Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі N 225-ө бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 қазанда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4965 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  4-тармақтан қараңыз.

      2007 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының "Халықтың көші-қоны туралы" Заңының  34-бабының 8 тармақшасына сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:

         1.   Қоса беріліп отырған Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету Ережесі бекітілсін.

      2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген заңнама тәртібімен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н.Әбдиевке жүктелсін.

      4. Бұйрық 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап қолданысқа енеді.

       Министрдің
      міндетін атқарушы

Қазақстан Республикасы Еңбек    
және халықты әлеуметтік қорғау   
министрінің м.а.           
2007 жылғы 27 қыркүйектегі      
N 225-ө бұйрығымен          
бекітілген              

Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету
Ережесі 1. Жалпы ережелер

      1. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің "Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында уақытша болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету туралы" Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Халықтың көші-қон туралы" Қазақстан Республикасының Заңының    34-бабының 8 тармақшасына сәйкес әзірленді және оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің оралмандарды бейімдеу және кіріктіру орталығында болуы және оларға бейімдеу қызметтерін көрсету тәртібін айқындайды.

      2. Осы Ережелерде мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:
      1) оралман - Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерлерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдар.
      2) уәкілетті орган - халықтың көші-қоны мәселелері жөніндегі уәкілетті органның аумақтық органы;
      3) Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығы (бұдан әрі - Орталық) - Қазақстан Республикасының аумағына оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің уақытша келуі және оларға бейімдеу қызметтерін көрсетуге арналған орын;
      4) жолдама - уәкілетті орган берген және Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналасу үшін бекітілген үлгідегі құқық беретін құжат.

  2. Өтініш беру тәртібі

      3. Уәкілетті органның жолдамасы ( 1-қосымша ) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа орналасуы үшін өтініш берушінің өтініші негізінде ( 2 қосымша ) негіз болып табылады.

      4. Жолдама өтініш берушінің Орталыққа орналасуы үшін негіз болып табылады.

      5. Өтініш оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін тіркеу журналында (бұдан әрі - журнал) тіркеледі ( 3-қосымша ).

      6. Орталықта орын жоқ деген сылтаумен өтініштерді қабылдамауға және оларды тіркеуден бас тартуға жол берілмейді.

      7. Орталыққа орналасу үшін өтініш оралман мәртебесін беру туралы өтінішпен бір мезгілде беріледі.

      8. Өтінішті қабылданған кезде орын жоқ болған жағдайда өтініш беруші уәкілетті орган қалыптастырған резервке алынады. Резерв журналда тіркелген өтініш беру кезектілігінің тәртібімен қалыптасады.

      9. Орталықта орын босаған кезде уәкілетті орган резервке сәйкес кезектілік тәртібімен келесі өтініш берушіге жолдама береді.

      10. Жолдама алған кезде өтініш беруші Орталыққа қолына жолдама алған күннен бастап үш күн ішінде орналасады.
      Көрсетілген мерзім сақталмаған жағдайда өтініш беруші орналасу құқығын жоғалтады.
      Бұл ретте оның орталыққа орналасуға қайтадан өтініш беру құқығы сақталады.

  3. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа
келу тәртібі мен уақыты

      11. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа келуі өтемсіз негізде жүзеге асырылады.

      12. Орталықта Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері:
      1) Орталықтың тұрғын үй мен қосалқы үй-жайларын және өз мұқтаждықтарын қанағаттандыру үшін төсек пен өзге де керек-жарақтарды пайдаланады;
      2) Орталық басшысына Орталыққа орналасу және келу мәселелері бойынша арыз, қолдаухат және өзге де өтініш береді;
      3) уәкілетті орган бекіткен Ішкі тәртіп ережелерін сақтайды;
      4) бейімдеу қызметін алады;
      5) өз кінәсі бойынша Орталыққа келтірілген материалдық нұқсанға Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген тәртіппен жауаптылықта болады.

      13. Орталық:
      1) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне тұру үшін берілген үй-жайды санитарлық және техникалық нормаларға сәйкес ұстайды;
      2) Орталыққа орналасқан оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін қажетті төсектік керек-жарақтармен, олардың уақытылы ауысымын қамтамасыз етеді;
      3) оралмандар мен олардың отбасы мүшелерін Орталыққа келу тәртібіне қатысты ішкі актілермен таныстырады;
      4) оралмандар мен олардың отбасы мүшелеріне   бейімдеу қызметтерін көрсетуді қамтамасыз етеді.

      14. Орталыққа оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінен басқа адамдарды орналастыруға тыйым салынады.

      15. Оралмандар мен олардың отбасы мүшелері Орталыққа келу тәртібін бұзған жағдайда Орталық жолдама берген уәкілетті органға олардың Орталыққа келуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсыныспен жүгінеді.

      16. Уәкілетті орган Орталықтың оралмандар мен олардың отбасы мүшелерінің Орталыққа келуін мерзімінен бұрын тоқтату туралы ұсынысының негіздемесіне тексеру жүргізеді және Орталықта қалдыру және Орталықтан шығару туралы шешім шығарады.
      Шешім оралман отбасына немесе отбасы мүшесіне шығарылады.
      Шешім уәкілетті органның тиісті актімен ресімделеді, оған бірінші басшы немесе оны алмастырушы адам қол қояды.

      17. Ұсыныс берушінің Орталықта болуы оның Қазақстан Республикасының азаматтығын алғаннан кейін тоқтатылады.

  4. Келуші адамдардың Орталықтан шығу тәртібі

      18. Орталыққа келуші адамдар оны оралман мәртебесін алған күннен бастап күнтізбелік 3(үш) күн ішінде босатуға міндетті.

Оралмандар мен олардың отбасы     
мүшелерінің оралмандарды бейімдеу   
және кіріктіру орталығында уақытша  
болуы және оларға бейімдеу қызметтерін 
көрсету Ережесіне 1-қосымша     

ЖОЛДАМА

      Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру, әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына орналасу үшін:
____________________________________________________________________
             (Үміткердің аты-жөні, туған күні)
Отбасы мүшелері:
1. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
2. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
3. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
4. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
5. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)
6. _________________________________________________________________
             (Аты-жөні, туған күні, туыстық дәрежесі)

__________облысы (қаласы)
бойынша Көші-қон комитеті
басқармасының бастығы                        /__________/

                                  Оралмандар мен олардың отбасы
                                 мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
                                және кіріктіру орталығында уақытша
                             болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
                                    көрсету Ережесіне 2-қосымша

                                          __________облысы (қаласы) 
                                          бойынша Көші-қон комитеті 
                                            басқармасының бастығына 
                                          _________________________ 
                                            (үміткердің аты-жөні)  

                               Өтініш

      Сізден мені және менің саны "____" адамнан тұратын отбасы мүшелерімді Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға бейімдеу қызметтерін көрсету орталығына уақытша орналастыруыңызды сұраймын

     _____________                  ______________
       (Күні)                             (қолы)

                                   Оралмандар мен олардың отбасы
                                 мүшелерінің оралмандарды бейімдеу
                                және кіріктіру орталығында уақытша
                              болуы және оларға бейімдеу қызметтерін
                                    көрсету Ережесіне 3-қосымша

         Оралмандарды бейімдеу және кіріктіру әрі оларға
      бейімдеу қызметтерін көрсету орталығындағы тіркеу
                            ЖУРНАЛЫ

N р/с

Өтініш берушінің
аты-жөні

Туған жері және күні

Шығу елі

Жолдаманың нөмірі және берілген күні

                                              ________басталды
                                              ________бітті