Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N А-6/203 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 маусымдағы N ЗС-27-14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 11 шілдеде N 3228 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селолық», «селосы», «селосының» деген сөздер «ауылдық», «ауылы», «ауылының» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының Заңының 3, 11 баптарына сәйкес, Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N а-4/181 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі N С-38/2 "Елді мекендерді есепті деректерден шығару туралы" шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
      1) Абылайхан ауылдық округі бойынша:
      Ақылбай ауылының құрамына енгізіліп, Баянбай ауылы;
      Жаңа Қарабауыр ауылының құрамына енгізіліп, Ескі Қарабауыр ауылы;
      Озерное ауылының құрамына енгізіліп, Жанқара ауылы.
      2) Веденовка ауылдық округі бойынша:
      Қарабұлақ ауылының құрамына енгізіліп, Крупское ауылы.
      3) Зеленобор ауылдық округі бойынша:
      Зеленый Бор ауылының құрамына енгізіліп, Подхоз ауылы.
      4) Наурызбай ауылдық округі бойынша:
      Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Айғабақ ауылы;
      Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Бидайық ауылы.
      5) Успеноюрьевка ауылдық округі бойынша:
      Успеноюрьевка ауылының құрамына енгізіліп, Ковалевка ауылы.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

      Ақмола облысының әкімі