ЗҚАИ-ның ескертпесі!
Қаулының күшін жою көзделген – ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 29.11.2019 № 231 (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі) қаулысымен.
Қолданушылардың назарына!!!
Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз.
"Сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері туралы", "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне сәйкестендіру нөмірлерінің ұлттық тізілімдері мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы Заңдарына сәйкес келтіру мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1482 тіркелген, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің "Қазақстан Ұлттық Банкінің Хабаршысы" ресми басылымында 2001 жылғы 22 сәуір - 6 мамырда N 9 (206) жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4048 тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылғы 17 ақпандағы N 28-29 (835) жарияланған Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Басқармасының "Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесін бекіту туралы" 2001 жылғы 3 наурыздағы N 58 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 12 желтоқсандағы N 156 қаулысымен енгізілген өзгерістермен және толықтырулармен) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген Қазақстан Республикасының екінші деңгейдегі банктерінде және банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымдарда касса операцияларын жүргізу ережесінде:
74-тармақта "салық төлеушінің тіркеу нөмірі" деген сөздер "бизнес-сәйкестендіру нөмірі (жеке сәйкестендіру нөмірі)" деген сөздермен ауыстырылсын;
1-1 және 1-2 қосымшаларда "СТН" деген аббревиатура "БСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын;
2-1 қосымшада "СТН" деген аббревиатура "ЖСН" деген аббревиатурамен ауыстырылсын.
2. Күші жойылды - ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 24.12.2014 № 247 қаулысымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).3. Осы қаулы 2010 жылғы 13 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі.
4. Қолма-қол ақшамен жұмыс департаменті (Мәжитов Д.М.):
1) Заң департаментімен (Шәріпов С.Б.) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеу шараларын қабылдасын;
2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде
мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде оны Қазақстан
Республикасы Ұлттық Банкінің орталық аппаратының мүдделі бөлімшелеріне, филиалдарына және екінші деңгейдегі банктерге жіберсін.
5. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі басшылығының қызметін қамтамасыз ету басқармасы (Терентьев А.Л.) Қолма-қол ақшамен жұмыс департаментінен жариялауға өтінім алған күннен бастап үш күндік мерзімде осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялауға шаралар қабылдасын.
6. Осы қаулының орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Б.А. Әлжановқа жүктелсін.
Ұлттық Банк Төрағасы |