Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы"
Заңының
11 бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қазандағы N А-10/165 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N а-12/199 қаулылары, Бұланды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы N 3С-33/3 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 3С-35/3 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 319 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 491 қаулылары, Аршалы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қазандағы N 36/11 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/5 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 30 наурыздағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты
ШЕШІМ ЕТТІ
:
1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары өзгертілсін:
1) Бұланды ауданы бойынша:
Айнакөл селолық округінің Красноводское селосы Айнакөл ауылына;
Қараөзек ауылдық округінің Колоколовка селосы Қараөзек ауылына;
Қараөзек ауылдық округінің Прохоровка селосы Байсуат ауылына;
Вознесенка селолық округінің Белоцерковка селосы Аққайың ауылына;
Вознесенка селолық округінің Красный Кардон селосы Тастыөзек ауылына;
Ерголка селолық округінің Ерголка селосы Тоқтамыс ауылына;
Карамышевка селолық округінің Карамышевка селосы Шұбарағаш ауылына;
2) Аршалы ауданы бойынша:
Нововладимировка селолық округінің Нововладимировка селосы Бұлақсай ауылына;
Нововладимировка селолық округі Бұлақсай ауылдық округіне;
Александровка селолық округінің Мартыновка селосы Жалтыркөл ауылына.