Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
1. Қоса берілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.
2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 142/18-III "Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы" шешімінің (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылдың 1 шілдесінде N 394 тіркелген, N 90 "Астана хабары" газетінде 2005 жылғы 5 шілдеде және N 103-104 "Вечерняя Астана" газетінде 2005 жылғы 9 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.
3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.
Астана қаласы мәслихаты
сессиясының төрағасы
Астана қаласы мәслихатының
хатшысы
КЕЛІСІЛДІ:
"Астана қаласының Жұмыспен қамту
және әлеуметтiк бағдарламалар
департаментi" мемлекеттік
мекемесінің директоры (ЖҚжӘБД)
Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 17 қазандағы
N 16/4-IV шешімімен бекітілген
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ
Осы Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне , " Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", " Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы " Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III шешіміне сәйкес дайындалды.
1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - Әлеуметтік көмек) тегін қызметтер ұсыну мен ақшалай төлемдер түрінде ұсынылады.
Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, мөлшері және түрлері осы Қағидамен белгіленеді.
4. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар департаментi" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әкімгер) әкiмгер болып табылатын "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес (бұдан әрi - Бағдарлама) және тиісті қаржылық жылға қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.
5. Әкімгер мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаны іске асыру мақсатында Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметті жеткізушілерді (бұдан әрі - Жеткізушілер) анықтайды, тараптардың міндеттері мен осы міндеттерді орындау шарттары айтылған мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жасасады (осы Қағиданың 2 бөлімінің 3-тарауында көрсетілген қызметтерден басқа).
6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы (бұдан әрі - МЗТО) қажеттілік бойынша Әкімгерге осы Қағидада көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтерді, сондай-ақ ай сайын МЗТО деректер қорында тіркелген, жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады (электрондық және қағаздық жеткізушілерде).
7. Әлеуметтік көмек алушы Астана қаласынан тіркеуден шыққан немесе қайтыс болған жағдайда осы айғақтың белгілі болған айынан бастап Әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.
8. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
1) Қалалық ардагерлер кеңесі - "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы;
2) еңбек ардагерлері - кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтын зейнеткерлік жастағы адамдар;
3) еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлері - қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын соғыс және еңбек ардагерлері;
4) үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелері - Қалалық ардагерлер кеңесімен бірігіп, соғыс және еңбек ардагерлерімен, зейнеткерлермен жұмыс жүргізетін зейнеткерлік жастағы адамдар;
5) соғыс ардагерлері - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
6) тұлдыр жетімдер - бір немесе екі ата-анасынан айырылған тұлғалар;
7) бала жасынан мүгедектер - 18 жасқа толғанға дейін тiршiлiк-тынысының шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден ағза қызметтері тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
8) көп балалы отбасы балалары - бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ 23 жасқа толмаған көп балалы отбасы балалары;
9) балалар үйі түлектері - қамқорлық және қорғаншылыққа алу органдарының шешімі бойынша балалар үйлерінде қамқорлыққа алынғандар;
10) оқуға ақшалай төлем алушы - Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін ақшалай төлем ұсынылған осы тармақтың 6)-9) тармақшаларында көрсетілген санаттағы адам.
11) комиссия - қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдерді тағайындау бойынша әкімдікпен құрылатын және қала мәслихатымен бекітілетін қалалық комиссия.
2 бөлім. Әлеуметтік көмек түрінде көрсетілетін
тегін қызметтер
1-тарау. Жалпы ережелер
9. Осы бөлім Әлеуметтік көмектің келесі тегін қызмет түрлерін көрсету тәртібін анықтайды:
1) дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету;
2) қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүру (жеңіл таксиден басқа);
3) мерзімдік басылымдарға жазылу;
4) мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек;
5) тістерді протездеу (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа).
10. Әкімгер Жеткізушілер қызметтерін төлеуді көрсетілген қызметтердің ұсынылған тізімдемелері мен атқарылған жұмыстардың актілері және МЗТО деректер базасымен салыстырылған әлеуметтік көмек алушы азаматтар тізімдерінің негізінде (қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүру қызметтерінен басқа) ай сайын келесі айдың 15-не дейін (мерзімдік басылымдарға жазу қызметтерінен басқа) жүргізеді.
