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім беру стандарттары негізінде әзірленген кәсіптік оқу бағдарламасына сәйкес жүзеге асырылады.
13. Студенттерді аралық аттестаттау емтихан тапсыру және сараланған сынақ түрінде өткізіледі.
14. Студенттердің аралық аттестаттауын ұйымдастыру мен өткізу офис регистраторға жүктеледі.
15. Аралық аттестаттау нәтижесі бойынша офис регистратор студенттердің академиялық рейтингілерін құрастырады.
16. Емтихандар кестеге сәйкес тапсырылады және пәннің барлық кәсіптік оқу бағдарламасы бойынша студенттердің оқу жетістіктерін тексеру түрі болып табылады және академиялық кезеңдегі оқу жетістіктерін бағалауды көздейді.
17. Сараланған сынақтар студенттердің зертханалық және есептеу-графикалық тапсырмаларды, курстық жұмыстарды (жобаларды) ойдағыдай орындағандығын, сондай-ақ олардың бекітілген кәсіби оқу бағдарламасына сәйкес кәсіби практикадан өткендігін тексеру нысаны болып табылады.
Сараланған сынақтар балдық-рейтингтік бағалау жүйесіне сәйкес қойылады және сол жұмыстарға тиісінше кредиттер саны берілген жағдайда көшіру балына есептеуде ескеріледі.
18. Емтихан сессиялары қысқы және жазғы болып бөлінеді.
ЖОО-да қабылданған академиялық кезеңге (триместр, тоқсан) байланысты аралық емтихан сессиялар да болуы мүмкін.
19. Оқудың күндізгі нысаны үшін емтихан сессияларының кезеңділігі мен ұзақтылығы мамандықтың оқу жұмыс жоспары және ЖОО-ның ғылыми кеңесінде бекітілген академиялық күнтізбе бойынша анықталады.
Оқудың сырттай нысаны бойынша емтихан сессиясы және олардың кезеңдері мен саны ЖОО-ның кеңесінде белгіленеді.
20. Офис регистратор оқудың барлық нысандары үшін емтихандар кестесін тиісті факультеттің деканатымен бірлесе отырып жасайды, оқу ісі жөніндегі проректор бекітеді және ол студенттер мен оқытушылардың назарына емтихан басталмастан екі апта бұрын жеткізілуі тиіс.
21. Емтиханды өткізу үшін біліктіліктері сол пәннің бейініне сәйкес келетін және әдеттегідей сол академиялық топта (толқында) оқыту сабақтарын өткізбеген алдыңғы қатарлы профессорлар мен доценттер арасынан емтихан қабылдаушылар тағайындалады.
22. Офис регистраторының жазбаша рұқсатынсыз емтихан өткізу рәсіміне қатыспайтын тұлғалар жіберілмейді.
23. Факультет деканының (институт директорының) емтихан сессиясына жіберу туралы өкімінде студенттің аты-жөні, курсы, мамандығы және академиялық тобы көрсетіледі.
24. Емтихандық сессияға жіберуі екі кезеңнен тұрады:
1) бірінші кезеңде факультет деканының (институт директоры) жалпы шешімімен оқу ақысын толық төлеген, пререквизиттер бойынша академиялық қарызы жоқ, академиялық демалыста немесе ұзақ мерзімді емделуде жоқ студенттердің сессияға жіберілуі жүзеге асырылады;
2) екінші кезеңде тиісті пән бойынша үлгерімнің ағымдық және межелік бақылау қорытындысымен анықталатын рейтинг бағасы негізінде емтиханға автоматты түрде жіберілу жүзеге асырылады. Аталған рұқсат беру әрбір студенттің тегінің қарсы тұсына қойылған офис регистраторының тиісті белгісімен емтихан ведомосы бойынша жүзеге асырылады.
25. Аталған пән бойынша рұқсатнама рейтингісінде жағымды бағасы жоқ студенттер қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмыстарын (жобаларын) тапсырмаған студенттер тиісті пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
26. Факультет деканы (институт директоры) кейбір жағдайларда (денсаулығына, отбасы жағдайына, қызметтік себептерге байланысты) студентке емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат бере алады. Факультет деканына (институт директоры) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда емтиханды жеке кесте бойынша тапсыруға рұқсат беріледі.
27. Сырттай бөлім студенттерінің пән бойынша емтиханға жіберілуі күндізгі бөлім студенттерінің емтиханға жіберілу тәртібі секілді жүзеге асырылады.
28. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі. Ауызша түрде бір күнде екі немесе одан көп емтихан тапсыруға рұқсат етілмейді. Тест нысаны кезінде екі немесе одан да көп пәндердің бейіндік және жақындық принципін сақтай отырып, емтихан кешенді түрде өтуі де мүмкін.
29. Әрбір оқу пәні бойынша емтиханды өткізудің нысандары мен тәртібі ЖОО-ның (факультет) Ғылыми кеңесімен академиялық кезең басталғаннан бастап бір ай мерзімнен кешіктірілмей белгіленеді.
30. Емтиханға келген студенттің (білім алушылардың) қолында сынақ кітапшасы болуы тиіс.
31. Емтихан кезінде студенттер пәннің оқу бағдарламасын және емтихан қабылдаушының рұқсатымен анықтамалық әдебиетті пайдалана алады.
32. Қорытынды бақылау өткізу үшін офис регистратор тарапынан емтихан қабылдаушыға студенттердің академиялық кезеңде жинаған балдары мен жіберілу рейтингі көрсетілген бағалары қойылған емтихан ведомосын береді.
33. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде емтиханда алған бағасы мен академиялық кезең ішіндегі үлгерімнің ағымдық бақылаудағы бағалануының орташа балы есептеледі.
34. Емтиханда студенттің білім алушының үлгерімі білімді бағалаудың балдық-рейтингтік әріптік жүйесі бойынша бағаланады.
Оңды баға (А-, А «өте жақсы», В-, В, В+ «жақсы», Д-, Д+, С-, С, С+ «қанағаттанарлық») оқу пәні бойынша емтихан ведомосы мен студенттің сынақ кітапшасына алынған кредиттер саны көрсетіліп жазылады. «Қанағаттанарлықсыз» F бағасы тек емтихан ведомосына ғана жазылады.
35. Әр пән бойынша емтихан аяқталған соң студентке оның оқу жетістіктерінің бағасы болып табылатын қорытынды баға қойылады.
36. Пәннің қорытынды бағасының құрамына жіберу рейтингінің бағасы мен қорытынды бақылау бағалары кіреді.
Үлгерімді ағымдық бақылаудың бағасы (жіберілу рейтингі) пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 60%-ын құрайды және емтихан бағасы пән бойынша қорытынды бағаның кемінде 30%-ын құрайды.
37. Оң қорытынды баға тиісті пән бойынша белгіленген кредит санымен игерілген кредиттерді толықтыруға негіз болып, студенттің транскрипіне жазылады.
38. Студент қорытынды бақылаудан (емтиханнан) «қанағаттанарлықсыз» деген баға алған жағдайда пән бойынша қорытынды баға есептелмейді.
39. Қорытынды бақылауда қанағаттанарлық бағаны көтеру мақсатында оны аралық аттестаттау кезеңінде қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қорытынды аттестаттаудың оң бағасын қайта тапсыру осы Ереженің 43-тармағымен белгіленеді.
40. Емтихан ведомосы офис регистраторға тапсырылады, ол бүкіл оқу кезеңінде барлық білім алушылардың кредиттер санын есептеумен және жинақтаумен айналысады.
Ары қарай емтихан ведомосын офис регистратор тиісті факультет деканатына (институт директоратына) жібереді. Деканатта әрбір оқу пәнінің емтихан ведомосы негізінде аралық аттестаттау бойынша жинақ ведомосы толтырылады.
41. Оқудың барлық нысандарына бірдей пәндердің оқу бағдарламасында бекітілген жұмыс және жеке оқу жоспарына сәйкес студенттер барлық емтихандарын тапсырады.
42. Студенттер пәндердің қосымша оқу түрлері бойынша емтихан тапсыра алады, олардың тапсыру нәтижелері емтихан ведомосына, сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады (әскери дайындықтан басқасы).
43. «Қанағаттанарлықсыз» бағасын оң бағаға қайта тапсыру үшін студент келесі академиялық кезеңдерінің бірінде немесе жазғы семестрде сол пән бойынша оқу жұмыс жоспарында қарастырылған барлық сабақ түрлеріне қайта қатысып, рұқсат алады және қорытынды бақылау тапсырады.
Мұндай жағдайда студент белгіленген тәртіп бойынша оқу пәніне жазылу рәсімінен қайта өтеді.
44. Егер студент оқу бағдарламасын толық көлемде орындай отырып, емтиханға келмесе, емтихан ведомосындағы оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады. Студенттің дәлелді себептері болған жағдайда факультет деканының өкімімен оған емтихан тапсырудың жеке кестесі бекітіледі. Емтиханға келмеуінің дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» деген бағаға теңестіріліп, қайта тапсырылуы осы Ереженің 43-тармағы бойынша жүзеге асырылады.
45. Қорытынды бақылаудың бағасымен келіспейтін студент (докторант, магистрант) емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей апелляция береді.
46. ЖОО басшысының бұйрығымен емтихан сессиясы кезеңіне (аралық аттестаттау) апелляцияланатын пәндерге мамандығы сәйкес келетін оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
47. Апелляция нәтижелері хаттамамен ресімделеді және оның шешімі негізінде студенттің (докторант, магистрант) жеке емтихан ведомосы жасалады, ол негізгі емтихан ведомосына тіркеледі.
48. Офис регистратор емтихан сессияларының қорытындысы бойынша жаздық семестр нәтижелерін есепке ала отырып, студенттің оқу жетістіктері деңгейінің ортасалмақ бағасы болатын өту балын есептейді.
49. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде студенттерді курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады.
