Сотталғандарды медициналық куәландырудың және ауруына байланысты жазасын өтеуден босатуға ұсынудың Нұсқауын бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Әділет министрінің 2001 жылғы 11 желтоқсандағы N 152 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде 2002 жылғы 15 ақпанда тіркелді. Тіркеу N 1756. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2009 жылғы 18 қарашадағы N 145 Бұйрығымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 29 желтоқсандағы  N 1400  Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының мемлекеттік бюджет және мемлекеттiк мекемелердің мемлекеттiк қызметші емес қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу жүйесiн жетілдіру есебінен қамтылған органдары қызметкерлеріне еңбекақы төлеудің бірыңғай жүйесі туралы" 2001 жылғы 25 наурыздағы N 575  Жарлығы  4-тармағының 1) тармақшасын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 
       Ескерту. Кіріспе өзгерді - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41  қаулысымен .
      1. 2002 жылдың 1 қаңтарынан бастап: 
      коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды және әскери атақтар бойынша жалақыларды, арнаулы атақтар мен сыныптық шендер үшiн қосымша ақыларды; сондай-ақ қызмет өткерудiң ерекше жағдайлары үшiн үстеме ақыларды; 
      коэффициенттердi қолдана отырып, лауазымдық жалақыларды (ставкаларды), сондай-ақ мемлекеттік мекемелердің мемлекеттiк қызметшi емес қызметкерлерінің еңбек жағдайы үшiн қосымша ақы мен үстемеақыларды есептеу үшiн алынатын базалық лауазымдық жалақының мөлшері 5060 теңге деңгейінде белгiленсiн. 
      Ескерту. 1-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Үкiметiнiң 2002.01.11. N 41   қаулысымен .

     2. Осы қаулы 2002 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді.

     Қазақстан Республикасының
     Премьер-Министрі