Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулықты бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 134 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 10 қаңтарда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5089 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 2-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктер жүзеге асыратын сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :

      1. Қоса берілген екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды жүргізуі жөніндегі нұсқаулық бекітілсін.

      2. Осы қаулы 2008 жылғы 1 ақпаннан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Бухгалтерлік есепке алу департаменті (Шалғымбаева Н.Т.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізуге шаралар қабылдасын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.

      4. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т.Ақышевқа жүктелсін.

      Ұлттық Банк
      Төрағасы

Қазақстан Республикасының 
Ұлттық Банкі Басқармасының
2007 жылғы 30 қарашадағы 
N№134 қаулысымен    
бекітілген       

Екінші деңгейдегі банктердің сенімгерлік операцияларды
және кастодиандық қызметті бухгалтерлік есепке алуды
жүргізуі жөніндегі нұсқаулық

1-тарау. Жалпы ережелер

      1. Осы Нұсқаулық "Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" 2007 жылғы 28 ақпандағы Қазақстан Республикасының Заңына , Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1973 тіркелген, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердегі және ипотекалық ұйымдардағы бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарын бекіту туралы" 2002 жылғы 30 шілдедегі N 275 қаулысына (бұдан әрі - Бухгалтерлік есеп шоттың үлгі жоспары), қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттарына сәйкес әзірленген.

      2. Осы Нұсқаулық екінші деңгейдегі банктер (бұдан әрі - банктер) жүзеге асыратын сенімгерлік операциялардың бухгалтерлік есебін жүргізуді және және кастодиандық қызметті қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі мемлекеттік органның лицензиясы негізінде нақтылайды.

      3. Банк Сенімгерлік басқаруға қабылданған және/немесе кастодиан шарты негізінде меншікті активтерден қабылданған активтердің жеке есебін жүзеге асырады.

      4. Сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар бойынша ақшаның, тазартылған қымбат металдардың және талаптардың құқықтарын, кастодиан шарты негізінде қабылданған активтердің, сондай-ақ олар бойынша алынған инвестициялық кірістің (шығыстың) талдау есебі халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының талаптарына сәйкес банк дербес әзірлеген журналдарда жүргізіледі.

      5. Осы Нұсқаулықтың және Қазақстан Республикасын заңнамасының талаптарына қайшы келмейтін қосымша бухгалтерлік жазбаларды жасауға рұқсат етіледі.

2-тарау. Сенімгерлік операцияларды есепке алу

      6. Сенімгерлік басқаруға қабылданған ақша және тазартылған қымбат металдар, сондай-ақ алынған инвестициялық кіріс (шығыс) N 2210»"Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері" баланстық шотында есептеледі.
      Сенімгерлік басқаруға алынған ақшамен операциялардың бухгалтерлік есебі бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында көзделген 7500»"Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдар" және 7600»"Клиенттердің сенімгерлік (инвестициялық) басқарудағы активтері" шоттары тобындағы шоттарда жүзеге асырылады.

1. Сенімгерлік басқаруға қабылданған активтерді есепке алу

      7. Банк клиенттен ақша, тазартылған қымбат металдар және/немесе ипотекалық заемдар бойынша талап ету құқықтарын сенімгерлік басқаруға алған кезде клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шарты негізінде дебет (бұдан әрі - Дт) және кредит (бұдан әрі - Кт) бойынша мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) баланстық шоттарда:
      Дт 1051     "Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық
                   Банкіндегі корреспонденттік есеп шоты"
         1052     "Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есеп
                   шоттары
      Кт 2210«    "Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы
                   активтері;
      2) баланстан тыс шоттарда:
      Дт 7535     "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                   қабылданған ипотекалық заемдар"
         7601«    "Ақша"
         7602     "Тазартылған қымбат металдар"
      Кт 7661 «   "Клиенттен активтердің түсуі".

      8. Банк сенімгерлік басқаруға қабылданған ақшаны орналастырған, инвестициялық кіріс (шығыс) алған және сенімгерлік басқарудағы активтермен өзге операциялар жасаған кезде осы Нұсқаулықта көзделген бухгалтерлік жазбалардан басқа, тиісінше 1051»"Банктің Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшоты", 1052»"Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттары" баланстық шоттардың дебеті/кредиті және 2210»"Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы активтері" баланстық шоттың кредиті/дебиті бойынша бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

2. Сенімгерлік басқаруға қабылданған және тазартылған қымбат металдарға орналастырылған ақшаны және сенімгерлік басқаруға қабылданған тазартылған қымбат металдарды есепке алу

      9. Сенімгерлік басқаруға, тазартылған қымбат металдарға қабылданған ақшаны орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7602       "Тазартылған қымбат металдар"
      Кт 7601 «     "Ақша"

      10. Тазартылған қымбат металдардың әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тазартылған қымбат металдардың әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 7602       "Тазартылған қымбат металдар"
      Кт 7666 «     "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     жүзеге асырылмаған кірістер";
      2) тазартылған қымбат металдардың есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
      Дт 7686       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылмаған шығыстар"
      Кт 7602       "Тазартылған қымбат металдар".

      11. Сенімгерлік басқарудағы тазартылған қымбат металдарды металл шотқа орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7604«      "Орналастырылған салымдар"
      Кт 7602       "Тазартылған қымбат металдар".

      12. Металл шот шартына сәйкес металл шоты бойынша сыйақы есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7610       "Сыйақы"
      Кт 7662       "Сыйақы түріндегі кірістер".

      13. Металл шот бойынша есептелген сыйақыны алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7610       "Сыйақы".