50. Курстан курсқа көшіру үшін өту балының төменгі деңгейінің көлемін ЖОО-ның өзі белгілейді.
51. Ең төменгі өту балын алған студенттер (докторант, магистрант) факультет деканының (институт директоры, жоғары оқу орнынан кейінгі бөлім) ұсынысы негізінде ЖОО басшысының бұйрығымен келесі курсқа көшіріледі.
52. Ең төменгі өту балын ала алмаған студент (докторант, магистрант) оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
53. Курс бағдарламасын толығымен өтіп, белгіленген өту балының ең төменгі деңгейіне жете алмаған студентке өзінің орташа үлгерім балын (GPA) жоғарылатуы үшін жазғы семестрде белгілі бір пәндерді (мемлекеттік емтихан тапсырылатын «Қазақстан тарихы» пәнінен басқа) белгіленген тәртіп бойынша, ақылы түрде қайта оқуына және сол пәндерден қайта емтихан тапсыруына мүмкіндік беріледі.
54. Қайта тапсырылған емтиханнан қанағаттанарлық нәтиже алған жағдайда қорытынды баға қайта есептеліп, ол емтихандық ведомосы мен сынақ кітапшасына және транскриптке жазылады.
Орташа үлгерім балын есептеуде әр пән бойынша соңғы бағалар есепке алынады.
55. Транскрипке студенттің қайта тапсырған емтихандарының оң нәтижелерімен қоса барлық қорытынды бағалары жазылады.
56. Оқу курсына қайта қалдырылған студент (докторант, магистрант) бұрын қабылданған жеке оқу жоспары немесе жаңа жеке оқу жоспары бойынша білім ала алады.
57. Өту балы жетіп, келесі курсқа ауыстырылған академиялық берешегі бар студент (докторант, магистрант) сол пәнді ақылы негізде қайта оқып, академиялық қарыздарын жоюы тиіс.
58. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 51, 52 және 56-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
59. Академиялық қарызы бар пәндер келесі семестрде өтілетін пәндер үшін пререквизит болып саналмайды.
60. Емтихандар сессиясының қорытындысы және оқу үрдісін жақсарту бойынша ұсыныстар емтихандық сессия (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін кафедра, деканат (директорат) мәжілістерінде, ЖОО кеңесінде талқылануға ұсынылады.
61. Жоғарғы оқу орны емтихандық сессиялардың (қысқы және жазғы) қорытындысы бойынша білім саласындағы өкілетті органға осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысанда электронды және қағаз түрінде емтихандық сессия қорытындысын береді.
62. ЖОО-дан шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
63. Емтихан сессиясын ойдағыдай аяқтаған сырттай оқу бөлімі студенттеріне келесі емтихан сессиясына шақыру-анықтамасы беріледі.
Шақыру-анықтамаларын беру мен сырттай оқу бөлімі студенттерінің емтихан сессиясына қатысуы ЖОО-да қатаң есепке алынады.
64. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан академиялық күнтізбеге сәйкес аралық аттестаттау кезеңінде өткізіледі.
65. Барлық бакалавр мамандығындағы ЖОО студенттері «Қазақстан тарихы» пәні бойынша оны оқып аяқтағаннан кейін сол академиялық кезеңде мемлекеттік емтихан тапсырады.
66. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша техникалық және кәсіптік (орта кәсіптік) білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқуға және осы пән бойынша мемлекеттік емтихан тапсыруға міндетті.
67. Қысқартылған оқу бағдарламасы бойынша жоғары кәсіптік білім базасында жеделдете оқыту мерзімінде білім алатын студенттер «Қазақстан тарихы» пәнін оқымайды және мемлекеттік емтихан тапсырмайды.
68. Мемлекеттік емтиханға дайындықты факультет деканатымен (институт директоратымен) және оқу бөлімімен (оқу-әдістемелік басқармасымен) бірлесе отырып, «Қазақстан тарихы» пәнін оқытатын кафедра (бұдан әрі – кафедра) өткізеді.
69. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды өткізу үшін кафедра оқудың барлық нысаны мен мамандықтары үшін бірыңғай оқу жұмыс бағдарламасын аталған пән бойынша үлгі оқу бағдарламасы негізінде әзірлейді.
70. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру оқу жұмыс бағдарламасына сәйкес ауызша, жазбаша және тест түрінде жүзеге асырылады.
71. Мемлекеттік емтиханды өткізу түрі ЖОО-ның ғылыми кеңесінің шешімімен анықталады.
72. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды қабылдау үшін факультет деканының (институт директоры) ұсынысы бойынша құрамында төрағасы мен мүшелері бар Мемлекеттік емтихан комиссиясы (бұдан әрі – МЕК) күнтізбелік жылға құрылады.
73. МЕК төрағасының кандидатурасы ағымдағы оқу жылының 1-қарашасынан кешіктірілмей білім беру саласындағы уәкілетті органға жіберіледі.
74. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша МЕК төрағасы ағымдағы оқу жылының 1-желтоқсанынан кешіктірілмей Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің бұйрығымен бекітіледі.
75. МЕК құрамы жоғары білікті оқытушылардан ЖОО басшысының бұйрығымен бекітіледі.
76. МЕК отырыстарының кестесін офис регистратор құрады және оны ЖОО басшысы мемлекеттік емтиханның басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей бекітеді.
77. МЕК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс.
78. МЕК отырыстары әр студент бойынша жеке хаттамамен осы Ереженің 3-қосымшасындағы нысанға сәйкес ресімделеді және оған комиссия төрағасы мен отырысқа қатысқан мүшелер қол қояды.
79. МЕК отырысының хаттамасын аталған пән бойынша сабақ беретін кафедраның оқу-көмекші қызметкерлерінің өкілі арасынан тағайындалған хатшы жүргізеді.
80. МЕК отырысының хаттамалары мемлекеттік емтихан басталмастан бұрын А4 форматында түптеліп, нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
81. Егер студент МЕК отырысына келмесе, хаттамасында оның фамилиясының тұсына «келген жоқ» деген жазу жазылады.
82. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МЕК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ________ № __________ хаттамамен кайта қаралды ____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МЕК мүшелерінің бәрі қол қояды.
83. Мемлекеттік емтихан нәтижелері студенттердің білімін балдық-рейтингтік әріптік бағалау жүйесі бойынша бағаланады
84. «Қазақстан тарихы» пәнінен тапсырылған мемлекеттік емтихан нәтижелері бойынша білім алушыларға жіберілу рейтингі бағасы мен мемлекеттік емтихан бағасы ескеріле отырып, қорытынды баға қойылады. Бұл ретте жіберілу рейтингісінің бағасы пән бойынша білімнің қорытынды бағасының кемінде 60%-ын құрайды және мемлекеттік емтихан бағасы кемінде 30%-ын құрайды.
85. Студент «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан «қанағаттанарлықсыз» баға алған жағдайда, ол келесі академиялық кезеңде немесе жазғы семестрде осы пәнге жазылуы оның барлық оқу сабақтарына қайта қатысуы, ағымдық бақылау талаптарын орындауы, мемлекеттік емтиханға жолдама алуы және оны қайта тапсыруы тиіс.
86. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханнан алған оң бағаны көтеру үшін қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
87. Студент мемлекеттік емтихан қорытындысымен келіспесе, емтихан өткізілген күннен кейінгі күннен кешіктірмей мемлекеттік емтихан комиссиясына (МЕК) апелляция беруіне болады.
88. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен аталған пән бойынша тәжірибелі оқытушылардан «Қазақстан тарихы» пәні бойынша апелляциялық комиссия құрылады.
89. «Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды тапсырудың нәтижелері оны тапсыру қаралған сол емтихандық сессияның қорытындысын шығару кезінде есепке алынады.
90. МЕК-ның жұмысы аяқталғаннан соң Комиссия төрағасы есеп жазады, ол ЖОО ғылыми кеңесінің мәжілісінде талқыланып, бекітілгеннен кейін білім саласындағы өкілетті органға тапсырылады.
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан төрағасының есептері қысқы емтихан тапсыру бойынша 1 наурыздан, ал жазғы емтихан тапсыру бойынша 1 тамыздан кешіктірілмей тапсырылуы тиіс.
3. Жоғары оқу орындарында білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі
91. ЖОО-да студенттерді қорытынды аттестаттау жоғары білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандартында белгілеген нысандарда өткізіледі, оның ұзақтығы мен мерзімі академиялық күнтізбемен және мамандықтардың жұмыс оқу жоспарымен қарастырылған.
92. Студенттер оқу жоспары мен барлық оқу нысандарына арналған бірыңғай оқу бағдарламаларына сәйкес барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырады және дипломдық жұмыстарды (жобаларды) қорғайды.
93. Жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес мамандықтар бойынша мемлекеттік емтиханды бітіруші курстың барлық студенттері тапсырады.
94. Дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға бітіртуші кафедра шығарған шешімі негізде «өте жақсы» және «жақсы және өте жақсыға» үлгеретін студенттер жіберіледі.
Жекелеген жағдайларда кафедра дипломдық жұмысты жазуға және қорғауға «қанағаттанарлық» бағасы бар, бірақ ол ғылыми-зерттеу жұмыстарында қабілеттілік танытқан және базалық және бейіндік пәндер бойынша «өте жақсы» және «жақсы және өте жақсы» бағалары бар студентті де жібереді.
95. Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаудың орнына мамандықтың бейіндік пәндері бойынша мыналар екі мемлекеттік емтихан тапсырады (білім беру бағдарламасы):
1) «қанағаттанарлық» немесе аралас бағаға үлгеруші студенттер;
2) денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде стационарда ұзақ емделуде (бір айдан артық) болған студенттер;
3) баланың тууы туралы куәлігінің негізінде 3 жасқа дейінгі балалары бар студенттер;
4) ата-аналарының денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтамасының негізінде ауру ата-анасын күтуші студенттер.
