"Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару
туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148
Заңының
6 бабына сәйкес ІІІ-сайланған Атырау облыстық мәслихаты
кезектен тыс ХХV сессиясында шешім етті
:
1. Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы
N№337-ІІІ "Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті
екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы"
шешіміне (Атырау облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 15
қаңтарында N№2480 енгізілген, "Атырау" газетінің 2007 жылғы 1
ақпанында N 13 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Осы шешіммен бекітілген Атырау облысының елді-мекендерінде
жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесінің:
1) 10 тармағы алып тасталсын;
2) 32 тармағының 1 тармақшасындағы "әкімшілік-аумақтық
құрылым" деген сөздер "әкімшілік-аумақтық бірліктің" деген
сөздермен ауыстырылсын.