Күші жойылды - ҚР Индустрия және сауда министрінің 2008.10.29 N 427 (қолданысқа енгізілу тәртібін 6-тармақтан қараңыз) Бұйрығымен.
-------------------- Бұйрықтан үзінді ---------------------
"Техникалық реттеу туралы" Қазақстан Республикасы Заңының
12-бабының
8-тармағына сәйкес, БҰЙЫРАМЫН:
1. ...
2. ...
3. Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5091 нөмірімен тіркелген, 2008 жылғы 25 қаңтардағы N 12 (1238) "Заң газетінде" жарияланған "Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрінің 2007 жылғы 27 желтоқсандағы N 376
бұйрығының
күші жойылды деп танылсын.
4. ...
5. ...
6. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап он
күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр В. Школьник
Қолданушылардың назарына!!!
Бұйрықтың қолданысқа енгізілу тәртібін
4-тармақтан
қараңыз.
2004 жылғы 9 қарашадағы "
Техникалық реттеу
туралы" және 2000 жылғы 7 маусымдағы "
Өлшем бірлігін қамтамасыз ету
туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшем құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Индустрия және сауда министрлігі Техникалық реттеу және метрология комитеті (бұдан әрі - Комитет) осы бұйрықтың заңнамада белгіленген тәртіпте Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылауды Комитет Төрағасы Ғ.М. Мұхамбетовке жүктелсін.
4. Осы бұйрық ресми жарияланған күннен бастап он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министр
Қазақстан Республикасы
Индустрия және сауда министрінің
2007 жылғы 27 желтоқсанда
N 376 бұйрығымен бекітілді
Сәйкестікті растау жөніндегі органдарды, сынақ зертханаларын (орталықтарын), өлшеу құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу ережесі
Осы Ереже 2004 жылғы 9 қарашадағы " Техникалық реттеу туралы " және 2000 жылғы 7 маусымдағы " Өлшем бірлігін қамтамасыз ету туралы" Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес әзірленді, Қазақстан Республикасында сәйкестікті растау жөніндегі органдарды және сынақ зертханаларын (орталықтарды), өлшеу құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеудің бірыңғай тәртібі мен талаптарын белгілейді.
1. Осы Ережеде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
1) аккредиттеу жөніндегі орган - Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын және аккредиттеу жөніндегі қызметті жүзеге асыратын заңды тұлға;
2) аккредиттеу жөніндегі комиссия - аккредиттеу материалдарын қарастыратын және сол бойынша ұсынымдық сипатқа ие шешім қабылдайтын аккредиттеу жөніндегі органның үнемі әрекет ететін комиссиясы;
3) өтінім беруші - аккредиттеуге өтінім берген заңды тұлға;
4) аккредиттеу субъектілері - аккредиттелген сәйкестікті растау жөніндегі органдар, сынақ зертханалары (орталықтарын), өлшеу құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар және олардың филиалдары.
2. Шетелдік өтінім берушілер, олардың құрылымдық бөлімшелері егер, өзгелер Қазақстан Республикасымен бекітілген халықаралық келісім шарттарда белгіленбесе, осы Ережеге сәйкес аккредиттеледі.
3. Аккредиттеу рәсімін өту үшін өнім сәйкестігін растау жөніндегі органның өз меншік құқығы негізінде оның аккредиттеу саласында көзделген объектілеріне жетпіс пайыздан кем емес көлемде сынақ жүргізуді қамтамасыз ететін зертханасы болуы тиіс.
4. Өтінім берушіні аккредиттеу мынадай кезеңдерден тұрады:
1) өтінімді қабылдау және қарастыру;
2) аккредиттеу жөніндегі жұмыстар жүргізуге арналған шарт (бұдан әрі - Шарт) бекіту;
3) ұсынылған құжаттарға сараптама жүргізу;
4) өтінім берушіні орналасқан жерінде тексеру;
5) аккредиттеу немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдау;
6) аккредиттеу аттестатын беру.
2. Аккредиттеу жұмыстарын жүргізу тәртібі
5. Өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі органға:
1) аккредиттеу жөніндегі жұмыстар жүргізуге өтінім;
2) өтінім берген аккредиттеу саласын қағаз жүзінде және электрондық жеткізуші түрінде;
3) паспорт (сынақ зертханалары (орталықтары), өлшеу құралдарына салыстырып тексеру, калибрлеу және өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды жүзеге асыратын заңды тұлғалар үшін);
4) сәйкестікті бағалау жөніндегі жұмыстарды орындайтын қызметкерлер туралы мәлімет (сәйкестікті растау жөніндегі органдар үшін);
5) нотариалды расталған өтініш берушінің заңды мәртебесін анықтайтын құжаттардың көшірмелері (жарғы, филиал туралы ереже, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі, есептік тіркеу (қайта тіркеу) туралы куәлігі статистикалық карточка).
Өтінім беруші өтінілген аккредиттеу саласына байланысты нормативтік құжаттарға сәйкес аккредиттеу үшін қажетті өзге де құжаттар тапсырады.
Өтінішті есептемегенде барлық құжаттар екі данадан тапсырылады.
6. 5-тармақтың 1)-5)-тармақшаларында көрсетілген құжаттар осы ереженің 1-9 қосымшаларына сәйкес нысаны мен мазмұны бойынша тапсырылады.
Егер өтініш және (немесе) оған қосымша құжаттар осы Ережеге сәйкес келмесе немесе ұсынылған құжаттар көлемі толық болмаса аккредиттеу жөніндегі орган ол түскен күнді есептегенде бес жұмыс күні ішінде қайтару себептерін көрсете отырып, өтінішті қайтарып береді.
