Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидалары туралы

Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы 17 қазандағы N 16/4-ІV Шешімі. Астана қаласының Әділет департаментінде 2007 жылғы 23 қарашада нормативтік құқықтық кесімдерді Мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 478 болып енгізілді

Жаңартылған

      Астана қаласы әкімдігінің ұсынысын қарап, "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 21 шілдедегі Заңының 8-бабын және "Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы" Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 6-бабын басшылыққа ала отырып, Астана қаласының мәслихаты ШЕШТІ:
      Ескерту: Кіріспеге өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін   2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      1. Қоса берілген Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы бекітілсін.

      2. Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 142/18-III "Азаматтардың жекелеген санаттарына мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек көрсету қағидалары туралы" шешімінің (Астана қаласының Әділет департаментінде 2005 жылдың 1 шілдесінде N 394 тіркелген, N 90 "Астана хабары" газетінде 2005 жылғы 5 шілдеде және N 103-104 "Вечерняя Астана" газетінде 2005 жылғы 9 шілдеде жарияланған) күші жойылды деп танылсын.

      3. Осы шешім алғаш ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енеді.

      Астана қаласы мәслихаты
      сессиясының төрағасы

      Астана қаласы мәслихатының
      хатшысы

      КЕЛІСІЛДІ:

      "Астана қаласының Жұмыспен қамту
      және әлеуметтiк бағдарламалар
      департаментi" мемлекеттік
      мекемесінің директоры (ЖҚжӘБД)

Астана қаласы мәслихатының
2007 жылғы 17 қазандағы 
N 16/4-IV шешімімен бекітілген

Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген
санаттарына әлеуметтік көмек көрсету
ҚАҒИДАСЫ

      Ескерту: Қағида мәтіндегі "Департамент", "Департаментпен", "Департаментіне" деген сөздер "Басқармасы", "Басқармамен", "Басқармасына" деген сөздермен ауыстырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV Шешімімен.

      Осы Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек көрсету Қағидасы (бұдан әрі - Қағида) Қазақстан Республикасының Бюджеттік кодексіне, "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасында мүгедектерді әлеуметтік қорғау туралы", "Қазақстан Республикасы астанасының мәртебесі туралы" Қазақстан Республикасының заңдарына, Ақмола қалалық мәслихатының 1996 жылғы 18 қыркүйектегі "Астана қаласының құрметті азаматы" атағы туралы", "Астана қаласы бюджетінің қаражаттары есебінен әлеуметтік көмек көрсетуге мұқтаж азаматтар санаттарының тізбесі туралы" Астана қаласы мәслихатының 2005 жылғы 26 мамырдағы N 143/18-III шешіміне сәйкес дайындалды.

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек (бұдан әрі - әлеуметтік көмек) қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде және ақшалай төлемдер түрінде тегін қызметтерді көрсету түрінде ұсынылады.
      Әлеуметтік көмек көрсету тәртібі, мөлшері және түрлері осы Қағидамен белгіленеді.
      Ескерту: 1-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      2. Әлеуметтік көмек Астана қаласында тіркелген және тұрақты тұратын азаматтарға ұсынылады.

      3. Әлеуметтік көмектің қаржыландыру көзі Астана қаласының бюджеті болып табылады.

      4. Әлеуметтік көмек "Астана қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтiк бағдарламалар басқармасы" мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi - Әкімгер) әкiмгер болып табылатын "Жергiлiктi өкiлетті органдардың шешiмдерi бойынша мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына әлеуметтiк төлемдер" бюджеттік бағдарламасына сәйкес (бұдан әрi - Бағдарлама) және тиісті қаржылық жылға қала бюджетінде осы мақсаттарға көзделген қаражаттар шегінде ұсынылады.

      5. Әкімгер мемлекеттік сатып алулар туралы заңнамаға сәйкес Бағдарламаны іске асыру мақсатында Әлеуметтік көмек көрсету жөніндегі қызметті жеткізушілерді (бұдан әрі - Жеткізушілер) анықтайды, тараптардың міндеттері мен осы міндеттерді орындау шарттары айтылған мемлекеттік сатып алулар туралы шарттар жасасады (осы Қағиданың 2 бөлімінің 3-тарауында көрсетілген қызметтерден басқа).

      6. Әлеуметтік көмек көрсету үшін Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлiгiнiң "Зейнетақы төлеу жөнiндегi мемлекеттiк орталығы" республикалық мемлекеттік қазыналық кәсiпорнының Астана қаласының қалалық филиалы (бұдан әрі - МЗТО) қажеттілік бойынша Әкімгерге осы Қағидада көрсетілген санаттарға жататын азаматтар туралы мәліметтерді, сондай-ақ ай сайын МЗТО деректер қорында тіркелген, жаңадан тағайындалған және келген азаматтар туралы мәліметтерді ұсынады (электрондық және қағаздық жеткізушілерде).

      7. Әлеуметтік көмек алушы Астана қаласынан тіркеуден шыққан немесе қайтыс болған жағдайда осы айғақтың белгілі болған айынан бастап Әлеуметтік көмек көрсету тоқтатылады.

