Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларына түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы

ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихатының XXХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 351 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2007 жылғы 18 шілдеде N 751 тіркелді

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Жер  кодексінің  11 бабына, Қазақстан Республикасы "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы"  заңының  6 бабының 1 тармағының 15 тармақшасына және Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2003 жылғы 2 қыркүйектегі "Жер учаскелерi жеке меншiкке берiлген кезде, мемлекет немесе мемлекеттiк жер пайдаланушылар жалға берген кезде олар үшiн төлемақының базалық ставкаларын, сондай-ақ жер учаскелерiн жалдау құқығын сату төлемақысының мөлшерiн бекiту туралы" N 890  қаулысына  сәйкес ІІІ сайланған Алматы қаласының мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
       1. 1, 2 қосымшаларға сәйкес Алматы қаласында жер учаскелері төлемінің базалық ставкаларына түзету коэффициенттері және Алматы қаласының жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентін анықтау үшін жерді бағалы аймақтарға бөлу шекаралары бекітілсін.
      2. І сайланған Алматы қалалық Мәслихатының XXV сессиясының 1999 жылғы 14 мамырдағы "Алматы қаласы аумақтарының функциональдық құнының бағамдық аудандастырылуының" схемасын, жер салығының ставкаларын және селитебтік аумақтың шекараларын бекіту туралы" (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде 1999 жылы 11 маусымда N 62 болып тіркелген)  шешімінің  1 тармағы күші жойылған деп танылсын.
      3. Осы шешім Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап күшіне енеді және алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданылады.

       ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXХ сессиясының
      төрағасы                                   С. Лебедев
      
      
      ІІІ сайланған Алматы
      қаласы мәслихатының
      хатшысы                                    Т. Мұқашев

  ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXХ сессиясының
      2007 жылғы 5 маусымдағы
      N 351 шешіміне 1 қосымша

Алматы қаласы бойынша жер телімдер
төлемінің базалық ставкаларына
енгізілген түзету коэффициенттері
Бағалау аймағының сипаттамасы

       Ескерту. 1 қосымша жаңа редакцияда жазылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 139  шешімімен .

Айма қ ты ң номері

Ә кімшілік аудандар ж ә не айма ққ а кіретін кадастр кварталдарыны ң  номері

Т ү зету
коэффициетнті

I

Алмалы (004-009, 016-018,042-043, 045-047)
Бостандық (004-006)
Медеу (001, 011, 013, 014, 021, 024, 025-029, 047, 053-058, 903, 904, 912, 913, 923, 935, 936, 937, 938)

1,93

(2,0-1,85)

II

Алмалы (001-003, 010-013)
Бостандық (001-003, 008-020, 021, 022, 023, 028, 029, 034, 035-037, 038-041, 042-045)
Әуезов (058-061, 062-064, 939)
Медеу (002-004, 008, 009, 010, 012, 015, 016, 019, 017, 018, 020, 022, 023, 045-046, 051, 934, 003, 914, 929, 930, 048, 943, 939, 942, 941, 940, 905, 052, 933, 932, 944, 945)

1,60

(1,84-1,34)

III

Алмалы (019, 020-027, 041, 044, 046-048)
Жетісу (033-037)
Әуезов (030-033, 039, 046, 049, 040, 041, 044, 045, 048, 050, 051, 054-057)
Медеу (005-007, 030-035, 037-042, 901, 902, 906-911, 924-927)
Бостандық (030-033)

1,03

(1,33-0,73)

IV

Алмалы (028-040)
Әуезов (042, 043, 047, 052, 053, 948-951, 934-938)
Жетісу (021, 022, 001, 041, 042, 061-067)
Түрксіб (008, 009, 015, 016)
Алатау (010, 015-019, 022-027, 040-042, 044-065)

0,63

(0,72-0,54)

V

Жетісу (002, 006-013, 023-037, 043-060, 038-040)
Медеу (014, 036, 050, 917-919, 916, 922, 915, 921)
Түрксіб (001-007, 010-014, 017-100, 901-906)
Алатау (001-008, 011-014, 020, 021, 028-039, 043)

0,52

(0,53-0,50)

     ІІІ сайланған Алматы қаласы
      мәслихаты XXХ сессиясының 
      2007 жылғы 5 маусымдағы 
       N 351 шешіміне 2 қосымша 

Алматы қаласының жер учаскелеріне төлемақының базалық ставкаларына түзету коэффициентін анықтау үшін жерді бағалы аймақтарға бөлу шекаралары

       Ескерту. 2 қосымша жаңа редакцияда жазылды - Алматы қаласы мәслихатының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 139  шешімімен .

       РҚАО ескертуі: схеманың қағаз нұсқасын Алматы қ. қараңыз