7. Аккредиттеу жөніндегі орган мен өтінім берушінің арасында жасалатын аккредиттеу жөніндегі жұмыстар, мыналардан тұратын Шартқа сәйкес ақылы негізде жүзеге асырылады:
1) тарап деректемелері:
аккредиттеу жөніндегі органның толық атауы, оның орналасқан жері, өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу нөмірі мен күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
өтінім берушінің толық атауы және оның орналасқан жері мен өтінім берушіні мемлекеттік тіркеу нөмірі және күні, салық төлеушінің тіркеу нөмірі;
2) шарт заты;
3) тарап құқықтары мен міндеттері;
4) жұмыстар құны;
5) жұмыстардың орындалу мерзімдері;
6) инспекциялық тексеру жүргізу тәртібі мен мерзімдері;
7) тараптар жауаптылығы;
8) шарт бекітілген күн.
8. Құжаттарға сараптама Шарт жасалған күннен бастап есептелетін отыз жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады.
Сараптама жүргізу үшін аккредиттеу жөніндегі орган сарапшы-аудитор немесе сарапшы-аудиторлар тобын тағайындайды.
9. Сарапшы-аудитор барлық тапсырылған құжаттарға сараптама жүргізеді, қажет болған жағдайда өтінім берушіден тапсырылған осы ақпаратты растау немесе анықтау үшін қосымша ақпарат сұратады.
10. Сараптама нәтижесі бойынша сарапшы-аудитор қорытынды дайындайды, ол мыналардан тұруы тиіс:
тапсырылған құжаттардың аккредиттеу талаптарына сәйкестігін бағалау;
нақты талаптар бойынша құжаттардың сәйкессіздігін көрсету (сәйкессіздік табылған жағдайда);
тапсырылған құжаттарды түзету бойынша ұсыныстар және сол ұсыныстарды өтінім берушінің орындауын растау тәртібі;
ұсынылған құжаттардың аккредиттеу талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы қорытынды.
Қорытындыда берілген жазбалар ұсынылған құжаттардың аккредиттеу талаптарына сәйкестік бағасы анық және түсінікті баяндалуы керек.
11. Сарапшы-аудитордың қорытындысы негізінде аккредиттеу жөніндегі органның басшысы мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) өтінім берушінің тұрғылықты орны бойынша тексеру туралы (бұдан әрі - тексеру);
2) өтінім берушінің сәйкессіздіктерді жоюы туралы.
Шешім көшірмесі өтінім берушіге жіберіледі.
12. Өтінім беруші шешім көшірмесін алған күннен бастап отыз күн ішінде анықталған сәйкессіздіктерді жояды және аккредиттеу жөніндегі органға оларды жойғаны туралы хабарлайды. Аккредиттеу жөніндегі орган хабарландыру алған күннен бастап жеті күндік мерзімде құжаттарға қайта сараптама жүргізеді.
Сәйкессіздіктерді жою мерзімін аккредиттеу жөніндегі орган өтінім берушінің себептері көрсетілген жазбаша өтінімі бойынша екі айдан аспайтын уақытқа ұзартады.
Анықталған сәйкессіздіктерді белгіленген мерзімде жоймау, егер ол еңсерілмейтін күшпен шарттасылған болмаса немесе құжаттарға қайта сараптама жүргізу кезінде сарапшы-аудитордың бастапқы қорытындысында көрсетілген сәйкессіздіктер табылса, онда ол шартты бұзуға негіз болады.
13. Тексеру өтінім берушінің құзыреттілігін, ұсынылған құжаттардағы ақпараттардың нақты жағдайға сәйкестігін бағалау мақсатында жүргізіледі.
14. Тексеруді аккредиттеу жөніндегі орган қалыптастыратын топпен жүзеге асырылады. Тексеру жөніндегі топ кемі үш адамнан тұруы қажет, топ басшысы ретінде құжаттарға сараптама жүргізген аккредиттеу жөніндегі сарапшы-аудитор тағайындалады.
Тексеру жөніндегі топтың құрамына келісім бойынша:
өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету жөніндегі мамандар;
сәйкестікті растау жөніндегі сарапшы-аудиторлар, техникалық сарапшылар, мемлекеттік органдардың және басқа ұйымдардың мамандары өтінім берушінің өтінім берген қызмет саласы бойынша кіруі қажет.
15. Тексеру тексеру туралы шешім қабылдаған күнді есептемегенде он жұмыс күнінен кем емес мерзімде жүргізіледі.
16. Өз жұмысының нәтижесі бойынша Тексеру жөніндегі топ өтінім берушінің аккредиттеу талаптарының сәйкестігіне бағалау есебін құрайды. Есеп топ басшысымен оның мүшелерінің барлық ескертулерін есепке ала отырып, екі данада жасалады және барлық топ мүшелері қол қояды. Есептің бір данасы өтінім берушіге, ал екінші данасы аккредиттеу жөніндегі органға беріледі.
17. Тексеру жөніндегі топтың есебімен келіспеген жағдайда өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі органға өзінің ескертулерін жазбаша нысанда ұсына алады.
18. Тексеру жөніндегі топтың есебі негізінде және олар болған жағдайда өтініш берушінің ескертулерін есепке ала отырып, аккредиттеу жөніндегі орган басшысы бес жұмыс күнінен аспайтын мерзімде мына шешімдердің біреуін қабылдайды:
1) жиналған материалдарын аккредиттеу жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - Комиссия) тапсыру туралы;
2) өтінім берушінің анықталған сәйкессіздіктерді жоюы туралы.