      8. Осы Қағидада мынадай ұғымдар қолданылады:
      1) Қалалық ардагерлер кеңесі - "Қазақстан Республикасының ардагерлер ұйымы" қоғамдық бірлестігінің қалалық филиалы;
      2) еңбек ардагерлері - кәсіпорындар мен ұйымдардан көмек алмайтын зейнеткерлік жастағы адамдар;
      3) еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлері - қаланың қоғамдық өміріне белсенді қатысатын соғыс және еңбек ардагерлері;
      4) үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелері - Қалалық ардагерлер кеңесімен бірігіп, соғыс және еңбек ардагерлерімен, зейнеткерлермен жұмыс жүргізетін зейнеткерлік жастағы адамдар;
      5) соғыс ардагерлері - Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері;
      6) тұлдыр жетімдер - бір немесе екі ата-анасынан айырылған тұлғалар;
      6-1) ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар - ата-ана құқықтарының шектелуіне немесе олардан айырылуына, ата-анасы хабар-ошарсыз кетті деп танылуына, олар өлді деп жариялануына, әрекетке қабілетсіз (әрекет қабілеті шектеулі) деп танылуына, ата-анасының бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуіне, ата-анасының баласын тәрбиелеуден немесе оның құқықтары мен мүдделерін қорғаудан жалтаруына, оның ішінде ата-анасының өз баласын тәрбиелеу немесе емдеу мекемелерінен алудан бас тартуына байланысты, сондай-ақ ата-анасы қамқорлық жасамаған өзге де жағдайларда жалғызбасты ата-анасының немесе екеуінің де қамқорлығынсыз қалған балалар;
      7) бала жасынан мүгедектер - 18 жасқа толғанға дейін тiршiлiк-тынысының шектелуiне әкеп соқтыратын аурулардан, жарақаттардан, олардың салдарынан, кемiстiктерден ағза қызметтері тұрақты бұзылып, денсаулығы бұзылған адам;
      8) көп балалы отбасы балалары - бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ 23 жасқа толмаған көп балалы отбасы балалары;
      9) балалар үйі түлектері - қамқорлық және қорғаншылыққа алу органдарының шешімі бойынша балалар үйлерінде қамқорлыққа алынғандар;
      10) оқуға ақшалай төлем алушы - Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін ақшалай төлем ұсынылған осы тармақтың 6)-9) тармақшаларында көрсетілген санаттағы адам;
      11) комиссия - қаланың жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдерді тағайындау бойынша әкімдікпен құрылатын және қала мәслихатымен бекітілетін қалалық комиссия;
      12) қалалық бағыттағы жолаушылар көлігі - көлік туралы Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асыратын Астана қаласының жолаушыларды автомобильмен тұрақты тасымалдау көлігі;
      13) мұқтаж зейнеткерлер - жалғыз тұратын зейнеткерлер, сонымен қатар жасы бойынша ең темен мөлшерде зейнетақы және мемлекеттік әлеуметтік жәрдемақы алушыларға.
      Ескерту: 8-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.07.09 N 116/18-IV, 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

2 бөлім. Әлеуметтік көмек түрінде көрсетілетін
тегін қызметтер

1-тарау. Жалпы ережелер

      9. Осы бөлім Әлеуметтік көмектің келесі тегін қызмет түрлерін көрсету тәртібін анықтайды:
      1) дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету;
      2) алынып тасталды - 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      3) мерзімдік басылымдарға жазылу;
      4) мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек;
      5) тістерді протездеу (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа).
      Ескерту. 9-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      10. Әкімгер Жеткізушілер қызметтерін төлеуді көрсетілген қызметтердің ұсынылған тізімдемелері мен атқарылған жұмыстардың актілері және МЗТО деректер базасымен салыстырылған әлеуметтік көмек алушы азаматтар тізімдерінің негізінде ай сайын келесі айдың 15-не дейін (мерзімдік басылымдарға жазу қызметтерінен басқа) жүргізеді.
      Ескерту. 10-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      11. Қағиданың 9-тармағының 3) және 5)-тармақшаларында көрсетілген Әлеуметтік көмек Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне кезектен тыс беріледі.

      12. Тегін қызмет түріндегі пайдаланылмаған Әлеуметтік көмектің ақшалай өтемақысы төленбейді.

2-тарау. Дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету үшін
әлеуметтік көмек

      13. Астана қаласы әкімдігімен тізбесі жыл сайын бекітілетін дәрі-дәрмек құралдарымен қамтамасыз ету үшін Әлеуметтік көмек амбулаторлық емделгенде азаматтардың келесі санаттарына:
      1) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектерiне және соларға теңестiрiлген адамдарға берiлетiн жеңiлдiктер мен оларды әлеуметтiк қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 5-8-баптарымен мәртебесi анықталған Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға;
      2) Қазақстан Республикасының алдында ерен еңбегi үшiн зейнетақы алушы зейнеткерлерге беріледі.

      14. Әкімгер Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне арналған Орталық клиникалық госпиталіне (бұдан әрі - Клиникалық госпиталь) Қағиданың 13-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін жыл сайын 3 қаңтарға дейін ұсынады.

