Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесін бекіту туралы

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының VІ сессиясының 2007 жылғы 12 желтоқсандағы N 45 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 25 қаңтарда N 767 тіркелді. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 2024 жылғы 19 шілдедегі № 138 шешімімен.

Күшін жойған

      Ескерту. Күші жойылды - Алматы қаласы мәслихатының 19.07.2024 жылғы № 138 (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 30 қаңтардағы "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы", 2001 жылғы 16 шілдедегі "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" және 1998 жылғы 1 шілдедегі "Алматы қаласының айрықша мәртебесі туралы" Заңдарына сәйкес IV сайланған Алматы қаласының мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:

      Ескерту. Кіріспе жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі); кіріспеге өзгеріс енгізілді - Aлматы қаласы мәслихатының 17.02.2017 № 75 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      1. Қоса беріліп отырған Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі бекітілсін.

      2. Қосымшасына сәйкес Алматы қаласы мәслихаты шешімдерінің күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешімнің орындалуын бақылау қалақұрылысы, көріктендіру және коммуналдық меншік жөніндегі тұрақты комиссияға (О.Ю. Нам) және Алматы қаласы әкімінің орынбасары В.Л. Крыловқа жүктелсін.

      4. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейiн күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты VI сессиясының
      төрағасы Қ. Баймұхамбетов
      IV сайланған Алматы қаласы
      мәслихатының хатшысы Т. Мұқашев

  ІV сайланған Алматы
қаласы мәслихатының
2007 жылғы 12 желтоқсандағы
VІ сессиясының N 45
шешімімен бекітілді

Алматы қаласының аумағын көріктендіру
ЕРЕЖЕСІ
1 бөлім. Жалпы ережелер

      1. Осы Алматы қаласының аумағын көріктендіру Ережесі (бұдан әрі – Ереже) Қазақстан Республикасының "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" Кодексіне, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңына, "Қазақстан Республикасындағы сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі туралы" Заңына, "Тұрғын үй қатынастары туралы" Заңына және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілеріне сәйкес әзірленді.

      Ереже Алматы қаласы аумағында аумақтарды көріктендіру, санитарлық күтіп-ұстау, тазалықты сақтау қарым-қатынасын реттейді.

      Ескерту. 1 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Осы Ережеде қолданылатын негізгі ұғымдар мен түсініктер:

      1) Көріктендіру - адамның өмір тіршілігіне ыңғайлы, жайлы және қауіпсіз ортаны қамтамасыз ететін элементтер мен жұмыстар кешені. Бұл жұмыстар кешені көріктендіру элементтері мен нысандарды қорғау және жөндеу, пайдалану, ұстау, ұйымдастыруды келесі негізгі бағыттар бойынша ескереді: инженерлік көріктендіру, сыртқы көріктендіру, жарықтандыру, үй маңындағы аумақтарды көріктендіру.

      2) алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      3) Көшелердің санаты - қала жолдарын, көшелерін және кіру жолдарын жіктеу ондағы көлік қозғалысының қарқындылығына және олардың пайдаланылуы мен күтіп ұсталуына қойылатын ерекшеліктерге байланысты.

      4) Ірі көлемді қалдық (бұдан әрі - ІКҚ) - өзінің тұтыну қасиеттерін жоғалтқан, өздерінің көлемі бойынша арнаулы қоқыс жинайтын мәшинемен тасымалдауға келмейтін қолданыстың және шаруашылық қызметінің қалдықтары (тұрмыстық техника, жиһаз және т.б.).

      5) Шағын сәулеттік пішіндер - әсемдік үшін және іске жарамды сипаттағы нысандар:

      мүсіндер, субұрқақтар, оймабедерлер, гүлдерге арналған құмыралар, павильондар, сәкілер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, балалар ойындарына және үлкендердің демалуына арналған жабдықтар мен конструкциялар.

      5-1) жарнамалық құрылғылар – алып жүруге, орналастыруға немесе оларға жарнамалық бейнені және жарнамалық ақпаратты орналастыруға арналған, оның ішінде электрондық және бейнелерді көрсетуге арналған электрондық таблоларды орналастыруға арналған біртегіс нысандар;

      5-2) сыртқы (көрнекі) жарнама – жарнамалық құрылғыларда, жылжымалы және жылжымайтын нысандарда орналастырылған жарнама және елді мекендердегі ашық кеңістіктегі және жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының бөлінген жолағындағы көрнекі, қолжетімді жарнама;

      5-3) әлеуметтік жарнама – адамдардың беймәлім тобына арналған және қайырымдылық пен коммерциялық емес сипаттағы өзге де қоғамдық пайдалы мақсаттарға қол жеткізуге, сондай-ақ мемлекет мүдделерін қамтамасыз етуге бағытталған ақпарат;

      6) Жөн-жосықсыз төгілетін қоқыстар үйінділері - заңды және жеке тұлғалардың қызметі кезінде пайда болған қатты тұрмыстық қалдықтарды, ІКҚ, өндіріс және құрылыс қалдықтары, басқа қоқыстар, өз еркімен (жөн-жосықсыз төгілетін) шығару (орналастыру) немесе үю.

      7) Бөлінген аумақ - заңнамада қарастырылған, құқықтарымен жеке және заңды тұлғаларға берілген (бекітілген), қала құрылысы құжаттарында және Мемлекеттік жер кадастрында белгіленген ауданы, шекарасы, тұрған жері, заңдық мәртебесі және басқа сипаттарға ие болатын қала аймағының бөлігі.

      8) Жерді пайдаланушы - мақсаты мен меншік түріне қарамастан қала шекарасында жер телімдерін пайдаланушы заңды немесе жеке тұлға.

      9) Маңайдағы аймақ - заңды және жеке тұлғалардың меншігінде, пайдалануында, жалға алған ғимараттың, үймереттің, құрылыс алаңының, қоршаудың, сауда нысандарының, жарнама немесе басқа нысандардың шекарасына тұтасатын аймақ.

      10) Өтпе жолдары, (жүргін бөлік, өтетін жол) - тұрғын үйлер мен қоғамдық ғимараттарға, мекемелерге, кәсіпорындарға және басқа да аудандар, шағын аудандар, орамдар ішіндегі қалалық құрылыс нысандарына көліктердің кіруін қамтамасыз етуші жол элементі.

      11) Жолдарды күтіп ұстау - кешенді жұмыстар жиынтығы, нәтижесінде жол үймереттерін, жолдарды автомобиль жолдарын пайдалану талаптарына сай, көлік жүрісіне пайдалану жағдайында қалыпты ұстау.

      12) Қатты тұрмыстық қалдықтар (бұдан әрі - ҚТҚ) - қатты түрдегі коммуналдық қалдықтар.

      13) Тротуар - жаяу жүргіншілердің жүруіне арналған, жолға жалғасып немесе одан көгалдармен немесе көгалдармен бөлініп жатқан жолдың бөлігі.

      14) Өкілетті орган - Алматы қаласының әкімдігі қала аумағын көріктендіру және тазалауды ұйымдастырумен байланысты функцияларды орындауға өкілеттік берген мемлекеттік орган.

      15) Қоқысты сыртқа шығарушы ұйым – арнайы көлікпен коммуналдық қалдықтар шығаруды жүзеге асыратын ұйым.

      16) Арнайы көлік – шығарушы зауыттың техникалық сипаттамасына сәйкес келетін және санитарлық ережелерді сақтай отырып, қалдықтарды шығаруға негізделген, тығыздайтын құрылғымен және стандартты контейнерлерді іліп алып, көтеруге арналған, тиегіші бар құрылғымен жабдықталған көлік құралы.

      17) Коммуналдық қалдықтар – елді мекендерде жинақталатын тұтыну қалдықтары, сонымен бірге адам өмірінің тіршілігінде пайда болатын қалдықтар, сондай-ақ құрамы мен пайда болуының сипаты жағынан оған жақын өндіріс қалдықтары.

      18) Алматы қаласындағы коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың Бас схемасы - Алматы қаласының санитарлық-эпидемиологиялық және экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған, қала аумағынан коммуналдық қалдықтарды тасымалдаудың тәртібін айқындайтын құжат, Алматы қаласы мәслихатының шешімімен бекітіледі.

      19) Қалдықтардың есебін жүргізу – қалдықтардың сандық және сапалық сипаттамаларын жинаудың және ақпараттар берудің және олармен жұмыс істеу әдістерінің жүйесі.

      20) Қалдықтарды орналастыру полигоны - өндіріс қалдықтарын орналастыру және оларды кейіннен кәдеге жарату, қайта өңдеу немесе түпкілікті көму мақсатында әрбір қалдық түрі үшін белгіленген кезеңге тұтыну үшін арнайы жабдықталған орын (алаңдар, көмбелер, қоймалар).

      Ескерту. 2 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 11.30.2009 N 264; 04.12.2010 N 317; 28.08.2013 N 155; 30.11.2015 № 381 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

2 бөлім. Қаланы таза ұстау
1 тарау. Тазалық пен тәртіпті қамтамасыз ету

      3. Заңды және жеке тұлғалар қаланың бүкіл аймағында тазалық пен тәртіпті қолдауға, сонымен қатар жеке меншік үйлер аумағында көріктендіру элементтеріне (жолдарды, тротуарларды, көгалдарды, шағын сәулет түрлерін, жарықтандыруды, субұруларды) зақым келтіруге немесе бұзуға жол бермеулері керек.