96. Екі мемлекеттік емтихан пәндерінің тізбесі бітіртуші кафедра шығарған қолдау хатының негізінде факультет (институт) кеңесінің шешімімен бекітіледі.
97. Қорытынды аттестаттауға жұмыс және жеке оқу жоспары мен жұмыс оқу бағдарламасына сәйкес білім алу процесін толық аяқтаған студенттер жіберіледі.
98. Білім алу процесі аяқталуының негізгі өлшемі болып студенттердің жоғары білім мамандықтарына арналған МЖМБС талаптарына сәйкес келетін оқытудың теориялық курсы мен кәсіби практикалардың қажетті көлемін меңгеруі саналады.
99. Бітіруші курстың студенті жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсына қайта оқуға қалдырылады.
100. ЖОО басшысы білім алу саласындағы уәкілетті органға мемлекеттік үлгідегі білім туралы құжаттарға (диплом және қосымша) ағымдағы жылғы 1-қазанға дейін күтілетін бітірушілер саны бойынша өтінім ұсынады.
101. Студенттерді қорытынды аттестаттау үшін барлық оқу нысандары үшін әр мамандық бойынша мемлекеттік аттестаттау комиссиясы (бұдан әрі – МАК) құрылады.
102. Студенттерді қорытынды аттестаттауға жіберу студенттердің тізімі бойынша қорытынды аттестаттауға дейін 2 аптадан кешіктірілмей факультет деканының (институт директорының) өкімімен ресімделіп, МАК-қа ұсынылады.
103. Студенттерді қорытынды аттестаттау басталғанға дейін МАК-қа факультет деканының (институт директорының) студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы, оның барлық пәндер бойынша алған бағалары, олардың көлемі, тапсырған курстық жұмыстары (жобалары), кәсіби практикалардың түрлері мен GPA оқыту кезеңіндегі орта салмақ баға өлшемдері көрсетілген анықтамасы ұсынылады.
104. ЖОО басшысы ағымдағы оқу жылының 1 қарашасына дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға осы жоғары оқу орындарында жұмыс істемейтін, ғылыми және академиялық дәрежелері бар профессорлар, доценттер мен оқытушылар арасынан, орта мектептің тәжірибелі мұғалімдерінен, бітіретін мамандықтар бейініне сәйкес келетін өндірістегі жоғары білікті мамандардан МАК төрағаларының кандидатураларын ұсынады.
105. МАК жұмысына қатысушы мамандар бейіні ғылыми немесе академиялық дәрежелерінің немесе базалық білімінің (диплом бойынша) сәйкестілігімен анықталады.
Ұсынысқа ғылыми немесе академиялық дәрежелері туралы немесе базалық білімі туралы тиісті құжаттардың көшірмелері қоса берілуі тиіс.
106. МАК төрағасы ағымдағы оқу жылының 20-желтоқсанынан кешіктірмей уәкілетті орган бұйрығымен бір күнтізбелік жылға бекітіледі.
107. МАК құрамына оның мүшелері құқығымен: факультет деканы (институт директоры) немесе бітіртуші кафедраның меңгерушісі кіреді.
МАК-тың басқа мүшелері бітіруші мамандардың тиісті бейініне сәйкес келетін профессорлардан, доценттерден, жоғары білікті мамандардан құрылады.
108. МАК сандық құрамын мамандық бойынша бітіріп шығатын студенттердің контингентіне сәйкес жоғары оқу орны өз бетінше белгілейді және ЖОО басшысының (ғылыми ұйымның) бұйрығымен жыл сайын 31-желтоқсаннан кешіктірмей бекітеді және ол күнтізбелік жыл бойына әрекет етеді.
109. МАК-тың құзырына төмендегілер кіреді:
1) жоғары білім мамандықтары үшін МЖМБС белгілеген талаптарға сай бітіруші мамандардың теориялық және практикалық даярлығы сәйкестігінің деңгейін тексеру;
2) тиісті мамандықтары бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау;
3) бітірушіге мамандығы бойынша тиісті біліктілік беру;
4) жоғары білім туралы диплом беруге шешім қабылдау;
5) мамандар даярлау сапасын одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстар әзірлеу.
110. МАК жұмысының кестесін офис регистратор құрады, жұмыс кестесін ЖОО басшысы бекітеді және мемлекеттік аттестаттау комиссиясының жұмысы басталуына дейін екі аптадан кешіктірмей көпшіліктің назарына жеткізіледі.
111. МАК отырысының ұзақтығы күніне 6 академиялық сағаттан аспауы тиіс. Осыған байланысты, күніне мемлекеттік емтиханды тапсыруға 12-15 адам, ал дипломдық жұмысты қорғауға 7-10 адам жіберіледі.
112. Диплом жұмысы (жобасы) қорғалуына дейін бес күннен кешіктірілмей МАК-қа мынадай құжаттар ұсынылады:
1) диплом жұмысы (жобасы) ғылыми жетекшісінің «қорғауға жіберіледі» немесе «қорғауға жіберілмейді» деген дәлелденген қорытындысы бар пікірі;
2) диплом жұмысын (жобасын) қорғауға берілген жан-жақты мінездемесі және бағалар көрсетілген дәлелденген қорытындысы және тиісті мамандығы бойынша «бакалавр» академиялық дәрежесін немесе біліктілігін беру туралы рецензия.
113. Дипломдық жұмыстарды (жобаларды) плагиаттық мәніне қатысты тексеру тиісті деканаттармен жүргізіледі.
114. МАК-қа, сондай-ақ орындалған дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми және практикалық құндылықтарын сипаттайтын басқа да материалдар, ресми емес пікірлер, диплом жұмысының (жобаның) бейіні бойынша практикалық қызметті жүзеге асыратын ұйымның жазбаша қорытындысы, ғылыми-зерттеу нәтижелерін енгізу анықтамалары немесе актілері, макеттер, минералдар үлгісі, гербарий және тағы басқа сол сияқты материалдарда ұсынылады.
115. Ғылыми жетекшісінің оң пікірі және қорғауға ұсынылатын жұмыс бейініне сай келетін маман тарапынан бір рецензиясы болғанда студент диплом жұмысын (жобасын) қорғауға шыға алады.
Егер ғылыми жетекші «қорғауға жіберілмейді» деген жағымсыз қорытынды берген жағдайда, білім алушы дипломдық жұмысты (жобаны) қорғай алмайды.
Білім алушы, рецензенттің оң қорытындысы сияқты, жағымсыз қорытындысы болған жағдайда да дипломдық жұмысты (жобаны) қорғауға жіберіледі.
116. Дипломдық жұмысты (жобаны) рецензиялау біліктілігі қорғалатын жұмыс бейініне сәйкес келетін басқа ұйымдардың мамандары тарапынан жүзеге асырылады.
117. Дипломдық жұмыстың (жобаның) ғылыми жетекшісі ЖОО басшысының бұйрығымен тақырыптың атауы көрсетіле отырып, әр студентке дербес бекітіледі.
Дипломдық жұмыстардың (жобалардың) рецензенттері ЖОО басшысының бұйрығымен жұмыс орны, лауазымы және білімі, мамандығы бойынша ғылыми немесе академиялық дәрежесі, жоғары білім туралы дипломы бойынша базалық білімі көрсетіліп бітіртуші кафедра меңгерушісінің ұсынысы бойынша жалпы тізіммен бекітіледі.
118. Мемлекеттік емтихандар (бейінді пәндер немесе мамандықтар бойынша) ауызша, жазбаша, олардың кәсіптік оқу бағдарламаларының көлемі бойынша тестілеу (кешенді тестілеу) нысандарында өткізіледі.
119. Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан аталған кешенді емтиханға енгізілген пәндердің оқу бағдарламалары негізінде ЖОО-ның әзірлеген бағдарламалары бойынша өткізіледі.
Мамандық бойынша мемлекетттік емтихан бағдарламасы ЖОО (факультеттің) ғылыми кеңесінің шешімімен бекітіледі.
120. Бейіндік пәндер бойынша мемлекеттік емтихандар үлгілік оқу бағдарламалары мен жоғары білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген оқу жұмыс бағдарламалары бойынша өткізіледі.
121. ЖОО мемлекеттік емтиханның бағдарламасын, тест тапсырмаларын және олардың (ашық, жабық, біріктірілген) тест түрлерін, тестілеуді өткізу технологиясын өзі дербес әзірлейді және бекітеді.
122. Диплом жұмысын қорғау МАК-тың ашық отырысында оның мүшелерінің жартысынан көбі қатысқан жағдайда қорғалады.
123. Бір дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау ұзақтығы ереже бойынша бір студентке 50 минуттан аспауы керек. Білім алушыға МАК алдында дипломдық жұмысы туралы баяндама жасау үшін 15 минут уақыт беріледі.
124. Мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері бойынша студенттердің білімін бағалаудың балдық-рейтингтік жүйесі бойынша баға қойылады. Бұл ретте білім алушының теориялық, ғылыми және практикалық дайындықтары, сондай-ақ ғылыми жетекшісі мен рецензенттің пікірлері назарға алынады.
125. Мемлекеттік емтихан тапсыру және диплом жұмысын (жобасын) қорғаудың нәтижелері олар өткізілген күні МАК отырысының хаттамасына қол қойылған соң жарияланады.
126. МАК-тың барлық отырыстары хаттамамен ресімделеді.
127. МАК отырысының хаттамалары осы Ереженің 4-6-қосымшаларына сәйкес МАК жұмысы басталғанға дейін А4 форматында жеке кітапшада нөмірленіп, бумаланады және оқу бөлімінің (оқу-әдістемелік басқарманың) мөрімен бекітіледі.
128. МАК отырысының хаттамалары әр білім алушыға жеке толтырылады. Мемлекеттік емтихан тест түрінде өткізілген жағдайда хаттама толтыруға емтихан ведомосы негіз болады.
