Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 20 мамырдағы N 565 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2007 жылғы 26 қыркүйектегі N 839 қаулысы. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2014 жылғы 29 қазандағы № 1143 қаулысымен

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      "1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының жобасы Қазақстан Республикасының Парламенті Мәжілісінің қарауына енгізілсін.

      Қазақстан Республикасының
          Премьер-Министрі

                                                            Жоба

Қазақстан Республикасының Заңы

1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдық туралы конвенцияны, 1953
жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттаманы және 1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенцияны ратификациялау туралы

      1926 жылғы 25 қыркүйектегі Құлдық туралы конвенция, 1953 жылғы 7 желтоқсандағы Құлдық туралы конвенцияға өзгерістер енгізу туралы хаттама және 1956 жылғы 7 қыркүйектегі Құлдықты, құл саудасын және құлдыққа ұқсас институттар мен әдет-ғұрыптарды жою туралы қосымша конвенция ратификациялансын.

      Қазақстан Республикасының
         Президенті