      Ескерту. 3 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      4. Қаланы күнделікті күтіп ұстауды мамандандырылған кәсіпорындар жүзеге асырады және мынадай шараларды қамтамасыз етуге жұмылдырылады:

      автомагистралдарды, жолдарды, көшелерді, инженерлік құрылымдарды (көпірлер, бөгеттер, жол өткізгіштер және осы сияқтылар), көше жарықтары нысандарын, шағын сәулет пішіндерін және басқа да нысандарын күтіп ұстау және қалпына келтіру;

      зираттарды күту;

      жасылдандыру және жасыл желектерді күту;

      қала аумағын қоқыстан, қалдықтардан жинау және оларды уақытылы шығаруды ұйымдастыру;

      қаланың тиісті санитарлық жағдайы: тұтынылған қалдықтарды жинауға арналған, қалдықтарға үшін контейнерлер (арнайы көліктермен шығаруға арналған) қоятын, кір кептіретін, үй жануарларын серуендететін алаңдарды көріктендіру, нормативтік талаптарға сәйкес қоқыс жәшіктерін көпшілік пайдаланатын орындарға орнату;

      қала аумағын тазалау, суару, қоқыстарды жинау, қысқы мезгілде - қарды жинау және шығару, өтпе жолдарды және жаяулар жүретін тротуарлар тайғаққа қарсы қоспалармен өңдеу, белгіленген және көметін орындарға тұтыныс қалдықтарын шығару, өзендерді, бұлақтарды, шұңқырларды, лотоктарды, нөсер суларының канализацияларын және басқа су өткізетін құрылғыларды қоқыстан тазарту;

      санитарлық қорғалатын аймақтардың нормативтік шектеуінде жүйелі түрде аумақты күтіп ұстау жұмыстарын;

      бүкіл қалалық шаралар өткізу кезінде жекелеген жұмыстар;

      5. Жеке тұлғалар және барлық ұйымдық-құқықтық түрдегi заңды тұлғалар, соның iшiнде нақты және уақытша нысандардың иелерi осы Ереженiң келесi талаптарына сәйкес орындауы қажет:

      өз бетімен өзінің қаржысына немесе мамандандырылған кәсіпорындармен шартқа отыру жолымен күнделікті бөлінген және маңындағы аумағын көріктендіріп және санитарлық жағдайын ұстауға;

      кез келген меншік нысанына ұқыпты қарауға;

      мемлекеттік меншік нысанына зиян келтірген жағдайда арнайы органдарға хабарлауға;

      көше аты мен үй нөмірі көрсетілген аншлагтарды техникалық дұрыс жағдайда және таза ұстауға;

      қоршауларды (дуалдарды) және шағын сәулет пішіндерін қалыпты жағдайда ұстауға;

      Ескерту. 5 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      6. Барлық ұйымдық-құқықтық түрдегі заңды және жеке тұлғалардың мүмкіндігі бар:

      аумақты күтіп ұстау және көріктендіру жұмыстарын жүргізу үшін бірігуге;

      аумақтың күтімі туралы өкілетті органдардан ақпарат алуға;

      қала аумағының күтімі бойынша өтетін конкурстарға, басқа көпшілік шараларға қатысуға.

      Ескерту. 6 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      7. Көшелерді, алаңдарды, жаға жайларды, саябақтарды, скверлерді және басқа қоғамдық орындарды ластауға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 7 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      8. Қала аумағында тұрмыс және құрылыс қоқыстарын, өндіріс қалдықтарын, ыдыстарды, кесілген ағаштарды, жапырақтарды, қарды тастауға жол берілмейді.

      9. Ішкі аулаларымен қоса кәсіпорындарда да және жеке үйлердің де маңайында қоқыстарды, жапырақтарды, ыдыстарды, өндіріс және тұрмыстық қалдықтарын өртеуге, от жағуға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 9 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      10. Хозфекальды және нөсер сулары канализацияларына жер үсті суларын ұйымдар аумағынан және инженерлік жүйелерден жіберу үшін канализациялық желілерді пайдаланатын ұйымдарының келісімі және келісім-шарты болуы керек.

      Ескерту. 10 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      11. Су айдынына өндірістік кәсіпорындардан шыққан тазаланбаған суды жіберуге рұқсат етілмейді.

      12. Үйлердің ішкі орамдарында және жалпы пайдаланатын жерлерде су бөлетін колонкаларда, су айдындарында, көпшілік демалатын орындарда, тұрғын үйлердің кіре берістерінде көліктерді жууға, тазалауға және жөндеуге рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 12 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      13. алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      14. Топырақты, қоқысты, шашылатын құрылыс материалдарын, жеңіл ыдыстарды, жапырақтарды, кесілген ағаштарды жолдарды ластауға жол бермейтін брезентпен немесе басқа материалмен жабылмаған күйінде тасуға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 14 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      15. Көгалдарда, гүлзарларда, балалар ойнайтын, кір жаятын және қоқыс контейнерлері алаңдарында, ғимараттардың қақпаларына әртүрлі бағыттағы нысандарды орналастыруға, сондай-ақ автокөліктерді қоюға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 15 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      16. Аула аумағының ішіндегі жолдарда арнайы көліктің өтуіне тосқауыл болатын балкаларды, блоктарды және аумақтарды оқшаулайтын өзге қоршауларды тұрғызуға және орнатуға, сондай-ақ олардың орналасуына қарамастан бөлшектенген көлік құралдарын қоюға, осыларға арнайы бөлінген тұрақтардан басқа жерлерде тұруына рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 16 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

2 тарау. Қала аумағын тазартуды ұйымдастыру

      17. алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      18. Жинау жұмыстары осы Ереженің талаптарына, өкілетті органмен бекітілген нұсқаулар мен технологиялық ұсыныстарға сәйкес жүргізіледі.

3 тарау. Қала аумағын тазалау тәртібі

      1. Көшенің өтпе жолдарын тазарту

      19. Өтпе жолдардың бөліктерін барлық ені бойынша тазарту, алаңдардың, көшелердің және қалалық көше желілерін, сондай-ақ жағалаулар, көпірлер, жол желілерін күту мен тазалау жұмыстарын осы жұмыстардың өндірісінде уәкілетті органмен жасасқан мемлекеттік тапсырыс жасау шарты негізінде мердігер-кәсіпорындар жүргізеді.

      20. Жол төсемдерін қоқыстан, батпақтан, қардан технологиялық тазарту жұмыстарын қамтамасыз ету үшін күнделікті автокөліктерді қоюға тыйым салынады және рұқсат етілмейтіндігін білдіретіні туралы жол белгілерін қою арқылы белгіленеді.

      Ескерту. 20 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      21. Магистральдардың, көшелердің және өтпе жолдарының жол төсемдерін осьтік және резервтік жолақтарын, жиектемелерін сыпыру жұмыстары, алдын ала суланғаннан кейін, өкілетті органмен бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      22. Жолдың жүргін бөлік жағы қандай да болмасын ластан толығымен тазартылуы тиіс. Қозғалыс сызығымен белгіленген, осьтік және резервтік жолақтары тұрақты түрде құм мен әр түрлі ұсақ қоқыстардан тазартылуы қажет.

      23. Бөлу жолағының көгал алаңын тазалау, жолдардың жүргін жағындағы, тротуарлардың және көгал алаңдардың қоршауларын, жолды көріктендірудің басқа да элементтерін ұстауды осы аумақтар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.

      24. Жолдардың жиектері ірі көлемді және басқа қоқыстардан тазартылуы қажет. Жұмыстарды жүргізу кезінде қоқысты көшелердің жүргін бөлік жағына және өтпе жолдарға шығаруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 24 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      2. Жаяу жүргіншілер жолдарын тазарту жұмыстары

      25. алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      26. Көпірлердегі, жол желілеріндегі тротуарларды, сондай-ақ инженерлік құрылғыларға және баспалдаққа шығатын жерлерге жалғасқан техникалық тротуарларды (кіре беріс жолдарын) жинауды, осы инженерлік құрылғылардың иесі болып табылатын кәсіпорындар жүргізеді.

      27. Саябақтар, скверлер, бульварлар, суайдындары, жаға жайлар, зираттар, соның ішінде осы жерлердегі тротуарлар, жаяу жүргіншілер аймақтары, баспалдақтар алып жатқан жалпы пайдаланудағы жерлерді жинауды және пайдалануды қамтамасыз ететін мекеме жүргізеді.

      Ескерту. 27 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      28. Көшелер мен өтпе жолдардың бойында орналасқан басқа тротуарларды жинау жұмыстары жүретін жолдарды күтуге жауапты немесе конкурсты ұтып алған ұйымдар жүргізеді.

      Ескерту. 28 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      29. Тротуарлар толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

      3. Аялдама және отырғызу алаңдарын тазарту

      30. Қалалық жолаушылар көлігінің аялдама алаңдарын жинауды жолдарға тазарту жұмыстарын жүргізуші ұйымдар атқарады. Аялдама алаңдары толығымен топырақ-құмнан, әр түрлі қоқыстан тазартылуы қажет.

      31. Қалалық қоғамдық көліктердің отырғызу алаңдарын жинауды сауда-аялдама кешендерінің иелері, жалға алушылар жүргізеді, ал олар жоқ болса жолдарды тазалайтын кәсіпорындар жинайды.

