Күші жойылды - ҚР Ішкі істер мнистрінің 2010.11.15 № 476 (ресми жарияланғаннан кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі) Бұйрығымен.
"Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Оралман мәртебесін беру ережесі бекітілсін.
2. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиев осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. "Оралман мәртебесін айқындау және оларды оралмандардың көшіп келу квотасына енгізу нұсқаулығын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Көші-қон және демография жөніндегі агенттігі төрағасының 2004 жылғы 17 тамыздағы N 70-б бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3078 тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
4. Осы Бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Көші-қон комитетінің төрағасы Ж.Н. Әбдиевке жүктелсін.
5. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министрдің
міндетін атқарушы
Бекітілген
Қазақстан Республикасы Еңбек
және халықты әлеуметтік қорғау
министрінің 2007 жылғы 27 қыркүйектегі
N 224-ө Бұйрығымен
Оралман мәртебесін беру ережесі 1. Жалпы ережелер
1. Осы Ереже "Халықтың көші-қоны туралы" 1997 жылғы 13 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңының 34-бабы 6-тармағына сәйкес әзірленді және оралман мәртебесін беру тәртібін көздейді (бұдан әрі - Ереже).
2. Осы Ереженің күші Қазақстан Республикасы егемендік алған кезде оның шегінен тыс жерде тұрақты тұрған және Қазақстанға тұрақты тұру мақсатымен келген ұлты қазақ шетелдіктер немесе азаматтығы жоқ адамдарға қолданылады.
2. Оралман мәртебесін беру және оның тіркелуі
туралы өтінішті беру тәртібі
3. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті отбасының кәмелеттік жасқа толған мүшелерінің бірі өз қолымен уәкілетті органның аумақтық органына тапсырады. Жеке өтініш жасау мүмкіндігі болмаған жағдайда өтініш беруші уәкілетті өкілге оралман мәртебесін беру туралы арызбен бірге өтінішке нотариалды куәландырылған сенімхат береді.
4. Өтініш беруші мынадай құжаттарды табыс етеді:
1) оралман мәртебесін беру туралы өтініш ( 1-қосымша );
2) өмірбаян;
3) өтініш берушінің және онымен бірге қоныс аударған отбасы мүшелерінің жеке басын куәландыратын құжаттарының көшірмелері (паспорт, кәмелеттік жасқа толмаған балаларының туу туралы куәлігі);
4) келесі құжаттардың бірін: неке немесе ажырасу туралы куәліктерінің; аттестатының; дипломының; әскери билет немесе еңбек кітапшасының көшірмелерін (өтініш беруші осы Ережедегі 2-тармағының талаптарына сәйкес келетіндігін анықтау мүмкіндігі болмаған жағдайда ұсынылады).
5. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті тіркеу өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің деректері "Оралман" электрондық дерекқор базасына енгізілгеннен кейін ғана жүзеге асырылады.
Уәкілетті органның аумақтық органы өтініштерді тіркеуді ресімдегенге дейін "Оралман" электрондық дерекқор базасы арқылы өтініш берушінің мәліметтерін басқа аумақтық органда тіркелгендігі туралы тексеріс жүргізеді. Оралман мәртебесін беру туралы өтініш берушінің бұрын уәкілетті органның басқа аумақтық органдарына өтініш берілгені анықталған жағдайда өтініш берушіден жаңа өтініш қабылданбайды. Бұл жөнінде өтініш беруші сол сәтте хабардар етіледі. Мұндай жағдайда өтініш беруші құжатын алғашқы тапсырған аумақтық органға құжаттарын ауыстыру туралы өтініш береді.
"Оралман" электрондық дерекқор базасындағы өтініш берушінің әрбір отбасы мүшелері жөніндегі деректердің дұрыстығына аумақтық органның басшысы жауапты болады.
6. Өтініштерді тіркеу оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдарды тіркеу журналында ( 2-қосымша ) өтініш берген күні жүзеге асырылады және тіркелгендігі туралы хабарлама беріледі.
7. Осы Ереженің 4-тармағында қарастырылған толық құжаттар өтініш берушімен ұсынылмаған жағдайда ғана өтініш қабылданудан бас тартылады.
3. Оралман мәртебесін беру тәртібі
8. Оралман мәртебесін беру туралы өтінішті қарау, сондай-ақ осы мәселе бойынша шешімді аумақтық органда тіркелген күннен бастап он жұмыс күнінен кешіктірмей уәкілетті органның аумақтық органы қабылдайды ( 3-қосымша ).
9. Оралман деп танылған тұлғаларға белгіленген үлгідегі куәлік ( 4-қосымша ) куәліктің берілуін есепке алу журналында тіркеп беріледі ( 5-қосымша ).
10. Куәлік оралман отбасының кәмелетке толған әрбір мүшесіне беріледі. Оралман отбасының кәмелетке толмаған мүшелері ата-анасының біреуінің куәлігіне жазылады.