      15. Қағиданың 13-тармағында көрсетiлген санаттарға жататын дәрі-дәрмек құралдарына мұқтаж азаматтар Клиникалық госпитальге бекітілген үлгідегі жеңiлдiкті рецепттердi алуға хабарласады.

      16. Клиникалық госпиталь Әкімгер ұсынған дәрі-дәрмек құралдарының бекітілген тізбесі мен азаматтардың тізіміне сәйкес белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерді хабарласуы бойынша беруді жүзеге асырады.

      17. Клиникалық госпиталь берген белгіленген үлгідегі жеңілдікті рецепттерге сәйкес дәрi-дәрмек құралдары Жеткізушілердің дәріханалық мекемелерінде жіберіледі.

      18. Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 5-не дейiн Әкiмгерге жiберiлген дәрi-дәрмек құралдарының тiзілімдемесi мен берiлген дәрi-дәрмек құралдарының рецепттер түпнұсқаларын ұсынады.

3-тарау. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде
жол жүруге (таксиден басқа) әлеуметтік көмек

      3-тарау алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31  N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

4-тарау. Мерзімді басылымдарға жазылуға
әлеуметтік көмек

      27. Әлеуметтік көмек мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі (жазылушының таңдауы бойынша) мерзімдік басылымдарға жазылуға (бұдан әрі - Жазылу):
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне;
      2) бірге тұратын төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балалары, оның ішінде жалпы орта білім беретін, жоғары және орта кәсіптік оқу орындарында күндізгі оқу нысанында оқитын балалары бар, балалары кәмелеттік жасқа толғаннан кейін оқу орнын бітіретін уақытқа дейін, бірақ әрі дегенде 23 жасқа толғанға дейін көп балалы аналарға (анасы болмаған жағдайда - әкесіне немесе оған теңестірілген тұлғаға), (бұдан әрі - көп балалы аналар) беріледі.
      Ескерту. 27-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      28. Жазылу жарты жыл бойынша және отбасына мерзімдік басылымының тек бір атауына жүргізіледі.
      Ағымдағы жарты жылдық бойынша тізімге енгізілмеген көп балалы аналар келесі жартыжылдықтағы жазылушылар тізіміне кіреді.

      29. Әкімгер жылына екі рет мамыр мен қарашада мерзімді басылымдардың атауы көрсетілген жазылушылар тізімін қалыптастыруды жүргізеді.

      30. Әкімгер мерзімді басылымдарға жазылу қызметтері Жеткізушілерімен жазылушылардың мерзімді басылымдарын атаулы мекен-жайына дейін жеткізу талабы көзделген шарт жасасады.

5-тарау. Мерекелік және айтулы күндерге
әлеуметтік көмек

      31. Мерекелік және айтулы күндерге Әлеуметтік көмек азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түскі астар түрінде хабарласуы бойынша төмендегі санаттар ішінен азаматтарға беріледі:
      1 қаңтарда (Жаңа жыл) - он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға, ата-анасынан айрылған және асыраушысынан айрылғандығы бойынша мемлекеттiк әлеуметтiк жәрдемақы алатын балаларға (тұлдыр жетiмдер) және кедейшiлiк шегiнен төмен немесе тең орташа жандық жиынтық пайдасы бар аз қамтылған отбасыларына (бұдан әрі - аз қамтылған отбасылар) азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      15 ақпанда (Ауғанстаннан кеңестің шектеулі әскери контингентін әкету күні) - Ауғанстан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      8 наурызда (Халықаралық әйелдер күні) - көп балалы аналарға азық-түлік жиынтығы түрінде;
      22 наурызда (Наурыз мейрамы) - мұқтаж зейнеткерлерге, көп балалы аналарға және жетім балаларға азық-түлік жиынтығы түрінде;
      26 сәуірде (Чернобыль атом электростанциясы апатының құрбандарын еске алу күні) - Чернобыль атом электростанциясы апатының зардаптарын жоюға қатысушы тұлғаларға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      1 мамырда (Қазақстан халықтарының бірлігі мерекесі) - аз қамтылған отбасыларына мерекелiк түскi астар түрiнде;
      9 мамырда (Жеңіс күні) - Ұлы Отан соғысына қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестiрiлген адамдарға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      31 мамырда (Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні) - саяси қуғын-сүргiн құрбандарына азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      6 шілде (Астана күні) - табысы аз отбасыларға азық-түлік жиынтығы мен мерекелік түске ас түрінде;
      1 қазанда (Қарттар күні) - мұқтаж зейнеткерлерге азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      10 қазанда (Мүгедектер күні) - мүгедектерге және он сегiз жасқа дейiнгi мүгедек балаларға азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде;
      25 қазанда (Республика күні) -  мұқтаж зейнеткерлерге және аз қамтылған отбасыларына азық-түлiк жиынтығы түрiнде;
      16 желтоқсанда (Тәуелсіздік күні) - мұқтаж зейнеткерлерге азық-түлiк жиынтығы мен мерекелiк түскi астар түрiнде беріледі.
      Ескерту: 31-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.01.29 N 187/30-IV, 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      32. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтiк көмек көрсету қаланың аудандары бойынша жүзеге асырылады.

