"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5014 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  3-тармақтан  қараңыз.

      "Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы  Кодексіне  (Салық кодексі) сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
      1. "Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы  N 530  бұйрығына (Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2672 болып тіркелген, Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2714 болып тіркелген 2004 жылғы 27 қаңтардағы N 39 және Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3288 болып тіркелген 2004 жылғы 25 қарашадағы N 606 бұйрықтарымен, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 23 қыркүйектегі N 175-176 жарияланған, Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының м.а. нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3801 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2005 жылғы 27 қыркүйектегі N 177, 2005 жылғы 28 қыркүйектегі N 178, 2005 жылғы 29 қыркүйектегі N 179, 2005 жылғы 30 қыркүйектегі N 180-181, 2005 жылғы 5 қазандағы N 183 жарияланған 2005 жылғы 29 шілдедегі N 346 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4253 болып тіркелген, "Заң газеті" газетінде 2006 жылғы 4 тамыздағы N 143, 2006 жылғы 11 тамыздағы N 147 жарияланған, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4253 болып тіркелген, Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 31 мамырдағы N 283 бұйрығымен, Нормативтік құқықтық кесімдердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4529 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетені" журналында 2007 жылғы наурыздағы N 3 жарияланған Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті Төрағасының 2006 жылғы 28 желтоқсандағы N 664 бұйрығымен өзгерістер енгізілген), мынадай өзгеріс енгізілсін:
      көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес шоттарды жүргізудің ережелерінде:

      52-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
      "52. Салық міндеттемелерінің шетелдік валютада орындалуын көздейтін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың ережелеріне сәйкес салық төлеуші (салық агенті) шетелдік валютада салық есептілігін заңнамада белгіленген мерзімде, сондай-ақ мерзімінен бұрын табыс еткен жағдайларда және салық есептілігін уақтылы бермеген кезде, салық есептілігі деректерін ұлттық валюта-теңгемен дербес шотқа таратып жазу үшін салық есептілігін берген күнге валюта айырбасының нарықтық бағамы қолданылады.
      Жер қойнауын пайдаланушылар салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеген кезде, салық міндеттемелерінің шетелдік валютада орындалуын көздейтін жер қойнауын пайдалануға келісім-шарттардың ережелерімен бюджетке төленген салық және басқа да міндетті төлемдер сомасын салық төлеушінің дербес шотына таратып жазу төлем құжаттары мен Қазынашылық органдары есебі бойынша ұлттық валюта-теңгемен жүргізіледі.
      Салық есептілігін табыс еткен күнге және төлемдерді қайта айырбастау күніне белгіленген валюта айырбасының бағамын қолдану нәтижесінде дербес шотта туындаған валюта бағамындағы айырма дербес шоттың "Қоса есептелді" немесе "Кемітілді" бағандары бойынша тиісті жазба жүргізу арқылы түзетіледі.";

      53 және 54-тармақтар алып тасталсын.

      2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Салық комитеті (Н. Рахметов) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігіне мемлекеттік тіркеуге жіберсін және осы бұйрықты Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау үшін шаралар қолдансын.

      3. Осы бұйрық ресми жарияланған күнінен бастап 10 күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі және 2007 жылдың 10 сәуірінен бастап туындаған қатынастарға қолданылады.

       Қазақстан Республикасының
      Қаржы министрі

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасының
      Ұлттық Банк Төрағасы
      2007 жылғы 14 қараша

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Статистика агенттігінің
      Төрағасы
      2007 жылғы 9 қараша

      КЕЛІСІЛДІ
      Қазақстан Республикасы
      Еңбек және халықты
      әлеуметтік қорғау Министрі
      2007 жылғы 7 қараша