      14. Металл шотты ашу және тазартылған қымбат металдарды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7602       "Тазартылған қымбат металдар"
      Кт 7604«      "Орналастырылған салымдар"

      15. Сенімгерлік басқарудағы және/немесе сенімгерлік басқаруға қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдарды сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сатылатын тазартылған қымбат металдар құнына:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7604«      "Орналастырылған салымдар"
      2) тазартылған қымбат металдардың сату бағасы және олардың есептік құны арасында оң айырма туындаған кезде:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7663       "Активтерді сатып алу-сату бойынша кірістер";
      3) тазартылған қымбат металдардың сату бағасы және олардың есептік құны арасында теріс айырма туындаған кезде:
      Дт 7663       "Активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстар"
      Кт 7602       "Тазартылған қымбат металдар"
      4) тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған кірістер сомасына:
      Дт 7666       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     жүзеге асырылмаған кірістер";
      Кт 7664       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған кірістер"
         7686       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылмаған шығыстар";
      5) тазартылған қымбат металдарды әділ құны бойынша қайта бағалаудан іске асырылған шығыстар сомасына:
      Дт 7684       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған шығыстар"
         7666       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     жүзеге асырылмаған кірістер";
      Кт 7686       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылмаған шығыстар".

3. Сенімгерлік басқаруға қабылданған және
салымдарға орналастырылған ақшаны есепке алу

      16. Сенімгерлік басқаруға қабылданған ақшаны банктердің және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдардың салымдарына орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) банктік салым шарты негізінде орналастырылған ақша сомасына:
      Дт 7604       "Орналастырылған салымдар"
      Кт 7601       "Ақша";
      2) мәміле бойынша шығындар сомасына:
      Дт 7604       "Орналастырылған салымдар" (мәміле бойынша
                     шығындарды есепке алуға арналған жеке қосалқы
                     шот)
      Кт 7601       "Ақша".

      17. Банктік салым шартына сәйкес сыйақы есептеу және нақты алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) салым бойынша есептелген сыйақы сомасына:
      Дт 7610       "Сыйақы"
      Кт 7662       "Сыйақы түріндегі кірістер";
      2) салым бойынша нақты алынған сыйақы сомасына:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7610       "Сыйақы".

      18. Егер салым шетел валютасымен орналастырылған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Дт 7604       "Орналастырылған салымдар"
      Кт 7667       "Бағамды қайырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер";
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:
      Дт 7687       "Бағамды қайырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер"
      Кт 7604       "Орналастырылған салымдар".

      19. Мәміле бойынша шығындарға амортизация жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7662       "Сыйақы түріндегі кірістер"
      Кт 7604       "Орналастырылған салымдар" (мәміле бойынша
                     шығындарды есепке алуға арналған жеке қосалқы
                     шот).

      20. Банктік салым шарты негізінде орналастырылған ақшаны қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      1) банктік салым шарты негізінде орналастырылған ақша сомасына:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7604       "Орналастырылған салымдар"
         7610       "Сыйақы";
      2) шетел валютасымен салым бойынша бағам айырмасынан іске асырылған кірістер сомасына:
      Дт 7667       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер"
      Кт 7665       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған
                     кірістер"
         7687       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     шығыстар"
      3) шетел валютасымен салым бойынша бағам айырмасынан іске асырылған шығыстар сомасына:
      Дт 7667       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер"
         7685       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған
                     шығыстар"
      Кт 7687       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     шығыстар"

      21. Әрбір есепті күнге банк халықаралық қаржылық есептілік стандарттарының және есеп саясатының талаптарына сәйкес салымдардың құнсыздануына тест жүргізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) салымдардың құнсыздануынан болған зиянды тану кезінде:
      Дт 7688       "Басқада шығыстар" (орналастырылған салымдар
                     бойынша провизияларды есепке алуға арналған
                     жеке қосалқы шот)
      Кт 7604       "Орналастырылған салымдар"
         7610       "Сыйақы";
      2) салымдардың құнсыздануынан бұрын көрсетілген зиянды қалпына келтіру кезінде:
      Дт 7604       "Орналастырылған салымдар"
         7610       "Сыйақы"
      Кт 7668       "Басқа да кірістер" (құнсызданудан болған
                     зиянды қалпына келтіруден алынған кірісті
                     есепке алуға арналған жеке қосалқы шот).

4. Сенімгерлік басқаруға қабылданған
ипотекалық заемдар бойынша талаптар құқығын есепке алу

      22. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заем бойынша сыйақы есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7542       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған талаптар
                     құқығы ипотекалық заемдар бойынша есептелген
                     сыйақы"
      Кт 7662       "Сыйақы түріндегі кірістер".

      23. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заем бойынша төлемдерді алу кезінде түскен ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7535       "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған ипотекалық заемдар";
         7542       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған талаптар
                     құқығы ипотекалық заемдар бойынша есептелген
                     сыйақы"ю

      24. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заем бойынша төлемдерді заемшы уақытылы қайтармаған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) негізгі борыш бойынша мерзімі өткен төлем сомасына:
      Дт 7536       "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған мерзімі өткен ипотекалық
                     заемдар"
      Кт 7535       "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған ипотекалық заемдар";
      2) сыйақы бойынша мерзімі өткен төлем сомасына:
      Дт 7544       "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға
                     берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі
                     өткен сыйақы"
      Кт 7542       "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған ипотекалық заемдар бойынша
                     есептелген сыйақы"

