Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына іріктеу және қабылдау ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрінің 2007 жылғы 24 сәуірдегі N 74 бұйрығы. Қазақстан Республикасы Әділет Министрлігінде 2007 жылғы 2 шілдеде Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4776 болып енгізілді

Қолданыстағы

      Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына іріктеу және қабылдау тәртібін анықтау мақсатында, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының   Заңына  сәйкес  БҰЙЫРАМЫН:
       1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына қабылдау ережесі (бұдан әрі - Ережесі) бекітілсін.
      2. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар вице-министрі В.В. Петровқа жүктелсін.
      3. Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін он күнтізбелік күн өткен сон қолданысқа енгізіледі.

       Министр

  "Келісілді"
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрі
2007 жылғы 4 маусым

Қазақстан Республикасы  
Төтенше жағдайлар министрінің
2007 жылғы»24 сәуірдегі  
N 74 бұйрығымен     
бекітілген       

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар
министрлігінің Көкшетау техникалық институтына
іріктеу және қабылдау ережесі

1. Жалпы ережелер

      1. Осы Ереже»"Білім туралы" Қазақстан Республикасының  Заңына  және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2000 жылғы 25 наурыздағы  N 247  бұйрығымен бекітіліп, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2000 жылғы 22 сәуірде (Нормативтік құқықтық актілерді тіркеу тізілімінде N 1118) тіркелген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың тұрпатты ережесіне (бұдан әрі - Тұрпатты ереже) сәйкес әзірленген және Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрлігінің Көкшетау техникалық институтына (бұдан әрі - Институт) қабылдау тәртібін анықтайды.

      2. Институт Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі (бұдан әрі - Білім министрлігі) бекіткен мамандықтар тізбесіне сәйкес Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің (бұдан әрі - Министрлік) бөлімшелері үшін жоғары кәсіби білімі бар мамандар даярлауды жүзеге асырады.

      3. Институтқа жалпы орта, кәсіби орта, жоғары кәсіби білімі бар, денсаулығы бойынша әскери қызметке жарамды және оқуға түсу емтихандарын ойдағыдай тапсырған Қазақстан Республикасының азаматтары қабылданады.

      4. Институтқа қабылдау ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі - БҰТ) немесе Білім министрлігінің ұлттық білім беру мен тестілеудің мемлекеттік стандарттары орталығы (бұдан әрі - ҰБТМСО) әзірлеген технологиялар бойынша жүргізілген кешенді тестілеу нәтижелері бойынша берілген сертификат балына сәйкес жүзеге асырылады.
      Кешенді тестілеу өткен жылдардағы жалпы орта білім беру ұйымдарының түлектері, бастапқы және орта кәсіби оқу орындарының түлектері, оқушылардың шетелдерде халықаралық тәжірибе алмасу бағыты бойынша оқыған, БҰТ-ға қатыспаған жалпы білім беру мектептерінің түлектері, өзбек, ұйғыр және тәжік тілдерінде жалпы білім беретін мектептердің түлектері, республикалық музыкалық мектеп-интернаттардың түлектері, сондай-ақ шетелдерде оқу орындарын бітірген азаматтар үшін жүргізіледі.
      Азаматтарды Институтқа оқуға қабылдау бекітілген кесте бойынша үш кезеңде жүзеге асырылады:
      бірінші кезеңде Институттың қабылдау комиссиясы медициналық, жеке және психофизиологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеу жүргізе отыра, талапкерлер контингентін қалыптастырады;
      екінші кезеңде сертификат балына сәйкес іріктеу жүргізіледі;
      үшінші кезеңде мандаттық комиссия курсанттар қатарына қабылдау жүргізеді.

      5. Институттағы жинақтауды, азаматтарды оқуға іріктеу мен қабылдауды бақылауды Министрлік жүзеге асырады.

      6. Азаматтарды Институтқа оқуға қабылдауды құрамы жыл сайын институт бастығының бұйрығымен бекітілетін қабылдау комиссиясы жүргізеді.

      7. Қабылдау комиссиясы өз жұмысында Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын, Министрліктің, Білім министрлігінің нормативтік құқықтық актілерін, сондай-ақ осы Ережені басшылыққа алады.

      8. Азаматтарды Институтқа оқуға іріктеуді Министр бекіткен тәртіпке сәйкес облыстардың, Астана, Алматы қалаларындағы Өртке қарсы қызмет департаменттері, "Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі" мемлекеттік мекемесінің филиалдары және Министрліктің әскери бөлімдері Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі (бұдан әрі - Министр) бекіткен тәртіпке сәйкес  жүргізеді. Жеке және оқу істерін ресімдеу Министрліктің кадр органдары мен құрамаларына жүктеледі.

