"Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережені" бекіту туралы

Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихаттың 2007 жылғы 5 сәуірдегі N 43-6 шешімі. Батыс Қазақстан облысы Орал қаласының әділет басқармасында 2007 жылғы 24 сәуірде N 7-1-67 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 6-бабы, 1-тармағының 15-тармақшасына және Қазақстан Республикасының "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңының 97-бабының 2-тармағына сәйкес Орал  қалалық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесі" N 1 қосымшаға сәйкес бекітілсін.
      2. Орал қалалық мәслихатының кейбір шешімдерінің күші N 2 қосымшаға сәйкес жойылды  деп танылсын.
      3. Осы шешім Орал қаласының әділет басқармасында мемлекеттік тіркеуден өткен күннен, 4-тармақ, "Орал қаласында нашар қамтамасыз етілген отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен мөлшері туралы Ережесінің" N 1 қосымшасының, 2007 жылғы 1 сәуірден күшіне енеді.
      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2007.07.16 N 47-9 Шешімімен.

      Орал қалалық мәслихатының кезектен
      тыс 43-сессиясының төрайымы
      Орал қалалық мәслихатының хатшысы

Орал қалалық мәслихатының
2007 жылғы 5 сәуірдегі
N 43-6 шешіміне N 1 қосымша

Орал қаласында нашар қамтамасыз етiлген
отбасыларына (азаматтарға) тұрғын үй
жәрдемақысын беру тәртiбi мен мөлшері туралы
ЕРЕЖЕ

