"Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2007 жылғы 28 қарашадағы N 320 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2008 жылғы 8 қаңтарында Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5082 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      "Әділет органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңының  7-бабы  2-тармағының 3) тармақшасына сәйкес және сотталғандарды ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынуды реттеу мақсатында,  БҰЙЫРАМЫН:

      1. "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы  N 152  бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 1756 болып тіркелген, "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2002 жылғы 20 қарашадағы  N 165  бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 2081 болып тіркелген, "Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың нұсқауын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Әділет министрінің міндетін атқарушы 2004 жылғы 8 желтоқсандағы  N 356  бұйрығымен, нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімінде N 3309 болып тіркелген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      1-тармақтың 2) тармақшасы алынып тасталсын.

      2. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

       Министр

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Жоғарғы Сотының
      Төрағасы
      12 желтоқсан 2007 ж.

      Келісілді
      Қазақстан Республикасының
      Бас прокуроры
      2-дәрежелі мемлекеттік
      әділет кеңесшісі
      19 желтоқсан 2007 ж.

      Келісілді
      Қазақстан Республикасы
      Денсаулық сақтау министрі
      10 желтоқсан 2007 ж.