      33. Әкімгер қала аудандары әкімдерімен (бұдан әрі - Әкімдер) бірге жыл сайын азық-түлiк жиынтығының негізгі тізбесін және мерекелiк түскi астардың мәзірін, шығын сметасын құрайды, Жеткізушілермен шарт жасасады.

      34. Әкімдер мерекелік және айтулы күндерге 15 күн бұрын Қағиданың 31-тармағында көрсетілген мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмек алуға үміткер азаматтардың санынан тізімдерін (бұдан әрі - Тізімдер) жасап, нақтылы мекен-жайын көрсетіп, Әкімгерге салыстыру үшін ұсынады.
      Ескерту. 34-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      35. Әкімгер азық-түлiк жиынтығы түрінде әлеуметтік көмек көрсеткенде мерекелік және айтулы күндерге дейін бес күнтізбелік күннен кешіктірмей Әкімдерге салыстырылған Тізімдерді қайтарады.

      36. Әкiмдер салыстырылған Тiзiмдерге сәйкес Жеткiзушiлерге екi күнде әкелуге қажеттi азық-түлiк жиынтығы көлемiне тапсырыс береді.

      37. Әкiмдер бес күнтiзбелiк күн iшiнде азық-түлік жиынтығын беруді, қажет болғанда мекен-жайы бойынша жеткiзудi жүзеге асырады.

      38. Әкiмдер азық-түлiк жиынтығын бергеннен кейiн үш күн iшiнде азаматтардың азық-түлiк жиынтығын алғандығы туралы белгiсiмен Тiзiмдердi Әкімгерге қайтарады.

      39. Мерекелік және айтулы күндерге әлеуметтік көмекті мерекелік түскі астар түрінде көрсетілгенде Әкiмдер мерекелік түскі астар беру орындарына азаматтардың келуін Тізімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.

6-тарау. Тістерін протездеуге (бағалы металдардан
жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек

      40. Тістерін протездеуге (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмек екі жылда бір рет азаматтардың мына санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысына қатысушылар, мүгедектер және соларға теңестірілген адамдарға;
      2) жасы бойынша зейнеткерлерге;
      3) 1, 2 топ мүгедектеріне;
      4) көп балалы аналарға ұсынылады.

      41. Әкімгер Жеткізушілермен шарт жасасқаннан кейін он күнтізбелік күн ішінде Қағиданың 40-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тістерін протездеуге тіркеу жүргізетін орындар мен мерзімдер туралы жергілікті бұқаралық ақпарат құралдары арқылы халықты хабардар етеді.

      42. Тістерін протездеу (бағалы металдардан жасалған протездерден басқа) әлеуметтік көмегін көрсетуге Қағиданың 40-тармағында көрсетілген азаматтар санатына жататындығын растайтын куәлігі мен жеке куәлігінің түпнұсқалары негіздеме болып саналады.

      43. Жеткізушілер ай сайын келесi айдың 10-на дейiн көрсетілген қызметтер тiзілімдері мен атқарылған жұмыс актілерін Әкiмгерге ұсынады.

3 бөлім. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмек

1-тарау. Жалпы ережелер

      44. Осы бөлім Әлеуметтік көмектің мына:
      1) коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ақшалай төлемдер;
      2) соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер;
      3) мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер;
      4) Астана қаласының Құрметті азаматтарына ақшалай төлемдер;
      5) Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдер түрінде көрсету тәртібін анықтайды.

      45. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмекті жүзеге асыру ақшалай қаражаттарды Астана қаласының екінші деңгейдегі банкілері бөлімшелеріндегі алушылардың дербес шоттары мен карталық шоттарына аудару арқылы жүргізіледі.

      46. Астана қаласының екінші деңгейдегі банк бөлімшелері ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмектің төленген сомалары бойынша салыстыру актісін құрайды және оларды тоқсан сайын Әкімгерге ұсынады.

2-тарау. Коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге
Әлеуметтік көмек

      47. Коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмек:
      1) тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне олардың таңдауы бойынша:
      коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босату түрінде;
      ақшалай төлемдер түрінде;
      2) салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне, сондай-ақ "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарымен мәртебесі анықталған жеңілдіктер мен кепілдіктер жағынан Ұлы Отан соғысының мүгедектеріне теңестірілген адамдарға - ақшалай түрінде беріледі.
      Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмектің түрін таңдау бір рет беріледі, тұрғылықты жерін ауыстырған жағдайда осы құқығы тағы да ұсынылады.
      Ескерту: 47-тармаққа өзгертулер енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

$1. Коммуналдық және басқа да қызметтертөлемдерінен босату

      48. Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, Қағиданың 51, 52-тармақтарында айтылған жағдайда олардың отбасы мүшелері коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босатылады.
      Ескерту: 48-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      49. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ, Қағиданың 51, 52-тармақтарында айтылған жағдайда олардың отбасы мүшелері қызмет берушілердің шығындарын өтеу арқылы мына коммуналдық және басқа да қызметтер төлемдерінен босатылады:
      1) тұрғын үйді ұстау;
      2) электр(жылу)газбен қамтамасыз ету;
      3) суық және ыстық сумен қамтамасыз ету және кәріз;
      4) қоқыс шығару;
      5) лифтілерге қызмет көрсету;
      6) телефонға абоненттік төлем.