Шешім көшірмесі өтінім берушіге жолданады.
19. Өтінім беруші тексеру барысында анықталған сәйкессіздіктерді жояды және аккредиттеу жөніндегі органға шешімнің көшірмесін алған күннен бастап жиырма жұмыс күні ішінде кемшіліктерді жойғаны туралы хабарлайды, содан кейін аккредиттеу жөніндегі орган қайта тексеруді жүргізеді. Тексеру мерзімі өтінім берушіні тұрғылықты орны бойынша тексеру жөніндегі топтың келген кезін есептемегенде, бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Сәйкессіздіктерді жою мерзімін аккредиттеу жөніндегі орган өтінім берушінің себептер көрсетілген жазбаша өтінімі бойынша екі айдан аспайтын уақытқа ұзартады.
Белгіленген мерзімде анықталған сәйкессіздіктерді жоймау, егер ол еңсерілмейтін күшпен шарттасылған болмаса Шартты бұзуға негіз болады.
20. Комиссия материалдар келіп түскен кезінен бастап, жиырма жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды қарап, шешім қабылдайды.
Комиссия шешімдері оның мүшелерінің басым көпшілігінің дауысымен қабылданады.
21. Комиссия шешімі негізінде аккредиттеу жөніндегі орган басшысы бес жұмыс күні ішінде өтінім берушіні аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
Оң шешім қабылданған күнді есептегенде жеті жұмыс күні ішінде аккредиттеу жөніндегі орган басшысымен өтінім берушінің аккредиттеу саласы бекітіледі, содан кейін осы Ереженің 10 қосымшасына сәйкес мазмұны және нысаны бойынша аккредиттеу аттестаты мен бір құжаттар жиынтығы беріледі.
Комиссияның теріс шешімі жағдайда өтінім берушіге құжаттар жиынтығы мен дәлелді бас тарту жібереді, Шарт бұзылады.
22. Аккредиттелген субъект аккредиттеу аттестатының аяқталу мерзімінен алты ай бұрын аккредиттеу жөніндегі органға кезекті аккредиттеу туралы өтінім береді. Кезекті аккредиттеу осы Ереженің 5-21-тармақтарына сәйкес жүргізіледі.
23. Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектінің өтінім берген аккредиттеу саласына сәйкес нақты жұмыстарды орындауға құқылы екенін ресми тану фактісін куәландыратын құжат болып табылады.
Аккредиттеу аттестатының қолданылу мерзімі үш жылды құрайды.
24. Аккредиттеу аттестаты аккредиттелген субъектілердің мемлекеттік тізілімінде тіркелуге тиіс.
25. Аккредиттеу аттестатымен бірге міндетті қосымша ретінде аккредиттеу саласын белгілейтін құжат беріледі.
26. Жоғалған, бүлінген аккредиттеу аттестаттары аккредиттеу субъектісі жазбаша өтініш (аккредиттеу аттестатының жоғалған, бүлінген фактісін растайтын қосымша құжаттармен қоса) берген күннен бастап жарамсыз деп есептеледі.
Аккредиттеу жөніндегі орган өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының төлнұсқасын береді.
27. Шетелдік аккредиттеу жөніндегі органдар берген аккредиттеу аттестатын немесе оған балама құжаттарды аккредиттеу жөніндегі орган Қазақстан Республикасы бекіткен халықаралық шарттарға сәйкес таниды.
4. Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу
28. Аккредиттелген субъектісінің аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу:
1) оның қайта құрылған кезінде;
2) оның мекен жайы өзгергенде;
3) оның атауы өзгергенде;
4) шындығында оның аккредиттеу саласы кеңейтілгенде немесе қысқартылғанда жүзеге асырылады.
29. Аккредиттелген субъект аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуге негіз туындаған күннен бастап он күнтізбелік күні ішінде аккредиттеу жөніндегі органға жаңа мәліметтер көрсетілген аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу туралы өтінім береді.
30. Осы Ереженің 28-тармағының 1)-3)-тармақшаларында көзделген негіздер бойынша, аккредиттеу субъектісі аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу себептерін көрсетіп қайта рәсімдеу туралы өтінім және осы Ереженің 4-тармағының 2)-3)-тармақшаларында көзделген құжаттарды, ал 28-тармақтың 4)-тармақшасында көзделген негіз бойынша сондай-ақ кеңейтілген салаға сәйкес мамандардың бар екендігі туралы ақпарат тапсырады.
Барлық құжаттар екі данада тапсырылады.
Құжаттар жиынтығының толық еместігі өтінішті қабылдаудан бас тартуға негіз болады.
31. Осы Ереженің 28-тармақ 2) және 4)-тармақшаларында көзделген негіз бойынша аккредиттеу жөніндегі органымен осы Ереженің 14-19-тармақтарында көзделген тәртіпте оның орналасқан орны бойынша аккредиттеу субъектісін тексеру жүргізіледі.
32. Комиссия аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу туралы құжаттарды он жұмыс күні ішінде қарастырады.
Мерзімі өтіп кету кезінде аккредиттелген субъектіні тұрғылықты орны бойынша тексеру және соңғы анықталған сәйкессіздіктерді жою күндері есептелмейді.
33. Комиссия шешімі негізінде аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеу туралы немесе қайта рәсімдеуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.
34. Аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуден бас тарту туралы шешім аккредиттелген субъект ұсынған құжаттарда және мәліметтерде жалған немесе бұрмаланған ақпарат анықталғанда, сондай-ақ аккредиттелген субъектісінің орналасқан орны бойынша қайта тексеру барысында оның алғашқы тексеруде анықталған сәйкеспеушілігі анықталған жағдайда қабылданады. Бұл жағдайда келісім-шарт бұзылады.
35. Оң шешім қабылдаған жағдайда аккредиттеу аттестаты қайта рәсімделеді және ол туралы аккредиттелген субъектілердің мемлекеттік тізіліміне соған сәйкес жазба жүргізіліп, аккредиттеу саласы қайта бекітіледі.
36. Аккредиттеу аттестатының қолданыс мерзімі оны қайта рәсімдеуде үзілмейді.
5. Аккредиттеу материалдарын жандандыру тәртібі
37. Аккредиттеу материалдарын жандандыру - аккредиттеу аттестатын қайта рәсімдеуді тудырмайтын осы Ереженің 5-тармағы 2)-4)-тармақшаларында көзделген аккредиттелген субъектісінің құжаттарына өзгерістер енгізу.
38. Аккредиттеу материалдарын жандандыру мынадай жағдайларда жүргізіледі:
1) сәйкестікті бағалау және аккредиттеу саласында ескінің орнына жаңа нормативтік құжатты енгізгенде;
2) өлшем бірлігін қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау саласы бойынша жұмыстарды жүзеге асыратын мамандардың құрамы өзгергенде;
3) өлшем құралдары (эталондары), сынақ және қосымша құрал-жабдықтарын ауыстырғанда.
39. Аккредиттелген субъектісі құжаттарды жандандыруда аккредиттеу жөніндегі органға жандандыру себебінің негізімен өтінім, сондай-ақ екі данада өзгерістер енгізілген аккредиттеу материалдарын береді.
40. Аккредиттеу жөніндегі орган құжаттар түскен күннен он жұмыс күнінен аспайтын мерзімде оларды түскен кезден бастап құжаттарды қарайды және осы Ереженің 28-тармағында көзделген негіздер болмаған жағдайда енгізілген өзгерістерді өз мәліметіне алып, ол туралы аккредиттелген субъектісіне жазбаша хабарлайды.
6. Аккредиттеу аттестатын тоқтату, жою, аккредиттеу аттестатын жарамсыз деп тану
41. Аккредиттеу аттестатының қолданысы аккредиттеу жөніндегі орган басшысының шешімі бойынша мынадай негіздер бойынша алты айға дейін тоқтатылады:
1) аккредиттеу субъектісінің жазбаша өтініші;
2) аккредиттеу субъектісінің аккредиттеу саласынан тыс өлшем құралдарын қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстарды іске асыру;
3) өлшем құралдарын қамтамасыз ету, сәйкестікті бағалау бойынша жұмыстары нәтижесінің дұрыстығына әсер ететін аккредиттеу талаптарының бұзғандығы анықталу негізінде.
42. Өтінішті қарау мерзімі осы Ереженің 41-тармақ 1) тармақшасында көзделген негіз бойынша бес жұмыс күнінен аспауы тиіс.
Анықталған бұзушылықтар туралы құжаттарды қарау мерзімі 41-тармақ 2) және 3)-тармақшаларында көзделген негіз бойынша он жұмыс күнінен аспауы тиіс.
43. Комиссия шешімі бойынша аккредиттеу жөніндегі орган басшысы аккредиттеу аттестатының қызметін тоқтату туралы шешім қабылдайды.
Бұйрықтың көшірмесі аккредиттеу субъектісіне жіберіледі, ол оны алған күннен бастап сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі қызметін тоқтатады және жіберген бұзушылықтарды жою үшін шаралар қолданады.
44. Бұзушылықтарды жойғаннан кейін аккредиттелген субъект оларды жойғаны туралы мәліметтерді аккредиттеу жөніндегі органға аккредиттеу аттестатының қызметін қайта жандандыру шешімін қабылдау үшін береді.
Аккредиттеу жөніндегі орган күнтізбелік он күн ішінде ескертулерді жөндеген фактісі бойынша тексеру ұйымдастырады, содан соң үш жұмыс күні ішінде аккредиттеу аттестатының қолданысын қайта жандандыру немесе қайта жандандырудан бас тарту туралы шешім қабылдайды.
45. Егер анықталған бұзушылықтар жалпы аккредиттеу саласына әсер етпейтін жағдайда сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі әрекет сол аккредиттеу саласында, онда анықталған бұзушылықтар шегінде тоқтатыла тұруға жатады.
46. Аккредиттеу аттестаты оның әрекет ету мерзімінің аяқталуына байланысты қызметін тоқтатады.
47. Аккредиттеу аттестаты мынадай жағдайларды жойылады, егер:
1) инспекциялық тексеру кезінде аккредиттеу субъектісінің сәйкестікті бағалау, өлшем бірлігін қамтамасыз ету жөніндегі жұмыстарды орындауға оның құзыреттілігіне күмән келтіретін, қызметінде бұзушылықтар анықталса;
2) аттестат алу кезінде аккредиттелген субъектісімен біле тұра жалған ақпарат ұсынылса.
48. Өтінім беруші аккредиттеу жөніндегі орган қабылдаған кез келген шешімге аккредиттеу жөніндегі органның апелляциялық комиссиясына немесе сотқа, хабарлама алғаннан соң, қабылданған шешім туралы бір айдан кем емес мерзімде шағымдануына болады.