      9. Азаматтардың құжаттары Министрдің Институтты ауыспалы құраммен жинақтау туралы жыл сайынғы бұйрығымен анықталған мерзімде институтқа жіберіледі.

      10. Оқуға түсетін талапкердің (күндізгі оқу бөлімі) азаматтардың жеке ісіне мыналар қоса беріледі: оқуға жіберу туралы рапорт (өтініш), Министрлік қызметкерлері үшін оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация, өмірбаян, сауалнама, соңғы жұмыс орнынан мінездеме, тағылымдамадан өту материалдары, орта білімі туралы құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі, әскери-дәрігерлік комиссияның қорытындысы бар медициналық куәландыру картасы, жеңілдік алуға құқық беретін құжаттың нотариуспен расталған көшірмесі, арнайы тексеріс материалдары, үш фотосурет (өлшемі 4,5 х 6 см, бас киімсіз), өлшемі 9 х 12 см бір фотосурет.

      11. Сырттай оқу бөліміне іріктелген азаматтарға мынадай құжаттарды қамтитын жеке іс ресімделеді: рапорт, білімі туралы құжат, оқуға жіберу туралы қорытындылары бар аттестация, белгіленген үлгідегі медициналық анықтама, үш фотосурет (өлшемі 4,5 х 6 см), белгіленген үлгідегі қорытынды, және кадрды есепке алу парағы.

      12. Күндізгі бөлімге оқуға түсу емтихандарын тапсыруға рұқсат берілген Министрлік бөлімшелерінің қызметкерлеріне институтқа іссапарға жіберілгенге дейін кезекті демалыс беріледі.

      13. Күндізгі бөлімге оқуға түсетін өртке қарсы қызмет органдарының қатардағы және кіші басшы құрамы қатарынан оқуға жіберілген азаматтар, Министрліктің әскери бөлімдерінің әскери қызметшілері, конкурстық іріктеуге қатысу үшін Институтқа барар алдында белгіленген тәртіппен атқаратын лауазымы бойынша істерін тапсырады. Оларды курсанттар ретінде қабылдағанға дейін лауазымнан босатуға және басқа лауазымға тағайындауға, қызмет бойынша ауыстыруға, штаттардың қысқаруы бойынша босатуға жол берілмейді.

      14. Күндізгі оқу бөліміне жасы 32-ден аспаған Министрлік бөлімшелерінің қатардағы және кіші басшы құрамының тұлғалары және жаңа оқу жылында 17 жасқа толған тұлғалар қабылданады.

      15. Күндізгі оқу бөліміне оқуға түсетін азаматтар Институттың арнайы ұйымдастырылған әскери-дәрігерлік комиссиясында қосымша медициналық және психикалық физиологиялық куәландырудан өтеді және белгіленген нормативтерге сәйкес дене тәрбиесі дайындығынан дифференциалдық сынақ тапсырады. Медициналық, жеке және психологиялық көрсеткіштер бойынша іріктеуден өтпеген азаматтар қалаулары бойынша сертификат алу үшін кешенді тестілеуге жіберілуі мүмкін.

      16. Институтқа күндізгі бөлімге оқуға түсу үшін келген азаматтар казармалық тәртіпте болады және солдаттық үлес нормасы бойынша төлемге тамақпен қамтамасыз етіледі.

      17. Сырттай бөлімге өртке қарсы қызмет органдарында кемінде 1 жыл еңбек өтілі бар және жасы 40-тан аспаған Министрлік өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлері мен әскери қызметшілері қабылданады.

      18. Қысқартылған білім беру бағдарламасы бойынша екінші жоғары білім алу үшін оқуға жіберілген азаматтарға олардың аралас мамандық алу немесе қайта біліктілік алу қажеттілігі кезінде рұқсат етіледі.

      19. Оқу орны бойынша азаматтардың отбасылары тұрғын үймен қамтамасыз етілмейді және олардың тұрғын үй жалдау шығындары өтелмейді.

  2. Мемлекеттік сертификаттар алу үшін кешенді
тестілеу өткізу

      20. Ұйымдастыру және түсіндіру жұмыстарын жергілікті орындарда өткізу үшін кешенді тестілеуді ұйымдастыру және өткізу жөніндегі мемлекеттік комиссия (бұдан әрі - мемлекеттік комиссия) құрылады. Мемлекеттік комиссияның қызметін ұйымдастыру ережесі Білім министрінің бұйрығымен бекітіледі. 

