Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің
17-бабы
29) тармақшасына сәйкес
БҰЙЫРАМЫН:
1. Қоса беріліп отырған Қалдықтар сыныптамасы бекітілсін.
2. Осы бұйрық бірінші рет ресми жарияланған соң, он күнтізбелік күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Министр
"КЕЛІСІЛГЕН"
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау министрі
2007 жылғы»31 мамыр
Қазақстан Республикасы
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы»31 мамырдағы
N 169-ө бұйрығымен бекітілген
Қалдықтар сыныптамасы
Осы Қалдықтар сыныптамасы (бұдан әрі - Сыныптама) Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-бабына сәйкес әзірленді және қалдықтардың, олардың кодтарының тізбесін, сипаттамаларын, сондай-ақ қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі операцияларды айқындайды.
1. Сыныптама қалдықтармен жұмыс істеу кезіндегі есепке алуды, бақылауды, нормалауды, тиісті қызмет түрлерін лицензиялауды, қалдықтарды трансшекаралық тасымалдау мен орналастыруға арнап рұқсаттар беруді, табиғат қорғау құрылыстарын жобалау мен орта қорғау іс-шараларын жүргізуді, әлеуметтік, экономикалық, ресурсты-материалдық тәуекелді және авариялар мен апаттар туындаған кездегі залалды бағалауды қоса алғанда, қалдықтармен жұмыс істеу жүйесінде пайдалануға арналған.
2. Осы сыныптама жұмысы өндіріс және тұтыну қалдықтарымен байланысты мамандарға, сондай-ақ өндіріс қалдықтарын жинау, тасымалдау, орналастыру (қоймалау, көму), зарарсыздандыру және пайдалану жөніндегі практикалық операцияларға қатысты адамдарға арналған.
3. Сыныптама қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды айқындау үшін арналған. Сыныптамада қалдықтардың осы түрі болмаған жағдайда қауіптілік деңгейі мен кодтау әрбір нақты жағдайда негізделеді және қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен келісіледі.
4. Қалдықтарды кодтау пайда болу саласын, қоймалау (көму) тәсілін, кәдеге жарату немесе регенерациялау тәсілін, ықтимал қауіпті құрамдас элементтерді, қауіптілік деңгейін, объектілерінде қалдықтар пайда болатын экономика саласын ескереді.
5. Қалдықтардың қауіптілік деңгейін және оларды кодтауды айқындау технологиялар өзгерген кезде немесе өзге де шикізат ресурстарына көшкен кезде, сондай-ақ қалдықтардың қауіпті қасиеттері өзгеруі мүмкін жағдайларда жүргізіледі.
6. Қалдықты белгілі бір кодтауға жатқызуды табиғатты пайдаланушы өздігінен немесе қоршаған ортаны қорғау саласындағы жұмыстарды орындауға және қызметтер көрсетуге лицензиясы бар жеке және (немесе) заңды тұлғаларды тарта отырып жүргізеді.
7. Қауіпті қалдықтардың трансшекаралық тасымалдануын және оларды тасымалдау, кәдеге жарату, сақтау және көму мақсаттары үшін аластауды бақылау туралы Базель конвенциясына сәйкес осы Сыныптамаға 8-қосымшаға сәйкес қалдықтар қауіптілігінің 3 деңгейі белгіленеді:
1) Жасыл - индекс G;
2) Янтарь түсті - индекс А;
3) Қызыл - индекс R.
8. Қалдықтарды сыныптау қалдықтарды дәйекті түрде қарау мен олардың негізгі белгілерін айқындауға негізделеді. Сыныптауға қалдықтардың орналасқан жері, құрамы, мөлшері, агрегаттық жай-күйі, сондай-ақ олардың токсикологиялық, экологиялық және басқа да қауіпті сипаттамалары жатады.
9. Осы стандардта белгіленген сыныптау белгілері қалдықтардың салалық, өңірлік немесе өзге де ерекшелігін көрсететін қосымша белгілерді жоққа шығармайды.
10. Қалдықтардың толық сыныптау коды екі қисық сызықпен бөлінген 8 көп мәнді кодтар блогынан тұрады.