129. Хаттаманы бітіртуші кафедра оқытушылары арасынан комиссия құрамына бекітілген МАК хатшысы толтырады
130. Хаттамаға мемлекеттік емтихандарда және диплом жұмысын (жобасын) қорғауда анықталған білімдердің бағалары енгізіледі, сондай-ақ берілген сұрақтар мен МАК мүшелерінің пікірлері жазылады. Егер МАК-тың бір мүшесінің пікірі комиссияның қалған мүшелерінің пікірлерімен сәйкес келмеген жағдайда, ол өз пікірін хаттамаға жазады және өзі қол қояды.
Хаттамада «бакалавр» академиялық дәрежесін және немесе біліктілік беру, сондай-ақ студентке қандай диплом (үздік немесе үздік емес) берілетіні көрсетіледі.
131. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау бағалары туралы, сондай-ақ, академиялық дәреже тағайындау және біліктілік беру немесе/және мемлекеттік үлгідегі (үздік емес, үздік) диплом беру туралы шешім МАК мүшелерінің отырысына қатысушылардың көпшілік дауысымен жабық отырыста ашық дауыс беру арқылы қабылданады. Дауыстар саны тең болған жағдайда МАК төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
132. Хаттамаға МАК-тың төрағасы мен отырысқа қатысушы мүшелері қол қояды.
133. Қазақстан Республикасының «Ұлттық мұрағат қоры және мұрағаттар туралы» заңына сәйкес МАК-тың хаттамалары ЖОО-ның мұрағатында сақталады.
134. Қорытынды аттестаттауға бекітілген кестеге сәйкес дәлелді себеппен келмеген студент МАК төрағасының атына өтініш жазады, дәлелді себепті растайтын құжатты ұсынады және оның рұқсатымен емтихан тапсырады немесе дипломдық жұмысты (жобаны) МАК-тың басқа отырысы болған күні қорғайды.
135. Студент қорытынды аттестаттаудың нәтижелерімен келіспесе, аттестаттау өткізілгеннен кейінгі жұмыс күннен кешіктірмей апелляция беруіне болады.
136. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
137. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісінің хаттамасы қайтадан ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға ___________ №_________ хаттамамен қайта қаралды _______бет» деген жазумен өзгертіледі және оған МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.
138. Денсаулық жағдайы туралы МАК-ға ұсынылған құжаттар қанағаттанарлықсыз баға алғаннан кейін қарастырылмайды.
139. Бағаны жоғарылату мақсатында мемлекеттік емтиханды қайта тапсыруға және дипломдық жұмысты (жобаны) қайта қорғауға рұқсат берілмейді.
140. «Қанағаттанарлықсыз» деген баға алған тұлғаларға мемлекеттік емтихандарды қайта тапсыруға және/немесе диплом жұмысын (жобасын) қайта қорғауға, қорытынды аттестаттаудың осы кезеңінде рұқсат берілмейді.
141. Диплом жұмысын (жобасын) қорғау «қанағаттанарлықсыз» деп есептелген жағдайда, МАК сол жұмысты комиссия анықтаған пысықтаулармен қайтадан қорғауға ұсынуға немесе жаңа тақырыпты әзірлеуге мүмкіндік береді. МАК-ның бұл шешімі мәжіліс хаттамасына жазылады.
142. Қорытынды аттестаттаудан өтпеген тұлғалар бір жыл өткеннен кейін, қорытынды аттестаттау басталғанға дейін екі аптадан кешікпей, ЖОО басшысының атына қайта қорытынды аттестаттауға жіберуге рұқсат беру туралы өтініш жазады.
143. Қорытынды аттестаттауға қайта жіберу білім беру ұйымы басшысының бұйрығымен ресімделеді.
144. Қайта қорытынды аттестаттау алдыңғы қорытынды аттестаттаудан қанағаттанарлықсыз баға алған нысандар бойынша ғана өткізіледі.
145. Осы емтихандарды тапсырмаған тұлғалар үшін мемлекеттік емтихандар қатарына енетін пәндер тізбесі білім алушы теориялық курсты аяқтаған жылы қолданыста болған оқу жоспарымен белгіленеді.
146. Қорытынды аттестаттау кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студенттер білімі аяқталмағандығы туралы анықтама беріле отырып, ЖОО басшысының бұйрығымен ЖОО-дан шығарылады.
147. Қорытынды аттестаттаудан өткен және ЖОО-ның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгергендігін дәлелдеген студентке МАК шешімімен «бакалавр» академиялық дәрежесі немесе сәйкес келетін мамандығы бойынша біліктілік тағайындалып, мемлекеттік үлгідегі диплом қосымшасымен беріледі.
148. Дипломға қосымша студенттің жеке оқу жоспарын орындағаны туралы анықтама негізінде, мемлекеттік жалпыға міндетті жоғары білім стандарттарымен қарастырылған көлемде оның барлық пәндер бойынша алған бағаларына сәйкес тапсырылған курстық жұмыстар (жобалар), практика мен қорытынды аттестаттау нәтижелерінің түрлері негізінде толтырылады.
Диплом қосымшасына әр оқу пәні бойынша көлемі кредит және академиялық сағат түрінде көрсетілген балдық-рейтингтік әріптік білім бағалау жүйесі бойынша соңғы бағалар жазылады.
149. Емтихандар мен сараланған сынақтарды А, А - «өте жақсы», В-, В, В+ - «жақсы» деген бағаға тапсырған және оқытудың барлық кезеңінде үлгерімінің орта балы 3,5-ке тең мемлекеттік емтихан мен диплом жұмысын (жобасын) «өте жақсы» деген бағаға тапсырған білім алушыға үздік диплом (әскери даярлығы бойынша бағасын ескермегенде) беріледі.
150. Оқу кезеңінде емтихандарды қайта немесе қайталап тапсыру жағдайы болған студент осы Ереженің 149-тармағында көрсетілген талаптарға қарамастан үздік диплом алу құқығынан айырылады.
151. МАК-тың жұмысы аяқталғаннан кейін оның төрағасы есеп жазады және екі апта мерзім ішінде оны ЖОО-ның басшысына тапсырады. МАК төрағасының есебі ЖОО ғылыми кеңесінің (факультет) отырысында талқыланады және бекітіледі.
152. Студенттерді қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін ЖОО бір ай мерзім ішінде білім беру саласындағы уәкілетті органға осы Ереженің 7-қосымшасына сәйкес мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмысты қорғау нәтижелерін ұсынады.
153. МАК төрағасының есебіне кесте мен түсіндірме жазба кіреді.
Кестеде осы Ереженің 7-қосымшасын келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.
МАК төрағасы есебінің түсіндірме жазбасында төмендегілер көрсетіледі:
1) ЖОО-да осы мамандық бойынша мамандар даярлаудың деңгейі;
2) диплом жұмысының (жобаның) саны ішінде кәсіпорындардың, ұйымдардың тапсырысы бойынша орындалған диплом жұмыстарының (жобаларының) орындалу сапасы;
3) диплом жұмысы (жобасы) тақырыптарының қазіргі заманғы ғылымның, техниканың, мәдениеттің жай-күйіне және өндірістің талабына сәйкестігі;
4) білім алушылардың мемлекеттік емтихандарда анықталған білімдерінің сипаты, жекелеген пәндер бойынша мамандар даярлаудағы кемшіліктер;
5) осы мамандықтар бойынша кадрлар даярлаудың сапасына талдау;
6) ЖОО-да мамандар даярлауды одан әрі жетілдіру жөнінде нақты ұсынымдар.
154. МАК төрағасының есебіне жоғары білім бағдарламасын оқып бітірген, білім ұйымының басшысы қол қойып, берілген дипломның нөмірі, тегі, аты, әкесінің аты көрсетілген ЖОО-ны бітірушілердің тізімі жалғанады.
4. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылау, аралық аттестаттау өткізудің тәртібі
155. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушылардың магистратура мен докторантура оқудағы жетістіктерін тексеру ЖОО немесе ғылыми ұйымдардың өздері белгілейтін бақылаудың түрлері мен аттестаттаулар арқылы жүргізіледі.
156. Магистратура мен докторантурада білім алушылардың үлгерімін ағымдық бақылау ЖОО студенттеріндегі сияқты тәртіппен жүргізіледі.
157. Магистранттар мен докторанттарды ЖОО-да немесе ғылыми ұйымда аралық аттестаттау оқу жұмыс жоспарына, академиялық күнтізбе мен кәсіптік оқу бағдарламаларына сай емтихан тапсыру және сараланған сынақтар түрлері бойынша жүргізіледі.
158. Аралық аттестаттаудың мерзімділігі мен ұзақтығы ЖОО немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі бекіткен академиялық күнтізбе мен мамандықтың оқу жұмыс жоспарына сәйкес белгіленеді.
159. Емтихандар бекітілген кестеге қатысты аралық аттестаттау кезінде тапсырылады.
160. Емтихандардың кестесін жасау жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөлімдерімен немесе тиісті факультеттің деканатымен бірге офис регистраторына жүктеледі.
161. Емтихан кестесін ғылыми ұйым директорының оқу ісі жөніндегі проректоры немесе орынбасары бекітеді және емтихан басталғанға дейінгі екі аптадан кешіктірілмей білім алушылар мен оқытушылардың назарына жеткізіледі.
162. Емтиханға жіберу нақты пән бойынша жіберілу рейтингі бағасы анықталатын үлгерімнің ағымдық бақылау бағасының негізінде жүзеге асады.
163. Жіберілу рейтингінен оң баға ала алмаған білім алушылар қорытынды бақылауға (емтиханға) жіберілмейді.
Курстық жұмысты (жоба) тапсырмаған білім алушылар сол пән бойынша емтиханға жіберілмейді.
