1. Бейбіт жиналыстар, митингілер, шерулер, пикеттер және демонстрациялар өткізу орындары анықталсын:
1) мемлекеттік органдардың ұйымдастыруымен өткізілетін ресми шаралар үшін мұз Сарайының алаңы, қалалық мәдениет Сарайының алаңы, мәдени демалу паркі, жас көрермендер театры, Металлургтер манументі алаңы, "Ақтау" бос уақытты мәдени өткізу орталығы (Ақтау кенті, К. Маркс көшесі, 5);
2) қоғамдық-саяси сипаттағы мемлекеттік емес шараларды өткізу үшін ескі қала паркі (Республика даңғылы, 134), "Цементник" мәдениет Үйінің алдындағы алаң (Ақтау кенті, Центральная көшесі, 3а);
3) сәулеттік және функционалдық қолданылуына сәйкес ресми және мәдени-көңіл көтеру үшін басқа да алаңдар мен скверлер.
2. Осы шешім бірінші жарияланған күннен бастап күшіне енеді.
Мәслихат хатшысы | А. Аркатов |