      21. Кешенді тестілеу түріндегі оқуға түсу емтихандары Білім министрлігі әзірлеген Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындарына қабылдаудың жалпы тұрпатты ережелеріне сәйкес өткізіледі.

      22. Кешенді тестілеуге қатысу үшін азамат институттың қабылдау комиссиясына арнайы бланкіде жазылған өтініш, бастапқы кәсіби немесе орта кәсіби оқу орнын аяқтағаны туралы аттестат немесе диплом (түпнұсқасы), жеңілдік алуға құқық беретін құжат, тестілеу өткізу үшін төлем туралы түбіртек, өлшемі 3х4 см екі фотосурет, сондай-ақ жеке куәліктің көшірмесін тапсырады.

      23. Кешенді тестілеуге келген азамат жеке куәлігін (төлқұжатын) және емтихан тапсыру үшін рұқсатын көрсетуі қажет.

      24. Кешенді тестілеу талапкердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде жалпы орта білім беру оқу бағдарламасы көлемінде мынадай төрт пән бойынша жүргізіледі: қазақ немесе орыс тілі, Қазақстан тарихы, математика немесе физика. Салалық пән - математика.

      25. Әрбір пән бойынша тест тапсырмаларының саны - 30. Әрбір тест тапсырмасы үшін дұрыс жауап бір балмен бағаланады.

      26. Кешенді тестілеуге үш астрономиялық сағат беріледі. Тестілеуді қайта тапсыруға рұқсат берілмейді.

      27. Дұрыс жауаптардың кодтары тестілеуден соң жауап парақтарын сканер арқылы өткізгеннен кейін бірден ілінеді.

      28. Кешенді тестілеудің нәтижелерін шығару кешенді тестілеу өткізілген Институтта жүргізіледі.

      29. Мемлекеттік сертификат алу үшін тестілеу нәтижелерін сол күні мемлекеттік комиссия хабарлайды.

      30. Кешенді тестілеу нәтижелері бойынша әрбір қатысушыға белгіленген үлгідегі сертификат беріледі, оны тестілеу өткеннен кейін үш тәулік мерзім ішінде мемлекеттік комиссия береді.

      31. Апелляцияға өтініш мемлекеттік комиссия төрағасы бекіткен апелляция комиссиясына тестілеу нәтижелері жарияланғаннан кейін келесі күні сағат 13-ке дейін беріледі және апелляциялық комиссия тәулік ішінде қарайды. Апелляциялық комиссия төрағасы Министр бұйрығымен бекітіледі.

      32. Күндізгі бөлімге оқуға түсетін азаматтар нормативтік талаптарға сәйкес (100 м жүгіру, тартылу және 3000 м кросс) дене тәрбиесі дайындығы бойынша  сынақ тапсырады.

      33. Сыртқы бөлімге оқуға түсетін және жалпы орта білімі немесе салалық емес орта кәсіби білімі бар Министрлік бөлімшелерінің қызметкерлері кешенді тестілеуді институттың қабылдау комиссиясы жүзеге асырады.

      34. Сыртқы бөлімге оқуға түсетін және жалпы орта білімі бар немесе салалық емес орта кәсіби білімі бар өртке қарсы қызмет органдарының қызметкерлерімен кешенді тестілеуді институттың қабылдау комиссиясы ҰБТМСО әзірлеген технологияларға сәйкес кешенді тестілеу өткізеді.

      35. Оқуға түсу емтихандарына (тестілеуге) бақылау қызметтерін жүзеге асыратын қабылдау комиссиясының төрағасынан (орынбасарынан), жауапты хатшыдан және Министрлік пен Білім министрлігі өкілдерінен басқа бөгде адамдардың қатысуына жол берілмейді.

      36. Белгілі себептермен емтиханға (тестілеуге) келмегендер осы емтихан немесе тестілеу бойынша үміткерлердің келесі тобының кестесі болған жағдайда ғана тапсыруға жол беріледі.

  3. Институтқа қабылдау

      37. Институтқа оқуға қабылдауды конкурстық негізде Министрлік бекіткен рұқсат қағазға сәйкес кешенді тестілеу нәтижелерін, дене тәрбиесі дайындығы бойынша сынақтарды және медициналық куәландыруды ескере отырып, 1 тамыз бен 10 тамыз аралығында мандаттық комиссия жүзеге асырады, мандаттық комиссияның төрағасы Министрдің бұйрығымен бекітіледі.