164. Факультет деканы (жоғары оқу орнынан кейін білім алу бөлімінің бастығы) немесе ғылыми ұйым директорының орынбасары кей жағдайда (сырқатына, отбасы жағдайына немесе басқа да обьективті себептерге байланысты) білім алушыға жеке кестесі бойынша емтихан тапсыруға рұқсат ете алады.
Факультет деканына (ЖОО-дан кейінгі білім бөлімінің бастығы) аурулығы, сәбидің дүниеге келуі, жақын туыстарының қайтыс болуы, қызметтік немесе оқу іссапарында болуына байланысты жағдайларды растайтын анықтамалар тапсырылған жағдайда білім алушыға жеке кесте бойынша емтихан тапсыруға рұқсат беріледі.
165. Емтихандық сессия (аралық аттестаттау) кезеңіне жоғары оқу орны басшысының (ғылыми ұйымның) бұйрығымен аппеляцияланатын пән бейініне сай біліктілігі бар оқытушылардан тұратын аппеляциялық комиссия құрылады.
166. Емтихандар ауызша, жазбаша, тест немесе аралас түрде өткізіледі.
Емтихан тест түрінде тапсырылғанда пәндердің бейінділігі мен ұқсастығына байланысты екі және одан да көп пәндерден кешенді емтихан белгілеуге рұқсат етіледі.
167. ЖОО (факультет) немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесі емтиханды өткізу тәртібі мен түрін әр оқу пәні бойынша академиялық кезеңнің басталуынан бір ай мерзімнен кешіктермей белгілейді.
168. Оқу пәні бойынша аралық аттестаттау өткізу кезінде академиялық кезеңдегі емтиханнан алған бағасы мен ағымдық бақылаудан (жіберілу рейтинг бағасы) алған орташа баллы ескеріледі.
169. Әр пән бойынша емтихан аяқталғаннан кейін білім алушыларға қорытынды баға ЖОО студенттеріне қойылатындай тәртіппен қойылады.
170. Емтихандық ведомосы барлық оқу кезеңі бойынша білім алушылар жинаған кредиттер санын есептеумен айналысатын офис регистраторға тапсырылады.
Әрі қарай офис регистратор емтихандық ведомосты тиісті факультет деканатына (институт директораты) немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бөліміне тапсырады. Деканатта әр пәннің емтихандық ведомосын негізге ала отырып, аралық аттестаттау бойынша қорытынды ведомосы толтырылады.
171. Білім алушылар барлық емтихандарды жұмыс жоспарына, жеке оқу жоспарына және оқу бағдарламаларына сәйкес тапсырады.
172. Білім алушылар қосымша оқу түрлерінің пәндері бойынша да емтихан тапсыра алады, нәтижелері емтихан ведомосына және білім алушының жеке ведомосына жазылады.
173. «Қанағаттанарлықсыз» бағаны оң бағаға қайта тапсыру үшін білім алушы пән бойынша оқу жұмыс жоспарында көрсетілген барлық оқу сабақ түрлеріне қайта қатысып, емтиханға жіберілу рұқсатын алады және қорытынды бақылау тапсырады.
174. Қорытынды бақылаудан алынған қанағаттанарлық бағаны жоғарылату үшін емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
Қорытынды бақылаудың оң бағасын қайта тапсыру тәртібі осы Ереженің 173-тармағында айқындалған.
175. Қорытынды бақылаудың нәтижесімен келіспеген білім алушы емтиханнан кейін (келесі күні) аппеляция беруге құқығы бар.
176. Пән бағдарламасын толық орындаған білім алушы емтиханға келмеген жағдайда емтихандық ведомостағы фамилиясының тұсына «келген жоқ» белгісі қойылады.
Дәлелді себептерге байланысты келмеген жағдайда факультет деканының өкімімен емтихан тапсырудың жеке кестесі белгіленеді. Дәлелді себептері болмаған жағдайда «қанағаттанарлықсыз» бағасы қойылып, осы Ереженің 173-тармағына сәйкес емтиханды қайта тапсырады.
177. Транскриптке магистранттың, докторанттың барлық қорытынды бағаларымен қоса қайта тапсырылған емтихан нәтижелері де жазылады.
178. Оқу жылы аяқталғаннан кейін емтихандық сессиялар қорытындысының негізінде жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды курстан курсқа көшіру жүзеге асырылады. Осы мақсатқа сәйкес көшіру балы белгіленеді.
179. Емтихан қорытындылары және емтихан сесссиясы (аралық аттестаттау) аяқталғаннан кейін оқу процесін жақсарту жөніндегі ұсыныстары кафедра, деканат (директорат) және жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйымдар отырыстарының талқылауына шығарылады.
180. Жоғары оқу орнынан (ғылыми ұйымнан) шығарылған тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
181. Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің, Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің, Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқарушы жүйесі комитетінің, Қазақстан Республикасы Экономикалық және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі агенттіктің, Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар жөніндегі министрліктің ведомстволық бағынысты жоғары оқу орындарының білім алушылары үшін осы Ереженің 51, 52 және 56-тармақтарының нормалары тиісті мемлекеттік органдармен келісіледі.
5. Жоғары оқу орнынан кейінгі білім алушыларды қорытынды аттестаттаудан өткізудің тәртібі
182. Жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда білім алушыларды қорытынды аттестаттау академиялық күнтізбеде және мамандықтардың оқу жұмыс жоспарында қарастырылған мерзімде кешенді емтихан тапсыру және магистірлік (докторлық) диссертация қорғау түрінде өткізіледі.
183. Қорытынды аттестаттауға оқу жұмыс жоспары мен оқу жұмыс бағдарламалары талаптарына сай оқу үрдісін аяқтаған білім алушылар жіберіледі.
184. Бітіруші курстың білім алушылары жұмыс және жеке оқу жоспары талаптарын және оқу жұмыс бағдарламасын орындамаса жазғы семестрден өткізілместен оқу курсын қайта оқуға қалдырылады.
185. Магистранттар мен докторанттардан кешенді емтихан алу және магистрлік диссертацияларды талқылау үшін ЖОО немесе ғылыми ұйым Мемлекеттік аттестациялық комиссия (МАК) құрады.
186. ЖОО немесе ғылым ұйымы басшылары 1 қарашаға дейін білім беру саласындағы уәкілетті органға, МАК төрағасының кандидатурасын ұсынады:
магистратура мамандықтары бойынша – бітіруші мамандықтар бейініне сәйкес келетін және аталған ұйымда қызмет жасамайтын ғылыми дәрежесі бар доктор немесе ғылым кандидаты немесе PhD докторы академиялық дәрежесі барлар;
докторантура мамандықтары бойынша – даярланып шығарылатын мамандардың бейініне сәйкес келетін және аталған ұйымда жұмыс істемейтін ғылым докторы немесе ғылыми кандидаты немесе PhD докторы академиялық дәрежесі барлар.
187. МАК-тың құрамына оның мүшелері құқығымен:
магистратура мамандықтары бойынша – ғылым докторы және ғылыми кандидаты дәрежесі және бейіні бойынша PhD докторы академиялық дәрежесі бар адамдар және даярланып шығарылатын мамандар бейініне сәйкес магистр (МАК-тың құрамына бейінді магистратура үшін шығарылатын мамандар бейініне сәйкес жоғары білікті мамандар енгізілуі мүмкін);
докторантура мамандықтары бойынша – даярланып шығарылатын мамандар бейініне сәйкес келетін ғылыми докторы және ғылыми кандидаты және PhD докторы академиялық дәрежесі бар адамдар енеді.
188. МАК-тың сандық құрамын ЖОО немесе ғылыми ұйым дербес белгілейді, жоғары оқу орны басшысының бұйрығымен 31-ші желтоқсаннан кешіктірілмей бекітіледі және ол бір күнтізбелік жыл бойы қолданыста болады.
189. Магистранттар мен докторанттарды қорытынды аттестаттауға жіберу ЖОО немесе ғылыми ұйым бұйрығымен тізім бойынша бекітіліп, қорытынды аттестаттау басталуынан 2 апта бұрын МАК-қа тапсырылады.
190. Мамандықтар бойынша кешенді емтиханға магистратура мен докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасының міндетті базалық және бейіндік компоненттерінің пәндері кіреді.
191. Кешенді емтихан келесі нысандардың біреуі бойынша өткізіледі: ауызша, жазбаша бекітілген пәндерден тест.
192. Кешенді емтиханның бағдарламасын өткізілу нысанын және тапсырмалар мазмұнын жоғары оқу орыны немесе ғылыми ұйым осы кешенді емтиханға енген пәннің оқу бағдарламасы негізінде өздері әзірлейді.
193. Магистр немесе докторлық бағдарламаларды іске асыратын жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар тесттік тапсырманы, олардың түрлерін (ашық, жабық, аралас) және тестілеудің өткізілу технологиясын өздері әзірлейді.
194. Кешенді емтихан:
магистрлік диссертацияны қорғауға дейін 1 ай бұрын;
докторантуралық диссертацияны қорғауға дейін 3 ай бұрын қабылданады.
195. Кешенді емтихан нәтижелері магистратура мен докторантурада әрбір білім алушы бойынша осы Ереженің 8-қосымшасына сай белгіленген нысандағы хаттамамен ресімделеді.
МАК отырысының хаттамасын бітіртіп шығарушы кафедраның оқу-көмекші қызметкерлері арасынан тағайындалған МАК-тың құрамында бекітілген хатшы жүргізеді.
196. Кешенді емтихан тест түрінде өткен жағдайда жеке хаттама ресімдеуге емтихандық ведомосы негіз болады.
197. Алынған оңды бағаны жоғарылату мақсатында кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
198. Кешенді емтиханның нәтижесімен келіспеген білім алушы емтихан өткізілгеннен кейінгі жұмыс күнінен кешіктірмей апелляция береді.
199. Апелляция өткізу үшін ЖОО басшысының бұйрығымен біліктілігі аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін тәжірибелі оқытушылардан апелляциялық комиссия құрылады.