49. Апелляциялық комиссияның шешімі Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес сотта қайта қарастырылуы мүмкін.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу
және өлшемдерді орындау
әдістемелерін метрологиялық
аттестаттауды жүзеге асыратын
заңды тұлғаларды аккредиттеу
ережесіне 1-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі орган
ӨТІНІМ
1. _________________________________________________________________
(өтінішкер атауы)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде (өлшем бірлігін қамтамасыз ету)_____________________________________
____________________________________________________________________
(сәйкестікті растау жөніндегі органдарды,сынақ зертханаларын (орталықтарын), метрологиялық қызметтерді, өлшем құралдарын салыстырып тексеру, (калибрлеу) өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды, өлшем жағдайын бағалауды жүзеге асыратын, филиал ретінде)
______________________________________________аккредиттеу саласында
(нормативтік құжаттың белгісі, аккредиттеу
саласының атауы)
аккредиттеуді сұраймыз.
2. Өтінішкердің заңды мәртебесі:
____________________________________________________________________
(заңды тұлға туралы мәліметтер (филиал) - атауы, құрылтайшылар, заңды тұлғаның басшылық органы, тұрған жері, телефоны, факсы, электрондық поштасы, веб сайты, есептік шоты, СТН)
3. _________________________________________________________________
(өтінім беруші басшысының аты-жөні, тегі)
4. _________________________________________________________________
(аккредиттеу органымен байланысына жауапты қызметкердің
аты-жөні, тегі, телефоны)
Басшы _____________________________ _________ _____________________
(өтінішкер атауы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
"_____ " ___________ 20___ жыл
Мөр орны
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 2-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
ӨНІМ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАННЫҢ АККРЕДИТТЕЛУ САЛАСЫ
____________________________________________________________________
(өнім сәйкестігін растау жөніндегі органның атауы және мекен жайы)
(зерттеу
|
ЭҚ
|
ЭҚТ ТН
|
Сәйкестікті
|
(зерттеу объ-
|
Сипатта-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ескертулер:
1. Осы қосымшаның соңғы бетіне сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының қолы қойылуы және заңды тұлғаның мөрімен расталуы керек.
2. Осы қосымшаның әр парағы аккредиттеу жөніндегі органның мөрімен расталуы керек.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органның филиалдары осы нысан бойынша аккредиттеу саласын рәсімдейді.
4. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде»"Өнім сәйкестігін растау жөніндегі органның аккредиттеу саласына N ____ қосымша" деп аталатын осы нысан пайдаланылады.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 3-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
МЕНЕДЖМЕНТ ЖҮЙЕСІНІҢ СӘЙКЕСТІГІН РАСТАУ ЖӨНІНДЕГІ ОРГАННЫҢ
АККРЕДИТТЕУ САЛАСЫ
____________________________________________________________________
(сәйкестігін растау жөніндегі органның атауы және мекен жайы)
Менеджмент
|
ЭҚТӨС
|
Менеджмент жүйесінің
|
Сәйкестікті
|
Сипаттамаларды
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Ескертулер:
1. Осы қосымшаның соңғы бетіне сәйкестікті растау жөніндегі орган басшысының қолы қойылуы және заңды тұлғаның мөрімен расталуы керек.
2. Осы қосымшаның әр парағы аккредиттеу жөніндегі органның мөрімен расталуы керек.
3. Сәйкестікті растау жөніндегі органның филиалдары осы нысан бойынша аккредиттеу саласын рәсімдейді.
4. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде "Менеджмент жүйесін растау жөніндегі органның аккредиттеу саласына N ____ қосымша" деп аталатын осы нысан пайдаланылады.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 4-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫ (ОРТАЛЫҒЫ) АККРЕДИТТЕЛУ САЛАСЫ
____________________________________________________________________
(сынақ зертханасы (орталығы) атауы және мекен жайы)
(зерттеу
|
ЭҚ
|
ЭҚТ ТН
|
Сәйкестікті
|
(зерт-
|
белгі-
|
Сипаттамалар-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
Ескертулер:
1. Осы қосымшаның соңғы бетіне сынақ зертханасы (орталығы) басшысының қолы қойылуы және заңды тұлғаның мөрімен расталуы керек.
2. Осы қосымшаның әр парағы аккредиттеу жөніндегі органның мөрімен расталуы керек.
3. Сынақ зертханасының (орталығының) филиалдары осы нысан бойынша аккредиттеу саласын рәсімдейді.
4. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде "Сынақ зертханасының (орталығының) аккредиттеу саласына N ____ қосымша" деп аталатын осы нысан пайдаланылады.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 5-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты- жөні-тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН САЛЫСТЫРЫП ТЕКСЕРУДІ (КАЛИБРЛЕУДІ)
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ АККРЕДИТТЕУ САЛАСЫ
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және мекен жайы)
Өлшем
|
Өлшем құралда-
|
Өлшем құрал-
|
Метрологиялық сипаттама |
||
өлшем
|
дәреже,
|
кеңейтілген белгісіздік |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ескертулер:
1. Осы қосымшаның соңғы бетіне басшысының қолы қойылуы және заңды тұлғаның мөрімен расталуы керек.
2. Осы қосымшаның әр парағы аккредиттеу жөніндегі органның мөрімен расталуы керек.
3. Заңды тұлғаның филиалдары осы нысан бойынша аккредиттеу саласын рәсімдейді.