      50. Ұсынылған коммуналдық және басқа да қызметтерге қызмет берушілердің шығындарын өтеуді Әкімгер Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің тіркелген мекен-жайы бойынша, тұрғын үйдің жеке меншік құқығына және оның пайдалы алаңына қарай жүргізеді.

      51. Егер Ұлы Отан соғысының қатысушысы және/немесе мүгедегі оның жеке меншігіндегі тұрмысқа жайлы пәтерде тұрған жағдайда қызмет берушілердің шығындарын өтеп тұратын адамдар саны үшеу және тұрғын үйдің пайдалы алаңы 100 шаршы метрден аспайтын есебімен жүргізіледі.

      52. Егер Ұлы Отан соғысының қатысушы және/немесе мүгедегі жеке меншік құқығына тиесілі емес пәтерде тұрған жағдайда, қызмет берушілердің шығындарын өтеу Қағиданың 54-тармағында көрсетілген тұтыну нормалардың шегінде және осы қызметтерге бекітілген тарифтер бойынша жүргізіледі.
      Қызмет берушілердің шығындарын өтеу Ұлы Отан соғысының қатысушысы мен мүгедегінің жұбайы үшін да (зайыбы үшін), ондай адам болмаған жағдайда - бірге тұратын және оған күтім жасайтын тұлға үшін жүргізіледі.

      53. Қызмет берушілердің шығындарын өтеу нақтылы тұтынылған коммуналдық және басқа да қызметтер үшін есепке алу құралдарының көрсеткіштеріне, олар болмаған жағдайда - тұтыну нормаларына сәйкес жүргізіледі.

      54. Қызмет берушілердің шығындарын өтеу кезінде бір адамға мынадай тұтыну нормалары пайдаланылады (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа):
      1) тұрғын үйді ұстауға - кондиминимум объектісіндегі қолданыстағы тарифке сәйкес;
      2) электр қуаты - 100 кВт, бірақ пәтерге 200 кВт астам емес;
      3) жылумен жабдықтау - тұрғын үйдің 18 шаршы метрі (Қағиданың 51-тармағында көрсетілген нормалардан басқа);
      4) газбен жабдықтау - 3 куб метр;
      5) суық сумен қамтамасыз ету және кәріз - 7,6 куб метр;
      6) ыстық сумен қамтамасыз ету - 3,2 куб метр;
      7) қоқыс шығару, лифтілерге қызмет көрсету, телефонға абоненттік төлем - қызмет берушілердің бекітілген тарифтеріне сәйкес.
      Тұрғын үй газбен жабдықталмаған, ал электр қуатын тамақ дайындау үшін қолданылатыны жөнінде құжат болғанда газбен жабдықтау жөнінде төмендегі нормативтері шегінде - 200 кВт адамға газға төленетін төлем есебіне электр қуатына белгіленген шамадан жоғары төлейді, бірақ 400 кВт үйге астам емес.
      Ескерту: 54-тармаққа толықтыру енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      55. Әкімгер қажеттілік болғанда есепке алу құралдарының көрсеткіштерін қызмет берушілер ұсынған төлемге есептелген сомалар тізілімдерімен салыстыруды жүргізеді.
      Есепке алу құралдарының нақты көрсеткіштері мен төленген тізілімдер арасында сәйкессіздік болған жағдайда және ол сәйкессіздік Әкімгердің пайдасына болса, қызмет берушілер ағымдағы айдың немесе келесі айдың тізілімін ұсынған кезде оң сальдоны есепке алады.

      56. Қызмет берушілер тұрмысқа жайлы пәтерлерде тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне тұтынылған коммуналдық және басқа да қызметтер үшін төлемге есептелген сомалар тізілімдерін ай сайын келесі айдың 10-на дейін (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа) Әкімгерге ұсынады.
      Қызмет берушілер тұрғын үйді ұстау қызметтері тiзілімдері мен төлем шоттарын тоқсан сайын келесi айдың 10-на дейiн ұсынады.

      57. Әкімгер Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне коммуналдық және басқа да қызметтер берушілерінің шығындарын өтеуді төлемге есептелген сомалар тізілімдемелері мен МЗТО деректер базасымен салыстырылған Әлеуметтік көмек алушы азаматтар тізімдерінің негізінде ай сайын келесі айдың 15-не дейін жүргізеді (тұрғын үйді ұстау қызметінен басқа).
      Әкімгер тұрғын үйді ұстау қызметтері берушілерінің шығындарын өтеуді төлемге есептелген сомалар тізілімдемелері мен төлем шоттары негізінде тоқсан сайын келесі айдың 15-не дейін жүргізіледі.

$2. Ақшалай төлемдер түріндегі Әлеуметтік көмек

      58. Салынған жеке тұрғын үйде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушысы және/немесе мүгедегіне коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ай сайын бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек ақшалай төлемдер түрінде ұсынылады.