200. Апелляция қанағаттанарлық болған жағдайда МАК мәжілісі хаттамамен ресімделеді. Мұндай жағдайда бірінші хаттамадағы қорытынды «Баға __________ №_______ хаттамамен қайта қаралды _____бет» деген жазумен өзгертіледі және оған қатысқан МАК мүшелерінің бәрі қол қояды.
201. Кешенді емтиханда қанағаттанарлықсыз баға алған магистрант немесе докторант білім немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ЖОО немесе ғылыми ұйымынан оқудан шығарылып, тұлғаға білімі аяқталмағандығы туралы Анықтама беріледі.
202. «Қанағаттанарлықсыз» баға алған тұлғаларға магистратурада және докторантурада қорытынды аттестаттау кезінде кешенді емтиханды қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
203. Кешенді емтихан тапсырған магистрант немесе докторант диссертациялық жұмысты қорғауға жіберіледі. Диссертация қорғауға жіберу ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен ресімделеді.
204. Пайдаланылған дереккөздерге және авторға сілтеме жасамау мәні бойынша диссертациялық жұмыстарды тексеру жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің магистратурасы және докторантурасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарттарына сәйкес жүзеге асырылады.
205. Тексеруден кейін осы Ереженің 200-тармағына сәйкес диссертациялық жұмыс сараптамадан өтеді. Диссертациялық кеңес осы мақсатқа сәйкес әрбір диссертациялық жұмыс бойынша сараптама комиссиясын құрады.
206. Диссертациялық жұмыстарды қорғау диссертациялық кеңестердің отырыстарында жүзеге асырылады.
Диссертациялық кеңестер әрбір магистратура немесе PhD докторантура мамандықтары бойынша құрылады.
207. Жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға 1 желтоқсаннан кешіктірмей магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес төрағасының кандидатурасын ұсынады.
208. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағасы 20 қаңтардан кешіктірілмей білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі.
209. Төрағаның орынбасары, ғалым хатшысы және мүшелері көрсетілген магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамы жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым жетекшісінің бұйрығымен бекітіледі және күнтізбе жыл бойы жұмыс істейді.
210. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына ғылым докторы немесе ғылым кандидаты дәрежесі, PhD докторы академиялық дәрежесі бар тұлғалар немесе тиісті мамандықтар бойынша магистрлар кіреді. Бұл ретте, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын диссертацияның бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі болуы керек.
211. Магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.
212. Магистрлік диссертацияның қорғалуы төмендегі жағдайда жүзеге асады:
ғылыми жетекшінің оң пікірі;
ғылыми баспада диссертация тақырыбында кемінде 1 мақала жарық көруі, халықаралық немесе республикалық ғылыми конференцияларда сөйлеген сөзі;
сараптама комиссиясының диссертацияны ашық түрде қорғауға берген ұсынысының жазбаша қорытындысы;
бітіріп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырыс хаттамасының көшірмесі);
қорғалатын жұмыс бейініне сай келетін маманның бір рецензиясы. Мұнда диссертацияның жан-жақты сипаттамасы, бағасы («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық» немесе «қанағаттанарлықсыз») көрсетілген дәлелді қорытындысы және сол мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі көрсетіледі.
Ғылыми жетекші немесе сараптама комиссиясы тарапынан «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынуға болмайды» деген қанағаттанарлықсыз қорытынды берілген жағдайда, магистрант магистрлік диссертациясын қорғау мүмкіндігінен айырылады.
213. Сараптама комиссиясының құрамына зерттеуге алынған обьект немесе пән саласы бойынша білімі бар кемінде екі маман кіреді.
Сараптама комиссиясының құрамы ЖОО немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен диссертацияның қорғалуынан бір ай бұрын бекітіледі.
Ғылыми жетекшілер мен консультанттар сараптама комиссиясының құрамына кіре алмайды.
214. Магистрлік диссертацияның қорғалу нәтижесі осы Ереженің 9-қосымшасына сәйкес бекітілген түрдегі әрбір магистрант үшін жеке хаттамамен ресімделеді.
215. Қорытынды аттестаттаудан өткен, магистратураның тиісті кәсіптік оқу бағдарламаларын меңгергендігін растаған және магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің шешімімен магистрлық диссертацияны ашық қорғаған білім алушыға тиісті мамандық бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріледі және қосымшасымен бірге мемлекеттік үлгідегі диплом табыс етіледі.
Диссертациялық кеңестің шешімі осы Ереженің 10-қосымшасына сәйкес хаттамамен ресімделеді.
216. Магистранттардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін МАК және магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағалары магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есеп жасайды және оны екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысына ұсынады.
217. Магистранттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді. Кестеге осы Ереженің 7-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер көрініс табады.
Түсіндірме жазбада:
1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнындағы немесе ғылыми ұйымдағы магистрлардың дайындық деңгейлері;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
3) аталған мамандық бойынша магистрларды даярлау сапасына талдау;
4) магистрларды даярлаудағы кемшіліктер;
5) магистрлік диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;
6) магистрлік диссертацияларды орындаудың сапасы;
7) магистрлік диссертацияларды қорғаудың деңгейі сараптама комиссиясының қорытындысына, ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;
8) магистрларды даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болады.
218. Магистранттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке МАК және магистрлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағалары қол қояды, жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
219. Жоғары оқу орны магистратурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін магистранттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
220. МАК төрағасының есебіне білім беру немесе ғылыми ұйымның басшысы қол қойған дипломның нөмірі, мамандығы, тегі, аты, әкесінің аты көрсетіліп жазылған магистратура бағдарламасын аяқтаған бітірушілердің тізімі тіркеледі.
221. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестер докторантураның әрбір мамандығы бойынша құрылады.
222. Жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы диссертациялық кеңес төрағасының, төраға орынбасарының, ғалым хатшысы мен мүшелерін көрсете отырып, докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамын Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетіне (бұдан әрі – Комитет) жібереді.
223. PhD немесе бейін бойынша докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің құрамына шифры (коды), мамандығы аталған мамандықтың бейініне сәйкес келетін ғылым докторы немесе кандидаты ғылыми дәрежесі бар тұлғалар кіреді. Осыған сәйкес, кеңестің кем дегенде үш мүшесінің шифры қорғалатын докторлық диссертациясының бейініне сәйкес келетін ғылым докторы ғылыми дәрежесі болуы керек.
224. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің сандық құрамы бес адамнан кем болмауы қажет.
225. Диссертациялық кеңестің құрамы білім және ғылым саласындағы уәкілетті органның бұйрығымен бекітіледі және үш жыл бойына жұмыс істейді.
226. Докторлық диссертацияларды қорғау:
ғылыми кеңесшілердің дұрыс пікірлері;
Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті ұсынған ғылыми басылымдарда диссертация тақырыбы бойынша кемінде 10 (он) жарияланым, оның ішінде кемінде 3 (үшеуі) алыс шетелдердегі ғылыми басылымдарда, оның 1 (біреуі) цитата ретінде жиі алынатын (Scopus, Thomson ISI т.б.) халықаралық деректер базасына енген шетелдік басылымдарда жариялануы;
бітіртіп шығарушы кафедраның қорғауға ұсынымдамалары туралы шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
диссертацияны ашық қорғауға ұсынымдамалар туралы сараптама комиссиясының жазбаша қорытындысы;
қорғалатын жұмыстың бейініне сәйкес келетін біліктілігі бар (ғылыми немесе академиялық дәреже), диссертацияға жан-жақты сипаттама берілген және нақты бағалары көрсетілген дәлелді қорытындысы («өте жақсы», «жақсы», «қанағаттанарлық», «қанағаттанарлықсыз») және философия докторы немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша жоғары академиялық дәрежесін беру мүмкіндігі баяндалған екі ресми оппоненттің екі рецензиясы болған жағдайларда жүзеге асырылады.
227. Ғылыми консультанттар докторлық диссертацияға жеке пікірлер жазады.
228. Егер ғылыми консультант және/немесе сараптама комиссиясы «қорғауға жіберілмейді» немесе «қорғауға ұсынылмайды» деген теріс қорытынды берген жағдайда докторант докторлық диссертациясын қорғай алмайды.
229. Сараптама комиссиясының құрамына пәні және ұсынылған зерттеу объектісі саласындағы білімді меңгерген кемінде үш маман кіреді.
Сараптама комиссиясының құрамы жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен диссертацияны қорғаудан екі ай бұрын бекітіледі.
230. Докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес отырысының кестесі күнтізбелік жылға жасалады және жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым басшысының бұйрығымен бекітіледі. Осыған сәйкес, бір күнге үшеуден артық емес докторлық диссертацияны қорғау жұмыстары қойылады.
231. Докторлық диссертацияны қорғау нәтижесі стенограммамен ресімделеді.
Докторлық диссертацияны қорғау нәтижесі бойынша диссертациялық кеңес төмендегі екі шешімнің біреуін қабылдайды:
1) оң шешімді қабылдау кезінде – Комитетке докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша жоғары академиялық дәреже беру туралы қолдау білдіреді;
2) теріс шешім қабылдау кезінде – докторантқа философия докторы немесе тиісті мамандықтың бейіні бойынша жоғары академиялық дәрежесін беруден бас тарту.
232. Докторлық диссертацияны қорғау жөнінде оң шешім қабылданған жағдайда кеңестің ғалым хатшысы докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісін қалыптастырады.
233. Докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісінде мынадай материалдар болуы тиіс:
1) докторлық диссертация;
2) ғылыми консультанттардың пікірлері;
3) диссертация тақырыбы бойынша жарияланымдардың бедері;
4) қорғауға жіберілген ұсынымдамасы туралы бітіртіп шығарушы кафедраның шешімі (кафедра отырысы хаттамасының көшірмесі);
5) диссертацияны ашық қорғауға ұсынымдама туралы сараптама комиссиясының қорытындысы;
6) екі ресми оппоненттің рецензиялары;
7) докторлық диссертацияны қорғаудың стенограммасы;
8) докторлық диссертацияны қорғау бойынша құпия дауыс берудің нәтижесі туралы есеп комиссиясының хаттамасы;
9) жоғары білімі туралы дипломның көшірмесі;
10) кешенді емтиханды тапсыру туралы МАК отырысы хаттамасының көшірмесі;
11) докторантураның кәсіптік оқу бағдарламасын меңгеру жөніндегі транскриптің көшірмесі.
234. Докторлық диссертацияны қорғағаннан кейін бір ай мерзім ішінде докторлық диссертацияны қорғау туралы докторанттың жеке ісі білім және ғылым саласындағы уәкілетті органға ұсынылады.
235. Докторанттарды қорытынды аттестаттау аяқталғаннан кейін МАК және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағалары докторанттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есеп жасайды және екі апталық мерзімде жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысына ұсынады.
236. Докторанттардың қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы бірыңғай есепке кестелер мен түсіндірме жазба енеді.
Кестеге осы Ереженің 11-қосымшасында келтірілген көрсеткіштер жазылады.
Түсіндірме жазбада:
1) аталған мамандық бойынша жоғары оқу орнында немесе ғылыми ұйымда докторлар даярлаудың деңгейлері;
2) кешенді емтиханда анықталған білім алушының біліміне мінездеме;
3) аталған мамандық бойынша докторларды даярлаудың сапасын талдау;
4) докторлар даярлаудағы кемшіліктер;
5) докторлық диссертациялардың ғылымның, техниканың, мәдениеттің қазіргі жай-күйіне және өндірістің сұранысына сәйкестігі;
6) докторлық диссертацияларды орындаудың сапасы;
7) докторлық диссертацияларды қорғаудың деңгейі сараптама комиссиясының қорытындысына, ғылыми жетекшісінің пікіріне, ресми оппоненттің рецензиясына сәйкестігі;
8) докторлар даярлауды одан әрі жетілдіру жөніндегі нақты ұсынымдамалар жөнінде мәліметтер болуы қажет.
237. Докторанттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке МАК және докторлық диссертацияларды қорғау жөніндегі диссертациялық кеңестің төрағалары қол қояды.
238. Докторанттарды қорытынды аттестаттауының нәтижесі туралы есеп жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның ғылыми кеңесінің отырысында талқыланады және бекітіледі.
239. Жоғары оқу орны немесе ғылыми ұйым докторантурада білім алушылардың қорытынды аттестаттауы аяқталғаннан кейін докторанттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепті білім саласындағы уәкілетті органға ұсынады.
240. Докторанттарды қорытынды аттестаттаудың нәтижесі туралы есепке докторлық диссертацияны қорғау жөніндегі диссертациялық кеңес қабылдаған шешімі көрсетілген докторлық диссертацияны қорғаған докторанттардың тізімі тіркеледі. Тізімге жоғары оқу орнының немесе ғылыми ұйымның басшысы қол қояды.
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне 1-қосымша
Оқу жетістіктері бағаларының балдық-рейтингтік әріптік жүйесі
Әріптік жүйе бойынша бағалар |
Балдардың сандық эквиваленті |
%-тік құрамы |
Дәстүрлі жүйе бойынша бағалар |
А |
4,0 |
95-100 |
Өте жақсы |
А- |
3,67 |
90-94 |
|
В+ |
3,33 |
85-89 |
Жақсы |
В |
3,0 |
80-84 |
|
В- |
2,67 |
75-79 |
|
С+ |
2,33 |
70-74 |
Қанағаттанарлық |
С |
2,0 |
65-69 |
|
С- |
1,67 |
60-64 |
|
D+ |
1,33 |
55-59 |
|
D |
1,0 |
50-54 |
|
F |
0 |
0-49 |
Қанағаттанарлықсыз |
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне
2-қосымша
20___20___ оқу жылының _________________емтихандық сессия
(қысқы, жазғы)
қорытындысы
_____________________________________________________________
(ЖОО атауы)
Күндізгі (немесе сырттай) оқу түріi
Шифр |
Мамандықтар тобы және мамандықтар |
Курс |
Бөлімі (қаз., орыс, шетел) |
Оқу негізі: грант/ақылы |
Сессия басындағы барлық студенттер |
Соның ішінде академиялық демалыста |
Емтихан тапсыруға міндетті |
Емтиханға жіберілгендер |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
1. Білім |
||||||||
1 |
барлығы |
|||||||
соның ішінде грант |
||||||||
ақылы |
||||||||
2 |
барлығы |
|||||||
соның ішінде грант |
||||||||
ақылы |
||||||||
3 |
барлығы |
|||||||
соның ішінде грант |
||||||||
ақылы |
||||||||
4 |
барлығы |
|||||||
соның ішінде грант |
||||||||
ақылы |
||||||||
кестенің жалғасы
Келген жоқ |
Тапсырғандар |
||||||
Дәлелді себеппен |
Дәлілсіз себеппен |
Оқу жоспарының барлық пәндері бойынша |
Соның ішінде |
||||
Тек қана A, A- |
Тек қана A, A-, B+, B, B- |
A, A-, B+, B, B-, C+, C, C-, D+, D |
Тек қана C+, C, C-, D+, D |
F алғандар |
|||
10 |
11 |
12 |
13 |
14 |
15 |
16 |
17 |
кестенің жалғасы
GPA |
Абсолюттік үлгерім |
Келесі оқу курсына көшірілгендер |
Қайта оқу жылына қалдырылды |
Оқудан шығарылғандар |
18 |
19 |
20 |
21 |
22 |
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне
3-қосымша
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша Мемлекеттік емтихан комиссиясы отырысының №___ХАТТАМАСЫ
(әрбір студентке толтырылады)
20__ж. «___»______________сағ. ____ минуттан ___сағ. ____минутке дейін
Қатысқандар: Мемлекеттік емтихан комиссиясының төрағасы ___________
____________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі, ғылыми деңгейі, ғылыми атағы
____________________________________________________________________
ұйым атауы, атқаратын қызметі)
Комиссия мүшелері: __________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтихан тапсыру туралы
1. Емтихан тапсырушы студент ________________________________________
(аты-жөні, тегі, мамандығы)
_____________________________________________________________________
2. Сұрақтар: (тестілеу қорытындылары)
1 ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2 ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3 ___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. Студент __________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Рұқсат беру рейтингі ________________________________________________
(жіберілу рейтингі балдық-рейтингтік жүйеде: әріптік
_____________________________________________________________________
баға, сандық эквивалент, пайыздық құрамы және дәстүрлік баға)
4. Студент __________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
«Қазақстан тарихы» пәні бойынша мемлекеттік емтиханды _______________ бағасымен тапсырды __________________________________________________
(баға әріптік балдық-рейтингтік жүйе бойынша көрсетіледі)
5. Мемлекеттік емтихан комиссиясының ерекше пікірлері _______________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері ______________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне
4-қосымша
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
(әр білім алушыға толтырылады)
№ ____ ХАТТАМАСЫ
20__ж. «___»______________сағ.____ минуттан ____сағ.____минутке дейін
Қатысқандар: Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
мамандық немесе пән бойынша мемлекеттік емтиханды тапсыру туралы
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Емтихан тапсырушы студент ________________________________________________________________________________________________________________Сұрақтар:(пән блоктары бойынша тестілеу нәтижелері)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
1. Студент мемлекеттік емтиханды __________________________ бағасымен тапсырғанын растау __________________________________________________
_____________________________________________________________________
(жіберу рейтингі балдық-рейтингтік жүйе бойынша)
2.___________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
__________________________________________________ екенін ескеру
3. Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы мүшелерінің ерекше пікірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері _______________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне
5-қосымша
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
№ ____ХАТТАМАСЫ
20__ж. «___»_____________сағ. ___ минуттан ____сағ. ___минутке дейін
Студент _____________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
тақырыбында жазылған дипломдық жұмысының қаралуы бойынша ____________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Қатысқандар:
Төраға ______________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Мүшелер _____________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
_____________________________________________________________________ (аты-жөні, тегі)
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Дипломдық жоба (жұмыс) ___________________________________ кеңесімен
_____________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)______________________________________________________________________________________________________________ басшылығымен орындалды
Мемлекеттік атестаттау комиссиясында келесі мәліметтер қаралды:
1. Дипломдық жұмыс (жоба) бойынша есептік-түсіндірме хат немесе дипломдық жұмыстың (жобаның) _______________бетте жазылған мәтіні;
2. Дипломдық жұмысқа (жобаға) арналған_______________ беттегі сызбалар, таблицалар.
3. Дипломдық жобаның (жұмыстың) ғылыми жетекшісінің пікірі.
4. Дипломдық жобаға (жұмысқа) пікір.
Орындалған жұмысты хабарлағаннан кейін студентке ___________ мин. ішінде келесі сұрақтар қойылды:
1. _______________________________________________________________
(сұрақ қоюшының аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
(сұрақ қоюшының аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
(сұрақ қоюшының аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
(сұрақ қоюшының аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
(сұрақ қоюшының аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
Студенттің пікір мен қойылған сұрақтарға жауабының жалпы сипаттамасы ____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________
Дипломдық жұмысты (жобаны) қорғау барысында студент ________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
_______________________________________________________________
______________________________________________________ көрсетті.
Студент дипломдық жұмысты (жобаны) орындап, _________________________
бағамен қорғады деп есептеу.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері _______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_________________________________
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері _____________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесіне 6-қосымша
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясы отырысының
№ ____ХАТТАМАСЫ
20__ж. «___»__________сағ. _____ минуттан ____сағ. ___минутке дейін
барлық мемлекеттік емтихандарды тапсырған, дипломдық жұмысты (жобаны) қорғаған студентке біліктілігі мен (немесе) «Бакалавр» академиялық дәрежесін беру туралы.
