Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
3-тармақтан
қараңыз.
"Міндетті әлеуметтік сақтандыру туралы" Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 25 сәуірдегі Заңына сәйкес БҰЙЫРАМЫН :
1.»"Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2004 жылғы 15 маусымдағы
N 136-ө бұйрығына
(Нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 2940 тіркелген,» "Юридическая газета" газетінде 2007 жылдың 22 тамызында N 128 (1331) жарияланған, нормативтiк құқықтық кесiмдердi мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде N 4853 тіркелген»"Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің кейбір бұйрықтарына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің міндетін атқарушының 2007 жылғы 11 шілдедегі
N 153-ө бұйрығымен
өзгерістер енгізілген) мынадай толықтыру енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан әлеуметтік төлемдер тағайындау үшін өтініштің нысанында:
"жұмыстан айрылу жағдайына" деген сөздерден кейін»", жүкті болуы, босануына байланысты табысынан айырылуы жағдайына, жаңа туған баланы (балаларды) асырап алуына байланысты табысынан айырылуы жағдайына және бір жасқа толғанға дейін бала күтіміне байланысты табысынан айырылуы жағдайына" деген сөздермен толықтырылсын;