ІІІ сайланған Алматы қаласы мәслихаты ХХХ сессиясының 2007 жылғы 5 маусымдағы N 351 "Жер учаскелері төлемдерінің базалық ставкаларының түзету коэффициенттерін және жерлерді бағамдық аймақтандыру шекараларын бекіту туралы" шешіміне өзгертулер енгізу туралы

ІV сайланған Алматы қаласы мәслихатының кезектен тыс ХІІ сессиясының 2008 жылғы 20 тамыздағы N 139 шешімі. Алматы қаласы Әділет департаментінде 2008 жылғы 22 қыркүйекте N 794 тіркелді. Алматы қаласы мәслихатының 2015 жылғы 23 шілдедегі  № 356 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Мақат ауданы Мақат поселке әкімінің 2010.11.01 № 142 шешімімен.

      Мақат ауданының ономостикалық комиссиясының 2008 жылғы 16 сәуірдегі ұйғарымы негізінде Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23  қаңтардағы N 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Заңының 35 бабын, Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы N 4200 "Қазақстан Республикасының әкімшілік- аумақтық құрылысы" туралы Заңының 14 бабын басшылыққа алып, ШЕШЕМІН:

      1. Аудан орталығы Мақат поселкесінің "Мұнайшы" газеті редакциясының ғимаратынан бастап, Мақат желілік өндірістік басқармасына дейінгі аралықтағы көшеге Ұлы Отан соғысының ардагері Бекжанов Сәтқұлдың есімі берілсін.

      2. Осы шешімнен туындайтын мәселелердің орындалуын қадағалауды поселке әкімінің орынбасары Н. Төлегеновке жүктелсін.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі. 


      Поселке әкімі            Е. Қардаров