      25. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заем бойынша мерзімі өткен төлемдерді алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) негізгі борыш бойынша мерзімі өткен төлем сомасына:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7536       "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған мерзімі өткен ипотекалық
                     заемдар"
      2) сыйақы бойынша мерзімі өткен төлем сомасына:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7544       "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға
                     берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі
                     өткен сыйақы"

      26. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заем бойынша есептелген және алынған тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) есептеу кезінде:
      Дт 7543       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған талаптар
                     құқығы ипотекалық заемдар бойынша тұрақсыздық
                     айыбы (айыппұл, өсімпұл)"
      Кт 7668       "Басқада кірістер";
      2) есептелген тұрақсыздық айыбын (айыппұл, өсімпұл) алу кезінде:
      Дт 7601       "Ақша"
      Кт 7543       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған талаптар
                     құқығы ипотекалық заемдар бойынша тұрақсыздық
                     айыбы (айыппұл, өсімпұл)".

      27. Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға қабылданған ипотекалық заемдарды кері сатып алуды жүзеге асырған және клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шартына сәйкес осы құқықтармен сенімгерлік басқару бойынша банктің міндеттемелері тоқтаған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 7681       "Клиенттердің активтерін алу"
      Кт 7536       "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған мерзімі өткен ипотекалық заемдар";
         7544       "Талап ету құқықтары сенімгерлік басқаруға
                     берілген ипотекалық заемдар бойынша мерзімі
                     өткен сыйақы"

5. Сенімгерлік басқарудан алынған активтерді есепке алу

      28. Клиент сенімгерлік басқарудағы активтердің бір бөлігін алған жағдайда, мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) баланстық шоттарда:
      Дт 2210       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы
                     активтері"
      Кт 1051       "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                     корреспонденттік шот"
         1052       "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"
      2) баланстан тыс шоттарда:
      Дт 7681       "Клиенттердің активтерін алу"
      Кт 7535       "Талап ету құқығы сенімгерлік басқаруға
                     қабылданған ипотекалық заемдар"
         7601       "Ақша"
         7602       "Тазартылған қымбат металдар"
         7604       "Орналастырылған салымдар"

      29. Есепті кезең үшін активтерді сенімгерлік басқару нәтижесін айқындау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген кірістер сомасына:
      Дт 7661       "Клиенттен активтердің түсуі"
         7662       "Сыйақы түріндегі кірістер"
         7663       "Активтерді сатып алу-сату бойынша кірістер"
         7664       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған кірістер"
         7665       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған
                     кірістер"
         7666       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     жүзеге асырылмаған кірістер"
         7667       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер"
         7668       "Басқа да кірістер"
      Кт 7651       "Капитал";
      2) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
      Дт 7651       "Капитал"
      Кт 7681       "Клиенттердің активтерін алу"
         7682       "Комиссиялық сыйақы төлеу жөніндегі шығыстар"
         7683       "Активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстар"
         7684       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған шығыстар"
         7685       "Бағамды қайырма бойынша іске асырылған
                     шығыстар"
         7686       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылмаған шығыстар"
         7687       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     шығыстар"
         7688       "Басқа да шығыстар".

      30. Клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шартының қолданылу мерзімі аяқталған және активтерді клиентке қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      баланстық шоттарда:
      Дт 2210       "Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы
                     активтері"
      Кт 1051       "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                     корреспонденттік шот"
         1052       "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"
      баланстан тыс шоттарда:
      1) қолда бар активтер бойынша кірістер сомасына:
         7661       "Клиенттен активтердің түсуі"
         7662       "Сыйақы түріндегі кірістер"
         7663       "Активтерді сатып алу-сату бойынша кірістер"
         7664       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған кірістер"
         7665       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылған
                     кірістер"
         7666       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     жүзеге асырылмаған кірістер"
         7667       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     кірістер"
         7668       "Басқа да кірістер"
      Кт 7651       "Капитал";
      2) клиенттің активтерімен операциялар бойынша есептелген шығыстар сомасына:
      Дт 7651       "Капитал";
      Кт 7683       "Активтерді сатып алу-сату бойынша шығыстар"
         7684       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылған шығыстар"
         7685       "Бағамды қайырма бойынша іске асырылған
                     шығыстар"
         7686       "Активтерді әділ құны бойынша қайта бағалаудан
                     іске асырылмаған шығыстар"
         7687       "Бағамдық айырма бойынша іске асырылмаған
                     шығыстар"
         7688       "Басқа да шығыстар";
      3) клиенттің активтерінің шоттары бойынша қалдықтар сомасына:
      Дт 7681       "Клиенттердің активтерін алу"
      Кт 7601       "Ақша"
         7602       "Тазартылған қымбат металдар"
         7604       "Орналастырылған салымдар"
         7610       "Сыйақы"
         7611       "Басқа да талаптар";
      4) клиенттің міндеттемелер шоты бойынша қалдықтар сомасына:
      Дт 7632       "Басқа да міндеттемелер"
      Кт 7681       "Клиенттердің активтерін алу";
      5) капитал шоты бойынша қалдық сомасына:
      Дт 7651       "Капитал"
      Кт 7681       "Клиенттердің активтерін алу".

