Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 24 желтоқсандағы N 273 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 5 ақпандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5123 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 95 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2012.02.24 № 95 (алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан қараңыз.

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік)  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. Агенттік Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы  N 157 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы  N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, 15, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 35 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы   N 76 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі  N 120 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы  N 169 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4839 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру Ережесінде:
 

      4-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) кандидат туралы, оның ішінде осы Ереженің 1, 1-1-қосымшаларына сәйкес ұсынылған мәліметтердің қаржы ұйымымен (өтініш берушімен) құжаттамалық жағынан тексерілгені туралы көрсетілген, еркін нысанда жасалған өтініш және оған мына тұлғалар қол қоюы тиіс;
      қаржы ұйымының (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысы - директорлар кеңесінің мүшелерін, бірінші басшыны және қаржы ұйымының (өтініш берушінің) басқарма мүшелерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      қаржы ұйымы (өтініш беруші) басқармасының бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға) - қаржы ұйымының (өтініш берушінің) директорлар кеңесінің бірінші басшысын, бас бухгалтерін және өзге басшы қызметкерлерін тағайындау (сайлау) кезінде;
      сақтандыру брокері акционерлерінің бірі - сақтандыру брокерінің бірінші басшысын тағайындаған (сайлаған) кезде;
      сақтандыру брокерінің бірінші басшысы - сақтандыру брокерінің бірінші басшысы орынбасарын тағайындаған (сайлаған) кезде;
      осы құжатқа қол қоюға уәкілетті қаржы ұйымының (өтініш берушінің) қатысушыларының бірі (жауапкершілігі шектеулі серіктестіктің ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған қаржы ұйымы үшін) - тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлғаны, сақтандыру брокерінің бірінші басшысын тағайындау (сайлау) кезінде;";
 

      4-2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "4-2. Ұсыным беруші тұлғалар мыналар болуы мүмкін:
      1) "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігі;
      2) бірінші басшы және директорлар кеңесінің мүшелері, бірінші басшы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функцияларын жекелей жүзеге асырушы тұлға) сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, қаржы ұйымдарының бұрын оларды тағайындауға (сайлауға) уәкілетті органның келісімін алған, бұл келісім олардан қайтарып алынбаған басқарма мүшелері;
      3) ұсыным хатқа қол қойған күніне уәкілетті органның бірінші басшысы және оның орынбасарлары лауазымында болған тұлғаларды қоспағанда, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың бірінші басшылары және олардың орынбасарлары (оның ішінде ұсыным хатқа қол қойған күннен үш жылдан бұрын емес бірінші басшы және оның орынбасарлары болғандар);
      4) экономика және (немесе) заң ғылымының докторы ғылыми дәрежесі бар тұлғалар;
      Қазақстан Республикасының резиденттері емес кандидаттарын келісу кезінде ұсыным беруші тұлға тізбесі Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 55 қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) белгіленген рейтингтік агенттіктерінің бірі тағайындаған BB+-ден төмен емес рейтингі бар Қазақстан Республикасының резиденттері емес қаржы ұйымдарының бірінші басшысы және директорлар кеңесінің мүшелері, бірінші басшы және басқарма мүшелері болып табылады. Қосымша ұсыным беруші тұлғалар осы тармақтың 1)-4) тармақшаларында көрсетілген тұлғалар болуы мүмкін.
      Басшы қызметкер, акционер, қаржы ұйымының (өтініш берушінің) құрылтайшысы, кандидатты келісу туралы өтініш берген қаржы ұйымы (өтініш беруші) құрылтайшысының (акционерінің) басшы қызметкері, кандидаттың ері (зайыбы), жақын туыстары (ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) және кандидаттың жекжаттары (ерінің (зайыбының) ата-анасы, аға-інісі, апа-сіңлісі, балалары) - ұсыным беруші тұлғалар бола алмайды.";
 

      12-тармақта:
      1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "1) Басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға) және сақтандыру брокерінің бірінші басшысы лауазымына кандидатты қоспағанда, қаржы ұйымдарында сәйкес немесе жоғары тұрған лауазымға уәкілетті органмен бұрын келісілген кандидаттар;";
      2) тармақта "немесе жоғары тұрған" деген сөздер алынып тасталсын;
      4), 5) және 6) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) басқарманың бірінші басшысы (тіркеуші, трансфер-агенттің атқарушы органының функциясын жекелей жүзеге асырушы тұлға), сақтандыру брокерінің бірінші басшысы, бас бухгалтер лауазымына кандидат - осы секторда (банкте, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымында немесе сақтандыру брокері қызметін жүзеге асыратын ұйымда, жинақтаушы зейнетақы қорында немесе жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін инвестициялық басқаруды жүзеге асырушы ұйымда, тиісінше бағалы қағаздар рыногында) қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты қаржы ұйымының бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, бөлімше басшысы, не уәкілетті органының басқарма мүшесі ретінде кемінде үш жыл еңбек стажы бар болса;
      5) сақтандыру брокерінің бірінші басшысының орынбасары, қаржы ұйымының басқарма мүшесі лауазымына кандидат - қызметі қаржылық қызмет көрсетумен немесе әкімшілік, ақпараттық-технологиялық функцияларды, сондай-ақ қаржы ұйымының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі функцияларды жүзеге асырумен байланысты болған қаржы ұйымының бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, бөлімше басшысы не уәкілетті органы бөлімшесінің басшысы ретінде кемінде екі жыл еңбек стажы бар болса;
      6) Қаржы ұйымының өзге де басшы қызметкері лауазымына кандидат - қызметі қаржылық қызмет көрсетумен байланысты болған қаржы ұйымының бірінші басшысы, директорлар кеңесінің мүшесі, бөлімше басшысы не уәкілетті органның бөлімше басшысы ретінде кемінде бір жыл еңбек стажы бар болса.";
 

      19-тармақта "өтініш иесінің" деген сөздер "кандидаттың" деген сөзбен ауыстырылсын;
 

      1-қосымшада:
      атауы мынадай редакцияда жазылсын:

      "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына кандидат
                      туралы қысқаша деректер
                                                   ____________
                                                  |            |
                                                  |            |
                                                  |            |
                                                  |            |
                                                  |            |
                                                  |____________|
                                                  суреттің орны

____________________________________________________________________
        (кандидаттың фамилиясы, аты, әкесінің аты (бар болса)
____________________________________________________________________
                       (қаржы ұйымының атауы)";

      1-1-қосымша:
      мынадай мазмұндағы 3-1-тармақпен толықтырылсын:
      "3-1. Басқа қаржы ұйымдарының директорлар кеңесіндегі және инвестициялық комитеттеріндегі мүшелігі туралы мәліметтер

Кезең

Қаржы
ұйымының
атауы

Лауазымы,
келіскен
күні

Жұмыстан шығу,
лауазымынан босатылу
себептері

                                                          ";
 

      1-2-қосымшада "Ұсыным берушінің жұмыс орны" деген сөздерден кейін "(ұсыным беруші тұлға болып Қазақстан Республикасының резиденті емес қаржы ұйымының басшысы табылған жағдайда осы ұйымның рейтингі, рейтинг агенттігінің атауы мен рейтинг тағайындалған күні көрсетілуі тиіс)" деген сөздермен толықтырылсын.
 

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізілген күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.
 

      3. Лицензиялау басқармасы (А.Ж.Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.
 

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.
 

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарлары Е.Л. Бахмутоваға және Ғ.Н. Өзбековке олардың функционалдық міндеттеріне сәйкес жүктелсін.

       Төраға