Интернатура және резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2008 жылғы»30 қаңтардағы N 27 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 14 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5134 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін  5-тармақтан  қараңыз

      "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 27 шілдедегі Заңына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қоса беріліп отырған:
      1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі;
      2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Білім, ғылым және кадр ресурстары департаменті (Хамзина Н.Қ) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.

      3. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұйымдастыру-құқықтық қамтамасыз ету департаменті (Мұхамеджанов Ж.М.) осы бұйрықтың мемлекеттік тіркелгеннен кейін бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануына жіберсін.

      4. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау вице-министрі Қ.Т. Омаровқа жүктелсін.

      5. Осы бұйрық алғаш рет ресми жарияланған күнінен бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

       Министр  

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы»30 қаңтардағы  
N 27 бұйрығына       
1-қосымша         

Интернатурада клиникалық мамандар даярлау тізбе

      1. Терапия
      2. Жалпы дәрігерлік практика
      3. Хирургия
      4. Балалар хирургиясы
      5. Педиатрия
      6. Акушерлік және гинекология
      7. Стоматология
      8. Гигиена-эпидемиология
      9. Дәстүрлі емес терапия (рефлексотерапия, мануальдік терапия, су-джок-терапия, гомеопатия, гирудотерапия, фитотерапия)

Қазақстан Республикасы   
Денсаулық сақтау министрінің
2008 жылғы»30 қаңтардағы  
N 27 бұйрығына       
2-қосымша         

Резидентурада клиникалық мамандар даярлау тізбесі

      1.   Терапия
      2. Жалпы дәрігерлік практика
      3. Кардиология, соның ішінде балалар кардиологиясы
      4. Ревматология, соның ішінде балалар ревматологиясы
      5. Аллергология және иммунология, соның ішінде балалар аллергологиясы және иммунологиясы
      6. Гастроэнтерология, соның ішінде балалар гастроэнтерологиясы
      7. Гематология, соның ішінде балалар гематологиясы
      8. Пульмонология, соның ішінде балалар пульмонологиясы
      9. Эндокринология, соның ішінде балалар эндокринологиясы
      10. Нефрология, соның ішінде балалар нефрологиясы
      11. Фтизиатрия, соның ішінде балалар фтизиатриясы
      12. Кәсіби дерттер
      13. Жұқпалы аурулар, соның ішінде балалар жұқпалы аурулары
      14. Дерматовенерология, соның ішінде балалар дерматовенерологиясы
      15. Неврология, соның ішінде балалар неврологиясы
      16. Психиатрия, соның ішінде балалар психиатриясы
      17. Медициналық реабилитология, соның ішінде балалар медициналық реабилитологиясы
      18. Сәулелі терапия және сәулелі диагностика
      19. Функционалдық диагностика
      20. Клиникалық зертханалық диагностика
      21. Спорттық медицина
      22. Гериатрия
      23. Клиникалық фармакология
      24. Жедел және шұғыл медициналық көмек, соның ішінде балаларға жедел және шұғыл медициналық көмек
      25. Анестезиология және реаниматология, соның ішінде балалар анестезиологиясы және реаниматологиясы
      26. Хирургия (жалпы, торакалдық, абдоминалдық, пластикалық, жақсүйек-бет, трансплантологиялық, проктологиялық, нейрохирургиялық, ангиохирургиялық, кардиохирургиялық, микрохирургиялық), соның ішінде балалар хирургиясы
      27. Онкология, соның ішінде балалар онкологиясы
      28. Травматология-ортопедия, соның ішінде балалар травматология-ортопедиясы
      29. Урология және андрология, соның ішінде балалар урологиясы және андрологиясы
      30. Офтальмология, соның ішінде балалар офтальмологиясы
      31. Оториноларингология, соның ішінде балалар оториноларингологиясы
      32. Патологоанатомия, соның ішінде балалар патологоанатомиясы
      33. Трансфузиология
      34. Токсикология, соның ішінде балалар токсикологиясы
      35. Педиатрия
      36. Неонатология
      37. Акушерия және гинекология
      38. Балалар гинекологиясы
      39. Медициналық генетика
      40. Стоматология, соның ішінде балалар стоматологиясы
      41. Стоматология-ортодонтия
      42. Стоматология-хирургия, соның ішінде балалар стоматология-хирургиясы
      43. Стоматология-ортопедия
      44. Стоматология-терапия, соның ішінде балалар стоматология-терапиясы
      45. Сот-медициналық сараптама