6. Сенімгерлік басқарушының клиенттің активтерін
сенімгерлік басқарудан түскен сыйақысын есепке алу

      31. Банк Клиенттің активтерін сенімгерлік басқару шарты бойынша сыйақы есептеген және алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сыйақы есептеген кезде:
      Дт 1815        "Сенімгерлік операциялар бойынша көрсеткен
                      қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер"
      Кт 4605        "Сенімгерлік операциялар бойынша көрсеткен
                      қызметтері үшін комиссиялық кірістер";
      2) есептелген сыйақыны алған кезде:
      Дт 1051        "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                      корреспонденттік шот"
         1052        "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"
         2210        "Сенімгерлік басқаруға қабылданған қаржы
                      активтері";
      Кт 1815        "Сенімгерлік операциялар бойынша көрсеткен
                      қызметі үшін есептелген комиссиялық кірістер".

3. Кастодиан банктің инвестициялық қордың активтерін
есепке алуы

      32. Клиенттердің кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшасы және кастодиан шартқа сәйкес қабылданған ақшамен өзге операциялар, сондай-ақ алынған инвестициялық кіріс (шығыс) N 2203 "Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары" баланстық шотқа есептеледі.
      Кастодиан банк кастодиан шарты негізінде қабылдаған өзге активтердің бухгалтерлік есебі Бухгалтерлік есептің үлгі шот жоспарында көзделген 7700 "Жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы активтерін қоспағанда кастодиандық сақтауға қабылданған активтер" шоттар тобының баланстан тыс шоттарында жүзеге асырылады.

1. Кастодиан шартының негізінде қабылданған
ақшаны, бағалы қағаздарды
және өзге де қаржы құралдарын есепке алу

      33. Кастодиан банк кастодиан шартының негізінде клиенттен ақша, бағалы қағаздар және өзге де қаржы құралдарын алған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) ақша сомасына:
      Дт 1051        "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                      корреспонденттік шот"
         1052        "Басқа банктердегі корреспонденттік шоттар"
      Кт 2203        "Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары (банктік
                      инвестициялық шот)";
      2) бағалы қағаздардың және қаржы құралдарының құнына:
      Кіріс       7701 "Бағалы қағаздар"
                  7702 "Басқа банктердегі салымдар"
                  7703 "Тазартылған қымбат металдар"
                  7704 "кері РЕПО" операциясы"
                  7705 "РЕПО" операциясы"
                  7706 "Туынды қаржы құралдары"
                  7707 "Капиталға инвестициялар"
                  7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                  басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар"
                  7709 "Басқа да активтер".

      34. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны орналастырған, инвестициялық кіріс (шығыс) алған және кастодиан шарты негізінде қабылданған қаржы құралдарымен өзге операциялар жасаған кезде осы Нұсқаулықта көзделген бухгалтерлік жазбалардан басқа, тиісінше 1051 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшот", 1052 "Банктің басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттар" баланстық шоттардың дебеті/кредиті және 2203 "Заңды тұлғалардың ағымдағы шоттары" баланстық шоттың кредиті/дебеті бойынша бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

2. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және бағалы қағаздарға орналастырылған ақшаны және кастодиан шарты негізінде қабылданған бағалы қағаздарды есепке алу

      35. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша бағалы қағаздарға орналастырылған кезде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) егер валюта күні бағалы қағаздар түскен сәтке дейін мәміле жасау күнінен басқаша болған жағдайда:
      Кіріс        7713 "Басқа да талаптар";
      2) бағалы қағаздарды сатып алу сомасына бағалы қағаздар түскен кезде:
      Кіріс        7701 "Бағалы қағаздар";
      3) сатып алынған сыйақы сомасына (купонға):
      Кіріс        7712 "Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушыға
                   есептелген сыйақы";
      4) және, бір мезгілде:
      Шығыс        7713 "Басқа да талаптар"

      36. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы немесе дивидендтерді есептеу кезінде сыйақы немесе дивидендтер сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар бойынша сыйақы сомасына:
      Кіріс        7711 "Сыйақы" (бағалы қағаздар бойынша жеке
                   қосалқы шот);
      2) дивидендтер сомасына:
      Кіріс        7710 "Дивидендтер".

      37. Сату үшін қолда бар және саудаға арналған бағалы қағаздардың әділ құны бойынша қайта бағалауды жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздардың әділ құнының олардың есептік құнынан асып кеткен кезінде:
      Кіріс        7701 "Бағалы қағаздар";
      2) бағалы қағаздардың есептік құнының олардың әділ құнынан асып кеткен кезінде:
      Шығыс        7701 "Бағалы қағаздар".

      38. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздардың құны шетел валютасымен көрсетілген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Кіріс        7701 "Бағалы қағаздар";
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:
      Шығыс        7701 "Бағалы қағаздар".

      39. Эмитенттерге бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақыны және/немесе жарияланған дивидендтер төлеген кезде алынған ақша сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) есептелген сыйақы (купон) сомасына:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (бағалы қағаздар бойынша жеке
                   қосалқы шот);
      2) бұрын сатып алынған сыйақы (купон) сомасына:
      Шығыс       "Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушыға
                   есептелген сыйақы";
      3) есептелген дивидендтер сомасына:
      Шығыс        7710 "Дивидендтер".

      40. Банк әр есепті күнге халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының және есеп саясатының талаптарына сәйкес сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздардың құнсыздануына тест өткізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған зиянды тану кезінде:
      Шығыс        7701 "Бағалы қағаздар"
                   7711 "Сыйақы";
      2) бағалы қағаздардың құнсыздануынан бұрын танылған зиянды қалпына келтіру кезінде:
      Кіріс        7701 "Бағалы қағаздар"
                   7711 "Сыйақы".

      41. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды өтеу немесе сату күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздар құнына:
      Шығыс        7701 "Бағалы қағаздар";
      2) бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (бағалы қағаздар бойынша жеке
                   қосалқы шот);
      3) бұрын сатып алынған сыйақы сомасына:
      Шығыс        7712 "Бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушыға
                   есептелген сыйақы".

3. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және салымдарға орналастырылған ақшаны немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған салымдарды есепке алу

      42. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны банктерге және банк операцияларының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымдарға салымдарға орналастыру кезінде мәміле бойынша шығындарды ескере отырып, салымдар сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7702 "Басқа банктердегі салымдар".

      43. Орналастырылған салым бойынша сыйақы есептеген кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7711 "Сыйақы"(салымдар бойынша жеке қосалқы шот).

      44. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен орналастырылған салымның құны шетел валютасымен көрсетілген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Кіріс        7702 "Басқа банктердегі салымдар";
      Кіріс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот);
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:
      Шығыс        7702 "Басқа банктердегі салымдар";
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот).

      45. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен орналастырылған салым бойынша сыйақы түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот);

      46. Банк әр есепті күнге халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының және есеп саясатының талаптарына сәйкес салымдардың құнсыздануына тест өткізеді және мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      1) салымдардың құнсыздануынан келген зиянды тану кезінде:
      Шығыс        7702 "Басқа банктердегі салымдар" (провизияларды
                   есепке алуға арналған қосалқы шот)
                   7711 "Сыйақы" (провизияларды есепке алуға
                   арналған жеке қосалқы шот);
      2) салымдардың құнсыздануынан бұрында болған зиянды қалпына келтіру кезінде:
      Кіріс        7702 "Басқа банктердегі салымдар" (провизияларды
                   есепке алуға арналған қосалқы шот)
                   7711 "Сыйақы" (провизияларды есепке алуға
                   арналған жеке қосалқы шот).

      47. Банктерде немесе банк операцияларының жекелеген түрін жүзеге асыратын ұйымдардағы клиенттердің ақшасын қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) салым сомасына:
      Шығыс        7702 "Басқа банктердегі салымдар";
      2) сыйақы сомасына:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот).

4. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және тазартылған қымбат металдарға орналастырылған ақшаны немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған тазартылған қымбат металдарды есепке алу

      48. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны тазартылған қымбат металдарға орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7703 "Тазартылған қымбат металдар".

      49. Тазартылған қымбат металдардың әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) тазартылған қымбат металдардың әділ құны олардың есептік құнынан асып кеткен кезде:
      Кіріс        7703 "Тазартылған қымбат металдар";
      2) тазартылған қымбат металдардың есептік құны олардың әділ құнынан асып кеткен кезде:
      Шығыс        7703 "Тазартылған қымбат металдар";

      50. Тазартылған қымбат металдарды металл шотқа орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Шығыс        7703 "Тазартылған қымбат металдар"
      және сонымен бір мезгілде:
      Кіріс        7702 "Басқа банктердегі салымдар".

      51. Металл шоты шартының талаптарына сәйкес металл шоты бойынша сыйақы алу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сыйақы есептеу кезінде:
      Кіріс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот);
      2) сыйақы алу кезінде:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (салымдар бойынша жеке қосалқы
                   шот).

      52. Металл шотын жабу және кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдарды қайтару кезінде тазартылған қымбат металдар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Кіріс        7703 "Тазартылған қымбат металдар"
      және сонымен бір мезгілде:
      Шығыс        7702 "Басқа банктердегі салымдар"

      53. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаның есебінен сатып алынған тазартылған қымбат металдарды сату кезінде тазартылған қымбат металдар сомасына мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Шығыс        7703 "Тазартылған қымбат металдар".

5. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздармен жүргізілетін РЕПО және кері РЕПО операцияларын есепке алу

      54. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын ашу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7704 "Кері РЕПО" операциялары".

      55. Кері РЕПО операциялары бойынша сыйақы есептеу кезінде сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7711 "Сыйақы" (кері РЕПО операциялары бойынша
                   жеке қосалқы шот).

      56. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздармен кері РЕПО операцияларын жабу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Шығыс        7704 "Кері РЕПО" операциялары";
      сыйақы сомасына:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (кері РЕПО операциялары бойынша
                   жеке қосалқы шот).

      57. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын ашу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7705 "РЕПО" операциялары".

      58. РЕПО операциялары бойынша сыйақыны есептеу кезінде сыйақы сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7711 "Сыйақы" (РЕПО операциялары бойынша жеке
                   қосалқы шот).

      59. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған бағалы қағаздармен РЕПО операцияларын жабу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Шығыс        7705 "РЕПО" операциялары";
      төленген сыйақы сомасына:
      Шығыс        7711 "Сыйақы" (РЕПО операциялары бойынша жеке
                   қосалқы шот).

6. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және туынды қаржы құралдарына орналастырылған ақшаны және кастодиан шарты негізінде қабылданған туынды қаржы құралдарын есепке алу

      60. Кастодиан шарты негізінде қабылданған активтерді туынды қаржы құралдарына орналастыру кезінде төленген ақша сомасына (опцион бойынша сыйлық ақыларға) мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7706 "Туынды қаржы құралдары".

      61. Туынды қаржы құралының әділ құны бойынша қайта бағалау жүргізу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) туынды қаржы құралының әділ құны көтерілген кезде:
      Кіріс        7706 "Туынды қаржы құралдары";
      2) туынды қаржы құралының әділ құны төмендеген кезде:
      Шығыс        7706 "Туынды қаржы құралдары".