1. Тұрғын үй көмегі

      1. Тұрғын үй көмегi - халықтың тұрмысы төмен отбасыларына (азаматтарға) тұрғын жайдың меншiк нысанына, арнайы мемлекеттiк жәрдемақы түрлерiне, сондай-ақ әлеуметтiк қорғаудың басқа да түрлерiне қарамай берiлетiн тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызмет ақысын төлеу шығындарын өтеуге арналған өтемақы.
      2. Тұрғын үй көмегi Орал қаласы аумағында тұрақты тұратын тұрғын жай иелеріне немесе меншігінде тұрғын жайы жоқ жалдаушы Қазақстан Республикасының азаматтарына және бір мемлекеттің азаматтарының құқықтық мәртебесі туралы шартына қосылған, басқа мемлекеттің аумағында тұрақты тұратын Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы-мемлекет азаматтарына тағайындалады.
      Ескерту. 2 тармаққа өзгерту енгізілді - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2007.07.16 N 47-9 Шешімімен.
      3. Тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану ақысын төлеудің шектi шығын көлемi отбасының жиынтық табысынан 30%, ал жалғызбасты және ерлi-зайыпты жұптар үшін: зейнеткерлер, қос мүгедектерi мен қатысушылары, мүгедектер үшін ауыру себебіне қарамастан және оларды күтетiн азаматтарға, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қорғаншылар, кәмелетке толмаған балалармен бiрге тұратын немесе үш жасқа толмаған баланы тәрбиелеп отырған баласымен бiрге тұратын зейнеткерлер, жасы 50-ден асқан жұмыссыз әйелдер, жасы 55-тен асқан жұмыссыз ерлер үшін 15% көлемiнде белгіленсін.
      4. алынып тасталды - Батыс Қазақстан облысы Орал қалалық мәслихатының 2008.07.02 N 9-15 Шешімімен.
      5. Тұрғын үй көмегінің көлемі тұрғын жай иесінің (жалдаушы) өтемақы төлеу шараларымен қамтамасыз етiлетiн нормалар шеңберiнде тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну үшін төлейтiн нақты төлемақы мен отбасының осы мақсаттарға жұмсай алатын ең жоғары шығын деңгейi арасындағы айырмашылық ретiнде есептеледi.
      6. Тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi тұтыну ақысы сомасының құрамына мыналар енедi: пайдалану шығындары, су, канализациямен қамтамасыз ету, газ, электр, су, жылумен қамтамасыз ету, қоқыс шығару, лифт пайдалану және қалалық телекоммуникация желiсiне қосылған телефон үшін абоненттiк төлемақыны ұлғайту бөлiгiндегi байланыс қызметi.
      7. Азаматтардың келесi санаттары үшін тұрғын жай алаңының нормалары тұрғын үй заңнамаларымен белгіленген пайдаланып отырған бiр тұрғын жай бiрлiгi көлемiнде, бiрақ 64 шаршы метрден аспайтын болып белгiленсiн: зейнеткерлер, қос мүгедектері мен қатысушылары, жалпы ауру бойынша мүгедектер және оларды күтетiн азаматтар, тұл жетiм балалар, ата-анасыз қалған балалармен бiрге тұратын қорғаншылар және басқа санаттағы азаматтар үшін тұрғын жай алаңының нормасы шегiнде белгіленсін.
      8. Тұтынушы жылу энергиясын тұрғын жайдың 1 шаршы метрiн жылумен қамтудың өзiндiк құны табиғи монополиялар субъектілері үшін белгiленген тарифтерден жоғары жылу көздерiнен алатын болса, қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлiмiнің тұрғын үй жәрдемақысы бөлiмi өзiнің есеп шотына түскен есептерге сәйкес қамтамасыз етушi мекемеге айырманы төлейдi.
      9. Тұрғын үй көмегі Орал қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі жанындағы тұрғын үй көмегі бөлімімен ұсынылады.
      10. Жеке меншiгiнде бiр тұрғын жай бiрлiгiнен артық тұрғын жайы немесе тұрғын жайын жалға немесе жартылай жалға берген тұлға тұрғын жай жәрдемақысын алу құқығынан айырылады.
      Күтiмге мұқтаж деп танылған тұлғаларды күтiп отырған немесе 3 жасқа дейiнгi баланы тәрбиелеп отырған, күтімге мұқтаж мүгедектерді күтетін тұлғаға, туберкулезбен ауратын азаматтарға, уақытша жұмысқа жарамсыздығы жөнінде дәрігерлік-кеңестік комиссияның қорытындысы бар, психикалық денсаулық орталығында есепте тұрған тұлғаларды қоспағанда, еңбекке жарамды, бiрақ жұмыс iстемейтiн, әскери қызмет атқармайтын, жұмыспен қамту қызметiнде жұмыссыз ретiнде тiркелмеген мүшесi бар отбасылары тұрғын үй жәрдемақысын алуға құқығы жоқ.
      Жұмыспен қамту орталығына жұмыссыз ретiнде тiркелген тұлғаларға тұрғын үй көмегі жұмыссыз статусы берiлген айдан бастап тағайындалады.
      11. Тұрғын үй көмегі ақшалай төлем түрiнде белгiленедi және тұрғын жай меншiктенушiге немесе пайдаланушыға тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалану үшін есептелген сомамен салыстырғанда төлемақының азаюы ретiнде аударым арқылы ұсынылады және қызмет көрсетушi кәсiпорындарының есеп шоттарына аударылады (жеке есеп шотқа сәйкес белгiленген нысанда).
      Тұрғын үй көмегінің мөлшерi тұрғын жай ұстау және коммуналды қызметтердi пайдалану үшін белгiленген нормаларға сәйкес есептелген нақты төлемақы сомасынан аспауы тиiс.
      12. Тұрғын үй көмегі Қазақстан Ұлттық банкiсiнің келiсiмiмен қаржы министрлiгi тiзiмiн бекiткен екiншi дәрежелi банктер арқылы, жергілікті бюджеттен осы мақсаттарға қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімiне бөлінген қаржы есебiнен азаматтардың салық шоттарына аудару жолымен төленетiн болып белгiленсiн.
      Тұрғын үй көмегін төлеу тәртiбi мен шарттары тұрғын үй жәрдемақысы бөлімi, тиiстi банктер және алушы арасында жасалған үшжақты келiсiммен белгiленедi.
      13. Тұрғын үй көмегі жарты жылдық бойына алты ай мерзiмге тағайындалады. 
      Тұрғын үй көмегі жартыжылдық сайын тоқсандарға бөле отырып тағайындалады. Бiрiншi жартыжылдықта I тоқсан жылу беру мерзiмi, II тоқсан жазғы мерзiм, екiншi жартыжылдықта III тоқсан - жазғы мерзiм, IV тоқсан - жылу беру мерзiмi. Жаңа мерзiмге көмек алғашқы процедураға сәйкес рәсiмделедi.
      Отбасының тұрғын жай ұстау және коммуналдық қызметтердi пайдалануға жұмсай алатын шығын деңгейi, отбасының табыс мөлшерi, сондай-ақ тұрғын үй-коммуналдық қызмет көрсетулердің тарифтерi өзгерген жағдайда тұрғын үй көмегі бөлімi уақытында есептелмеген табысын бұрын тағайындалған көмекті қайта есептейдi.
      14. Тұрғын үй көмегін тағайындау барысында туындайтын барлық даулы немесе қалыптан тыс жағдайлар қолданыстағы заңнамаларға сәйкес шешiледi.
      15. Тұрғын үй көмегін алушылар тұрғын үй көмегiн тағайындауға қатысы бар қандай да болмасын өзгерiстер жөнiнде 10 күн мерзiм ішінде (отбасы құрамы, бюджетi, жылжымайтын мүлiк алуы және пәтер жалдаушылар жіберуі т.б.), сондай-ақ көмекті қате есептеу жайттары жөнiнде тұрғын үй көмегі бөлімiне хабарлауға мiндеттi. Тұрғын үй көмегі бөлімiне қасақана қате мәлiметтер бергендiгi салдарынан заңсыз көмек тағайындалып, тағайындалған көмек деңгейi заңсыз көтермеленген болса, меншiк иесі (жалдаушы) тұрғын жай көмегін алу құқығынан бiр жыл мерзiмге айырылады, ал заңсыз түрде алынған тұрғын жай көмегі түріндегі сомалар ерікті түрде, бас тартқан жағдайда - сот тәртібімен қайтарылуы тиiс.

