Бұланды және Аршалы аудандары бойынша облыстың кейбір елді мекендерінің атауларын өзгерту туралы

Ақмола облысы әкімдігінің 2007 жылғы 27 сәуірдегі N а-5/145 қаулысы мен Ақмола облыстық мәслихатының 2007 жылғы 27 сәуірдегі N ЗС-26-13 шешімі. Ақмола облысының әділет департаментінде 2007 жылғы 25 мамырда N 3223 тіркелді.

Жаңартылған

      Ескерту. Бүкіл мәтін бойынша «селосы», «селолық» деген сөздер «ауылы», «ауылдық» деген сөздермен ауыстырылды - Ақмола облысы әкімдігінің 17.02.2015 № А-2/65 қаулысы және Ақмола облыстық мәслихатының 17.02.2015 № 5С-34-6 (ресми жарияланған күннен бастап қолданысқа енгізіледі) шешімімен.

      Қазақстан Республикасының 1993 жылғы 8 желтоқсандағы "Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы" Заңының 11 бабына сәйкес, Бұланды ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 6 қазандағы N А-10/165 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N а-12/199 қаулылары, Бұланды аудандық мәслихатының 2006 жылғы 6 қазандағы N 3С-33/3 және 2006 жылғы 14 желтоқсандағы N 3С-35/3 шешімдері, Аршалы ауданы әкімдігінің 2006 жылғы 13 қазандағы N 319 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 491 қаулылары, Аршалы аудандық мәслихатының 2006 жылғы 13 қазандағы N 36/11 және 2006 жылғы 20 желтоқсандағы N 38/5 шешімдері негізінде және Ақмола облысы әкімдігінің жанындағы тіл саясаты және ономастика жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылғы 30 наурыздағы шешіміне байланысты Ақмола облысының әкімдігі мен Ақмола облыстық мәслихаты ШЕШІМ ЕТТІ:
      1. Ақмола облысының кейбір елді мекендерінің атаулары өзгертілсін:
      1) Бұланды ауданы бойынша:
      Айнакөл ауылдық округінің Красноводское ауылы Айнакөл ауылына;
      Қараөзек ауылдық округінің Колоколовка ауылы Қараөзек ауылына;
      Қараөзек ауылдық округінің Прохоровка ауылы Байсуат ауылына;
      Вознесенка ауылдық округінің Белоцерковка ауылы Аққайың ауылына;
      Вознесенка ауылдық округінің Красный Кардон ауылы Тастыөзек ауылына;
      Ерголка ауылдық округінің Ерголка ауылы Тоқтамыс ауылына;
      Карамышевка ауылдық округінің Карамышевка ауылы Шұбарағаш ауылына;
      2) Аршалы ауданы бойынша:
      Нововладимировка ауылдық округінің Нововладимировка ауылы Бұлақсай ауылына;
      Нововладимировка ауылдық округі Бұлақсай ауылдық округіне;
      Александровка ауылдық округінің Мартыновка ауылы Жалтыркөл ауылына.
      2. Шешім Ақмола облысының әділет департаментінде мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
      3. Шешім облыстық газеттерде жарияланғаннан кейін қолданысқа енгізіледі.

       Ақмола облысының әкімі