Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 19 желтоқсандағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5049 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008 жылғы 2 қыркүйектегі N 140 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Күші жойылды - ҚР Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.09.02 N 140 Қаулысымен.

      ----------------- Бұйрықтан үзінді -------------------

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. ...
      2. ...
      3. ...
      4. ...
      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он төрт күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
      6. "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшерлері туралы, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 қарашадағы N 257 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 5049 тіркелген) өзінің күшін жойды деп танылсын.
      7. ...
      8. ...
      9. ...

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 5-тармақтан қараңыз.

      Екінші деңгейдегі банктердің қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету және олардың депозиторларының мүдделерін қорғау мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасы (бұдан әрі - Агенттік) ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Жарғылық капиталдың ең төменгі мөлшері:
      1) жаңадан құрылатын банктер үшін 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      жаңадан құрылатын банктер үшін 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
      2 тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан жаңадан құрылатын банктер үшін 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      2. Филиалдары жоқ банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
      1) банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін 500 000 000 (бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      2) 2009 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      банктер үшін 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      3) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      банктер үшін 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
      тұрғын үй құрылыс жинақ банктері, Астана және Алматы қалаларынан тыс орналасқан банктер үшін 1 500 000 000 (бір миллиард бес жүз миллион) теңге мөлшерінде белгіленсін.

      3. Филиалдары бар банктер үшін меншікті капиталдың ең төменгі мөлшері:
      1) банкте бір филиал болса, 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде;
      банкте бірден астам филиал болса, 1 000 000 000 (бір миллиард) теңге мөлшерінде әрі оған қоса:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 30 000 000 (отыз миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 15 000 000 (он бес миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 10 000 000 (он миллион) теңге;
      2) 2010 жылғы 1 қаңтардан бастап:
      банкте бір филиал болса 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде;
      банкте бірден астам филиал болса 2 000 000 000 (екі миллиард) теңге мөлшерінде әрі оған қоса:
      облыстың әкімшілік орталығында, сондай-ақ Алматы және Астана қалаларында орналасқан әрбір филиал үшін - 40 000 000 (қырық миллион) теңге;
      басқа қалаларда орналасқан әрбір филиал үшін - 20 000 000 (жиырма миллион) теңге;
      басқа елді мекендерде орналасқан әрбір филиал үшін - 15 000 000 (он бес миллион) теңге белгіленсін.

      4. Агенттік Басқармасының»"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3236 тіркелген), Агенттік Басқармасының»"Банкке еншілес ұйым құруға немесе ие болуға рұқсат беру, сондай-ақ ұйымдардың жарғылық капиталына қомақты қатысуға рұқсат беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 9 ақпандағы N 4 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4079 тіркелген),»"Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер енгізу және олардың күші жойылды деп тану туралы" 2006 жылғы 9 қаңтардағы N 20 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4068 тіркелген,»"Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 17 ақпандағы N 28-29 (835) жарияланған), "Банктердің ірі қатысушыларының және банктік холдингтердің есеп беру ережесін бекіту және Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Қаржы рыногын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 41 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4180 тіркелген),»"Болу қажеттілігі қаржы ұйымдарының қызметін реттейтін Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес талап етілетін Қазақстан Республикасының резиденті емес - заңды тұлғалар үшін ең аз рейтингті, осы рейтингті беретін рейтинг агенттіктерінің тізбесін белгілеу, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2004 жылғы 25 қазандағы N 304 қаулысына өзгеріс енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы N 55 қаулыларымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4139 тіркелген) енгізілген өзгерістері бар қаулыларымен бірге мынадай өзгеріс енгізілсін:

      1-тармақтың 5) тармақшасы алынып тасталсын.

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      6. Осы қаулының қосымшасына сәйкес Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің күші жойылды деп танылсын.

      7. Стратегия және талдау департаменті (Г.А. Ділімбетова):
      1) Заң департаментімен (Н.В. Сәрсенова) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне,»"Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" Заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      8. Агенттіктің Төраға Қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      9. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л. Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға

Қазақстан Республикасы Қаржы   
нарығын және қаржы ұйымдарын   
реттеу мен қадағалау агенттігі  
Басқармасының 2007 жылғы     
30 қарашадағы N 257 қаулысына  
қосымша             

Қазақстан Республикасының күші жойылды деп танылатын нормативтік құқықтық актілердің тізбесі

      1. Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының»"Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1580 тіркелген).

      2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының» "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1580 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына толықтырулар енгізу туралы" 2003 жылғы 16 сәуірдегі N 118 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2270 тіркелген).

      3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының» "Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде N 1580 тіркелген Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" 2003 жылғы 4 шілдедегі N 220 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2415 тіркелген).
      4. Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Екінші деңгейдегі банктердің жарғылық және меншікті капиталдарының ең аз мөлшері туралы" 2001 жылғы 2 маусымдағы N 190 қаулысына өзгерістер енгізу туралы" 2006 жылғы 12 тамыздағы N 158 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4396 тіркелген).