11. Қағиданың 9-тармағының 3) және 5)-тармақшаларында көрсетілген Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс беріледі.
2-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету үшін
әлеуметтік көмек
13. Астана қаласы әкімдігімен тізбесі жыл сайын бекітілетін дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету үшін Әлеуметтік көмек амбулаторлық емделгенде азаматтардың келесі санаттарына:
1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
5-8-баптарымен
мәртебесi анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) Қазақстан Республикасының алдында ерен еңбегi үшiн зейнетақы алушы зейнеткерлерге беріледі.
14. Әкімгер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі - Клиникалық госпиталь) Қағиданың 13-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.
15. Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге бекітілген үлгідегі жеңiлдiкті рецепттердi алуға хабарласады.
16. Клиникалық госпиталь Әкімгер ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізіміне сәйкес белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді хабарласуы бойынша беруді жүзеге асырады.
17. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрi-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.
18. Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 5-не дейiн Әкiмгерге жiберiлген дәрi-дәрмек құралдарының тiзілімдемесi мен берiлген дәрi-дәрмек құралдарының рецепттер түпнұсқаларын ұсынады.
3-тарау. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде
жол жүруге (таксиден басқа) әлеуметтік көмек
19. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол жүруге (таксиден басқа) әлеуметтік көмек азаматтардың мына санаттарына:
1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен мәртебесі анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
2) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
3) бірінші және екінші топтағы мүгедектер мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
4) күш құрылымдық (Қорғаныс министрлігі, Ішкі істер министрлігі, Әділет министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Қазақстан Республикасы Президентінің Күзет қызметі, Республикалық гвардия) зейнетақысын алушыларына;
5) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесіне немесе оған теңестірілген тұлғаға) (бұдан әрі - көп балалы аналар) беріледі.
20. "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары департаменті" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Департамент) белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттерін дайындауды қамтамасыз етіп одан әрі Әкімгерге береді.
21. Әкімгер МЗТО деректер базасына сәйкес Қағиданың 19-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтарға белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттерін береді.
22. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде (жеңіл таксиден басқа) тегін жол жүру үшін Қағиданың 19-тармағында көрсетілген азаматтардың санаттарына жататынын растайтын жеке куәлігінің түпнұсқасы мен белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттері негіздеме болып табылады.
23. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде (таксиден басқа) тегін жол жүру құқығы белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеті мен әлеуметтік жұмыскердің куәлігі түпнұсқасын көрсеткен жағдайда үйде әлеуметтік көмек көрсету бөлімшелерінің әлеуметтік жұмыскерлеріне таратылады.
Аудан әкімдері белгіленген тәртіпте үйде әлеуметтік көмек бөлімшелерінің әлеуметтік жұмыскерлеріне жеңілдікті жол жүру билеттерін беру үшін Әкімгерге олардың тізімдерін ұсынады.
24. Әкімгер азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз жеңілдікті жол жүру билеттерін ауыстыруды жүзеге асырады.
Жеңілдікті жол жүру билеттерін қайтадан беру жоғалғандығы туралы құжатпен расталғанда (іздеу салу үстелінің анықтамасы, мерзімдік басылымдағы тиісті хабарландыру, ұрланған жағдайда - ішкі істер органдарынан растау) жылына бір рет жүргізіледі.
25. Департамент ай сайын қалалық жолаушылар көлігі қызметінің Жеткізушілері атқарған жұмыстар актілері есебін жүргізуді ай сайын қамтамасыз етеді.
26. Жеткізушілер ай сайын келесі айдың 10-нан кешікпей Департаментпен келісілген атқарылған жұмыстар актілерін Әкімгерге ұсынады.
