Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыдандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2007 жылғы 13 желтоқсандағы N 18 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2007 жылғы 27 желтоқсанда N 3-8-47 тіркелді

Жаңартылған

      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010.04.23 № 166 (қолданысқа енгізілу тәртібін 2 тармақтан қараңыз) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148-ІІ ҚРЗ «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңына, 2005 жылғы 8 шілдедегі № 66-ІІІ ҚРЗ «Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы» Заңының 18 бабының 5 тармағына және 2007 жылғы 27 шілдедегі № 319-ІІІ ҚРЗ «Білім беру туралы» Заңының 53 бабының 2 тармағының 2 тармақшысына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:
      1) Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін, біржолғы ақшалай өтем ақы ретінде 3000 теңге мөлшерде әлеуметтік көмек берілсін.
      2) Экономика және бюджеттік жоспарлау бөліміне (А.Жұмабаева) аудандық бюджетте қажетті қаражаттар қарастырсын.
      3) Осы шешім алғашқы рет аудандық «Мәртөк тынысы» газетінде ресми жарияланғаннан кейін 10 күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат                Аудандық мәслихат
    сессиясының төрағасы                    хатшысы

         И.Жұмабаев                        А.Смағұлов