4. Аккредиттеу саласын кеңейту кезінде "Өлшем құралдарын салыстырып тексеруді (калибрлеуді) жүзеге асыратын заңды тұлғаның аккредиттеу саласына N ____ қосымша" деп аталатын осы нысан пайдаланылады.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 6-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты-жөні,тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
СӘЙКЕСТІКТІ БАҒАЛАУ ЖӨНІНДЕГІ ЖҰМЫСТАРДЫ ОРЫНДАЙТЫН
ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТУРАЛЫ МӘЛІМЕТТЕР
____________________________________________________________________
(сәйкестікті бағалау жөніндегі органның атауы)
Аты-жөні,
|
Білімі, оқу
|
Жұмыс орны,
|
Сертификаттау
|
Қызмет саласы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
Басшы ______________________________ __________ ____________________
(өтінішкер атауы) (қолы) (аты-жөні, тегі)
"_____ " ___________ 20___ жыл
Мөр орны
Ескертулер:
1 бағанда кезекті тәртіпте штаттағы сарапшы аудиторлар, штаттағы сарапшы аудиторлыққа кандидаттар, сәйкестікті растау жөніндегі органның штаттағы мамандары, шарт бойынша жұмыстарға тартылған мамандар көрсетіледі.
3 бағанда штатта жоқ мамандармен жасалған шарттың күні, нөмірі және мерзімі көрсетіледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 7-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты- жөні-тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
СЫНАҚ ЗЕРТХАНАСЫНЫҢ (ОРТАЛЫҒЫНЫҢ) ТӨЛҚҰЖАТЫ
____________________________________________________________________
(сынақ зертханасының (орталығының) атауы)
Зертхана (орталық) басшысының аты-жөні, тегі, лауазымы, телефоны
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Зертхананың (орталық) пошталық мекен жайы __________________________
Сынақ зертханасы қызмет ететін заңды тұлғаның пошталық мекен жайы___
____________________________________________________________________
Сынақ зертханасының телефоны, факсы, электрондық поштасы, веб сайты
____________________________________________________________________
Төлқұжатқа 7 кесте кіреді
1 кесте. Зертхананың (орталық) сынақ жабдықтарымен (бұдан әрі - СЖ) жарақтандыру
Анықталатын параметрлер |
Атауы, тұрпаты,
|
СЖ негізгі
|
1 |
2 |
3 |
1 кестенің жалғасы
Пайдалануға
|
СЗ аттестаттау құжатының
|
Ескертпе |
4 |
5 |
6 |
Ескерту. Сынақ зертханасы деп қалпына келтірілген сыртқы әсер ететін факторлар және (немесе) жүктемені қайталайтын техникалық құрал саналады.
2 Кесте. Зертханаға (орталыққа) өнімді сынау үшін өлшеу құралдары туралы (ӨҚ) мәліметтер
Өнімнің (параметрлердің) анықталатын сипаттамаларының атауы |
ӨҚ атауы, тұрпаты,
|
Негізгі метрологиялық
|
1 |
2 |
3 |
2 кестенің жалғасы
Пайдалануға
|
Тексеру немесе аттестаттау
|
Қосымша
|
4 |
5 |
6 |
Ескерту. Өлшеу құралдары деп белгілі уақыт аралығында өлшемі өзгермеген (белгіленген кінәрат шегінде), физикалық шама бірлігін сақтайтын және (немесе) қайталанатын қалпына келтірілген метрологиялық сипаттамалары бар өлшеуге арналған техникалық құрал саналады.
3 Кесте. СЖ аттестаттау үшін СЗ бар мәліметтер
СЖ атауы
|
Жабдықты аттестаттау
|
Ауқым және
|
ӨҚ атауы,
|
1 |
2 |
3 |
4 |
3 кестенің жалғасы
Метрологиялық
|
Пайдалануға
|
Тексеру немесе
|
Қосымша
|
5 |
6 |
7 |
8 |
Ескерту. 3 кесте Зертхана персоналымен СЖ аттестаттау кезінде толтырылады
4 Кесте. Талдамалы бақылауда заттар мен материалдардың құрамы мен қасиеттерінің (ары қарай - СО)стандарттық үлгілерімен жабдықталуы.
Қолданылатын СО арналуы
|
СО қолдану
|
СО
|
СО кім
|
1 |
2 |
3 |
4 |
4 кестенің жалғасы
СО аттестат-
|
Аттестатталған
|
СО дана-
|
СО тұр-
|
Ескертпе |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
Ескертулер:
1. СО деп өнімді сынау және зерттеу, салыстырып тексеру, өлшеу құралдарын калибрлеу және градуирлеу, сынаулар, өлшем жүргізу әдістемесін аттестаттау кезінде бірлік өлшемін беру үшін пайдаланылатын, метрологиялық аттестаттау нәтижесінде мәні белгіленген, осы заттың (материалдың) құрамы мен қасиетін сипаттайтын шамалар өлшемін сақтауға және қайталауға арналған зат немесе материалдың құрамы мен қасиеттерін сипаттайтын шамалар өлшемін қайталау және сақтау үшін арналған зат немесе материалдың белгілі мөлшері түрінде өлшеу құралдары және белгіленген тәртіпте стандарттық үлгі ретінде бекітілгені есептеледі.
2. 4 бағанда СО бекіту деңгейі көрсетіледі (мемлекетаралық, мемлекеттік, салалық кәсіпорындар). Кәсіпорынның СО үшін кәсіпорын басшысымен қашан бекітілгенін көрсетеді. Кестені сертификат (куәлік) негізінде толтырады.
3. 9 бағанға мемлекеттік деңгейде СО тіркеу туралы мәліметтер енгізеді.