4-тарау. Мерзімді басылымдарға жазылуға
әлеуметтік көмек
27. Әлеуметтік көмек мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі (жазылушының таңдауы бойынша) мерзімдік басылымдарға жазылуға (бұдан әрі - Жазылу):
1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
2) көп балалы аналарға беріледі.
28. Жазылу жарты жыл бойынша және отбасына мерзімдік басылымының тек бір атауына жүргізіледі.
Ағымдағы жарты жылдық бойынша тізімге енгізілмеген көп балалы аналар келесі жартыжылдықтағы жазылушылар тізіміне кіреді.
29. Әкімгер жылына екі рет мамыр мен қарашада мерзімді басылымдардың атауы көрсетілген жазылушылар тізімін қалыптастыруды жүргізеді.
30. Әкімгер мерзімді басылымдарға жазылу қызметтері Жеткізушілерімен жазылушылардың мерзімді басылымдарын атаулы мекен-жайына дейін жеткізу талабы көзделген шарт жасасады.
5-тарау. Мерекелік және айтулы күндерге
әлеуметтік көмек
31. Мерекелік және айтулы күндерге Әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түскі астар түрінде азаматтардың мына санаттарына:
1 қаңтарда (Жаңа жыл) - он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, ата-анасынан айрылған және асыраушысынан айрылғандығы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға (тұлдыр жетiмдер) және кедейшiлiк шегiнен төмен немесе тең орташа жандық жиынтық пайдасы бар аз қамтылған отбасыларына (бұдан әрі - аз қамтылған отбасылар) азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
15 ақпанда (Ауғанстаннан кеңестің шектеулі әскери контингентін әкету күні) - Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) - көп балалы аналарға азық-түлік жиынтығы түрінде;
22 наурызда (Наурыз мейрамы) - мұқтаж зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және жетім балаларға азық-түлік жиынтығы түрінде;
26 сәуірде (Чернобыль атом электростанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
1 мамырда (Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі) - аз қамтылған отбасыларына мерекелiк түскi астар түрiнде;
9 мамырда (Жеңіс күні) - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
31 мамырда (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) - саяси қуғын-сүргiн құрбандарына азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
1 қазанда (Қарттар күні) - мұқтаж зейнеткерлерге азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
10 қазанда (Мүгедектер күні) - мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
25 қазанда (Республика күні) - зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына азық-түлiк жиынтығы түрiнде;
16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) - мұқтаж зейнеткерлерге азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде беріледі.
32. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтiк көмек көрсету қаланың аудандары бойынша жүзеге асырылады.
33. Әкімгер қала аудандары әкімдерімен (бұдан әрі - Әкімдер) бірге жыл сайын азық-түлiк жиынтығының негізгі тізбесін және мерекелiк түскi астардың мәзірін, шығын сметасын құрайды, Жеткізушілермен шарт жасасады.
34. Әкімдер мерекелік және айтулы күндерге 15 күн бұрын Қағиданың 31-тармағында көрсетілген мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек алуға үміткер азаматтардың тізімдерін (бұдан әрі - Тізімдер) жасап, нақтылы мекен-жайын көрсетіп, Әкімгерге салыстыру үшін ұсынады.
35. Әкімгер азық-түлiк жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсеткенде мерекелік және айтулы күндерге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Әкімдерге салыстырылған Тізімдерді қайтарады.
36. Әкiмдер салыстырылған Тiзiмдерге сәйкес Жеткiзушiлерге екi күнде әкелуге қажеттi азық-түлiк жиынтығы көлемiне тапсырыс береді.
37. Әкiмдер бес күнтiзбелiк күн iшiнде азық-түлік жиынтығын беруді, қажет болғанда мекен-жайы бойынша жеткiзудi жүзеге асырады.
38. Әкiмдер азық-түлiк жиынтығын бергеннен кейiн үш күн iшiнде азаматтардың азық-түлiк жиынтығын алғандығы туралы белгiсiмен Тiзiмдердi Әкімгерге қайтарады.
39. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмекті мерекелік түскі астар түрінде көрсетілгенде Әкiмдер мерекелік түскі астар беру орындарына азаматтардың келуін Тізімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.
