Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының»"Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343 қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының 2007 жылғы 24 қыркүйектегі N 110 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 қарашада Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4988 болып енгізілді. Күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Басқармасының 2012 жылғы 24 ақпандағы № 42 Қаулысымен.

Күшін жойған

      Ескерту. Қаулының күші жойылды - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банк Басқармасының 2012.02.24 № 42 (2012.07.01 бастап қолданысқа енгізіледі) Қаулысымен.

      Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру тәртібін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру және оларды " Сәйкестендiру нөмiрлерiнiң ұлттық тiзiлiмдерi туралы " және " Қазақстан Республикасының кейбiр заңнамалық актiлерiне сәйкестендiру нөмiрлерiнің ұлттық тiзiлiмдерi мәселелерi бойынша өзгерiстер мен толықтырулар енгiзу туралы"  Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы" 2001 жылғы 5 қыркүйектегі N 343  қаулысына өзгеріс енгізу және Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 17 тамыздағы N 86 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4417 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқару және өзге де мемлекеттік органдарының нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде 2006 жылғы N 16 жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
      "Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесін бекіту туралы";

      1-тармақ алынып тасталсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасында экспорт-импорт валюта бақылауын жүзеге асыру ережесінде:

      2-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) экспорт немесе импорт күні - Ұлттық Банк Басқармасының Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4516 тіркелген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асыру ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 11 желтоқсандағы N 129 қаулысына сәйкес белгіленген күн;";

      45-тармақта:
      "заңды тұлғалар үшін кәсіпорындар мен ұйымдардың жалпы мемлекеттік жіктеушісінің коды (бұдан әрі - КҰЖЖ), жеке тұлғалар үшін салық төлеушінің тіркеу нөмірі (бұдан әрі - СТН)" деген сөздер "заңды тұлғаның, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің бизнес сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - БСН), қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің жеке сәйкестендіру нөмірі (бұдан әрі - ЖСН)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      1-қосымшада:
      "КҰЖЖ коды", "Өзге", "СТН", "КҰЖЖ коды (резиденттер үшін)", "СТН (болған жағдайда)", "(болған жағдайда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "бірегейлендіру" деген сөз "Сәйкестендіру" деген сөзбен ауыстырылсын;
      толтыру бойынша нұсқауда:

      3-тармақта:
      2) тармақша алынып тасталсын;
      3) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "3) "Сәйкестендіру нөмірі" деген баған мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";

      5-тармақта:
      2) және 3) тармақшалар алынып тасталсын;
      4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын:
      "4) "Сәйкестендіру нөмірі" деген баған заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің, қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады;";

      2-қосымшада:
      "КҰЖЖ коды", "Өзге", "СТН", "КҰЖЖ коды (резиденттер үшін)", "СТН (болған жағдайда)", "(болған жағдайда)" деген сөздер алынып тасталсын;
      "бірегейлендіру" деген сөз "Сәйкестендіру" деген сөзбен ауыстырылсын;

      4-қосымшада:
      "КҰЖЖ коды" деген сөздер "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      толтыру бойынша нұсқауда:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Уәкілетті банктің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      алтыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "5, 12-бағандар ақша жіберушінің немесе бенефициардың - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      сегізінші абзацтың екінші сөйлемінде "салық төлеушісінің тіркеу нөмірінің он екі мәнді кодын" деген сөздер "ЖСН-нің 12 цифрын" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;

      5-қосымшада:
      "Уәкілетті банктің КҰЖЖ коды" деген сөздер "Мәміле паспорты банкінің БСН" деген сөздермен ауыстырылсын;
      "КҰЖЖ коды" деген сөздер "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      толтыру бойынша нұсқауда:
      бірінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "Мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      сегізінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-баған экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-баған экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";

      6-қосымшада:
      "КҰЖЖ коды" деген сөздер "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      толтыру бойынша нұсқауда:
      төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "7-баған экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының, сондай-ақ қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "8-баған экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";

      7-қосымшада:
      тақырыбындағы "/_____" символдары алынып тасталсын;
      "КҰЖЖ коды" деген сөздер "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
      толтыру бойынша нұсқауда:
      бірінші абзацта "үш" деген сөз "екі" деген сөзбен ауыстырылсын;
      екінші абзацта "сегіз мәнді КҰЖЖ коды" деген сөздер "БСН-нің 12 цифры" деген цифрлармен және сөздермен ауыстырылсын;
      үшінші абзац алынып тасталсын;
      төртінші абзацта "үшінші" деген сөз "екінші" деген сөзбен ауыстырылсын;
      он төртінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "22 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - заңды тұлғаның, оның филиалының немесе қызметін бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      он бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "23 деген коды бар жол экспортердің немесе импортердің - қызметін жеке кәсіпкерлік түрінде жүзеге асыратын жеке кәсіпкердің ЖСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      он тоғызыншы абзац мынадай редакцияда жазылсын:
      "40 деген коды бар жол мәміле паспорты банкі БСН-нің 12 цифрын көрсету арқылы толтырылады.";
      жиырмасыншы және жиырма бірінші абзацтар алынып тасталсын.

      2. Осы қаулы:
      1) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының екінші, үшінші, бесінші, алтыншы және жетінші абзацтарын;
      2) 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін осы қаулының 1-тармағының төртінші абзацын қоспағанда, 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.

      3. Төлем балансы және валюталық реттеу департаменті (Дюгай Н.Н.):
      1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қабылдасын;
      2) Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, аумақтық филиалдарына, Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігіне және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне жіберсін.

      4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Төлем балансы және валюталық реттеу департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қабылдасын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Д.Т. Ақышевқа жүктелсін.

       Ұлттық Банк Төрағасы

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      қаржы нарығы мен қаржы
      ұйымдарын реттеу және
      қадағалау агенттігі
      Төраға
      2007 жылғы 29 қыркүйек

      "КЕЛІСІЛДІ"
      Қазақстан Республикасы
      Қаржы министрлігі
      2007 жылғы 24 қазан