"Ұлттық компаниялар,"Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 302 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 19 наурыздағы N 128 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 7 сәуірде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5182 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Экономикалық даму және сауда министрінің 2012 жылғы 28 ақпандағы № 53 және Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2012 жылғы 7 наурыздағы № 141 Бірлескен бұйрығымен

Күшін жойған

      Ескерту. Бұйрықтың күші жойылды - ҚР Экономикалық даму және сауда министрінің 2012.02.28 № 53 және ҚР Қаржы министрінің 2012.03.07 № 141 (қолданысқа 2013.01.01 бастап енгізіледі) Бірлескен бұйрығымен.

      Акцияларының бақылау пакеттері (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қызметін басқару мен бақылаудың тиімділігін арттыру мақсатында, сондай-ақ "Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 23 қыркүйектегі N 839 қаулысына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Ұлттық компаниялар, "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2006 жылғы 15 тамыздағы N 302 бұйрығына (Қазақстан Республикасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2006 жылғы 6 қыркүйекте N 4367 тіркелген) (бұдан әрі - Бұйрық) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      Бұйрықтың тақырыбында және мәтіні бойынша,

      Ұлттық компаниялар, "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептерді бекіту ережесінің (бұдан әрі - Ереже) тақырыбында және мәтіні бойынша,

      Ережеге 1-қосымша Ұлттық компаниялар, "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы, "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы және оларға қатысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі және Қазақстан Республикасы Президентінің Іс басқармасы республикалық мемлекеттік меншік құқықтары субъектісінің функцияларын жүзеге асыратын ұйымдарды қоспағанда, мемлекеттік кәсіпорындардың, акцияларының бақылау пакеті (қатысу үлестері) мемлекетке тиесілі акционерлік қоғамдардың (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің) қаржы-шаруашылық қызметі жоспарларының орындалуы жөніндегі есептер бөлімдері Құрылымының тақырыбында,

      ", "Самұрық" мемлекеттiк активтердi басқару жөнiндегi қазақстандық холдингi" акционерлік қоғамы", "Қазына" орнықты даму қоры" акционерлік қоғамы" деген сөздер алынып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Э.К. Өтепов) заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Министр                                        Б.Жәмішев