6-тарау. Тістерін протездеуге (бағалы металдардан
жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек
40. Тістерін протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек екі жылда бір рет азаматтардың мына санаттарына:
1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және соларға теңестірілген адамдарға;
2) жасы бойынша зейнеткерлерге;
3) 1, 2 топ мүгедектеріне;
4) көп балалы аналарға ұсынылады.
41. Әкімгер Жеткізушілермен шарт жасасқаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қағиданың 40-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тістерін протездеуге тіркеу жүргізетін орындар мен мерзімдер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етеді.
42. Тістерін протездеу (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмегін көрсетуге Қағиданың 40-тармағында көрсетілген азаматтар санатына жататындығын растайтын куәлігі мен жеке куәлігінің түпнұсқалары негіздеме болып саналады.
43. Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 10-на дейiн көрсетілген қызметтер тiзілімдері мен атқарылған жұмыс актілерін Әкiмгерге ұсынады.
3 бөлім. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмек
1-тарау. Жалпы ережелер
44. Осы бөлім Әлеуметтік көмектің мына:
1) коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ақшалай төлемдер;
2) соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер;
3) мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер;
4) Астана қаласының Құрметті азаматтарына ақшалай төлемдер;
5) Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдер түрінде көрсету тәртібін анықтайды.
45. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмекті жүзеге асыру ақшалай қаражаттарды Астана қаласының екінші деңгейдегі банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес шоттары мен карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.
46. Астана қаласының екінші деңгейдегі банк бөлімшелері ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмектің төленген сомалары бойынша салыстыру актісін құрайды және оларды тоқсан сайын Әкімгерге ұсынады.
2-тарау. Коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге
Әлеуметтік көмек
47. Коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмек:
1) тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне олардың таңдауы бойынша:
коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босату түрінде;
ақшалай төлемдер түрінде;
2) салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, сондай-ақ Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне ақшалай түрінде беріледі.
Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмектің түрін таңдау бір рет беріледі.
&1. Коммуналдық және басқа да қызметтертөлемдерінен босату
48. Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын тілек білдірген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, Қағиданың 51, 52-тармақтарында айтылған жағдайда олардың отбасы мүшелері коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босатылады.
49. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, Қағиданың 51, 52-тармақтарында айтылған жағдайда олардың отбасы мүшелері қызмет берушілердің шығындарын өтеу арқылы мына коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босатылады:
1) тұрғын үйді ұстау;
2) электр(жылу)газбен қамтамасыз ету;
3) суық және ыстық сумен қамтамасыз ету және кәріз;
4) қоқыс шығару;
5) лифтілерге қызмет көрсету;
6) телефонға абоненттік төлем.
50. Ұсынылған коммуналдық және басқа да қызметтерге қызмет берушілердің шығындарын өтеуді Әкімгер Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің тіркелген мекен-жайы бойынша, тұрғын үйдің жеке меншік құқығына және оның пайдалы алаңына қарай жүргізеді.
51. Егер Ұлы Отан соғысының қатысушысы және/немесе мүгедегі оның жеке меншігіндегі тұрмысқа жайлы пәтерде тұрған жағдайда қызмет берушілердің шығындарын өтеп тұратын адамдар саны үшеу және тұрғын үйдің пайдалы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын есебімен жүргізіледі.
52. Егер Ұлы Отан соғысының қатысушы және/немесе мүгедегі жеке меншік құқығына тиесілі емес пәтерде тұрған жағдайда, қызмет берушілердің шығындарын өтеу Қағиданың 54-тармағында көрсетілген тұтыну нормалардың шегінде және осы қызметтерге бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.
Қызмет берушілердің шығындарын өтеу Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің жұбайы үшін да (зайыбы үшін), ондай адам болмаған жағдайда - бірге тұратын және оған күтім жасайтын тұлға үшін жүргізіледі.
