Аудандық мәслихаттың кейбір шешімдеріне толықтыру енгізу туралы

Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2010 жылғы 23 сәуірдегі № 166 шешімі. Ақтөбе облысы Мәртөк ауданының Әділет басқармасында 2010 жылдың 18 мамырда № 3-8-115 тіркелді. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 2018 жылғы 1 маусымдағы № 151 шешімімен

      Ескерту. Күші жойылды - Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық мәслихатының 01.06.2018 № 151 шешімімен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).

      Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы № 148 "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Заңының 6 бабына, Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 24 наурыздағы № 213 "Нормативтік құқықтық актілері туралы" Заңының 27 бабының 1 тармағына сәйкес аудандық мәслихат ШЕШІМ ЕТЕДІ:

      1) Аудандық мәслихаттың "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" 2007 жылғы 13 желтоқсандағы № 18 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-47, 2008 жылғы 23 қаңтардағы "Мәртөк тынысы" № 5 және 2008 жылғы 9 сәуірдегі "Мәртөк тынысы" № 16 газеттерінде жарияланған); "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына үстемақы белгіленуі туралы" 2008 жылғы 28 наурыздағы № 39 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-51, 2008 жылғы 23 сәуірдегі "Мәртөк тынысы" № 18 газетінде жарияланған); "Аудандық мәслихаттың 2007 жылғы 13 желтоқсандағы сессиясының "Ауылдық елді мекендерде жұмыс істейтін әлеуметтік қамсыздандыру, мәдениет және білім беру мамандарына отын сатып алу үшін әлеуметтік көмек беру туралы" № 18 шешіміне толықтырулар енгізу туралы" 2008 жылғы 24 шілдедегі № 55 (Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде тіркелген № 3-8-58, 2008 жылғы 20 тамыздағы "Мәртөк тынысы" № 34 газетінде жарияланған) шешімдеріне мынадай толықтыру енгізілсін:

      мәтінінде "жергілікті мемлекеттік басқару" деген сөздер "және өзін-өзі басқару" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

      Аудандық мәслихат
сессиясының төрағасы
М.Ермұқанов
      Адандық мәслихат
хатшысы
А.Смағұлов