Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 337-ІІІ "Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне өзгерістер енгізу туралы

Атырау облыстық мәслихатының 2007 жылғы 18 мамырдағы № 442-ІІІ шешімі. Атырау облыстық Әділет департаментінде 2007 жылғы 20 маусымда № 2493 тіркелді. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 2014 жылғы 01 сәуірдегі № 152/959 хаты негізінде

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Атырау облыстық мәслихатының 01.04.2014 № 152/959 хаты негізінде.
      "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы N 148 Заңының 6 бабына сәйкес ІІІ-сайланған Атырау облыстық мәслихаты кезектен тыс ХХV сессиясында шешім етті :
      1. Атырау облыстық мәслихатының 2006 жылғы 8 желтоқсандағы № 337-ІІІ "Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесін бекіту туралы" шешіміне (Атырау облысының Әділет департаментінде 2007 жылдың 15 қаңтарында № 2480 енгізілген, "Атырау" газетінің 2007 жылғы 1 ақпанында № 13 нөмірінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
      Осы шешіммен бекітілген Атырау облысының елді-мекендерінде жасыл желекті екпелер құру, күтіп ұстау және қорғау Ережесінің:
      1) 10 тармағы алып тасталсын;
      2) 32 тармағының 1 тармақшасындағы "әкімшілік-аумақтық құрылым" деген сөздер "әкімшілік-аумақтық бірліктің" деген сөздермен ауыстырылсын.
      2. Осы шешім мемлекеттік тіркеуден өткен күніне бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланған күннен 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Облыстық мәслихаттың ХХV
      сессиясының төрағасы

      Облыстық мәслихат хатшысы