53. Қызмет берушілердің шығындарын өтеу нақтылы тұтынылған коммуналдық және басқа да қызметтер үшін есепке алу құралдарының көрсеткіштеріне, олар болмаған жағдайда - тұтыну нормаларына сәйкес жүргізіледі.
54. Қызмет берушілердің шығындарын өтеу кезінде бір адамға мынадай тұтыну нормалары пайдаланылады (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа):
1) тұрғын үйді ұстауға - кондиминимум объектісіндегі қолданыстағы тарифке сәйкес;
2) электр қуаты - 100 кВт, бірақ пәтерге 200 кВт астам емес;
3) жылумен жабдықтау - тұрғын үйдің 18 шаршы метрі (Қағиданың 51-тармағында көрсетілген нормалардан басқа);
4) газбен жабдықтау - 3 куб метр;
5) суық сумен қамтамасыз ету және кәріз - 7,6 куб метр;
6) ыстық сумен қамтамасыз ету - 3,2 куб метр;
7) қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету, телефонға абоненттік төлем - қызмет берушілердің бекітілген тарифтеріне сәйкес.
55. Әкімгер қажеттілік болғанда есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қызмет берушілер ұсынған төлемге есептелген сомалар тізілімдерімен салыстыруды жүргізеді.
Есепке алу құралдарының нақты көрсеткіштері мен төленген тізілімдер арасында сәйкессіздік болған жағдайда және ол сәйкессіздік Әкімгердің пайдасына болса, қызмет берушілер ағымдағы айдың немесе келесі айдың тізілімін ұсынған кезде оң сальдоны есепке алады.
56. Қызмет берушілер тұрмысқа жайлы пәтерлерде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұтынылған коммуналдық және басқа да қызметтер үшін төлемге есептелген сомалар тізілімдерін ай сайын келесі айдың 10-на дейін (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа) Әкімгерге ұсынады.
Қызмет берушілер тұрғын үйді ұстау қызметтері тiзілімдері мен төлем шоттарын тоқсан сайын келесi айдың 10-на дейiн ұсынады.
57. Әкімгер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық және басқа да қызметтер берушілерінің шығындарын өтеуді төлемге есептелген сомалар тізілімдемелері мен МЗТО деректер базасымен салыстырылған Әлеуметтік көмек алушы азаматтар тізімдерінің негізінде ай сайын келесі айдың 15-не дейін жүргізеді (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа).
Әкімгер тұрғын үйді ұстау қызметтері берушілерінің шығындарын өтеуді төлемге есептелген сомалар тізілімдемелері мен төлем шоттары негізінде тоқсан сайын келесі айдың 15-не дейін жүргізіледі.
2. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмек
58. Салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушысы және/немесе мүгедегіне коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек ақшалай төлемдер түрінде ұсынылады.
59. Тілек білдірген тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ақшалай түрінде Әлеуметтік көмек ала алады.
60. Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ақшалай қаражатты төлеу тұрғын үйдің пайдалы алаңына байланысты жүргізіледі:
1) 35 шаршы метрге дейін - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) 36 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін - алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
3) 51 шаршы метрден 80 шаршы метрге дейін - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
4) 81 шаршы метрден және одан жоғары - сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.
61. Коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеуге ақшалай төлем түрінде:
1) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне ай сайын 4,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесі берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген адамдарға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек көрсетіледі.
Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Әлеуметтік көмек 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіледі.
Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2008.01.30.
N 50/8-ІV
(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
3-тарау. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер
62. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер мынадай мөлшерлерде жүзеге асырылады:
1) соғыс және еңбек ардагерлеріне - жылына 3000 (үш мың) теңгеден артық емес;
2) еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлеріне 70, 75, 80, 85, 90 жылдық мерейтойларына - 1000 (бір мың) теңгеден;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерекелік күндерге үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне - 1000 (бір мың) теңгеден;
4) қайтыс болған соғыс және еңбек ардагерлерін жерлеуді ұйымдастыруға - 1000 (бір мың) теңгеден.
Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.01.30.
