Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына өзгерістер енгізу туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 11 маусымдағы N А-6/203 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 11 маусымдағы N ЗС-27-14 шешімі. Ақмола облысының Әділет департаментінде 2007 жылғы 11 шілдеде N 3228 тіркелді.

Қолданыстағы

      1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Қазақстан Республикасының  Заңының  3, 11 баптарына сәйкес, Щучье ауданы әкімдігінің 2007 жылғы 10 сәуірдегі N а-4/181 қаулысы мен Щучье аудандық мәслихатының 2007 жылғы 10 сәуірдегі N С-38/2 "Елді мекендерді есепті деректерден шығару туралы" шешімі негізінде Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты  ШЕШІМ ЕТТІ :
      1. Щучье ауданы бойынша Ақмола облысының әкімшілік-аумақтық құрылысына келесі өзгерістер енгізілсін:
      Келесі елді мекендер басқа қоныстар категориясына көшірілсін және олар жақын елді мекендер құрамына енгізіліп, есептік деректерден шығарылсын:
      1) Абылайхан селолық округі бойынша:
      Ақылбай ауылының құрамына енгізіліп, Баянбай селосы;
      Жаңа Қарабауыр селосының құрамына енгізіліп, Ескі Қарабауыр селосы;
      Озерное селосының құрамына енгізіліп, Жанқара селосы.
      2) Веденовка селолық округі бойынша:
      Қарабұлақ селосының құрамына енгізіліп, Крупское селосы.
      3) Зеленобор селолық округі бойынша:
      Зеленый Бор селосының құрамына енгізіліп, Подхоз селосы.
      4) Наурызбай селолық округі бойынша:
      Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Айғабақ селосы;
      Наурызбай Батыр ауылының құрамына енгізіліп, Бидайық селосы.
      5) Успеноюрьевка селолық округі бойынша:
      Успеноюрьевка селосының құрамына енгізіліп, Ковалевка селосы.
      2. Осы шешім Ақмола облысының Әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім ресми жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысының әкімі