      Ескерту. 31 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      32. Жолаушылар павильондарын және оларға іргелес жатқан қоғамдық жолаушылар тасымалдау көлігі аялдамаларын жинау мен жуу жұмыстары олардың иелерімен немесе көшенің жүргін жолдарын жинауды жүзеге асыратын кәсіпорындармен жүргізіледі.

      4. Басқа қала аумақтарын тазарту

      33. Маңында жатқан және бөлініп берілген аумақтарды, қала көшелерінің оларға кіретін жолдарын меншігінде және пайдаланылануында ғимараттары бар заңды және жеке тұлғалар тазарту мен күту жұмыстары өз күштерімен немесе шарт бойынша мамандандырылған кәсіпорын арқылы жүргізеді.

      Ескерту. 33 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      34. Автокөлік тұрақтарын және қалташаларды күтіп-ұстау және тазалау жұмыстарын автокөлік тұрағы қарастырылған ғимаратты, үй-жайды, жер телімін пайдаланушылар немесе оның иелері жүзеге асырады.

      Ескерту. 34 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      35. алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      36. Сыртқы жарықтандыру бағаналарының құрылғысы мен діңгегі аумағын және тротуарларда орнатылған байланыс желілерінің маңайын жинау жұмыстарын тротуарларды жинауға жауапты кәсіпорындар жүргізеді.

      37. Жаяу жүргіншілердің жер асты және жер үсті жолдарының кіре берісінен жер үсті жолы бөлігіне немесе баспалдақтан периметр бойынша бес метрлік ара қашықтықты осы нысандар балансына кіретін кәсіпорындар жүргізеді.

      Ескерту. 37 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      38. Жанар-жағар май құю стансасына, автожуу бекеттеріне, жанармай құю кешендеріне және іргелес жатқан аумақтарға кіретін және шығатын жерлерін жинау, көріктендіру және аумағының тазалығын сақтауды осы объектілердің иелері мен оны пайдаланушылар жүргізеді.

      Ескерту. 38 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      39. Трансформаторларға немесе бөліп бергіш шағын станцияларға, автоматты түрде жұмыс істейтін басқа инженерлік орын-жайларға (қызмет көрсететін құрамсыз), сондай-ақ тоқ беру желілерінің бағаналарына іргелес жатқан аумақтарын жинау жұмыстарын осы объектілердің иелері жүргізеді. Жер үсті құбырларының астындағы қорғалатын аумақтарды тазарту мен күту жұмыстары желілердің иелерімен жүргізіледі.

      40. Сауда нысандарына іргелес жатқан, уақытша көшедегі сауда жасау аумағының орындарын (базарлар, сауда павильондары, жылдам салынатын сауда кешендері, шатырлар, дүңгіршектер және т.б.) радиусы 10 метр қашықтықта және көшедегі жүргін жолдарға дейін сауда нысандарының иелері тазартады. Іргелес жатқан көгалдарға, шатырларға, сауда шатырларына, дүңгіршектерге және басқа сауда нысандарына жәшіктерді үюге жол берілмейді.

      41. Ақылы автотұрақтардың, гараждардың аумақтарын жинау жұмыстарын иелері мен осы нысандарды пайдаланушы ұйымдар жүргізеді.

      42. Көп уақыт бойы пайдаланылмаған және игерілмеген аумақтардағы ғимараттарды бұзғаннан кейінгі аумақты жинау мен күту жұмыстарын, осы аумақ бөлініп берілген жер пайдаланушылар немесе жер иелері жүргізеді.

      43. Жапырақ түскен уақытта жинауға жауапты кәсіпорындар, көшелер мен магистральдар бойындағы, аула аумақтарындағы түскен жапырақтарды сыпыру жұмыстарын жүргізеді. Ағаштар мен бұталардың түбіне жапырақтарды жинауға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 43 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      44. Тастанды сулар (шұңқырлардан су сору, инженерлік желілердегі апат жағдайлары және т.б.) салдарынан пайда болған су басу жағдайлары болғанда, ал қыста қатып қалған қарлар мен мұздардың пайда болғанда оларды жоюдың жауапкершілігі осы жағдайдың болуына жол берген ұйымдарға жүктеледі.

      45. Жол жөндеу жұмыстарын жүргізген кездегі қоқыстарды, осы жұмыстарды жүргізуші ұйымдар: қаланың бас магистральдарынан - тез арада, басқа көшелер мен аулалардан - тәулік мерзімінде шығарады.

      46. Алаңдардағы, магистральдардағы, көшелердегі және өтпе жолдардағы қарды және ернеудегі сметаларды (ал қыс мезгілінде қар мен мұз үйінділерінің қалыптасуы) механикалық жинаудан кейін қолмен тазалау жұмыстарын жақын жерде орналасқан кәсіпорындар, мекемелер, ұйымдар, сауда кешендері мен павильондардың, тұрғын емес жәйлардың, ғимараттардың иелері жүргізеді, ал бұндай кәсіпорындар болмаған жағдайда механикалық жинау жасаған кәсіпорын тазалайды.

      Ескерту. 46 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      47. Механикалық тәсілмен жинауға қолайсыз (көлемінің тарлығына немесе қиын құрылымына байланысты) нысандарды жинау қолмен жүргізілуі тиіс.

      48. Көп қар жауған кезде жолдың жүргін бөлігінде, жер асты өткелдерінде (көлемінің аздығына немесе құрылымының күрделігіне байланысты) су басу болса, онда мамандырылған кәсіпорын су басуды жояды.

      5. Жер үсті және жер асты инженерлік жүйелерін күтіп ұстау

      49. Су ағатын желілерге қоқыспен бітеліп қалуын болдырмау үшін су ағатын коллекторларға сыпырғыны және тұрмыстық қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 49 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      50. Су ағатын қалалық желілердің нөсер суларын қабылдайтын құдықтарға профилактикалық тексеруді және оларды жинауды бекітілген кесте бойынша, бірақ айына бір реттен кем емес мамандандырылған кәсіпорындар немесе балансында осы құрылғылар бар басқа ұйымдар жүргізеді.

      Нөсер суларын қабылдайтын құдықтардың торлары үнемі жұмыс істейтін жағдайда болу керек. Торлардың және құдықтардың өткізу қабілетін шектейтін бітелуге, лайлануға жол берілмейді.

      51. Жер асты инженерлік коммуникацияларының иелері:

      жер асты коммуникацияларын күтіп ұстайды және жөндейді, сонымен қатар уақытылы құдықтар мен коллекторларды тазалайды;

      жолдардың төсемдерімен, тротуарлармен, көгалдармен және құдықтардың люктарымен бір деңгейде, қалыпты жағдайда ұстауды, сонымен қатар коммуникациялардың қанағаттанарлықсыз жағдайынан пайда болған жолдардың бұзылған шегінде төсемдерін қалпына келтіріп жөндеуді қамтамасыз етеді (өз қаржыларымен немесе мамандырылған мекемелермен келісім шартқа отыру негізінде);

      құдықтардың люктарын бар болуын және қалыпты жағдайда болуын бақылау және оларды уақытында ауыстыруға және жоғалған кезде орнына (тәулік ішінде) қоюды жүргізеді;

      коммуникацияның (қар үйінділері, мұз, лай, сұйықтықтар және басқалар) жұмысын реттеумен байланысты апатты жоюды бір тәулік ішінде қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 51 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      52. Инженерлiк желiлер аймағының шекарасының маңайындағы аумақты санитарлық ұстау жер үстi құрылғыларының иелерi мен пайдаланушы ұйымдарға жүктеледі.

      Ескерту. 52 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

4 тарау. Қысқы кездегі қала көшелерін
тазартудың ерекшеліктері

      1. Жалпы ережелер

      53. Қала көшелерінің өтпе жолдары мен кіру жолдарын қыста жинау жұмыстары осы Ереже талаптарына, жұмыс технологияларын, техникалық құралдар мен тайғаққа қарсы қолданылатын қоспаларды анықтайтын нұсқауларға және заңнамаға сәйкес бекітілген кестеге сәйкес жүргізіледі.

      54. Қала аймағын тазалайтын ұйымдар (тапсырыс берушілер қызметі және мердігерлік ұйымдар) 1 қазанға дейін тайғаққа қарсы материалдар қажетті мөлшерде тасып жеткізуі, дайындауы және жинауы керек.

      Ескерту. 54 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      55. Көшенің жүргін бөлігінің жағалауындағы қарды жинауды және тасып шығаруды осы көшенің жүргін бөлігін және өтпе жолдарды тазалайтын кәсіпорын жүргізеді.

      Ескерту. 55 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      56. Саябақтардағы, орман саябақтарындағы, бақтардағы, скверлердегі, бульварлардағы жолдарды және басқа жасыл аймақтарда тазалау кезінде жасыл желектердің жойылмауын және еріген суды қайтаруды қамтамасыз ету шартымен құрамында химиялық реагенттері жоқ қарды уақытша жинауға арнайы алаң дайындалып, жинауға рұқсат беріледі.

      57. Қысқы кезеңде жолдар, бақ орындықтары, қоқыс салатын жәшіктер және басқа да элементтер мен кіші сәулет пішіндері, сондай-ақ олардың алдындағы және бүйірлеріндегі жерлер, оларға баратын жолдар қар мен мұздақтардан тазартылуы керек.