11. Әр топ латын алфавитінің әрпімен таңбаланған және ақтаңдақпен бөлінген. Қалдықтардың толық коды мынадай код топтарын (блоктарын) қамтиды:
- атауы (N);
- материалдың (бұйымның) қалдыққа көшу себептері (Q);
- қалдықтардың агрегаттық жай-күйі (W);
- қалдықтардың қауіпті құрауыштарының бірдейлендірушісі (С);
- қалдықтардың қауіптілігін айқындайтын қасиеттер (Н);
- қалдықтармен жұмыс істеудің іске асырылған тәсілі (D, R);
- нәтижесінде қалдықтар пайда болған қызметтің негізгі түрі (А);
- өнеркәсіп қалдықтарының қауіптілік деңгейі (G, A, R).
12. Қалдықтар сыныптамасы мыналардан тұрады:
1) осы Қалдықтар сыныптамасына 1-қосымшаға сәйкес қалдықтар номенклатурасынан;
2) осы Қалдықтар сыныптамасына 2-қосымшаға сәйкес аталған бұйымның»қалдықтар»санатына ауысу себептерінен;
3) осы Қалдықтар сыныптамасына 3-қосымшаға сәйкес қалдықтардың физикалық (фазалық) жай-күйі түрлерінің тізбесінен;
4) осы Қалдықтар сыныптамасына 4-қосымшаға сәйкес қалдықтардың қауіпті құрауыштары түрлерінің жалпыланған тізбесінен;
5) осы Қалдықтар сыныптамасына 5-қосымшаға сәйкес қауіпті қалдықтардың кодтары мен сипаттамаларынан;
6) осы Қалдықтар сыныптамасына 6-қосымшаға сәйкес қалдықтармен жұмыс істеу жөніндегі кодтар мен операциялардан;
7) осы Қалдықтар сыныптамасына 7-қосымшаға сәйкес нәтижесінде ықтимал қауіпті қалдықтар пайда болуы мүмкін қызмет түрлерінің тізбесінен;
8) осы Қалдықтар сыныптамасына 8-қосымшаға сәйкес қалдықтардың қауіптілік деңгейінен;
13. осы Қалдықтар сыныптамасына 9-қосымшаға сәйкес парниктер мен теплицалар полиэтилен пленкаларының қалдықтары мысалында қалдықтардың сыныптамалық кодын қалыптастыру.
3. ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ТОЛЫҚ СЫНЫПТАМАЛЫҚ
КОДЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘРТІБІ
1. Бірдейлендіру кодының 1 (N) блогын 1-кестеден сыныпталатын қалдыққа неғұрлым дәл сәйкес келетін ұстанымды іріктеу жолымен қалыптастырады, содан кейін сыныпталатын қалдыққа тиісті алты мәнді код беріледі. Осы Қалдықтар сыныптамасына 1-қосымшаның 1-кестесінде үш иерархиялық деңгейді: топтарды, кіші топтарды және ұстанымдарды қамтитын номенклатуралық қалдықтар сыныптамасы келтірілген. Әрбір топ екі мәнді кодпен сипатталады. Әрбір топта кіші топ пен ұстаным болатынына назар аудару қажет, оның соңғы пункті 9-нөмір болып табылады, оған»жоғарыда санамаланғандардың бірде біреуі емес» жағдайы сәйкес келеді.
Мысал: N ХХХХХХ//
2. 2-блок (Q) ол бойынша сыныпталатын материал "қалдықтар" санатына жатқызылатын себептер тізбесін білдіреді (2-қосымша). Тізбе ОЭСР С (94) 152 (түпкілікті) Кеңесінің 1994 жылғы 29 шілдедегі шешімімен енгізілген өзгерістер мен толықтырулар ескеріле отырып, "Регенерациялау жөніндегі операцияларға арналған қауіпті қалдықтарды трансшекаралық ауыстыру туралы" С (92) 39 (түпкілікті) ОЭСР 1992 жылғы 30 наурыздағы қарары деректерінің негізінде жасалған. 2-қосымшадан ол бойынша осы объект қалдықтар ретінде сыныпталатын бір немесе екі себепті іріктейді және ұстанымдардың нөмірлерін қояды. Егер бір ұстанымнан артық іріктелсе, онда сыныптау нөмірлерін "+" белгісімен бөледі. Мысал: Q ХХ+ХХ//
3. 3-блок (W)сыныптау қалдықтарының агрегаттық жай-күйіне неғұрлым дәл сәйкес келетін ұстаным нөмірінен тұрады (3-қосымша).