Қатысқандар:
Төраға ___________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Мүшелер __________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Студент __________________________________________________________
(аты-жөні, тегі, мамандығы)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мемлекеттік емтихандарды тапсырды және дипломдық жұмысты (жобаны) келесі бағамен қорғады: __________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________ __________________________________________________________________
(пән атауы, дипломдық жобаның (жұмыстың) түрі, баға, тапсыру күні)
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Мамандық бойынша оқу жоспарындағы барлық мемлекеттік емтихандар мен бітіру жұмысын қорғады.
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
біліктілігі мен (немесе) «бакалавр» академиялық дәрежесін тағайындау
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
_______________________________________ екенін ескеру керек.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері ____________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Диплом беру (ерекше, ерекше емес).
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері _____________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесіне 7-қосымша
түрі
1-кесте
________жылдың мемлекеттік емтихан мен дипломдық жұмыс қорғау нәтижелері
оқу түрі _________________________________________________
мамандық _________________________________________________
ЖОО атауы ________________________________________________
Қорытынды аттестаттау түрі |
Қорытынды аттестаттауға жіберілгендердің саны |
Тапсырғандардың саны |
Соның ішінде: |
|||||||
өте жақсы |
жақсы |
қанағаттанарлық |
қанағаттанарлықсыз |
Орташа балл |
Кел ген жоқ |
Сапа % |
Тапсырғандар үлгерімінің % |
|||
Мамандық бойынша мемлекеттік емтихан |
||||||||||
Дипломдық жұмыс қорғау |
||||||||||
Барлығы |
2-кесте
______жылдағы түлектердің қорытынды аттестаттаудың жалпы нәтижелері
оқу түрі _______________________________________________
мамандық________________________________________________
ЖОО атауы_______________________________________________
ҚМА-ға жіберілгендердің саны |
ҚМА-ға келмегендердің саны |
ҚМА тапсырғандар |
Соның ішінде |
Қанағаттанарлықсыз баға алғандар |
Орташа балл |
|||
Тек өте жақсы |
Тек өте жақсы мен жақсы |
Аралас бағалар |
Тек қанағаттанарлық |
|||||
3-кесте
Күндізгі және сырттай оқыту түрлері бойынша мамандар даярлаудың сапалық көрсеткішінің салыстырмалы талдауы
Көрсеткіштер |
Күндізгі |
Сырттай |
Барлығы |
Сапа |
|||
Үлгерім |
|||
Үздік диплом алғандар |
4-кесте
Бітірушілердің салыстырмалы талдауы
Көрсеткіштер |
Алдыңғы кезең |
Есеп беру кезең |
Сапа % |
||
Үлгерім % |
||
Орташа балл |
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесіне 8-қосымша
түрі
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының отырысы
(әр білім алушыға толтырылады)
№ ____ХАТТАМА
20__ж. «___»_________сағ. ___ минуттан ____сағ. ____минутке дейін
Қатысқандар:
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясының төрағасы ___________________
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
Комиссия мүшелері: _______________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі) __________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________________________________
(аты-жөні, тегі)
__________________________________________ магистратура/докторантура мамандығы бойынша мемлекеттік кешенді емтиханды тапсыру туралы
_____________________________________________________________________ _______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Кешенді емтихан тапсырушы ___________________________________________
(аты-жөні, тегі, мамандығы)
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Сұрақтар: (пән бойынша тест нәтижелері)
1. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
2. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
3. __________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
1. Білім алушы ______________________________________________________ мемлекеттік кешенді емтиханды _____________________________ бағасымен (жіберу рейтингі балдық-рейтингтік жүйе бойынша)
тапсырғанын растау
2. Білім алушы ______________________________________________________
_______________________________________________________ екенін ескеру
3. Мемлекеттік аттестаттау комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері _____________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесіне 9-қосымша
Мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысының
№_____ХАТТАМАСЫ
20___ж. «__»__________ сағ.____ минуттан ___сағ.___минутке дейін
_________________________________________________________________
(аты-жөні, мамандығы)
__________________________________________ тақырыбында жазылған
магистранттың магистрлік диссертациясын талқылау бойынша
Қатысқандар:
Төраға _________________________________________________________
(аты-жөні)
Мүшелер:________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________________________________________
(аты-жөні)
________________________________________________________________
(аты-жөні)
Магистрлік диссертация _________________________________________
(аты-жөні, ғылыми немесе академиялық дәрежесі)
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________ ғылыми жетекшілігімен
________________________________________________________________
________________________________________________________________
________________________________________________________________
(аты-жөні, ғылыми немесе академиялық дәрежесі)
________________________________________________________________
___________________________________ консультациясымен орындалды.
Мемлекеттік аттестаттау комиссиясына төмендегідей материалдар ұсынылды:
1) ____________ бет көлеміндегі магистрлік диссертация;
2) ____________ бет дипломдық жұмыстың сызбалары, кестелері;
3) магистерлік диссертация ғылыми жетекшісінің пікірі __________
________________________________________________________________
(«қорғауға жіберіледі» белгісін қою)
4) Сараптау кеңесінің қорытындысы ______________________________
________________________________________________________________
(диссертацияны ашық қорғауға ұсынылады немесе ұсынылмайды)
5) __________________________________ бағасы қойылған магистерлік
(рецензенттің бағасы көрсетіледі)
диссертацияның рецензиясы.
6) бейресми пікірлер _____________________________________________
Магистрлік диссертацияның орындалғандығы туралы хабарламадан кейін ____ минут ішінде магистрантқа төмендегідей сұрақтар қойылды:
1. _______________________________________________________________
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
2. _______________________________________________________________
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
3. _______________________________________________________________
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
4. _______________________________________________________________
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
5. _______________________________________________________________
(комиссия мүшесінің аты-жөні және қойылған сұрағы)
__________________________________________________________________
Магистранттың қойылған сұрақтарға берген жауаптарының жалпы сипаттамасы ______________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Магистрлік диссертацияны қорғау барысында магистрант _____________ _________________________________________________________ көрсетті.
(жалпы теориялық және арнайы дайындығының білім деңгейі қандай)
Магистрант магистрлік диссертациясын _____________________________
(білімді бағалаудың балдық-рейтигтік
_______________________________________________ бағасымен орындады.
әріптік қорғағандығын растау жүйесі бойынша бағасы)
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері ____________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
__________________________________________________________________
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және қорытынды
мемлекеттік аттестаттау жүргізудің
үлгі ережесіне 10-қосымша
Мемлекеттік аттестаттау комиссия отырысының
№____ ХАТТАМАСЫ
20_____ж. «___»_____ сағ.___ минуттан ___сағ.___минутке дейін
Кешенді емтихандарды тапсырып, магистрлік диссертация қорғаған магистрантқа «магистр» академиялық дәреже тағайындау туралы
Қатысқандар:
Төраға ___________________________________________________________
Мүшелер: _________________________________________________________
(аты-жөні)
__________________________________________________________________
(аты-жөні)
__________________________________________________________________
(аты-жөні)
__________________________________________________________________
(аты-жөні)
Магистрант _______________________________________________________
(аты-жөні, мамандығы)
__________________________________________________________________
(кешенді емтихан, магистрлік диссертация, баллды-рейтингтік әріптік
__________________________________________________________________
білім бағалау жүйесі бойынша, тапсыру мерзімі)
_________________________________________________ бағада кешенді емтихан тапсырып, магистрлік диссертация қорғады.
Магистрант кешенді емтихан тапсырды және магистрлік диссертация қорғады деп есептеу.
Магистрант ________________________________________________________
(аты-жөні)
_______________________________________________ мамандығы бойынша
(мамандық атауы мен коды)
_______________________________________________________________________________ «магистр» академиялық дәреже тағайындалсын.
Комиссия мүшелерінің ерекше пікірлері _______________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жоғары оқу орнынан кейінгі білім туралы диплом берілсін
Төраға ________________________ (қолы)
Комиссия мүшелері ______________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
мүшелері ________________________(қолдары)
Хатшы ________________________(қолы)
___________________
іӘр оқу түріне бөлек толтырылады
Білім алушылардың үлгерімін
ағымдық бақылау, аралық және
қорытынды мемлекеттік аттестаттау
жүргізудің үлгі ережесіне
11-қосымша
№ 1 Кесте
Кешенді емтиханның тапсыру қорытындысы__________________жыл
ЖОО атауы ____________________________________
мамандығы ____________________________________
Қорытынды аттестацияның |
Қорытынды аттестацияға жіберілгендердің саны |
Тапсырғандардың саны |
Үздік |
Жақсы |
қанағат |
қанағаттандырмау |
Орташа балл |
Келмегендер |
% сапасы |
% тапсырғандардың үлгерімі |
Кешенді емтихан |
№ 2 Кесте
Диссертацианы қорғаудың _____________________ қорытындысы
(магистерлық/докторлық)
__________________ жылға
ЖОО атауы ___________________________
мамандығы ___________________________
Қорытынды аттестацияның |
Қорытынды аттестацияға жіберілгендердің саны |
Тапсырғандардың саны |
Үздік |
Жақсы |
қанағат |
қанағаттандырмау |
Орташа балл |
Келмегендер |
% сапасы |
% тапсырғандардың үлгерімі |
Диссретацияның қорғау |
№ 3 Кесте
Бітірушілердің қорытынды аттестацияларының бағалары
________ жылға
ЖОО атауы __________________________________________
мамандығы __________________________________________
№ 4 Кесте
Салыстырмалы анализ шығарылымы
Көрсеткіштері |
Алдыңғы кезең |
Есеп беру кезеңі |
Сапасы % |
||
Үлгерімінің % |
||
Орташа балл |