      58. Тротуарлар мен жолдың жүргін бөлігіндегі, инженерлік желілерде болған апаттан пайда болған мұзды желі иелері уатып жинайды. Уатылған мұздар белгіленген орындарға шығарылады.

      59. Көшелердің көлік жүретін бөлігін, және өтпе жолдарды, тротуарлар мен аула аймақтарын тазалау жұмыстарының технологиясы және тәртіптері ауа райы жағдайына қарамастан көліктердің және жаяулардың қозғалысына бөгет болмауы тиіс.

      60. Тиым салынады:

      магистральдің, көшелердің жүргін бөлігіне және өтпе жолдарға, тротуарлар мен көгалдарға, ішкі орамдардың өтпе жолдарынан, аула аймақтарынан, кәсіпорындар, ұйымдар, құрылыс алаңдарынан, сауда нысандарынан және басқаларынан жиналған қарды жылжытуға немесе орнын ауыстыруға;

      тротуарларда, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көліктердің мінгізу алаңдарында, саябақтарда, скверлерде, аулаларда және басқа жаяу жолы мен жасыл желек аймақтарында көктайғақ реагенті ретінде техникалық тұзды және сұйық хлорлы кальциды пайдалануға;

      көгалдарға, гүл алаңдарына, бұталар және басқа да жасыл желектерге лас және тұз араласқан қарды, сонымен қатар мұз үйінділерін роторлық лақтыруға және орнын ауыстыруға.

      2. Көшелердегі және магистральдардағы

      қыста тазарту жұмыстары

      61. Қысқы тазалаудың бірінші кезектегі операцияларына кіреді:

      жолдардың көлік жүргін бөлігін тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу;

      қарды күреу және сыпыру;

      күрелген қарды тасып шығару үшін жинастыру;

      жол тораптарын, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларын, әкімдік және қоғамдық ғимараттардың кірме жолдарын, аулалардан шығатын және тағы басқа жолдарды күрелген қардан тазарту.

      62. Екінші кезектегі операцияға кіретіндер:

      қарды шығару (тасу);

      қар шығарылғаннан кейін жол жағалауын тазартуы;

      мұзды уату және қар-мұздан құралған үйіндіні шығару.

      63. Қала жолдарының жүргiн бөлiгiн тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу қар жауа бастағаннан кейiн, аралығы 15-20 минут ұстап жүргізіледі (1-3 мм/сағ және жоғары жиілікте). Әлсіз қар жауғанда (0,5-1 мм/сағ жиілікте) жолдарды өңдеуді 30-45 минуттан кейін бастау қажет.

      Ескерту. 63 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      64. Қаладағы метеорологиялық қызметтерден күні бұрын тайғақ болатыны туралы ескерту алған жағдайда, эстакадалардың, көпірлердің жүргін бөлігін өңдеу жұмыстары қар жауа бастаған кезден жүргізіледі.

      Ескерту. 64 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      65. Қысқы мезгілде қатты реагенттерді шашатын машиналар мен айналатын щеткалы қар тазалағыштардың тәулік бойғы кезекшілігін қарастыру.

      66. Барлық тайғаққа қарсы материалдарды шашуға арналған машиналар тәулік бойы кезекшілікте белгіленген көшелер мен өтпе жолдарда (жұмыс кестесінің бағытымен) жұмыс істеуге бекітіледі; маршрут кестесінің көшірмесі жолдама қағазбен бірге жүргізушіге береді.

      67. Қар басқаннан кейін ең алдымен көлік бағыты үшін ең қауіпті магистральдар және көшелер учаскелерін, яғни тік түсетін және көтерілетін жолдарды, көпірлерді, эстакадаларды, тоннельдерді, жол тораптарын және қоғамдық көлік аялдамаларын, сондай-ақ төтенше және басқа кедергілер болатын және тағы басқа жерлерді тайғаққа қарсы материалдармен өңдеу.

      68. Көлік қозғалысы үшін ең қауіпті орындарды өңдеуді аяқтағаннан кейін көлік жүретін бөлікті тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу қажет. Бұл операция алдымен жағалаудағы тастан бастап жолаушылар тасымалдайтын көлік қозғалысы жолағына дейін жүргізіледі.

      Барлық аумақты тайғаққа қарсы материалдармен жаппай өңдеу уақыты - қар жауа бастағаннан кейінгі төрт сағаттан асырмай жауапты жол тазалаушы кәсіпорындар жүргізуі қажет.

      Көтерілу мен төмен түсу және қисық шағын ойысы бар жолдарда доңғалақтардың жанасу коэффициентін арттыру үшін, температурасы 60С-ден төмен немесе одан да төмен температура кезінде жолдар 150-200 г/м2 көлемдегі құм-тұз қоспаларымен өңделеді. Жол қозғалысы 10 м-ден асатын кең құлаш жолдың бетін 2 қатар машинамен өңдеуі керек.

      Ескерту. 68 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      69. Технологиялық циклда "шашу-сыпыру" үлестері екеуінікі де тең болуы керек (реагенттермен өңделінген аудандардың саны сыпырылған аудандар санына тең болуы тиіс).

      70. Қар жол төсемінен 2,5-3,0 сантиметрге биік болса, бұл жаңадан түскен 5 сантиметр нығыздалмаған борпылдақ қарға тең, жолдың жүргін бөлігіне механикаландырылған сыпыру жүргізіледі.

      71. Ұзақ қар жауса механикаландырылған сыпырудың циклын әрбір 5 сантиметр жаңадан қар түскен сайын жүзеге асырылады.

      72. Бір ғана кәсіпорын тазалайтын жағдайда барлық көшелерді және өтпе жолдарды қажетіне қарай бір реттік күреу мен сыпыру уақыты төрт сағаттан аспау керек.

      73. Қар тоқтаусыз жауса технологиялық циклдың мөлшері (шашу - сыпыру) үш реттен кем емес жасалып, қажеттігі қарай қайталануы керек.

      74. Қар аяқталғаннан кейін жол төсемдеріне соңғы сыпыру жүргізіледі.

      75. Жолдың жүргін бөлігі механикаландырылған сыпырудан кейін оның көлденең бойында қар, мұз қалдықтарынан тазалануы тиіс.

      76. Уақытша жиналған қар үйіндісі - көшелердің жүргін бөлігінен және өтпе жолдардан, сонымен қатар тротуарлардан тазаланған қар көшелердің жүргін бөлігінің және өтпе жолдардың шетіне жиналған қар.

      77. Қар үйіндісін жинауға тиым салынады:

      барлық бір деңгейдегі жолдардың, көшелердің және өтпе жолдардың тоғысуында және теміржол өтетін үшбұрышты аймақ көрінетін жерлердің маңына;

      жаяу жүргіншілер өтпе жолдарына 5 метр жақын жерде;

      қоғамдық көлік аялдамаларына 20 метр жақын жерде;

      көлік қоршаулармен немесе бордюрлармен қоршалған жолдардың учаскелерінде;

      тротуарларда.

      78. Жол жағасына күрелген қарды жинау кезінде қарды тротуарларға және көгалдарға орнын ауыстыруға тиым салынады.

      79. Бір жақты көлік қозғалатын көшелер мен өтпе жолдардан, оның ішінде гүлзарлар, көгалдар және бетонды блоктар, аймақтар түрінде бөлініп тұратын жолақтары бар магистральдар жағынан қарды сыпыруды бастап, қыс бойы тұрақты түрде көлік жүретін бөлік жағалауындағы тасқа дейін қардан және мұздан тазалануы тиіс.

      80. Қар үйіндісін уақытша жинау кезінде және жылымықта еріген сулардың ағуы үшін жолдың жиек тастарындағы еріген су ағатын шұңқырлар тазаланып, жиектегі таспен қар үйіндісі арасында көлденеңі 0,5 метрден кем емес ара қашықтық болуы керек. Нөсер суларын қабылдаушыларға қар үйінділерін жинауға тиым салынады.

      81. Қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамалары және жер үсті жаяу өтпе жолдары қар үйінділерінен тазартылып, жол салынуы керек:

      аялдамаларда: 20 метрден 50 метрге дейін;

      жаяулар өтпе жолдары белгісі бар жолдарда, белгінің көлеміне қарай, ал белгісі жоқ жерде 5 метрден кем емес.

      Аулаларға және ішкі орамдарға кіретін, шығатын жолдар, ауланың ішкі жолдары өтпе жолдардың шетінен бастап механикалық күреу мен сыпырудан кейін.

      Ескерту. 81 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      82. Көшелерден және өтпе жолдардан қарды шығару екі кезеңде жүзеге асады:

      бірінші кезекте (таңдап) қар жауып біткеннен кейін қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларындағы, жаяу өтпе жолдардағы, көпірлердегі және жол өткелдеріндегі, көпшілік баратын орындардағы (ірі әмбебап дүкендер, базарлар, қонақ үйлер, вокзалдар, театрлар және т.б.), ауруханалардың аумағына және басқа әлеуметтік маңызды нысандарға кіретін жолдардағы қарды шығару 24 сағат ішінде жүзеге асырылады;

      соңғы (жаппай) қарды шығару бірінші кезекті шығару аяқталғаннан кейін кезекпен, тапсырыс берушілердің тапсырысы бойынша шығарылады.

      83. Қар тасушы көліктің әрбір өтуінен кейін жол жиегіндегі және жағалаудағы тас төсемдеріндегі қар қалдығынан және мұздан тазартылып, шығарылады.