Мысал: W ХХ//
4. 4-блок (С) 4-қосымшада санамаланған бір немесе одан да көп заттардың нөмірінен (нөмірлерінен) тұрады. Егер қалдықтар кестеде келтірілген заттардың үштен астамын қамтыса, онда кодтар барынша қауіпті құрамдастардың үштен аспайтын тобын бөліп көрсете отырып, олардың қауіптілік дәрежесінің азаюы тәртібімен кодтарды қатарға орналастырады. Бұл топқа іріктеуді сапалық белгілері бойынша жасайды және ол осы қалдықтарды шығаратын мамандардың, ұйымдардың білікті пікірлеріне негізделеді. Бұл ретте құралдық талдаулар жүргізу көзделмейді. Бұдан кейін "+" белгісімен бөлініп іріктеліп алынған нөмірлерді жазу жолымен бірдейлендіру блогының кодын қалыптастырады. Егер қалдықтар 4-қосымша тізімінде санамаланған бір де бір құрамдасты қамтымаса, онда бұл топқа С 00// кодын береді.
Мысал: С ХХ+ХХ+ХХ//
5. 5-блок (Н)"+" белгісімен бөлінген (егер екі ұстаным іріктелінсе) сыныпталатын қалдықтарды тудыруға қабілетті қауіпті қасиеттерге барынша дәл сәйкес келетін бір немесе екі ұстанымнан тұрады (5-қосымша).
Мысал: Н ХХ+ХХ//
Егер қалдықтар 5-қосымшада санамаланғандардың ішінен бір де бір ықтимал қауіптілікке ие болмаса, онда оған Н 00// коды беріледі.
6. 6-блок (D, R) сыныпталатын қалдықпен жұмыс істеудің іс жүзінде пайдаланылатын әдісін айқындайды. Оны 6-қосымшаның (Е.1 және Е.2) тізімдерінен егер ұстаным Е.1-ден іріктелінсе, бұл жазбаны латынның D әрпімен және егер ұстаным Е.2-ден іріктелінсе, латынның R әрпімен белгілей отырып сыныпталатын қалдықтың одан арғы тағдырын барынша дәл сипаттайтын бір немесе бірнеше ұстанымды іріктеу жолымен қалыптастырады. Егер біреуден көп ұстаным іріктелінсе, онда бірдейлендірілген блокқа бұл жазбаларды "+" белгісімен бөле отырып, олардың әрқайсысын жазады.
Мысал: D ХХ+R ХХ
7. 7-блок (А) 7-қосымшадан нәтижесінде қалдықтар пайда болған қызметтің неғұрлым сәйкес келетін бір түрін іріктейді.
Мысал: А ХХХ
8. 8-блок "Регенерациялау жөніндегі операцияларға арналған қауіпті қалдықтарды трансшекаралық ауыстыру туралы" ОЭСР қарарында келтірілген тізбеге сәйкес өнеркәсіптік қалдықтардың (G, A, R) қауіптілік деңгейін білдіреді.