2. Тұрғын үй көмегін есептеу

      16. Тұрғын үй көмегін тағайындау жөнiндегi шешiм тұрғын жай иесінің (жалдаушы) арызы мен оған тiркелген жеке куәлiгiнің көшірмесі, СТН көшірмесі, азаматтарды тіркеу кітабының көшірмесі (үй кітабы), пайдаланып отырған алаң көлемі жөнінде (техникалық төлқұжат) тұрғын жайға құжаттардың көшірмесі (жекешелендіру, сыйға тарту, сатып алу-сату, жалға беру т.б. жөнінде келісім шарттар), Батыс Қазақстан облысы әділет Департаментінің Орал қаласындағы әділет Басқармасынан жылжымайтын мүлік жөнiнде анықтама (жылына 1 рет), қос қатысушысы немесе мүгедегі куәлігінің көшірмесі, мүгедек күтiмiнің заңдылығын куәландыратын құжат, алдыңғы арыз беру мерзiмiне сәйкес отбасының өткен тоқсанға табыстары жөнінде мәлімет, тұрғын жай ұстау, коммуналдық қызмет және байланыс қызметі (алдыңғы жартыжылдыққа) ақысын төлеу бойынша төлем құжаттары (түбіртектер мен кітапшалар) негiзiнде қабылданады. Сондықтан тұрғын үй көмегін алушылардың жеке істеріне Қазақстан Республикасы заңнамаларында тікелей қарастырылған жағдайларды қоспағанда, басқа төлем құжаттары тіркелмейді.
      Отбасының жиынтық табысын есептеу барысында өтініш білдірген кездегі отбасы құрамының табысы ескеріледі. 
      Отбасының орташа жиынтық табысы өтініш білдіргенге дейінгі отбасының өткен мерзімге жиынтық табысын айларға бөлу арқылы жүзеге асырылады. 
      17. Ұсынылған құжаттарды қарау нәтижесi бойынша отбасына шарт және тұрғын үйдi күтiп ұстау және коммуналдық қызметтi пайдалану шығындары жөнiнде мәлiмет жасалады. Мәлiметтерде көмек тағайындау есебi көрсетiледі. Шарттың бiр данасы тұрғын жайдың меншік иесінде (жалдаушыда) сақталады. 
      Шарт тұрғын үй көмегін беруге негiз болып табылады.
      18. Ұсынылған мәлiметтердің дұрыстығына күмәнданған жағдайда, тұрғын үй көмегін тағайындайтын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, отбасының табыстары жөнiнде қосымша ақпарат сұратуға, сонымен қатар қажет болған жағдайда арыз иесiнің материалдық-тұрмыстық жағдайына акт жасауға (пәтерін жалға бергендiгiн және т.б.) және басқа да материалдық-тұрмыстық жағдайын тексеруге құқылы.
      19. Отбасының бюджетiне (табыстары) кәсiпкерлiк қызметтен алатын отбасының барлық мүшелерiнің: еңбекақы түрiнде алатын табыстары, мүлiктiк табысы, мемлекеттiк және мемлекеттiк емес зейнетақысы мен басқа да әлеуметтiк көмек түрлерi (жәрдемақы, өтемақы), балалар мен асырауындағы басқа тұлғаларға алынатын алименттер, ақшалай және заттай түрiнде алынған ұтыстар, бала тууға берiлетiн бiржолғы мемлекеттiк жәрдемақы мен жерлеуге берiлетiн бiржолғы жәрдемақыны қоспағанда отбасының барлық мүшелерiнің нақты еңбекақы түрiне алатын, жеке қосалқы шаруашылығынан түскен табыстары енедi. 
      20. Алушының көмек сомасы төлем органының кiнәсiнен дер кезiнде есептелмеген жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес төленедi.