      Арнайы дайындалған алаңдарға көшелердегі және өтпе жолдардағы қар тасып шығарылуы тиіс. Белгіленген тәртіп бойынша келісілмеген орынға қарды тасып шығаруға рұқсат етілмейді.

      Табиғатты қорғау ұйымдарының келісімі бойынша аудандық әкімдер аппаратына қар үйінділерін шығаратын орынды анықтау жүктеледі.

      Ескерту. 83 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      84. Қар ерігеннен кейін қарды уақытша жинайтын орындар қоқыстан тазаланып, көріктендірілуі тиіс.

      3. Тротуарларды, жер үсті жолаушылар көлігінің

      аялдамаларындағы жолаушыларды отырғызатын

      алаңдарды және жаяу жүргіншілер жолдарын тазалау

      85. Қар жауған кезде және тайғақта:

      Тротуарлар, аялдамалардағы отырғызу алаңдары және басқа жаяу жүретін аймақтар тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) бүкіл көлемі бойынша өңделуі және жаңа жауған және тапталған қардан тазартылуы тиіс.

      Тротуарларды, жаяу жолдарын және жолаушыларды отырғызатын алаңдарды қардан тазалау жұмыстары (механикалық сыпыру және қолмен тазарту) қар жаууы тоқтағаннан кейін бірден жүргізіледі. Ұзақ қарқынды қар жауғанда қардан тазарту және тайғаққа қарсы материалдармен (құм, ұсақ қиыршық тас) өңдеу жиілігі әрбір 5 см қар түскен сайын қайталануы тиіс.

      86. Троллейбустар жол бағыты бойынша жүретін жолдардың тазалау ерекшеліктері:

      троллейбустар бағыты өтетін көшелерде және өтпе жолдарда сұйық реагенттерді қолдануға тиым салынады;

      троллейбустар аялдамалары аймағында тұзды сұйық үйіндіні жиналуына рұқсат етілмейді.

      4. Үйлердің аулаларындағы қысқы тазалау жұмыстары

      87. Тротуарлар, үйлердің аулалары және өтпе жолдар асфальтқа дейін қардан және мұздан таза болу тиіс. Мұз қалыптасқан жағдайда (тайғақ) құм және қиыршық ұсақ тастармен өңдеу жүргізіледі.

      88. Үйлердің аулаларынан және орам аралығындағы жолдардан тазаланған қарды автокөліктер мен жаяулар қозғалысына кедергі жасамайтын орындарға жинауға рұқсат етіледі.

      89. Қар жинау кезінде жасыл желектерге зақым келтіруге тиым салынады.

      90. Ішкі үй аулаларында қарды жинағанда еріген қар суының қалай ағатынын алдын ала ескеру керек.

      91. Қыс мезгiлiнде ғимарат иелерi уақытында шатырларды қар мен мұздан, сүңгiлерден тазарту жұмыстарын ұйымдастыруы керек.

      Ескерту. 91 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      92. Ғимараттың жаяу жүргіншілер жағындағы шатырын тазарту жұмыстары жедел түрде қатерлі учаскеге қоршау орнату арқылы жүргізілуі керек.

      93. Көше жағына қараған шатырлардан қар мен мұздан жаяу жүргіншілер жолдарына түсіріп тазарту жұмыстары тек күндізгі уақытта жүргізілуі қажет. Ал қарды шатырдың басқа жақтарынан, сондай-ақ жазық шатырлардан сырғанатып ауланың ішкі аумағына түсірілу керек. Қарды түсірер алдында жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету шараларын жасау қажет. Ғимараттардың (құрылыстардың және құрылғылардың) шатырларынан түскен қарлар, мұздар мен сүңгілер жедел түрде өтпе жолдың шет жағына қарай көшені тазалаушы ұйымдар шығарып әкеткенше орналастырылады.

      94.Сарқынды су құбырларының аузына қар, мұз және қоқыстарды тастауға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 94 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

5 тарау. Жаз мезгілінде қала аумақтарын тазалау
1. Жалпы ережелер

      95. Жолдық төсемдерді (осьтік және резервті жолақты) магистральдарды, көшелерді және өтпе жолдарды алдын ала дымқылдап сыпыру күндізгі уақытта сағат 8-ден 21 сағатқа дейін, ал қатты қарқындағы көлік қозғалысы бар магистральдарда және көшелерде түнгі мезгілде жүзеге асырылады.

      96. Магистральдардың, көшелердің жүргін бөлігінің жолдық төсемдерін және өтпе жолдарды, трамвай төсемдерін жуу түнгі (сағат 23-тен сағат 7-ге дейін ) және қажетіне қарай күндізгі уақытта да жүргізіледі.

      97. Жолдың жүргін бөлігін жуған кезде лайлы суды және қоқысты тротуарларға, көгалдарға, қалалық жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының павильондарына, отырғызатын алаңдарына, жақын жерде орналасқан ғимараттардың, сауда нысандарының қасбеттеріне және т.б. орындарға шашыратуға тиым салынады.

      98. Ыстық күндері (ауа температурасы +25 градус С жоғары болса) жолдардың төсемдерін сулау сағат 12-ден сағат 16-ға дейінгі мезгілде жүргізіледі (екі сағат сайын).

      99. Жапырақтар түскен кезде көше, магистралдардың бойы және аула аумақтары түскен жапырақтардан тазаланады және шығарылады. Ағаштардың және бұталардың түбіріне жапырақтарды жинауға тыйым салынады.

      Ескерту. 99 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      2. Жаз мезгілінде жолдарды тазалаудың талаптары

      100. Жолдың жүргін бөлігі барлық ластану түрлерінен жаппай тазаланып және жуылуы тиіс.

      Реттеуші сызық болып табылатын - осьтік, резервтік жолақтар құмнан және әртүрлі ұсақ қоқымнан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.

      101. Екі метрлік жол жағалауындағы аймақта және ернеуінде, сондай-ақ тротуарлар және онда орналасқан жолаушылар тасымалдайтын көлік аялдамаларының отырғызу алаңында, трамвай жолдарын топырақ-құмды қоқымдардан және әртүрлі қоқыстардан толық тазаланып және жуылуы тиіс.

      102. Жолдың жағасы ірі көлемдегі және басқа да қоқыстардан таза болуы тиіс.

      103. Темір-бетоннан құралған бөлу жолақтары құмнан, батпақтан және ұсақ қоқыстардан тұрақты тазаланып тұруы тиіс.

      Шудан қорғайтын қабырғалар, металл қоршалулар, жол белгілері және жол көрсеткіштер жуылуға тиісті.

      104. Көгал ретінде орналастырылған бөлу жолағында, қалалық жолдардың жағалау бөлігінде шөп төсемдерінің биіктігі 15 см аспау керек. Әртүрлі қоқыстармен жолақтың ластануына жол берілмейді.

      3. Жаз мезгілінде үйлердің аулаларын тазалау

      105. Үйлердің аулаларын, аула ішіндегі өтпе жолдарды және жаяу жолдарды қоқымдардан, шаңнан және ұсақ тұрмыстық қалдықтардан тазалау, оларды жуу, сондай-ақ күні бойы тазалықты сақтауды пәтер иелерінің кооперативтері немесе ғимараттар мен құрылыстардың иелері қамтамасыз етеді.

      Ескерту. 105 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      106. Үйдің ауласын жуу үшін суару шүмектер және шланга арқылы суғару әрбір үй маңында жабдықталған және пайдалануға жарамды күйде болу тиіс.

      107. Кішігірім нысандардың иелері (автотұрақтар, көлік жөндейтін орындар, ангарлар, қойма түріндегі құрылымдар, ғимараттар, сауда және қызмет көрсету нысандары) санитарлық тазалық және тазарту бойынша келісім-шартқа отырады, немесе оны өз күшімен ұйымдастыруы тиіс.

      Ескерту. 107 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

6 тарау. Қалалық аумақтардағы қалдықтарды жинау,
уақытша сақтау және шығару

      108. Қаланы қоқыстардан тазарту Алматы қаласы мәслихаты бекіткен Қатты тұрмыстық қалдықтарды (ҚТҚ) шығарудың басты сызбасына сәйкес жүргізіледі.

      109. Заңды тұлғалардан, қала аумағында өз қызметін жүзеге асыратын басқа да шаруашылық жүргізуші субъектілерден, сондай-ақ жеке тұрғын үйлердің иелерінен ҚТҚ тасымалдау өкілетті орган өткізетін қоқыс шығару жөніндегі конкурсты (тендерде) жеңіп алған қоқыс шығарушы мердігер ұйымдармен жасалған келісім шарттар негізінде жүргізіледі.

      Ескерту. 109 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 264 шешімімен; өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      110. ҚТҚ-ны тасымалдауды ҚТҚ-ны жинақтаудың заңнамалық нормаларына сәйкес қалдықтарды орналастыру полигонмен, сондай-ақ ҚТҚ-ны сұрыптайтын, залалсыздандыратын, қайта өңдейтін және содан соң оны кәдеге асыратын мамандандырылған кәсіпорындармен шарттық қатынасы бар қоқыс шығарушы ұйымдар жүзеге асырады.

      Қоқысты сыртқа шығарушы ұйымдар кестеде (ҚТҚ шығаруға келісім-шарттың қосымшасы) көрсетілген мерзімде қоқысты шығару бойынша қызмет көрсетуі қажет.