N 50/8-ІV
(алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
63. Қағиданың 62-тармағында көрсетілген санаттарға жататын ақшалай төлемдер алуға үміткер еңбек және соғыс ардагерлері тиісті өтінішпен Қалалық ардагерлер кеңесіне хабарласады.
64. Әкімгер Қалалық ардагерлер кеңесі ай сайын ұсынған төраға мен хатшының қолы және мөрімен расталған азаматтардың өтініштері мен тізімдерінің негізінде соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер алушыларының тізімін қалыптастырып, оларды МЗТО деректер базасымен салыстырады.
65. Қайтыс болған соғыс және еңбек ардагерлерін жерлеуді ұйымдастыруға ақшалай төлемдер Қалалық ардагерлер кеңесімен расталған қайтыс болған адамның туыстарының немесе жерлеуді ұйымдастыратын тұлғаның өтініштері негізінде беріледі.
4-тарау. Мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер
66. Мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер азаматтардың мына санаттарына:
1) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесіне немесе оған теңестірілген адамға) - 1000 (бір мың) теңгеден;
2) Жеңіс күніне - мына санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындар:
Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, неміс тұтқындары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері - 5000 (бес мың) теңгеден;
мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар - 3000 (үш мың) теңгеден;
3) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 1000 (бір мың) теңгеден;
4) Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларға - 2000 (екі мың) теңгеден;
5) Қарттар күніне - 70-ке және одан асқан жастағы зейнеткерлерге - 1000 (бір мың) теңгеден;
6) Мүгедектер күніне - мүгедектер санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға - 1000 (бір мың) теңгеден беріледі.
67. Әкімгер МЗТО деректер базасының негізінде Қағиданың 66-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін қалыптастырады.
5-тарау. Астана қаласының Құрметті азаматтарына
ақшалай төлемдер
68. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтер құнына өтемақы ретінде ақшалай төлемдер беріледі (отбасы мүшелерін есепке алмай).
69. Астана қаласы мәслихатының Құрметті азаматтар тізімінің негізінде Әкімгер ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлемдерді жүргізеді.
6-тарау. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу
ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер
түлектеріне ақшалай төлемдер
1. Жалпы ережелер
70. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдер (бұдан әрі - оқуға Ақшалай төлем) жалпы білім беретін мектептер түлектерінің тұлдыр жетімдер, бала жасынан мүгедектер, көпбалалы отбасы балалары, балалар үйлерінің түлектері санынан Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқудың күндізгі түрінің оқу ақысын төлеу үшін тағайындалады және қаланың тиісті жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде беріледі.
71. Оқуға Ақшалай төлемдер есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесі қаланың еңбек нарығында сұраныс құрылымына қарай жыл сайын комиссиямен анықталады.
&2. Оқуға Ақшалай төлемдер алу үшін қажетті
құжаттардың тізбесі
72. Оқуға Ақшалай төлем алуға үміткерлер Әкімгерге мынадай құжаттарды (түпнұсқада және көшірмеде) ұсынады:
1) Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
2) жеке куәлігі (төлқұжат);
3) азаматтарды тіркеу кітабы;
4) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі (тұлдыр жетімдерге);
5) мүгедектікті растайтын құжат (бала жасынан мүгедектерге);
6) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжат (көп балалы отбасының балалары үшін);
7) туу туралы куәлік (тұлдыр жетімдерге);
8) кешенді тестілеу өткізілген орны бойынша берілген тестілеу қорытындысын растайтын мемлекеттік сертификат.
73. Әкімгер жыл сайын 5 тамызға дейінгі мерзімде оқуға Ақшалай төлемдер алуға үміткерлерден құжаттар қабылдауды жүргізеді.
&3. Оқуға Ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібі
74. "Астана қаласының Білім департаменті" мемлекеттік мекемесі жыл сайын бірінші мамырға дейін ағымдағы жылдың Қағиданың 8-тармағы 6)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санына жататын қаланың жалпы білім беретін мектептер түлектерінің тізімін Әкімгерге ұсынады.