3. Тұрғын үй жәрдемақысын қаржыландыру көзі

      21. Барлық меншiк нысанындағы тұрғын үйлердің тұрғындарына тұрғын үй көмегін қаржыландыру жергілікті бюджет есебiнен жүзеге асырылады.
      22. Жыл сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімiмен тұрғын  үй көмегiн қаржыландыруға бюджеттiк сұраным дайындалып, Орал қалалық мәслихатының сессиясында бекiтiледi. Қалалық қаржы бөлімi ақшалай қаржыны ай сайын қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар бөлімiне аударады. Тұрғын үй жәрдемақысы бөлімi ай сайын тағайындалған және төленген сома жөнiнде мәлiметтi назарға алу үшін қалалық қаржы бөлімiне ұсынып отырады.
      23. Қалалық қаржыландыру бөлімi жылына кемiнде бiр рет алғашқы құжаттар бойынша тұрғын үй көмегіне бюджеттiк қаржының жұмсалуының дұрыстығын тексеруге және қорытындылары туралы қалалық мәслихатқа хабарлауға мiндеттi.
      24. Қате ресiмделген құжаттар бойынша тұрғын үй көмегі заңсыз тағайындалған жағдайда кiнәлi лауазым иелерi заң тәртiбi бойынша жауапқа тартылады.  

Орал қалалық мәслихатының
2007 жылғы 5 сәуірдегі
N 43-6 шешіміне N 2 қосымша

Орал қалалық мәслихатының кейбір
күші жойылған шешімдерінің тізбесі

      1. Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қаңтардағы "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 24-13 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1407 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 18 сәуірдегі "Жайық үні" газетінің N 16 жарияланған).
      2. Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 19 қазандағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 33-2 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1815 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 7 қарашада "Жайық үні" газетінің N 45 жарияланған). 
      3. Орал қалалық мәслихатының 2002 жылғы 28 қарашадағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 " Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 34-4 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1882 нөмірмен тіркелген, 2002 жылғы 26 желтоқсандағы "Жайық үні" газетінің N 52 жарияланған). 
      4. Орал қалалық мәслихатының 2003 жылғы 27 наурыздағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 38-9 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2063 нөмірмен тіркелген, 2003 жылғы 17 сәуірдегі "Жайық үні" газетінің N 16 жарияланған). 
      5. Орал қалалық мәслихатының 2004 жылғы 29 қаңтардағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 6-3 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2509 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 4 наурыздағы "Жайық үні" газетінің N 10 жарияланған). 
      6. Орал қалалық мәслихатының 2004 жылғы 21 қазандағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 12-9 шешімін (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2790 нөмірмен тіркелген, 2004 жылғы 18 қарашадағы "Жайық үні" газетінің N 47 жарияланған). 
      7. Орал қалалық мәслихатының 2005 жылғы 10 тамыздағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 " Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 25-8 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-14 нөмірмен тіркелген, 2005 жылғы 25 тамызда "Жайық үні" газетінің N 34 жарияланған). 
      8. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 27 ақпандағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 30-17 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-36 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 30 наурыздағы "Жайық үні" газетінің N 13 жарияланған).
      9. Орал қалалық мәслихатының 2006 жылғы 12 қазандағы "2002 жылғы 28 қаңтардағы N 24-13 "Нашар қамтамасыз етілген азаматтарға тұрғын жай ұстауға және коммуналдық қызмет ақысын төлеуге тұрғын үй жәрдемақысын беру тәртібі мен көлемі туралы" N 37-14 шешімі (нормативтік-құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 7-1-52 нөмірмен тіркелген, 2006 жылғы 2 қарашада "Жайық үні" газетінің N 44 жарияланған).