      59. Тілек білдірген тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері коммуналдық және басқа да қызметтерді төлеуге ақшалай түрінде Әлеуметтік көмек өтініш берген айдан бастап ала алады.
      Ескерту: 59-тармаққа өзгеріс енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

      60. Тұрмысқа жайлы пәтерлерде тіркелген және тұратын Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне ақшалай қаражатты төлеу тұрғын үйдің пайдалы алаңына байланысты жүргізіледі:
      1) 35 шаршы метрге дейін - бес айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) 36 шаршы метрден 50 шаршы метрге дейін - алты айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      3) 51 шаршы метрден 80 шаршы метрге дейін - жеті айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      4) 81 шаршы метрден және одан жоғары - сегіз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде.

      61. Коммуналдық және өзге де қызметтерді төлеуге ақшалай төлем түрінде:
      1) Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлеріне ай сайын 4,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде;
      2) "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында мәртебесі берілген Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне жеңілдіктер мен кепілдер бойынша теңестірілген адамдарға ай сайын 2,4 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде Әлеуметтік көмек көрсетіледі.
      Осы тармақтың 2) тармақшасында көрсетілген Әлеуметтік көмек 2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап көрсетіледі.
      Ескерту. 61-тармақ жаңа редакцияда - Астана қаласы мәслихатының 2008.01.30. N 50/8-ІV (алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.
      61-1. Коммуналдық қызметтерді төлеуге Әлеуметтік көмекке құқығы бар бірнеше адамдар бір тұрғылықты мекен-жайы бойынша тіркелген жағдайда Әлеуметтік көмек тек қана біреуіне беріледі.
      Ескерту: 61-1-тармақпен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2008 жылғы 9 шілдедегі N 116/18-IV (алғашқы ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енеді) шешімімен.

3-тарау. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер

      62. Соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер мынадай мөлшерлерде жүзеге асырылады:
      1) соғыс және еңбек ардагерлеріне - жылына 3000 (үш мың) теңгеден артық емес;
      2) еңбегі сіңген соғыс және еңбек ардагерлеріне 70, 75, 80, 85, 90 жылдық мерейтойларына - 1000 (бір мың) теңгеден;
      3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген мерекелік күндерге үнемі жұмыс істейтін комиссия мүшелеріне - 3000 (үш мың) теңгеден аспайтын;
      4) алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.
      Ескерту. 62-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2008.01.30. N 50/8-ІV, 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      63. Қағиданың 62-тармағында көрсетілген санаттарға жататын ақшалай төлемдер алуға үміткер еңбек және соғыс ардагерлері тиісті өтінішпен Қалалық ардагерлер кеңесіне хабарласады.

      64. Әкімгер Қалалық ардагерлер кеңесі ай сайын ұсынған төраға мен хатшының қолы және мөрімен расталған азаматтардың өтініштері мен тізімдерінің негізінде соғыс және еңбек ардагерлеріне ақшалай төлемдер алушыларының тізімін қалыптастырып, оларды МЗТО деректер базасымен салыстырады.

      65. алынып тасталды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

4-тарау. Мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер

      66. Мерекелік күндерге біржолғы ақшалай төлемдер азаматтардың мына санаттарына:
      1) 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне - көпбалалы аналарға - 3000 (үш мың) теңгеден;
      2) Жеңіс күніне - мына санат бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындар:
      Ұлы Отан соғысы қатысушылары мен мүгедектері, неміс тұтқындары, Ұлы Отан соғысында қаза тапқан (қайтыс болған, хабарсыз кеткен) жауынгерлердің екінші рет некеге тұрмаған жесірлері - 10000 (он мың) теңгеден;
      мәртебесі "Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға берілетін жеңілдіктер мен оларды әлеуметтік қорғау туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 6, 8-баптарында белгіленген жеңілдіктер мен кепілдіктер бойынша қатысушылар мен мүгедектеріне теңестірілген адамдар, Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталған адамдар, сондай-ақ 1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (әскери қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы жанқиярлық еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы КСР Одағының ордендерімен және медальдарымен марапатталмаған адамдар - 4000 (төрт мың) теңгеден;
      3) Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне - саяси қуғын-сүргін құрбандары, мүгедек болып қалған немесе зейнеткер болып табылатын саяси қуғын-сүргіннен зардап шеккен адамдар санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алушыларға - 2000 (екі мың) теңгеден;
      4) Балаларды қорғау күніне - он сегіз жасқа толмаған мүгедек балаларға - 2000 (екі мың) теңгеден;
      5) Қарттар күніне - 70-ке және одан асқан жастағы зейнеткерлерге - 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден;
      6) Мүгедектер күніне - мүгедектер санаты бойынша арнаулы мемлекеттік жәрдемақы алатындарға - 1500 (бір мың бес жүз) теңгеден беріледі.
      Ескерту: 66-тармаққа өзгерту енгізілді - Астана қаласы мәслихатының 2009.01.29 N 187/30-IV, 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

      67. Әкімгер МЗТО деректер базасының негізінде Қағиданың 66-тармағында көрсетілген санаттарға жататын азаматтардың тізімін қалыптастырады.

