"Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң 2002 жылғы 13 ақпандағы N 31-ө бұйрығына толықтыру енгiзу туралы

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің 2007 жылғы 6 тамыздағы N 191-ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 17 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4882 болып енгізілді.

Қолданыстағы

      Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң тәртiбiн нақтылау мақсатында  БҰЙЫРАМЫН:

      1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрiнiң "Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң ережесiн бекiту туралы" 2002 жылғы 13 ақпандағы  N 31-ө  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1782 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 18, 592-құжат), 2002 жылғы 11 сәуiрдегi  N 78-ө  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1821 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2002 жыл, N 21, 619-құжат), 2002 жылғы 23 қазандағы N  246-ө  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2061 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2003 жыл, N 3, 776-құжат), 2004 жылғы 1 наурыздағы  N 47-ө  (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2731 тiркелген және Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттiк органдарының нормативтiк құқықтық актiлерi Бюллетенiнде жарияланған, 2005 жыл, N 19, 175-құжат) бұйрықтармен өзгерiстер мен толықтырулар енгiзiлген бұйрығына мынадай толықтыру енгiзiлсiн:

      көрсетiлген Бұйрықпен бекiтiлген Атаулы әлеуметтiк көмек алуға үмiткер адамның (отбасының) жиынтық табысын есептеудiң  ережесiнде :

      10-тармағының екінші абзацы:
      "және төтенше жағдайлар салдарынан денсаулығына және мүлкiне келтірілген зиянды өтеу" деген сөздермен толықтырылсын.

      2. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен бастап күшіне енеді және өз күшiн 2007 жылғы 1 қаңтардан бастап туындаған қатынастарға қолданады.

       Министрдің міндетін атқарушы

      Келісілді:
      Қазақстан Республикасы
      Статистика жөніндегі
      Агенттігі Төрағасының
      міндетін атқарушы
      2007 жылғы 6 тамыз