      62. Егер туынды қаржы құралымен жасалған мәміле талаптарымен сыйақы есептеу және төлеу көзделген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) сыйақы түрінде кірісті:
      Кіріс        7711 "Сыйақы";
      сыйақы түрінде шығысты есептеу кезінде:
      Шығыс        7711 "Сыйақы";
      2) сыйақы түрінде кірісті:
      Шығыс        7711 "Сыйақы";
      сыйақы түрінде шығысты алған кезде:
      Шығыс        7711 "Сыйақы";

      63. Кастодиан шарты негізінде қабылданған немесе кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған, шетел валютасымен көрсетілген туынды қаржы құралы бойынша талаптарды және/немесе міндеттемелерді қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Кіріс        7706 "Туынды қаржы құралдары";
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендетілген кезде:
      Шығыс        7706 "Туынды қаржы құралдары";

      64. Туынды қаржы құралдарын валюталау (жабу) күні мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс        7706 "Туынды қаржы құралдары".

7. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және
заңды тұлғалардың жарғылық капиталына
орналастырылған ақшаны есепке алу

      65. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны заңды тұлғалардың жарғылық капиталына орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7707 "Капиталға инвестициялар".

      66. Заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесін сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс        7707 "Капиталға инвестициялар".

8. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және негізгі құрал-жабдыққа орналастырылған ақшаны есепке алу

      67. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны негізгі құрал-жабдыққа орналастырған кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс        7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                   басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар".

      68. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықтың әділ құны бойынша қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) оң айырма сомасына:
      Кіріс        7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                   басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар";
      2) теріс айырма сомасына:
      Шығыс        7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                   басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар".

      69. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақша есебінен сатып алынған негізгі құрал-жабдықты сату кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс        7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                   басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар".

9. Кастодиан шартына сәйкес алынған активтерді
есепке алу

      70. Клиент кастодиан шартына сәйкес активтерді алған және (немесе) оның қолданылуын тоқтатқан кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс        7701 "Бағалы қағаздар"
                   7702 "Басқа банктердегі салымдар"
                   7703 "Тазартылған қымбат металдар"
                   7704 "Кері РЕПО" операциялары"
                   7705 "РЕПО" операциялары"
                   7706 "Туынды қаржы құралдары"
                   7707 "Капиталға инвестициялар"
                   7708 "Үйлерге, машиналарға, жабдыққа, көлік және
                   басқа негізгі құрал-жабдыққа инвестициялар".

4-тарау. Кастодиан шарты негізінде қабылданған зейнетақы активтерін есепке алу

1. Зейнетақы жарналарын, сондай-ақ төлемдерді және жинақталған зейнетақы қаражатын басқа жинақталған зейнетақы қорына аударуды есепке алу

      71. Салымшылардың жинақталған зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына зейнетақы жарналары түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  1051   "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                  корреспонденттік есеп шот"
          1052   "Басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоттар"
          2013   "Басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттары"
      Кт  2203   "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары" (банктік
                  инвестициялық шот).

      72. Кастодиан шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерінің банк шотынан жинақталған зейнетақы қорына және зейнетақы төлемдерін алушыларға қызмет көрсетуші банктерге зейнетақы қаражатын аударуды жүзеге асыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) жинақталған зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотынан жинақталған зейнетақы қорының зейнетақы төлемдерінің банктік шотына соманы аудару бойынша:
      Дт  2203   "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары" (банктік
                  инвестициялық шот).
      Кт  2203   "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
                  (зейнетақы төлемдерінің банктік шоттары);
      2) зейнетақы төлемдерін алушыға қызмет көрсетуші банктің шотына соманы аудару бойынша:
      Дт 2203    "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
                  (зейнетақы төлемдерінің банктік шоттары);
      Кт 2013    "Басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттары"
         1052    "Басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоттары".

      73. Жинақталған зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына түскен және қате есептелген деп танылған сомаларды қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт  2203   "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары" (банктік
                  инвестициялық шот)
      Кт  2011   "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің
                  корреспонденттік есеп шоты"
          2013    "Басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттары".

      74. Кастодиан шарты негізінде қабылданған ақшаны орналастыру, инвестициялық кірісті (шығысты) алу және осы Нұсқаулықпен көзделген бухгалтерлік жазбалардан басқа, зейнетақы активтерімен жасалған басқа операцияларды жүргізу кезінде 1051 "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі корреспонденттік есепшот", 1052 "Басқа банктердегі корреспонденттік есепшоттар", 2011 "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің корреспонденттік есепшоты", 2013 "Басқа банктердің корреспонденттік есепшоттары" баланстық шоттарының дебеті/кредиті және тиісінше 2203 "Заңды тұлғалардың ағымдағы есепшоттары" баланстық шотының кредиті/дебеті бойынша бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады.

2. Кастодиан шарты негізінде қабылданған және бағалы қағаздарға орналастырылған зейнетақы активтерін есепке алу

      75. Кастодиан шарты негізінде қабылданған жинақталған зейнетақы қорының зейнетақы активтерін бағалы қағаздарға орналастыру кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      бағалы қағаздарды сатып алу сомасына:
      Кіріс          7401 "Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                     мемлекеттік бағалы қағаздары"
                     7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                     мемлекеттік бағалы қағаздары"
                     7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                     бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік
                     емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                     7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                     қағаздары"
                     7407 "Өзге зейнетақы активтері";
      сатып алынған сыйақы (купон) сомасына:
      Кіріс          7415 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                     бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар
                     есептеген сыйақы".