5-тарау. Астана қаласының Құрметті азаматтарына
ақшалай төлемдер

      68. "Астана қаласының құрметті азаматы" атағына ие болған азаматтарға тұрғын үйді ұстауға және тұтынылған коммуналдық қызметтер құнына өтемақы ретінде ақшалай төлемдер беріледі (отбасы мүшелерін есепке алмай).

      69. Астана қаласы мәслихатының Құрметті азаматтар тізімінің негізінде Әкімгер ай сайын төрт айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде ақшалай төлемдерді жүргізеді.

6-тарау. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу
ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер
түлектеріне ақшалай төлемдер

1. Жалпы ережелер

      70. Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқу ақысын төлеу үшін жалпы білім беретін мектептер түлектеріне ақшалай төлемдер (бұдан әрі - оқуға Ақшалай төлем) жалпы білім беретін мектептер түлектерінің тұлдыр жетімдер, бала жасынан мүгедектер, көпбалалы отбасы балалары, балалар үйлерінің түлектері санынан Астана қаласының жоғары оқу орындарында оқудың күндізгі түрінің оқу ақысын төлеу үшін тағайындалады және қаланың тиісті жоғары оқу орнында оқудың нақты құны мөлшерінде және тиісті қаржы жылына қала бюджетінде осы мақсаттарға қарастырылған қаражаттар шегінде беріледі.

      71. Оқуға Ақшалай төлемдер есебінен оқытылатын мамандықтар тізбесі қаланың еңбек нарығында сұраныс құрылымына қарай жыл сайын комиссиямен анықталады.

$2. Оқуға Ақшалай төлемдер алу үшін қажетті
құжаттардың тізбесі

      72. Оқуға Ақшалай төлем алуға үміткерлер Әкімгерге мынадай құжаттарды (түпнұсқада және көшірмеде) ұсынады:
      1) Қағиданың қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;
      2) жеке куәлігі (төлқұжат);
      3) азаматтарды тіркеу кітабы;
      4) ата-анасының қайтыс болуы туралы куәлігі (тұлдыр жетімдерге);
      5) мүгедектікті растайтын құжат (бала жасынан мүгедектерге);
      6) көп балалы отбасы мәртебесін растайтын құжат (көп балалы отбасының балалары үшін);
      7) туу туралы куәлік (тұлдыр жетімдерге);
      8) кешенді тестілеу өткізілген орны бойынша берілген тестілеу қорытындысын растайтын мемлекеттік сертификат.

      73. Әкімгер жыл сайын 5 тамызға дейінгі мерзімде оқуға Ақшалай төлемдер алуға үміткерлерден құжаттар қабылдауды жүргізеді.

$3. Оқуға Ақшалай төлемдерді тағайындау тәртібі

      74. "Астана қаласының Білім басқармасы" мемлекеттік мекемесі жыл сайын бірінші мамырға дейін ағымдағы жылдың Қағиданың 8-тармағы 6)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар санына жататын қаланың жалпы білім беретін мектептер түлектерінің тізімін Әкімгерге ұсынады.

      75. Әкімгер жалпы білім беретін мектептер түлектерінің ұсынылған тізімдеріне сәйкес үміткерлерден оқуға Ақшалай төлемдер алуға құжаттар қабылдауды жүргізеді және қойылатын талаптарға сәйкестігін қарастырып одан әрі комиссияға ұсыну үшін істерді қалыптастырады.

      76. Кешенді тестілеу кезінде ең жоғары алған балл саны бойынша оқуға Ақшалай төлемдер алуға іріктеу жүргізіледі.
      Баллдар тең болған жағдайда тұлдыр жетімдер артықшылық құқығын алады.

      77. Кешенді тестілеу кезінде қажетті ең төменгі баллдан кем алған жалпы білім беретін мектептер түлектеріне оқуға Ақшалай төлем тағайындалмайды.

      78. Комиссия жыл сайын 25 тамызға дейін оқуға Ақшалай төлемдер алуға үміткерлердің құжаттарын қарастырады және шешім шығарады.

      79. Әкімгер Комиссия шешімінің негізінде қаланың жоғарғы оқу орындарымен және оқуға Ақшалай төлемдер алушыларымен білім беру қызметтерін көрсетуге шарттар жасасады (бұдан әрі - Шарт).

      80. Әкімгер Шартқа қол қойғаннан кейін оқуға Ақшалай төлем алушының дербес есеп шотына ақшалай қаражатты аудару жолымен алғашқы оқу жылына төлемақы жүргізеді.

      81. Оқуға Ақшалай төлем алушы ақшалай қаражат түскеннен кейін 3 банктік күн ішінде оқу ақысын төлейді және Әкімгерге төлем туралы түбіртекті ұсынады.
      Әкімгердің келісімімен оқуға Ақшалай төлем алушының есеп шотынан ақша алынады.

      82. Келесі оқу жылдарына оқуға Ақшалай төлемді төлеу жыл сайын оқу жылының басында жүргізіледі.

$4. Оқу өту тәртібі

      83. Әкімгер жоғарғы оқу орнымен бірігіп, оқуға Ақшалай төлем алушының оқуға кірген кезінен бастап оның оқуын бақылауды жүзеге асырады.