      Ескерту. 110 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2009.11.30 N 264 шешімімен; өзгерістер енгізілді - 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      111. Ірі көлемді қоқыстарды (қалдықтарды) шығару жұмыстары кәсіпорындармен, мекемелермен және жеке тұлғалармен немесе шарт негізінде қоқыс шығарушы ұйымдармен жүргізіледі.

      112. Жылжымайтын нысандарды салу және (немесе) жөндеу жұмыстарымен айналысушы жеке және заңды тұлғалар қоқыстарды жою үшін, оны өздігінен шығаруға немесе шығару жөніндегі қоқыс шығарушы ұйымдармен келісім шарттар жасау қажет.

      113. Үй-жайлардың аумағында арнайы көліктің кіреберістерге келуіне қолайлы, контейнерлер орналастыратын арнайы алаңдар бөлінеді. Контейнерлер іліп алып тиеу және түсіру үшін арнайы қондырғылармен жабдықталады.

      Жеке тұрғын үйлер иелері ҚТҚ жинау үшін көлемі шағындау контейнерлер ұстауға құқылы.

      ҚТҚ көшелердің жүретін бөлігіне, сондай-ақ жеке тұрғын үйлерге қарасты аумаққа үйіп, жинауға жол берілмейді.

      Ескерту. 113 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2009 жылғы 30 қарашадағы N 264 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      114. Аумақтарында (бөлініп берілген, маңындағы) контейнерлік алаңшалары бар кәсіпорындар, ұйымдар, өзге де шаруашылық етуші субъектілер келесі талаптарды орындаулары қажет:

      1) контейнерлік алаңшалардың кіреберістері мен оларға өтетін жолдардың қатты төсемдері болуы тиіс;

      2) контейнерлік алаңшалар маңайындағы жатқан аумақтарға қоқыстарды шығармау үшін жаппай қоршалуы тиіс;

      3) контейнерлік алаңдар мен оның аулаларының тазалық жағдайын қамтамасыз ету;

      4) алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      5) контейнерлердегі тұрмыстық қалдықтарды жағуға жол бермеуге;

      6) жылдың қысқы мерзімінде контейнерлік алаңшаға арнайы автокөліктің жұмысына және тұрғындардың пайдалануына қолайлы жағдай туғызу мақсатында кіреберістер мен оларға өтетін жолдарды қар мен мұздан тазарылуын қамтамасыз етуі керек.

      Ескерту. 114 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      115. Контейнерлік алаңшаларды және контейнерлерді қолданатын, қызмет көрсететін ұйымдардың орындауы қажет:

      контейнерлерді уақытында жөндеуге және одан әрі пайдалануға, жарамсыздарды ауыстыруы;

      қоқыс қабылдағыш камераларды, алаңшаларды және жинағыштардың астауын, сондай-ақ қалдық салғыштардың тұрақты жуылып тұруын, зарарсыздандырылуын және шыбындарға қарсы дезинфекция жасауды қамтамасыз ету жөнінде шаралар қолдану қажет.

      116. Контейнерлер орнату алаңшалар тұрғын-жай және қоғамдық ғимараттардан, спорт алаңдарынан және халықтық дем алатын орындарынан қашықтықта болуы керек. Алаңшаның көлемі орнататын контейнерлер санына есептелуі қажет.

      117. Контейнерлік алаңдарды орналастыру мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау, сәулет және қала құрылыс органдарымен және пәтер иелері кооперативімен келісіледі.

      Ескерту. 117 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      118. Контейнерлердегі қоқыстарды тиеу кезінде түсіп қалған қоқыстарды жинау жұмыстарын ҚТҚ, ІКҚ шығаратын ұйымның қызметкерлері жүзеге асырады.

      119. Қоқыс қабылдағыш камера құлыпқа салынуы қажет, бөтен адамдардың қоқыс қабылдағыш камераға кіруіне рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 119 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 шешімімен.

      120. Қоқыс шығару құбырын пайдалануды иелігінде тұрғын үй орналасқан пайдаланушы ұйым жүзеге асырады.

      121. Пайдаланушы ұйым қамтамасыз етуі керек:

      1) қоқыс шығару құбырының және қоқыс қабылдағыш камерасының дұрыс жұмыс істеуін;

      2) қоқыс шығару құбырының шусыз жұмыс істеуін, ол үшін баспалдақ алаңындағы қоқыс шығару құбырына салатын қақпақтарының саңлаусыз, тығыз жабылатын резеңке төсемдерімен жабдықталған болуын;

      3) қоқыс қабылдағыш камераның және бағаналарын профилактикалық дезинфекциялық шараларды (дезинфекция, дезинсекция және дератизация) ай сайын жүргізуге.

      Ескерту. 121-тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 2 шілдедегі N 125, 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімдерімен.

      122. алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      123. Вокзалдарда, базарларда, әуе жайларда, саябақтарда, демалыс орындарында, алаңдарда, білім беру, денсаулық сақтау мекемелерінде және басқа көпшілік пайдаланатын орындарда, көшелерде, қалалық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында, сауда нысандарының кіре берістерінде міндетті түрде қоқыс жәшіктері орнатылуы тиіс. Қоқыс жәшіктері бір-бірінен 50 метрден кем емес қашықтықта; аулаларда, саябақтарда, алаңдарда және басқа аумақтарда 10-нан 100 метрге дейінгі арақашықтықта қоқыс жәшіктері орнатылады. Қалалық жолаушылар тасымалдау көліктері аялдамаларында және сауда нысандарының кіре берістерінде екі қоқыс жәшігінен орнатылуы тиіс.

      124. Қоқыс жәшіктерін орнату мен тазалау мемлекеттік тапсырыс келісім шартына сәйкес пайдаланушы мердігер кәсіпорындар және иелігінде немесе қолданысында аумағы бар шаруашылық субъектісі жүргізеді. Жәшіктер толуына қарай тазаланады.

      125. Жәшіктер ластануына қарай жуылуы тиіс, бірақ аптасына бір реттен кем емес.

7 тарау. Ұсақ бөлшек сауда үшін уақытша
құрылғыларды орнату, сондай-ақ жалпы пайдаланудағы
демалыс аймағын күтіп ұстау

      126. Ұсақ бөлшектік уақытша сауда нүктелерінің нысандарын (павильондар) орнату қолданыстағы нормаларға және ережелерге сәйкес жүзеге асырылады.

      127. Сәулеттік және түстері туралы шешім сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісіледі. Ұсақ бөлшектік сауда объектілерін жөндеу және бояу жұмыстары олардың иелерінің қаражаты есебінен, сәулет және қала құрылысы басқармасымен келісілген сыртқы түрі мен түсі шешімін сақтауды ескере отырып, орындалады.

      Ескерту. 127 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      128. Ұсақ бөлшектік сауда нысандары мен кешендеріне көліктік қызмет көрсету, маңайында жатқан магистральдар мен жаяу жүргіншілер бағыттарындағы, көлік қозғалысы мен жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігіне кедергі келтірмеуі қажет. Тауар жеткізуді жүзеге асыратын автокөліктің тұрағы, сауда нүктелеріне тауар артуды тек осылар үшін арналған орындардан жүзеге асырылады. Осы мақсаттарда тротуарларды, жаяу жүргіншілер жолы мен гүлзарларды пайдалануға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 128 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      129. Сауда нүктелерінің иелері маңайында жатқан аумақтық көркейтілу жұмыстарының бұзылмауын қадағалауы керек.

      Ескерту. 129 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      130. Ұсақ бөлшектік сауда ғимараттарының иелеріне аумақтарын тазарту мен қоқыс шығару үшін осы қызмет түрлерімен айналысушы ұйымдармен келісім шарт жасауы керек немесе өз күштерімен атқарулары тиіс.

      131. Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтары - саябақтар, скверлер, бульварлар, жаға жайларды осы нысандар бекітілген бюджеттік бағдарламалар әкімгерлері күтеді.

      Көпшілік пайдаланатын демалу аймақтарын тазалау және ағымдағы күту жұмыстарын бюджеттік бағдарламалар әкімгерлерімен отырған келісім шарт негізінде мамандандырылған кәсіпорындар жүргізеді.

      132. Көріктендірудің, ғимараттардың және шағын сәулеттік пішіндердің элементтеріне, көпшілік демалатын аймақтардың құрылымына сәулеттік және түстік шешімдеріне өзгерістерді Алматы қаласы сәулет және қала құрылыс басқармасымен келісіліп, жүргізіледі.

      Ескерту. 132 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      133. Саябақтарда және жаға жайларда орнатылған қоқыс жәшіктерінен басқа арнайы контейнерлер қоятын алаңдар болуы керек.

      134. Саябақтардың және жаға жайлардың аймақтарында нормалар мен ережелер талаптарына сәйкес қоғамдық әжетханалар болуы керек.

      135. Көпшілік демалатын аймақтарды қолданыстағы нормативтік талаптарға сай қоғамдық тамақтану нысандары және ұсақ бөлшекті сауда нүктелері орналасуына болады. Бұл нысандардың иелері бөлінген және бекітілген аумаққа санитарлық тазалау мен жинау үшін арнайы кәсіпорындармен келісім шартқа отыру керек, немесе қолданыстағы талаптарға сәйкес өзі жүргізеді. Осы нысандарды жөндеу және сырлау жұмыстары олардың иелері есебінен орындалады.