      76. Зейнетақы активтерін уақтылы орналастырмағаны үшін есептелген өсімпұл сомасы жинақталған зейнетақы қорының банктік инвестициялық шотына енгізіледі және мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1051     "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                   корреспонденттік есеп шот"
         1052     "Басқа банктердегі корреспонденттік есеп шоттар"
      Кт 2013     "Басқа банктердің корреспонденттік есеп шоттары"
         2203     "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
                   (банктік инвестициялық шот).

      77. Кастодиан шарты негізінде қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақы және/немесе дивидендтер есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс           7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                      ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                      эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген
                      сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                      дисконт/сыйлықақы)"
                      7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                      сыйақы".

      78. Кастодиан шарты негізінде қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алынған сату үшін қолда бар және саудаға арналған бағалы қағаздар құнын қайта бағалау кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) бағалы қағаздардың әділ құнының олардың есептік құнынан асып кеткен кезінде:
      Кіріс           7401 "Қазақстан Республикасының қысқа
                      мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                      бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік
                      емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                      7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары"
                      7407 "Өзге зейнетақы активтері";
      2) бағалы қағаздардың есептік құнының олардың әділ құнынан асып кеткен кезінде:
      Шығыс           7401 "Қазақстан Республикасының қысқа
                      мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                      бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік
                      емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                      7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары"
                      7407 "Өзге зейнетақы активтері";

      79. Кастодиан шарты негізінде қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздардың құны шетел валютасымен көрсетілген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Кіріс           7401 "Қазақстан Республикасының қысқа
                      мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                      бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік
                      емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                      7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары"
                      7407 "Өзге зейнетақы активтері"
                      7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                      ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                      эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген
                      сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                      дисконт/сыйлықақы)"
                      7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                      сыйақы"
                      7415 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар
                      есептеген сыйақы";
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:
      Шығыс           7401 "Қазақстан Республикасының қысқа
                      мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары"
                      7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                      бойынша ресми тізімге кіргізілген мемлекеттік
                      емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                      7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары"
                      7407 "Өзге зейнетақы активтері"
                      7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                      ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                      эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген
                      сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                      дисконт/сыйлықақы)"
                      7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                      сыйақы"
                      7415 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар
                      есептеген сыйақы".

      80. Эмитенттерге кастодиандық шарт негізінде қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздар бойынша сыйақылар және/немесе дивидендтер төлеу кезінде сыйақылар және дивидендтер сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс           7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                      мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                      есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                      ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                      эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша есептелген
                      сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                      7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                      қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                      дисконт/сыйлықақы)"
                      7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                      сыйақы";
      сатып алынған сыйақы (купон) сомасына:
      Шығыс           7415 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                      бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар
                      есептеген сыйақы".

      81. Банк әр есепті күнге халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының және есеп саясатының талаптарына сәйкес сату үшін қолда бар және өтеуге дейін ұсталынатын бағалы қағаздардың құнсыздануына тест өткізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) бағалы қағаздардың құнсыздануынан болған зиянды тану кезінде:
      Шығыс            7401 "Қазақстан Республикасының қысқа мерзім
                       ді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ
                       мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                       бойынша ресми тізімге кіргізілген
                       мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                       7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары"
                       7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                       ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                       эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                       дисконт/сыйлықақы)"
                       7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                       сыйақы";
      2) бағалы қағаздардың құнсыздануынан бұрын танылған зиянды қалпына келтіру кезінде:
      Кіріс            7401 "Қазақстан Республикасының қысқа мерзім
                       ді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ
                       мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                       бойынша ресми тізімге кіргізілген
                       мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                       7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары"
                       7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                       ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                       эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                       дисконт/сыйлықақы)"
                       7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                       сыйақы".

      82. Кастодиан шарты негізінде қабылданған зейнетақы активтері есебінен сатып алынған бағалы қағаздарды өтеу немесе сату күні мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Шығыс            7401 "Қазақстан Республикасының қысқа мерзім
                       ді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7403 "Қазақстан Республикасының ұзақ
                       мерзімді мемлекеттік бағалы қағаздары"
                       7404 "Қазақстан қор биржасының "А" санаты
                       бойынша ресми тізімге кіргізілген
                       мемлекеттік емес эмиссиялық бағалы қағаздар"
                       7405 "Халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары"
                       7407 "Өзге зейнетақы активтері";
      бағалы қағаздар бойынша есептелген сыйақы сомасына:
      Шығыс            7408 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының қысқа мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7409 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан Республикасының ұзақ мерзімді
                       мемлекеттік бағалы қағаздары бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7410 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       Қазақстан қор биржасының "А" санаты бойынша
                       ресми тізімге енгізілген мемлекеттік емес
                       эмиссиялық бағалы қағаздар бойынша
                       есептелген сыйақы (купон, дисконт/сыйлықақы)"
                       7411 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       халықаралық қаржы ұйымдарының бағалы
                       қағаздары бойынша есептелген сыйақы (купон,
                       дисконт/сыйлықақы)"
                       7413 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа қаржы активтері бойынша есептелген
                       сыйақы";
      сатып алынған сыйақы сомасына:
      Шығыс            7415 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       бағалы қағаздар бойынша алдыңғы ұстаушылар
                       есептеген сыйақы".

3. Банктердегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастырылған зейнетақы активтерімен жасалған операцияларды есепке алу

      83. Жинақталған зейнетақы қорының зейнетақы активтерін банктердегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастыру кезінде мәміле бойынша шығындарды ескере отырып, салым сомасына мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс            7406 "Басқа банктердегі салымдар".