11. Оралман куәлігі қатаң есептіліктегі құжат болып табылады және олардың мәртебесін растау үшін негіз болады.
12. Өтініш беруші тұлға осы Ереженің 2-тармағында белгіленген талаптарға сәйкес келмеген жағдайда ғана оралман мәртебесін беруден бас тартылады. Адамды оралман деп танудан бас тартылғанда өтініш берушіге жазбаша түрдегі шешім жолданады.
13. Уәкілетті органның аумақтық органының шешіміне Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жоғары тұрған уәкілетті органға немесе сотқа шағымдануға болады.
14. Оралман куәлігін жоғалтқан жағдайда уәкілетті органның аумақтық органына оралман оның жоғалғандығы және құжаттың телнұсқасын беру туралы өтініш береді.
Уәкілетті органның аумақтық органы оралманның қалпына келтірілген куәлігінде оның телнұсқа екенін білдіретін мөртаңба қойылған құжаттың телнұсқасын өтініш берген күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірмей береді.
Оралман мәртебесін беру ережесіне
1-қосымша
кімге ____________________________
/уәкілетті орган басшысының
лауазымы, аты-жөні, тегі/
__________________________________
___________________/мекен-жайында тұратын/
__________________________________
/өтініш берушінің аты-жөні/
Оралман мәртебесін беру туралы өтініш
________________________облысқа (республикалық деңгейіндегі
қалаға, астанаға) тұрақты тұруға көшіп келуіме байланысты маған
оралман мәртебесін беруіңізді сұраймын.
Мынадай құрамда отбасым бар:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
Өтінішке мынадай құжаттарды қоса беремін:
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
___________________________________________________________________
20___жылғы "___"_________ _________________________
/өтініш берушінің қолы/
Құжаттарды қабылдап алған:
__________________________________________________________________
(құжаттарды қабылдаған лауазымды адамның қолы)
20___жылғы "___"____________ __________________________________
/құжатты қабылдаған адамның қолы/
Оралман мәртебесін беру ережесіне
2-қосымша
Оралман мәртебесін беру туралы өтініш беруші адамдарды
тіркеу журналы
_______________________________________________
(көші-қон қызметі органының атауы)
N |
Өтінішті |
Өтініш |
Өтініш |
Туған |
Өтініш |
Тіркеу |
Оралман мәртебесін беру ережесіне
3-қосымша
Уәкілетті органы аумақтық органының шешімі
__________________________________________
____________қ. N ____ 200__ж. "__"________
_____________________________ Көші-қон басқармасы "Халықтың
көші-қоны туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес оралман
деп тану туралы_____________________________________________________
(Өтініш берушінің аты-жөні)
_____________________________________________________өтінішін қарап,
шешім қабылдады:____________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
Уәкілетті органы аумақтық органының бастығы
(міндетін атқарушы тұлға) ________________
Оралман мәртебесін беру ережесіне
4-қосымша
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
Көші-қон комитетінің Басқармасы
ОРАЛМАН КУӘЛІГІ
2
КУӘЛІК N ________
УДОСТОВЕРЕНИЕ
Аты-жөні ______________________________
Фамилия, имя, отчество
____________________________________
____________________________________
Туған күні ______айы ______ жылы _______
Дата рождения месяц год
Туған жері (елі) ___________________________________________________
Место рождения
Азаматтығы _________________________________________________________
Гражданство
Жынысы _____________________________________________________________
Пол
3
Кәмелеттік жасқа толмаған отбасы мүшелері
Несовершенолетние члены семьи
Аты-жөні Туған жылы, айы, күні Туыстық жағдайы
Ф.И.О. Дата рождения Родственное отношение
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
____________________________________________________________________
уәкілетті органының аумақтық
органы бастығының қолы
(міндетін атқарушы тұлға)
____________
Подпись начальника
территориального органа
уполномоченного органа
(лицо исполняющий обязанность)
4
Оралман мәртебесі берілген күн ________ айы ________ жылы _______
Дата присвоения статуса оралмана месяц год
Куәлік Қазақстан Республикасының азаматтығын алған күнге
дейін жарамды.
Удостоверение действительно до приобретения гражданства
Республики Казахстан.
Жеке басын куәландыратын құжатты көрсеткен кезде күші бар.
Действительно при предъявлении документа удостоверяющего личность.
_______________________ облысы (қаласы)
бойынша уәкілетті органы аумақтық органының
бастығы (міндетін атқарушы тұлға)_______________________ М.О.
Начальник территориального
органа уполномоченного органа по (лицо исполняющий
обязанность)________________________________________области (городу)
бланк нөмірі _____________
бланка номер
Оралман мәртебесін беру ережесіне
5-қосымша
Куәліктің берілуін есепке алу журналы
______________________________________________
(уәкілетті органы аумақтық органының атауы)
N |
Куә- |
Берген |
Беру |
Куәлік |
Куәлікте |
Туғанкүні |
Өтініш беруші- |
Телнұс- қаның беріл- |