      38. Мемлекеттік сертификаттар балдарының көрсеткіштері бірдей болған жағдайда оқуға түсуге басым құқық мыналарға беріледі:
      "Алтын белгі" иегерлері;
      жалпы білім беру пәндері бойынша халықаралық олимпиадалардың және ғылыми сайыстардың (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар), соңғы үш жылда республикалық және халықаралық конкурстардың орындаушылары мен спорттық сайыстардың (І, ІІ, ІІІ дәрежелі дипломдармен марапатталғандар), жеңімпаздары, сондай-ақ олимпиада пәнінің үміткерлердің таңдап алған пәнімен сәйкес болған жағдайда жалпы білім беру пәндері бойынша ағымдағы жылдың республикалық олимпиадалары мен ғылыми сайыстарының, конкустардың және спорттық жарыстардың жеңімпаздары. Халықаралық және республикалық олимпиадалардың, ғылыми сайыстардың, орындаушылар мен спорттық сайыстардың пәндерімен сәйкесетін мамандықтар тізбесін Министрлік бекітеді;
      жетім балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған 23 жасқа дейінгі балалар;
      Ауғанстанда қаза болған әскери қызметшілердің балалары;
      запасқа жіберілген және Қазақстан Республикасы Үкіметі белгіленген жеңілдіктер алуға құқық беретін куәлігі бар әскери қызметшілердің балалары;
      қызметтік міндеттерін өткеру кезінде қаза болған немесе мүгедектік алған ҚР ТЖМ бөлімшелері қызметкерлерінің балалары;
      үздік аттестаты немесе үздік бастапқы және орта кәсіби орта білім дипломы бар үміткерлер;
      аттестаты немесе дипломы бойынша біршама жоғары орташа балы бар үміткерлер;
      салалық пән бойынша біршама жоғары балл жинаған үміткерлер;
      дене тәрбиесі дайындығы бойынша сынақ тапсыру кезінде біршама балл жинаған үміткерлер;
      кемінде екі жыл еңбек өтілі бар Министрлік бөлімшелерінің қызметкерлері.

      39. Кешенді тестілеу кезінде Тұрпатты ережемен белгіленген шекті пәннен төмен көрсеткіш жинаған үміткерлерді курсанттар қатарына оқуға қабылдауға жол берілмейді.

      40. Институтқа оқуға қабылдау туралы мандаттық комиссияның шешімі институт бастығының бұйрығымен ресімделеді.

      41. Конкурстан өтпеген азаматтар Министрлік бөлімшелерінің қарамағына жіберіледі. Жеке және оқу істері аумақтық жинақтаушы органдардың кадр қызметіне жіберіледі.

      42. Министрлік басшылығы қажет болған жағдайда және институт бастығының ұсынысын ескере отырып, бірінші курсқа қабылданатын курсанттардың қосымша санын анықтайды, бірақ соңғы оқу жылында оқудан шығарылған тыңдаушылар есебінен 10 % артпауы тиіс.

      43. Институтта сабақ 1 қыркүйекте басталады. Дәлелді себептерсіз сабаққа келмеген азаматтарды оқуғу қабылдау немесе оқуға рұқсат ету Институттың ғылыми кеңесінің иелігінде болады. Оқудан шығарылғандардың орнына қабылдау комиссиясы бір ай ішінде конкурстан өтпеген және резервте тұрған үміткерлерді оқуға қабылдауға құқылы.

      44. Осы Ережемен және басқа да нормативтік құжаттармен реттелмейтін азаматтарды оқуға қабылдау мәселелерін институттың қабылдау комиссиясы дербес шешеді.

      45. Институтқа азаматтарды қабылдауы аяқталғаннан кейін он күндік мерзім ішінде Министрлік пен Білім министрлігіне қабылдауды ұйымдастыру мен жүргізу бойынша қорытынды мәтіндік есеп, сондай-ақ курсанттарды қабылдау туралы бұйрықтардың көшірмелері жіберіледі.

      Енгізуші:
      Құқықтық қамтамасыз ету басқармасының
      заңнамалық сараптама және нормативтік құқықтық
      актілеріне әзірлеу бөлімінің бастығы

      Келісілді:
      Вице-министр
      Әкімшілік жұмыс
      департаментінің директоры

      Жіберілсін: ҚҚЕБ - 1 дана, ӨҚҚК - 1 дана, ӘЖД - 1 дана
      2007 жылғы "_______ " _________________ жіберілді.
      ҚҚЕ бас маманы