Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулысына өзгерістер енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі басқармасының 2007 жылғы 25 маусымдағы N 181 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 10 тамызда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4862 болып енгізілді.

Қолданыстағы

        Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті сақтандыру түрлері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 7 мамырдағы  Заңын  іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының "Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесін бекіту туралы" 2006 жылғы 25 наурыздағы  N 83  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4218 тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

      атауында және 1-тармақта, сонымен қоса Агенттік Басқармасының 2006 жылғы 25 наурыздағы N 83 қаулымен бекітілген сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесі Қосымшасының атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен       ауыстырылсын;

      көрсетілген қаулымен бекітілген Сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымының шығындылық коэффициентін есептеу ережесінде:
      атауында "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      кіріспеде "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициенттерін (шығындылық коэффициенті, жұмсалған қаражат коэффициенті, қиыстырылған коэффициенті)" деген сөздермен ауыстырылсын;

      2, 4-тармақтардағы, 2-тараудың атауындағы "шығындылық коэффициентін" деген сөздер "шығындылықты сипаттайтын коэффициентерін" деген сөздермен ауыстырылсын;

      5-тармақ мына редакцияда жазылсын:
      "5. Қиыстырылған коэффициент шығындылық коэффициенті мен шығындар коэффициентінің сомасы ретінде есептеледі";

      6-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындар көрсеткішінің", "Шығындардың көрсеткіші", "шығындар көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Шығындылық коэффициентінің", "Шығындылықтың коэффициенті", "шығындылық коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      9-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Жұмсалған қаражат көрсеткіші", "жұмсалған қаражат көрсеткіші" деген сөздерге сәйкес "Жұмсалған қаражат коэффициенті", "жұмсалған қаражат коэффициенті" деген сөздермен ауыстырылсын;

      10-тармақтағы және мәтін бойынша бұдан әрі "Шығындылық коэффициенті", "Шығындылық коэффициентін", "шығындылық коэффициентіне", деген сөздерге сәйкес "Қиыстырылған коэффициент", "Қиыстырылған коэффициентті", "қиыстырылған коэффициентке", деген сөздермен ауыстырылсын;

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Сақтандыру нарығының субъектілерін және басқа қаржы ұйымдарын қадағалау департаменті (Д.Ш. Қарақұлова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарына және "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Агенттіктің Төраға қызметі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау шараларын қолға алсын.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Ғ.Н. Өзбековке жүктелсін.

       Төраға