      84. Банктерде және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінде орналастырылған салымдар бойынша сыйақыны есептеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Кіріс            7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы".

      85. Егер банктердегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдар шетел валютасында орналастырылған жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы көтерілген кезде:
      Кіріс            7406 "Басқа банктердегі салымдар"
                       7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы";
      2) валюта айырбастаудың нарықтық бағамы төмендеген кезде:
      Шығыс            7406 "Басқа банктердегі салымдар"
                       7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы".

      86. Банктердегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі орналастырылған салымдар бойынша сыйақы түскен кезде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Шығыс            7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы".

      87. Банк әр есепті күнге халықаралық қаржы есептілігі стандарттарының және есеп саясатының талаптарына сәйкес салымдардың құнсыздануына тест өткізеді және мынадай бухгалтерлік жазбаларды жүзеге асырады:
      1) салымдардың құнсыздануынан болған зиянды тану кезінде:
      Шығыс            7406 "Басқа банктердегі салымдар"
                       7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы";
      2) салымдардың құнсыздануынан бұрын болған зиянды қалпына келтіру кезінде:
      Кіріс            7406 "Басқа банктердегі салымдар"
                       7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы".

      88. Банктердегі және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі салымдарға орналастырылған зейнетақы активтерін қайтару кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      1) салым сомасына:
      Шығыс            7406 "Басқа банктердегі салымдар";
      2) сыйақы сомасына:
      Шығыс            7412 "Зейнетақы активтері орналастырылған
                       басқа банктердегі салымдар бойынша
                       есептелген сыйақы".

4. Кастодиандық қызмет бойынша кірістер мен шығыстарды
есепке алу

      89. Жинақталған зейнетақы қоры мен кастодиан банк арасында жасалған кастодиан шартына сәйкес, кастодиан банктің есеп саясатында белгіленген мерзімде жинақталған зейнетақы қорына кастодиандық қызмет көрсету үшін сыйақы (кірістер) сомасын есептеу, сондай-ақ ақша аудару бойынша комиссиялық кірістер және басқа шығыстар сомасын есептеу жүргізіледі және мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      Дт 1819        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен
                      есептелген комиссиялық кірістер"
      Кт 4609        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен
                      қызмет түскен комиссиялық кірістер".

      90. Бағалы қағаздар нарығына кәсіби қатысушылардың қызметіне және кастодиан шартына сәйкес жинақталған зейнетақы қоры өтеуге жататын басқа келтірілген шығыстарға ақы төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 1860        "Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар"
      Кт 1051        "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкіндегі
                      корреспонденттік есеп шот"
         1052        "Басқа банктердегі корреспонденттік есеп
                      шоттар".

      91. Жинақталған зейнетақы қоры кастодиан шартына сәйкес өтелуге жататын кастодиан банк жүргізген шығыстарды өтеу және төлеу, сондай-ақ кастодиан банктің комиссиялық сыйақысының есептелген сомасын төлеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазба жүзеге асырылады:
      Дт 2203        "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
                     (банктік инвестициялық шот)
      Кт 1819        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен
                      есептелген комиссиялық кірістер"
         1860        "Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар".
       Ескерту. 91-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.01.26 N 3 қаулысымен.

      92. Жинақталған зейнетақы қоры есептелген сыйақы бойынша төлемдерді кешіктірген жағдайда мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      жинақталған зейнетақы қорына кастодиандық шарт негізінде ұсынылған қызметтер үшін есептелген, бірақ өтелмеген сыйақы сомасына:
      Дт 1839        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
                      бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер"
      Кт 1819        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызметтен
                      есептелген комиссиялық кірістер"
         1860        "Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар";
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасына:
      Дт 1860        "Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар";
      Кт 4900         Тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл).

      93. Жинақталған зейнетақы қорына кастодиан шарты негізінде ұсынылған қызметтер үшін есептелген мерзімі өткен сыйақыны, сондай-ақ тұрақсыздық айыбының (айыппұлдың, өсімпұлдың) есептелген сомасын өтеу кезінде мынадай бухгалтерлік жазбалар жүзеге асырылады:
      есептелген мерзімі өткен сыйақы сомасына:
      Дт 2203        "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
                     (банктік инвестициялық шот)
      Кт 1839        "Бағалы қағаздар нарығындағы кәсіби қызмет
                      бойынша мерзімі өткен комиссиялық кірістер"
      тұрақсыздық айыбы (айыппұл, өсімпұл) сомасына:
      Дт 2203        "Заңды тұлғалардың ағымдағы есеп шоттары"
      Кт 1860        "Банктік қызмет бойынша өзге дебиторлар".
       Ескерту. 93-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.01.26 N 3 қаулысымен.

5-тарау. Кастодиан шарты негізінде қабылданған басқа
активтерді есепке алу

      94. Егер кастодиан шартында банктің кастодиан шарты негізінде берілген активтерді бухгалтерлік есепке алу жөніндегі қызметтері көзделмеген жағдайда, осы активтерді есепке алу номиналды құны немесе 7363 Кастодиандық қызмет көрсетілетін клиенттердің активтері шотындағы шартты бірлік бойынша жүзеге асырылады.
       Ескерту. 94-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2009.01.26 N 3 қаулысымен.

      95. Егер кастодиан шартының талаптарымен кастодиан шарты негізінде қабылданған активтерді бухгалтерлік есепке алу көзделген жағдайда, бухгалтерлік есепке алу осы Нұсқаулықтың 3-тарауында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады.

6-тарау. Қорытынды ереже

      96. Осы Нұсқаулықпен реттелмеген мәселелер Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен шешіледі.