      84. Үлгерімі төмен болғаны, себепсіз үнемі оқуға қатыспағаны немесе басқа да жағдайлар негізінде тиісті жоғарғы оқу орнының Жарғысына сәйкес жоғарғы оқу орнының әкімшілігі оқуға Ақшалай төлем алушыны оқудан шығару туралы мәселені қарастырады және Әкімгерді хабардар етеді.
      Егер оқуға Ақшалай төлем алушы оқудан шығарылса жоғарғы оқу орны бес күн ішінде оқудан шығарылғандығы туралы бұйрықтың көшірмесін ұсынуымен Әкімгерді хабардар етеді.

      85. Комиссия жоғарғы оқу орны әкімшілігінің ұсынысы бойынша оқудан шығарылған оқуға Ақшалай төлем алушының орнына Қағиданың 8-тармағы 6)-9) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар ішінен бейінді мамандық бойынша осындай жоғарғы оқу орнының басқа студентімен ауыстыруға құқығы бар.
      Жоғарғы оқу орнының әкімшілігі ерекше жағдайларда басқа мамандық бойынша студентті ұсынуы мүмкін.
      Оқудан шығарылған студенттің орнын ауыстыру туралы ұсыныс болмаған жағдайда, жоғарғы оқу орны оқу шығындарын шегеру есебімен Астана қаласы бюджетінің кірісіне төленген қаражаттарды қайтаруды жүргізеді.

      86. Оқуға Ақшалай төлем алушы жоғарғы оқу орнынан шығарылған жағдайда оқуға төленген сомалары өндірілмейді.

      87. Денсаулығына байланысты академиялық демалысқа шыққан Ақшалай төлем алушы оқуға қайтадан оралғаннан кейін одан әрі оқуға Ақшалай төлем алуы мүмкін.

      88. Жоғарғы оқу орнын бітірген соң және тиісті үлгідегі дипломды алғаннан кейін ол туралы оқуға Ақшалай төлем алушы он күн мерзім ішінде Әкімгерді хабардар етеді.

4-бөлім. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол
ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек

      89. Қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату түрінде әлеуметтік көмек азаматтардың келесі санаттарына:
      1) Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген адамдарға;
      2) жасы келген және еңбек сіңірген жылдары бойынша зейнеткерлерге;
      3) мүгедектер мен он сегіз жасқа дейінгі мүгедек балаларға;
      4) көп балалы аналарға беріледі.
      90. Әкімгер:
      1) МЗТО деректер базасына сәйкес Ереженің 89-тармағында көрсетілген азаматтарға жеке куәлікті және тегін жол жүру билетін пайдалану құқығы расталған куәлік көрсеткен кезде "Астана қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы" мемлекеттік мекемесі (бұдан әрі - Басқарма) дайындаған белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттерін беруді жүргізеді;
      2) Басқарма ұсынған атқарылған жұмыстардың актілері негізінде тасымалдаушылар арасында бюджеттік қаражаттарды бөлуді және көрсетілген азаматтардың санаттарына жол жүруге тасымалдаушылардың шығын өтемақысын қамтамасыз етеді.
      91. Ереженің 89-тармағында көрсетілген, қалалық бағыттағы жолаушылар көлігінде жол ақысын төлеуден босату үшін азаматтардың жеңілдікті санаттарына жататынын растайтын және куәлігінің түпнұсқасы мен белгіленген үлгідегі жеңілдікті жол жүру билеттері негіздеме болып табылады.
      92. Әкімгер азаматтардың өтініштері бойынша жарамсыз жеңілдікті жол жүру билеттерін ауыстырады.
      93. Жеңілдікті жол жүру билеттерін қайтадан беру жоғалғандығы туралы құжатпен расталғанда ("іздеу салу үстелінің" анықтамасы, мерзімдік басылымдағы ұрланған (жоғалған) жеңілдікті жол жүру билетінің жарамсыз деп танылғаны туралы хабарландыру, ұрланған жағдайда - ішкі істер органдарынан растау) жылына бір рет жүргізіледі.
      Ескерту: 4-бөліммен толықтырылды - Астана қаласы мәслихатының 2009.03.31 N 197/31-IV (қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз) Шешімімен.

                              Астана қаласы мәслихатының 2007 жылғы
                           17 қазандағы 16/4-IV шешімімен бекітілген
                             Астана қаласындағы мұқтаж азаматтардың
                             жекелеген санаттарына әлеуметтік көмек
                                   көрсету Қағидасына қосымша

                              Астана қаласының Жұмыспен қамту және
                            әлеуметтік бағдарламалар басқармасына
                            _______________________________________
                                         (аты-жөні)
                            _______________________________________
                                    мекен-жайы бойынша тұратын
                            _______________________________________

                            телефон ___________________ (бар болса)

                           Өтініш

      Сізден________________________________________________________
                                (жоо-ның атауы)
__________________________факультеті_____________________мамандығы
бойынша _________________________________ ретінде оқу ақысын төлеу
                 (мәртебесі)
үшін әлеуметтік төлем тағайындауды сұраймын.

      Мынадай құжаттарды қоса ұсынамын:
      1._______________________________
      2._______________________________
      3._______________________________
      4._______________________________
      5._______________________________

      Күні______________                 Қолы _____________