"Дербес шоттарды жүргізу ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Салық комитеті Төрағасының 2003 жылғы 23 желтоқсандағы N 530 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 9 қарашадағы N 383 Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 29 қарашадағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 5014 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2008 жылғы 29 желтоқсандағы N 622 Бұйрығымен.

       Ескерту. Қаулының күші жойылды - ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 26 қаңтардағы N 45 (2009 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
      1. "Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2004 жылғы 24 желтоқсандағы N 1362 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 2004 ж., N 50, 648-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін:
      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының Бірыңғай бюджеттік сыныптамасында:
      бюджет шығыстарының функционалдық сыныптамасында:
      12 "Көлік және коммуникация" функционалдық тобында:
      09 "Көлік және коммуникациялар саласындағы өзге де қызметтер" кіші функциясында:
      601 "Қазақстан Республикасы Ұлттық ғарыш агенттігі" бюджеттік бағдарламалардың әкімшісі бойынша мынадай мазмұндағы бюджеттік бағдарламамен толықтырылсын:
      "004 "Есіл" авиациялық зымыран-ғарыш кешенін құру".
      2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

      Қазақстан Республикасының
      Премьер-Министрі