      Ескерту. 135 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      136. Көпшілік демалатын аймақта рұқсат етілмейді:

      қоқыстарды, жапырақтарды өртеуге, от жағуға, көліктерді жууға және тазалауға;

      көгалдарға, гүлзарларға, тротуарларға нысандарды орналастыруға;

      мангалды қолданып, ашық отта кәуап және басқа тағамдарды пісіруге;

      23.00 кейін қатты музыка қоюға.

      Ескерту. 136 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

8 тарау. Шағын сәулеттік пішіндерді күтіп ұстау

      Ескерту. 8 тарау алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

9 тарау. Ықшам аудандар мен тұрғын
үйлер орамдарын көріктендіру

      144. Ықшам аудандар мен орамдардың аймақтары қоқыс контейнерлерін қоятын, кір кептіретін, демалатын, балалардың ойнайтын, спортпен айналысатын, үй жануарларын қыдыртатын, автотұрақ, аялдату, жасыл аймақ үшін алаңшалармен жабдықталады.

      145. Алаңшалардың саны, орналасуы мен жабдықталуы құрылыс және санитарлық нормаларға сәйкес болуы тиіс, сәулет және қала құрылысы, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау департаменттерімен келісілуі керек.

      146. Тұрғын жай орамдары, шағын аудандар аумақтарында, сондай-ақ аула маңы аумақтарында мына тәртіп сақталуға міндетті:

      көтермелердің, жаяу жолдардың, жүргіншілер жолының, орам ішіндегі кіреберістері мен жолдарының төсемдерін қалыпты жағдайда ұстауға;

      аулаларға өздігінен түрлі шаруашылық немесе қосалқы құрылыс (гараждар және басқа) салуға жол бермеуге;

      ауланың ішкі аумақтарына құрылыс материалдарын үйуге жол бермеу;

      өзінің балансындағы (шаруашылық жүргізуші немесе жедел басқару) инженерлік желілерді қалыпты жағдайда ұстауға, құдықтарды уақытында қарап, тазартуға;

      шағын сәулет пішіндерін, спорттық, ойын, балалар мен шаруашылық алаңшаларының жабдықтарын, қоршаулар мен қашаларын қалыпты жағдайда ұстауға, олардың сыртқы түрінің ұқыптылығын сақтауға.

      147. Тұрғын үйлердің, шағын аудандардың аулаларында, сондай-ақ ауланың ішкі аумағында рұқсат етілмейді:

      1) аумақты тазарту немесе апатты жағдайларды жою жұмыстарынан басқа, сағат 23-тен сағат 7-ге дейін, тыныштық пен тәртіпті бұзатын іс-әрекет жасауға;

      2) ауланың ішкі және ішкі орам аумағындағы жасыл аймаққа, балалар алаңшасына, жүргіншілер жолына қызметтік және жеке меншік автокөлікпен кіруге, қоюға;

      3) арнайы бөлінген және белгілермен, таңбалармен белгіленген орындардан тыс жерлерге көліктерді қоюға және аялдатуға.

      Ескерту. 147 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

10 тарау. Ғимараттар мен құрылғылардың
қасбеттерді күтіп ұстау

      148. Меншігінде ғимараттар мен құрылыстар бар кәсіпорындардың және ұйымдардың басшылары ғимараттар мен құрылыстардың қасбеттерін күтіп ұстауға, аталған нысандарға және олардың жекелеген элементтеріне (балкондар, лоджиялар, су ағатын құбырлар және басқалар) қалпына келтіру, жөндеу және сырлау жұмыстарын уақытында жүргізуді, сонымен қатар қасбеттерде орнатылған ақпараттық, ескерткіш тақтайшалардың тазалығын және дұрыс жағдайда болуын қамтамасыз етулері керек.

      Дүкендер мен офистердің қала көшелері жағына шығатын витриналары жарықпен безендірілген болуы тиіс.

      Ескерту. 148 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      149. Өз еркімен ғимараттардың қасбеттерін және олардың үйлесілімділік элементтері қайтадан жабдықтауға тиым салынады.

      150. Шаруашылық жүргізу құқығындағы немесе жедел басқаруындағы ғимараттары және орын-жайлары бар жеке меншік иелері мен заңды тұлғалар, ғимараттарды, құрылыстарды және құрылғыларды, басқа жер учаскелеріндегі жылжымайтын нысандарды қала құрылысы мен жобалау құжаттарына, қала құрылысы нормативтері мен ережелері, экологиялық, санитарлық, өртке қарсы және басқа арнайы нормаларға сәйкес, қалыпты жағдайда сақтау жұмыстарын жүргізуі, соның ішінде оларға қарамағындағы ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттерін жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізуі керек.

      Ескерту. 150 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      151. Егер де бірнеше заңды немесе жеке тұлғалардың меншігінде, шаруашылық жүргізу құқығында немесе жедел басқаруында тұрғын емес немесе тұрғын ғимараттары болған жағдайда, осы тұлғалар ғимараттың пайдалану ауданына қарай қасбетін жөндеуге, жаңғырту жұмыстарын жүргізуге үлес қосуы керек. Ғимараттарға немесе орын-жайларға жоспарлы түрде жаппай жөндеу мен жаңғырту жұмыстарын жүргізген кезде, үлестік қатынасы бар тұлғалар осы мақсаттарға жұмсалатын қаражатты біріктіріп, жұмсауына болады.

      152. Сәулет, тарих немесе мәдениет ескерткіштері болып табылатын ғимараттар мен орын-жайлардың қасбеттерін жөндеу, жаңарту, қайта қалпына келтіру жұмыстары Қазақстан Республикасының және Алматы қаласының құқықтық актілерімен бекітілген, қорғау міндеттемелеріне сәйкес Мәдениет департаменті мен Сәулет және қала құрылысы басқармаларының келісімімен орындалады.

      Ескерту. 152 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      153. Рұқсат етілмейді:

      алдын ала сәулеттік бөліктерді қалпына келтірмей ғимараттар мен орын-жайларға сырлау жұмыстарын жүргізуге;

      табиғи немесе жасанды тастармен қапталған қасбеттерді сырлауға.

      Ескерту. 153 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

11 бөлім. Сыртқы жарықтандыруды және
субұрқақтарды күтіп ұстау

      154. Алматы қаласының өкілетті органы бекіткен кестеге сәйкес көшелердің, жолдардың, алаңдардың, жағалаулардың және басқа жарықтандырылатын нысандардың сыртқы жарығын қосу табиғи жарықтың көлемінің азаюы кезінде кешкі ымырт кезінде 20 люкске дейін, ал сөнуі - таңғы күңгіртте 10 люкске дейін беріледі.

      155. Алаңдардағы, магистральдардағы және көшелердегі, аула аумақтарындағы шамдардың жанбауы 3 пайыздан аспауы керек. Металл бағаналары, кронштейндер мен басқа сыртқы жарық құрылғылары мен қыстырма желілерінің элементтері таза, тот баспай ұсталып, сырлануы қажет. Жанып кеткен шамдарды ауыстыруды тиісті қызметтер оны анықтағаннан кейін 24 сағаттың ішінде ауыстыруы тиіс.

      156. Пайдаланудан шыққан құрамында сынап бар газ санатындағы шамдар - доқалы сынапты шам (ДСШ), металлдық диодтары бар доқалы шам (ДИШ), доқалы натрийлі (ДНАТ), люминесцентті шамдарды сақтайтын арнайы орындарда сақталып, одан әрі қайта өңделуі үшін арнайы кәсіпорындарға жеткізілуі қажет. Аталған шамдар түрлерін қалалық қалдықтарды орналастыру полигоны аумағына шығаруға рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 156 тармаққа өзгерістер енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317, 28.08.2013 N 155 шешімдерімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      157. Жарық және электрлі көліктердің байланыс желілерінің құлап қалған бағаналарын негізгі магистральдарда кешіктірілмей бағана иесі шығарады, ал басқа аумақтарда және бұзылған бағаналар - тәулік ішінде шығарылады.

      158. Су бұрқақтардың жағдайына және пайдаланылуына өкілетті органдар жауапты.

      159. Су бұрқақтарды қосу мерзімін, олардың жұмыс істеу тәртібін, тостағандарын шаю және тазарту кестесін, технологиялық үзілістерін және жұмыс істеуінің аяқталуын өкілетті органдар белгілейді.

      160. Су бұрқақтар жұмыс істеп тұрған мезгілде күн сайын су беті қоқыстан тазартылады. Пайдаланушы ұйымдар субұрқақтардың тазалығын олар жұмысын тоқтатқаннан кейін де қамтамасыз етуі керек.

      Ескерту. 160 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

12 тарау. Көркем безендіру және жарнама

      161. Маңайдағы аймақта, сонымен қатар ғимараттардың, жарнама беретін жарнама тақталарында орналастырылған сыртқы (көрнекі) жарнамалар мен ақпарат нысандары таза ұсталуы және түнгі уақытта жарықтандыратын арнайы прибормен жарықтандырылуы тиіс. Рұқсат құжатнамасы бар заңды және жеке тұлғалар бұларды күтіп ұстауға жауапты.

      Ескерту. 160 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      161-1. Сыртқы (көрнекі) жарнаманы орналастыру плакаттар, транспаранттар, жалаулар, стенділер, жарық таблолары, билбордтар, стеллалар, нұсқамалар, афишалар түрінде жүзеге асырылады және жарнамалық құрылғылардағы, жылжымалы және жылжымайтын нысандарда бейнелеудің және жарнамалық бейнелеудің және жазулардың өзге де тәсілдерімен жазылу арқылы жүзеге асырылады.