75. Әкімгер жалпы білім беретін мектептер түлектерінің ұсынылған тізімдеріне сәйкес үміткерлерден оқуға Ақшалай төлемдер алуға құжаттар қабылдауды жүргізеді және қойылатын талаптарға сәйкестігін қарастырып одан әрі комиссияға ұсыну үшін істерді қалыптастырады.
76. Кешенді тестілеу кезінде ең жоғары алған балл саны бойынша оқуға Ақшалай төлемдер алуға іріктеу жүргізіледі.
Баллдар тең болған жағдайда тұлдыр жетімдер артықшылық құқығын алады.
77. Кешенді тестілеу кезінде қажетті ең төменгі баллдан кем алған жалпы білім беретін мектептер түлектеріне оқуға Ақшалай төлем тағайындалмайды.
78. Комиссия жыл сайын 25 тамызға дейін оқуға Ақшалай төлемдер алуға үміткерлердің құжаттарын қарастырады және шешім шығарады.
79. Әкімгер Комиссия шешімінің негізінде қаланың жоғарғы оқу орындарымен және оқуға Ақшалай төлемдер алушыларымен білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады (бұдан әрі - Шарт).
80. Әкімгер Шартқа қол қойғаннан кейін оқуға Ақшалай төлем алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргізеді.
81. Оқуға Ақшалай төлем алушы ақшалай қаражат түскеннен кейін 3 банктік күн ішінде оқу ақысын төлейді және Әкімгерге төлем туралы түбіртекті ұсынады.
Әкімгердің келісімімен оқуға Ақшалай төлем алушының есеп шотынан ақша алынады.
83. Әкімгер жоғарғы оқу орнымен бірігіп, оқуға Ақшалай төлем алушының оқуға кірген кезінен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.
84. Үлгерімі төмен болғаны, себепсіз үнемі оқуға қатыспағаны немесе басқа да жағдайлар негізінде тиісті жоғарғы оқу орнының Жарғысына сәйкес жоғарғы оқу орнының әкімшілігі оқуға Ақшалай төлем алушыны оқудан шығару туралы мәселені қарастырады және Әкімгерді хабардар етеді.
Егер оқуға Ақшалай төлем алушы оқудан шығарылса жоғарғы оқу орны бес күн ішінде оқудан шығарылғандығы туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуымен Әкімгерді хабардар етеді.
85. Комиссия жоғарғы оқу орны әкімшілігінің ұсынысы бойынша оқудан шығарылған оқуға Ақшалай төлем алушының орнына Қағиданың 8-тармағы 6)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентімен ауыстыруға құқығы бар.
Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі ерекше жағдайларда басқа мамандық бойынша студентті ұсынуы мүмкін.
Оқудан шығарылған студенттің орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебімен Астана қаласы бюджетінің кірісіне төленген қаражаттарды қайтаруды жүргізеді.
86. Оқуға Ақшалай төлем алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалары өндірілмейді.
87. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан Ақшалай төлем алушы оқуға қайтадан оралғаннан кейін одан әрі оқуға Ақшалай төлем алуы мүмкін.
88. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң және тиісті үлгідегі дипломды алғаннан кейін ол туралы оқуға Ақшалай төлем алушы он күн мерзім ішінде Әкімгерді хабардар етеді.
Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы
17 қазандағы 16/4-IV шешімімен бекітілген
Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың
жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
көрсету Қағидасына қосымша
Астана қаласының Жұмыспен қамту және
әлеуметтік бағдарламалар департаментіне
_______________________________________
(аты-жөні)
_______________________________________
мекен-жайы бойынша тұратын
_______________________________________
телефон ___________________ (бар болса)
Өтініш
Сізден________________________________________________________
(жоо-ның атауы)
__________________________факультеті_____________________мамандығы
бойынша _________________________________ ретінде оқу ақысын төлеу
(мәртебесі)
үшін әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.
Мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
1._______________________________
2._______________________________
3._______________________________
4._______________________________
5._______________________________
Күні______________ Қолы _____________