Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы"30 қаңтардағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5134 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:

      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі;

      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы"30 қаңтардағы
N 27 бұйрығына
1-қосымша

      Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбе

      1. Терапия

      2. Жалпы дәрігерлік практика

      3. Хирургия

      4. Балалар хирургиясы

      5. Педиатрия

      6. Акушерлік және гинекология

      7. Стоматология

      8. Гигиена-эпидемиология

      9. Дәстүрлі емес терапия (рефлексотерапия, мануальдік терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)

  Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы 30 қаңтардағы
N 27 бұйрығына
2-қосымша

      Ескерту. 2-қосымшаға өзгерту енгізілді - ҚР Денсаулық сақтау министрінің 2009.01.12 N 10 Бұйрығы.

Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі

      1. Терапия

      2. Жалпы дәрігерлік практика

      3. Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы

      4. Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы

      5. Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы

      6. Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы

      7. Гематология, соның ішінде балалар гематологиясы

      8. Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы

      9. Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы

      10. Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы

      11. Фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы

      12. Кәсіби дерттер

      13. Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары

      14. Дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы

      15. Невропатология, соның ішінде балалар неврологиясы

      16. Психиатрия

      16.1. Балалар психиатриясы

      17. Медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы

      18. Сәулелі диагностика

      18.1. Сәулелі терапия

      19. Функционалдық диагностика

      20. Клиникалық зертханалық диагностика

      21. Спорттық медицина

      22. Гериатрия

      23. Клиникалық фармакология

      24. алынып тасталды

      25. Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы

      26. Жалпы хирургия

      26.1. Кардиохирургия, соның ішінде балалар кардиохирургиясы

      26.2. Ангиохирургия, соның ішінде балалар ангиохирургиясы

      26.3. Нейрохирургия, соның ішінде балалар нейрохирургиясы

      26.4.Жақсүйек – бет хирургиясы, соның ішінде балалар жақсүйек – бет хирургиясы

      26.5. Пластикалық хирургия

      26.6. Балалар хирургиясы

      27. Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы

      28. Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы

      29. Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы

      30. Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы

      31. Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы

      32. Патологоанатомия, соның ішінде балалар патологоанатомиясы

      33. Трансфузиология

      34. Токсикология, соның ішінде балалар токсикологиясы

      35. Педиатрия

      36. Неонатология

      37. Акушерия және гинекология, соның ішінде балалар

      38. алынып тасталды

      39. Медициналық генетика

      40. Стоматология, соның ішінде балалар стоматологиясы

      41. алынып тасталды

      42. алынып тасталды

      43. алынып тасталды

      44. алынып тасталды

      45. Сот-медициналық сараптама

      46. Авиациялық және ғарыш медицинасы

      47. Төтенше жағдайлар мен апаттар медицинасы