Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі 2007 жылғы 25 маусымдағы N 169 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 31 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4839 болып енгізілді.

Қолданыстағы

       Қолданушылардың назарына!!!
      Қаулының қолданысқа енгізілу тәртібін  2-тармақтан  қараңыз.

      Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін келісу мәселелерін реттейтін нормативтік құқықтық актілерді жетілдіру мақсатында Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы  ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

      1. Агенттік Басқармасының»"Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы  N 157  қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2952 тіркелген) Агенттік Басқармасының»"Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 19 ақпандағы  N 35  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3509 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілерінің бюллетенінде жарияланған, 2005 жылғы маусым, N 15, 111-құжат), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2006 жылғы 25 ақпандағы  N 35  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4168 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінде құжаттарды ұсыну мәселелері бойынша кейбір нормативтік құқықтық кесімдерге толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" 2007 жылғы 30 наурыздағы   N 76   қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4670 тіркелген), Агенттік Басқармасының "Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі Басқармасының "Қаржы ұйымдарының басшы қызметкерлері қызметіне кандидаттарды келісу ережесін бекіту туралы" 2004 жылғы 12 маусымдағы N 157 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2007 жылғы 30 сәуірдегі  N 120  қаулысымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4708 тіркелген) енгізілген өзгерістері мен толықтыруларымен бірге мынадай толықтыру мен өзгеріс енгізілсін:

      көрсетілген қаулымен бекітілген Қаржы ұйымдары басшы қызметкерлерін тағайындауға (сайлауға) келісім беру  Ережесінде :
      4-тармақтың 6) тармақшасының алтыншы абзацындағы "Шетелдік азаматтар өз елінің азаматтығымен, ал азаматтығы жоқ тұлғалар - олардың тұрақты тұратын елдерінің тиісті мемлекеттік органы берген соған ұқсас мазмұндағы құжатты қосымша ұсынады." деген сөздер алынып тасталсын;

      мынадай мазмұндағы 5-1-тармақпен толықтырылсын:
      "5-1. Азаматтығы бар елінде (шетел азаматтары үшін) немесе тұрақты тұратын елінде (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін) экономикалық қызмет саласындағы қылмыстар немесе ауырлығы орташа қылмыстар, ауыр және аса ауыр қылмыстар үшін алынбаған немесе өтелмеген соттылығының жоқ екендігі туралы мәліметтердің сенімділігін растау мақсатында шетел азаматтары (азаматтығы жоқ тұлғалар) қаржы ұйымдарының басшы қызметкері лауазымына тағайындалған (сайланған) күннен бастап төрт айдан кешіктірмейтін мерзімде уәкілетті органға олардың азаматтығы бар елінің (азаматтығы жоқ тұлғалар үшін - тұрақты тұратын елінің) мемлекеттік органы берген тиісті құжатты ұсынады.
      Көрсетілген құжатты осы тармақта белгіленген мерзімде ұсынбаған жағдайда, мәліметтер негізінде келісім берілген осы мәліметтер шынайы емес болып табылады, және берілген келісім Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде көзделген негіздер бойынша уәкілетті органмен қайтарып алуға жатады.".

      2. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      3. Лицензиялау басқармасы (Ә.Ж. Нәжімеденова):
      1) Заң департаментімен (М.Б. Байсынов) бірлесіп осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап он күндік мерзімде осы қаулыны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, "Қазақстан қаржыгерлерінің қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      4. Төраға қызметі (Е.Н. Заборцева) осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялауды қамтамасыз етсін.

      5. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасарлары Е.Л. Бахмутоваға және Ғ.Н. Өзбековке олардың қызметтік міндеттемелеріне сәйкес жүктелсін.

       Төраға