5 Кесте. Сынаулар кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар тізбесі
Нормативтік
|
Нормативтік
|
Кім және қашан
|
1 |
2 |
3 |
6 Кесте. Зертханалардың персоналы туралы мәліметтер
Аты-жөні,
|
Лауазымы |
Диплом
|
Жүргізі-
|
Аттестаттау хаттамасының нөмірі және күні, дүркін-
|
Ескерту |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
Ескерту. Тіркелген зертхана қызметкерлерінен басқа сынауда қатысқан басқа бөлімшелер қызметкерлерін көрсету керек (ол туралы 6 бағанда белгі қойылады).
7 Кесте. Зертханалардың (орталықтардың) өндірістік бөлмелерінің жағдайы
Бөлменің ар-
|
Арнайы
|
Көлемі, м 2 |
Темпера-
|
Жұмыс орында-
|
Газдалу
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 кестенің жалғасы
Шу деңгейі,
|
Арнайы жабдық-
|
Сынау
|
Үлгілерді
|
Ескертпе |
7 |
8 |
9 |
10 |
11 |
Ескерту. Кесте санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының мамандарымен орындалған өндірістік факторлар деңгейін өлшеу хаттамасы негізінде толтырылады. Нысанға міндетті түрде санитарлық-эпидемиологиялық қызмет ұйымының басшысымен қол қойылған санитарлық-гигиеналық талаптарға өндірістік бөлмелердің сәйкестігі туралы тұжырым міндетті түрде қоса жіберіледі.
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 8-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты- жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН КАЛИБРЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ
ТӨЛҚҰЖАТЫ
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Заңды тұлға басшысының аты-жөні, тегі, лауазымы, телефоны __________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның пошталық мекен жайы _________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның телефоны, факсы, электрондық поштасы, веб сайты______
____________________________________________________________________
Метрологиялық қызмет басшысының аты-жөні, тегі, қызметі_____________
____________________________________________________________________
Калибрлеу зертханасы басшысының аты-жөні, тегі, қызметі_____________
____________________________________________________________________
Төлқұжатқа 5 кесте кіреді
1 Кесте. Қызмет саласы (өлшем құралдарының топтары бойынша)
Өлшем
|
ӨҚ салыстырып тексеретін топтың атауы |
ӨҚ түрі |
|
өлшем ауқымы |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Метрологиялық сипаттамалар |
Калибрлеу
|
Қолданатын
|
|
дәрежесі,
|
кеңейтілген белгісіздік |
||
5 |
6 |
7 |
8 |
2 Кесте. Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар тізімі
Нормативтік
|
Нормативтік
|
Қашан және кім
|
1 |
2 |
3 |
3 Кесте. Өлшем құралдарын калибрлеуді орындайтын мамандар, (қызметкерлер) кадрлар құрамы туралы мәліметтер
Аты-жөні, тегі |
Лауазымы,
|
Білімі,
|
Біліктілігін
|
Өлшем құрал-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
4 Кесте. Қолданыстағы эталондардың тізімі
Атауы |
Түрі |
Зауыттық
|
Мүліктік
|
|
өлшем ауқымы |
||||
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
кестенің жалғасы
Метрологиялық сипаттамалар |
Калибрлеу
|
Пайдалануға
|
Аккредиттеу
|
|
дәрежесі, дәлелдік тобы, қателігі |
кеңейтілген белгісіздік |
|||
6 |
7 |
8 |
9 |
10 |
5 Кесте. Өндірістік бөлмелерінің жағдайы
Өтінішкердің
|
Арнаулы бөлме
|
Көлемі, м 2 |
Температурасы, о С |
|
қалып |
факт |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Біршама
|
Жұмыс орын-
|
Шу деңгейі, дБ |
|||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
қалып |
факт |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Электромагниттік
|
Газдалу
|
Орган атауы
|
||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
|
8 |
9 |
10 |
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 9-қосымша
БЕКІТЕМІН
_________________________________________
(аккредиттеу жөніндегі органы басшысының
лауазымы, аты-жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
20___ ж. "____" __________N ____
аккредиттеу аттестатының қосымшасы ____ бетте
ӨЛШЕМ ҚҰРАЛДАРЫН КАЛИБРЛЕУДІ ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ
ТӨЛҚҰЖАТЫ
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Заңды тұлға басшысының аты-жөні, тегі, лауазымы, телефоны __________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның пошталық мекен жайы__________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның телефоны, факсы, электрондық поштасы, вебсайты ______
____________________________________________________________________
Метрологиялық қызмет басшысының аты-жөні, тегі, қызметі ____________
____________________________________________________________________
Калибрлеу зертханасы басшысының аты-жөні, тегі, қызметі_____________
____________________________________________________________________
Төлқұжатқа 8 кесте кіреді
1 Кесте. Қызмет саласы (өлшем құралдарының топтары бойынша)
Өлшем түрлері бойынша өлшем құрал-
|
ӨҚ салыс-
|
ӨҚ түрі |
Метрологиялық
|
Салыстырып
|
Қолданатын
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
2 Кесте. Өлшем құралдарын калибрлеу кезінде қолданылатын нормативтік құжаттар тізімі
Нормативтік
|
Нормативтік
|
Қашан және кім
|
1 |
2 |
3 |
3 Кесте. Кадрлар құрамы
Аты-
|
Лауа-
|
Өлшем құрал-
|
Енбек
|
Осы лауа-
|
Біліктілігін
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
4 Кесте. Шама бірлігі шығыс эталондарының тізімі
БЕКІТЕМІН
_______________________________
(уәкілетті орган басшысының
аты-жөні, тегі)
_______________________________
(қолы)
"____" __________ 20___ ж.