      Жарнамалық құрылғылар қолданыстағы құрылыс нормаларына және ережелеріне, стандарттарына, техникалық регламенттеріне және осындай үлгідегі құрылғыларға арналған талаптар мазмұндалған өзге де нормативтік актілерге сәйкес жобаланады, әзірленеді және орнатылады. Барлық құрылғылар санитарлық нормалардың және ережелердің талаптарына, оның ішінде жарықтандыру талаптарына сәйкес келуі тиіс.

      Тротуарларда немесе тротуарларға іргелес газондарда осы Ереженің 1 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша кіші форматтағы бір немесе екі жақты жарнамалық құрылғылар орналастырылады, сондай-ақ скроллингтік механизмімен және онсыз жарнаманы орналастыруға арналған бір немесе екі беті бар ішкі жағынан жарықтандырылатын орташа форматтағы жарнамалық құрылғылар осы Ереженің 2 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша орналастырылады.

      Шағын және орташа форматтағы жарнамалық қалқандар жалпы пайдаланылатын автомобиль жолдарының жолақтары мен тротуарларға параллель немесе перпендикуляр орналастырылады.

      Орташа форматтағы LED технологиялар пайдаланылатын жарнамалық құрылғылардың жалпы пайдаланылатын жолдардың жиегінде осы Ереженің 3 қосымшасына сәйкес параметрлер бойынша орналастырылған жарнаманы орнатуға арналған бір беті болады.

      Шағын және орташа форматтағы, сондай-ақ LED технологиялар пайдаланылатын жарнамалық құрылғылар жердің және жол төсенішінің деңгейінен жоғары емес тұстағы іргетасқа орнатылады, оның бетіне мықты әйнек немесе сапасы жағынан соған тең материал қойылып, ішкі жағынан жарықтандырылып, электр желісінен авариялық ажыратылу және электр желілеріне жер астынан қосылу жүйесімен жабдықталады.

      Жарнамалық құрылғылар ғимараттардың, құрылыстардың және құрылғылардың қабырғаларының тікелей жоғарғы жағына немесе металлокаркасқа, ақпараттық материалдарды бұзып, жинап алуға болатын пластика сияқты қабырғаға (әйнектері бар ғимаратқа, құрылысқа, құрылғыға медиафасадты орнатқан жағдайда) орналастырылады.

      Жоғарыда аталған жарнамалық құрылғылар маркировкасымен (иесінің Т.А.Ж. және телефон нөмірі, жарнаманың орнының нөмірі) орналастырылады. Маркировка ақпараттық кеңістіктің төменгі жағына орналастырылады. Маркировка мәтінінің өлшемі көлік құралдары қозғалысына жақын тұрған жолағынан немесе тротуардан оны оқу мүмкіндігі ескеріле отырып орналастырылады.

      Коммерциялық жарнама болмаған жағдайда жарнамалық құрылғының меншік иесі өз иелігіндегі бос тұрған алаңды әлеуметтік жарнамамен толтырады.

      Сыртқы жарнаманы орналастырғаны үшін ақы төленбейтін әлеуметтік жарнаманың немесе қаспеттерді безендірудің жайы Алматы қаласының уәкілетті органымен келісіледі.

      Ескерту. 12 - тарау 161-1 тармақпен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.11.2015 N 381 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      162. Жарнама құрылғысының иесі жарнама құрылғысын орналастырғаннан соң және орнынан алған соң аумақты көріктендіріп, қалпына келтіруі керек.

      Ескерту. 162 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      163. Жарнамалық құрамалардағы кескіндемені (плакаттарды) алмастырғанда автокөлікпен көгал алаңдарға кіруге рұқсат етілмейді.

      Ескерту. 163 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 2010.04.12 N 317 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      164. Кәсіпорындар мен ұйымдар ғимараттың бекітілген аймағын және қасбетін эстетикалық түрін қамтамасыз етуі керек. Кіре берісінде сыртқы есікте маңдайша жазулар, яғни кәсіпорынның бағдары туралы ақпараттар, фирмалық аталуы, тіркелген тауарлық белгісі (тауарлардың және қызметтердің тізімінсіз), тұтынушыны хабардар ететін кәсіпорынның мекен-жайы және ғимараттың қасбетінде оған кіру бағыты көрсетілген ақпараттар, кәсіпорын орналасқан орынжайдың ілінуі тиіс.

      165. Кәсіпорынның жұмыс жасау тәртібі туралы мәліметті тұтынушыға жеткізуге арналған баспа материалдары түріндегі плакаттарды кәсіпорындардың витриналарына (терезелеріне), есіктеріне орналастыруға болады.

      166. Кәсіпорындардың тауарлары мен көрсететін қызметтері туралы ақпараттармен витриналарды ішкі жағынан безендіріліп, сондай-ақ тауар өнімдерінің үлгісі, өздерінің фирмалық аталуы, олардың тауарлық және қызметтік белгілері, кәсіпорынның бағытын ашатын және фирмалық аталуына сәйкес бейнелеу элементтері, декоративті, мейрамдық безендірулер жасауға болады. Витринаның безендірілуі эстетикалық талаптарға сәйкес болуы керек.

      167. Қаланың жалпы пайдаланатын жерлерінде мерекелік безендіруді ұйымдастыру, орналастыру және орнынан алу жұмыстарын қаланың тиісті қызметтері орындайды.

      168. Әртүрлі жарнамаларды және басқа да ақпараттарды ғимараттарға, дуалдарға, қалалық жолаушылар көліктері павильондарына, жарықтандыру бағаналарына, ағаштарға жапсыруға және ілуге тиым салынады.

      Ведомстволық тиістілігіне қарамастан барлық нысандардағы (ғимараттар мен құрылғылардың қасбеттері, дүкендер, байланыс желілерінің және сыртқы жарықтандырудың бағаналары және т.б.) өз қалауымен орналастырылған жарнамаларды немесе өзге де хабарландыруларды, жазуларды және бейнелерді, Алматы қаласының жергілікті атқарушы органдары беретін рұқсат ету құжаттарынсыз орналастырылған жарнамалық құрылғыларды, плакаттарды, сондай-ақ жөнсіз жарнамалардың өзге де түрлерін алып тастау жұмыстарын ұйымдастыру Алматы қаласы аудандары әкімдерінің аппараттарына, сондай-ақ аталған нысандардың меншік иелеріне немесе жалдаушыларына қолданыстағы заңнамаға сәйкес жүктеледі.

      Ескерту. 168 тармаққа өзгерту енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 30.11.2015 N 381 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

13 тарау. Аялдама пункттеріне қойылатын талаптар

      169. Қазақстан Республикасы заңнамасының талаптарына сәйкес аялдама пункттері орналастырылады және жабдықталады.

      Ескерту. 169 тармақ жаңа редакцияда - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      170. Аялдама пункттерінің құрылысы тек қана жеңіл құрамаларымен, онда тұрғындарға қызмет көрсететін нысандарсыз салынады (таксофондар, сауда автоматтарынан басқасы).

      Ескерту: осы тармақтың күші аялдама пункттерінде орналастырылған, тұрғындарға қызмет көрсететін нысандардың меншік иелеріне, аялдама пункттері үшін бөлінген жер учаскесіне жер пайдаланудың құқығының берілген мерзімі өткеннен кейін қолданылады.

      171. Анықтама ақпараты (аялдама тірегінің аталуы, бағыттардың нөмірі, бағыттардың қозғалыс уақытының ара қашықтығы) аялдамада орнатылған электрондық таблода орналастырылуы тиіс.

14 тарау. Таксофондар

      Ескерту. 14 тарау алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

15 тарау. Алматы қаласы аумағындағы көріктендіру жағдайына, тазалауды және тазалық сақтауды ұйымдастыруды бақылау бойынша өкілетті органдардың және мемлекеттік органдардың міндеттері

      Ескерту. 15 тарау алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

3 Бөлім. Ережені бұзғаны үшін жеке және
заңды тұлғалардың жауапкершіліктері

      176. Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаға сәйкес ереже бұзушылар әкімшілік жауапқа тарту, оларды келтірген материалдық зиянының орнын толтырады және осы Ережеде қарастырылған талаптарды орындаудан және жіберілген тәртіп бұзушылықтар қалпына келтіруден босатпайды.

      Ескерту. 176 тармаққа өзгеріс енгізілді - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ
ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР

      Ескерту. "КӨРІКТЕНДІРУ ЖӘНЕ САНИТАРЛЫҚ ТАЗАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ТАЛАПТАР" бөлімі алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
қосымша

      Ескерту. Қосымша алынып тасталды - Алматы қаласы мәслихатының 28.08.2013 N 155 шешімімен (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

  Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
1 қосымша

      Ескерту. Ереже 1 қосымшасымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.11.2015 N 381 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
2 қосымша

      Ескерту. Қосымша жаңа редакцияда - Aлматы қаласы мәслихатының 17.02.2017 № 75 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).



  Алматы қаласының аумағын
көріктендіру Ережесіне
3 қосымша

      Ескерту. Ереже 3 қосымшасымен толықтырылды - Алматы қаласы мәслихатының 30.11.2015 N 381 шешімімен (әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және ол алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).