Шама бірлігі шығыс эталондарының тізімі
_______________________________________
(заңды тұлғаның атауы)
Атауы |
Түрі |
Зау-
|
Мүлік-
|
Дәлел-
|
Өлшем ауқымы |
Салыс-
|
Пайда-
|
Аккре-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
5 Кесте. Шама бірлігі қол астындағы эталондарының тізімі
БЕКІТЕМІН
_______________________________
(уәкілетті орган басшысының
аты-жөні, тегі)
____________________________
(қолы)
"____" __________ 20___ ж.
Шама бірлігі қол астындағы эталондарының тізімі
Атауы |
Түрі |
Зау-
|
Мүлік-
|
Дәлел-
|
Өлшем ауқымы |
Салыс-
|
Пайда-
|
Аккре-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
6 Кесте. Өлшеу жабдықтары
Атауы |
Түрі |
Зау-
|
Мүлік-
|
Дәлел-
|
Өлшем ауқымы |
Салыс-
|
Пайда-
|
Аккре-
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
7 Кесте. Арнаулы автокөліктермен жабдықталуы
Атауы, тұрпаты
|
Пайдалануға
|
Саны,
|
Арналуы |
1 |
2 |
3 |
4 |
8 Кесте. Өндірістік бөлмелерінің жағдайы
Өті-
|
Арнаулы бөлме
|
Көлемі, м 2 |
Температурасы, о С |
|
қалып |
факт |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Біршама
|
Жұмыс орындары-
|
Шу деңгейі, дБ |
|||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
қалып |
факт |
5 |
6 |
7 |
Электромагниттік
|
Газдалу деңгейі, % |
Орган атауы
|
||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
|
8 |
9 |
10 |
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 10-қосымша
БЕКІТЕМІН
Заңды тұлға басшысы _____________________________________
(заңды тұлғаның атауы, басшысының
аты-жөні, тегі, қолы)
"____" __________ 20___ ж.
ӨЛШЕМДЕРДІ ОРЫНДАУ ӘДІСТЕМЕЛЕРІН МЕТРОЛОГИЯЛЫҚ АТТЕСТАТТАУДЫ
ЖҮЗЕГЕ АСЫРАТЫН ЗАҢДЫ ТҰЛҒАНЫҢ ТӨЛҚҰЖАТЫ
____________________________________________________________________
(заңды тұлға атауы)
Заңды тұлғаның басшысының аты-жөні, тегі, лауазымы, телефоны _______
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның пошталық мекен жайы _________________________________
____________________________________________________________________
Заңды тұлғаның телефоны, факсы, электрондық поштасы, вебсайты ______
____________________________________________________________________
Төлқұжатқа 5 кесте кіреді
1 Кесте. Кадрлар құрамы
Аты-жөні,
|
Лауа-
|
Осы
|
Осы лауазымының
|
Біліктілігін
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
2 Кесте. Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттестаттауды ұйымдастыруды және жүргізуді реттейтін құжаттардың тізімі
Нормативтік
|
Кім бекітті |
Жарамдылық
|
Өзектілік
|
1 |
2 |
3 |
4 |
3 Кесте. Өлшем құралдары туралы мәліметтер
Атауы |
Түрі
|
Зау-
|
Мүлік-
|
Дәлел-
|
Өлшем ауқымы |
Пайда-
|
Салыс-
|
Аспап иесі |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
8 |
9 |
4 Кесте. Өлшемдерді орындау әдістемелерін метрологиялық аттесттаттау және әзірлеу саласында жүргізілген жұмыстар туралы ақпарат
Жұмыс атауы |
Жүргізген күні |
Кім үшін
|
Жүргізілген
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 Кесте. Өндірістік бөлмелерінің жағдайы
Өті-
|
Арнаулы бөлме
|
Көлемі, м 2 |
Температурасы,
|
|
қалып |
факт |
|||
1 |
2 |
3 |
4 |
кестенің жалғасы
Біршама
|
Жұмыс орында-
|
Шу деңгейі, дБ |
|||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
қалып |
факт |
5 |
6 |
7 |
кестенің жалғасы
Электромагниттік
|
Газдалу
|
Орган атауы
|
||
қалып |
факт |
қалып |
факт |
|
8 |
9 |
10 |
Сәйкестікті растау жөніндегі
органдарды, сынақ зертханаларын
(орталықтарын), өлшеу құралдарына
салыстырып тексеру, калибрлеу және
өлшемдерді орындау әдістемелерін
метрологиялық аттестаттауды
жүзеге асыратын заңды тұлғаларды
аккредиттеу ережесіне 11-қосымша
Аккредиттеу жөніндегі орган атауы
АККРЕДИТТЕУ АТТЕСТАТЫ
Аккредиттелген субъектілер
тізімінде тіркелді
N________________
"___" ______ 20___ж.
"___" ______ 20___ж.
дейін жарамды
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
(аккредиттелген субъект атауы және мекен жайы)
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Техникалық реттеу жүйесінде (өлшем бірлігін қамтамасыз ету)_____________________________________
____________________________________________________________________
___________________________________ талаптарға сәйкес аккредиттелді.
(нормативтік құжаттың атауы)
Қызметінің негізгі бағыттары: ______________________________________
Аккредиттеу саласы _______ беттік қосымшада жасалған.
Аккредиттеу саласының
Басшысы _______________ _______________________
(қолы) (аты-жөні)
Мөр орны