Мысал: GХ ХХХ
9. Сөйтіп, қалдықтың толық коды былайша көрініс табатын болады:
N XXXXXX//QXX+XX//W XX//C XX+XX+XX//HXX+XX//D XX+R XX//AXXX//GX XXX
Қалдықтар сыныптамасына
1-қосымша
Қалдықтардың номенклатурасы
А. 1 Номенклатуралық топтардың тізбесі
1. Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары
2. Ауыл шаруашылығының, бақшашылықтың, аң аулаудың, балық аулаудың қалдықтары
3. Орман, целлюлоз-қағаз және ағаш өңдеу өнеркәсібінің қалдықтары
4. Тері өңдеу және тоқыма өнеркәсібінің қалдықтары
5. Мұнай өңдеу, табиғи газды ректификациялау қалдықтары
6. Негізгі химия қалдықтары
7. Бояуларды, лактарды, пломбалайтын материалдарды, желімдерді, баспахана бояғыштары мен эмалдерді шығарудан, өңдеуден, жеткізуден және пайдаланудан қалатын қалдықтар
8. Фото өнеркәсібінің қалдықтары
9. Термикалық үдерістердің органикалық емес қалдықтары
10. Металдарды өңдеуден металдары бар органикалық емес қалдықтар
11. Машиналық және механикалық үдерістердің қалдықтары
12. Минералдық және синтетикалық май қалдықтары (8 және 11-топтарды қоспағанда)
13. Еріткіштер сияқты заттарды пайдаланудан қалған қалдықтар (7-тармақта келтірілген қалдықтардан басқа)
14. Ластанған орам ыдысы, ластанған адсорбенттер мен сүзгілер
15. Сыныптамада өзгеше белгіленбеген өнеркәсіп қалдықтары
16. Коммерциялық құрылыс пен ғимараттарды бұзу қалдықтары
17. Медициналық және ветеринарлық қызмет пен зерттеулер қалдықтары
18. Қалдық өңдеу және су өндірісі қалдықтары
19. Үй шаруашылығы қалдықтары мен сауданың ұқсас қалдықтары
1-кесте - Қалдықтар номенклатурасы
Р/с нөмірі |
Топ |
Кіші топ |
Ұстаным |
Қалдықтың атауы |
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
1
|
1
|
0
|
0
|
Тау-кен өндіру өнеркәсібінің қалдықтары
|
110
|
4
|
2
|
1
|
Кесінділер
|
311
391
|
7
|
1
|
8
|
Құрамында галогені бар сүзгі пластиналары, пайдаланылған адсорбенттер, ысқылау маталары, қорғаныштық киім
|
411
462
467
505
|
10
|
0
|
0
3
7
|
Термикалық үдерістердің органикалық емес қалдықтары
|
701
|
17
|
10
1
|
3
|
Басқа материалдармен ластанған құрылыс және бұзу қалдықтары
|
Қалдықтар сыныптамасына
2-қосымша
Берілген материалды (бұйымды) "қалдықтар"
санатына көшіру себептері
Q1 Төменде қандай да бір өзгеше келісілмеген өндіріс қалдықтары.
Q2 Техникалық шарттарға сәйкес келмейтін өнімдер.
Q3 Жарамдылық мерзімі өткен өнімдер.
Q4 Төгілген, жоғалған немесе қандай да бір өзге де жағымсыз оқиғаға ұшыраған материалдар, оның ішінде осындай оқиға нәтижесінде ластанған материалдар, жабдық және т.б.
Q5 Қасақана әрекеттер нәтижесінде ластанған немесе былғанған материалдар (мысалы, тазартудан кейін ластанған материалдар, орау материалдары және т.б.).
Q6 Пайдалануға жарамсыз бұйымдар (істен шыққан аккумулятор батареялары, істен шыққан катализатор және т.б.).
Q7 Өз әрекетін қанағаттанарлық дәрежеде орындай алмайтын заттар (мысалы, ластанған қышқылдар, ластанған еріткіштер, пайдаланылған шыңдау тұздары және т.б.).
Q8 Технологиялық үдерістердің қалдықтары (мысалы, шлактар, ашық көк қалдықтар және т.б.).
Q9 Ластануды азайту үдерісінің қалдықтары (мысалы, скрубберлер шламдары, шаң ұстағыштан шығатын шаң, пайдаланылған сүзгілер және т.б.).
Q10 Металл өңдеу/әрлеу үдерісінің қалдықтары (мысалы, токарь жоңқасы, окалина және т.б.).
Q11 Шикізатты қайта өңдеу қалдықтары (мысалы, пайдалы қазбалар өндіру қалдықтары, кондициялық емес мұнай өнімдері және т.б.).
Q12 Араласқан материалдар (мысалы, полихлордифенилмен май және т.б.).
Q13 Пайдалануға заңмен тыйым салынған кез келген материалдар, заттар немесе өнімдер.
Q14 Одан әрі қолданылмайтын өнімдер (мысалы, ауыл шаруашылығы, тұрмыстық, мекеме, сауда шығындылары және т.б.).
Q15 Ластанған жерді сауықтыру жөніндегі іс-шаралар нәтижесінде пайда болған материалдар, заттар немесе өнімдер.
Q16 Өндірушілер қалдық деп жариялайтын және жоғарыда санамаланған санаттарға кірмейтін кез келген материалдар, заттар немесе өнімдер.
Қалдықтар сыныптамасына
3-қосымша
Қалдықтардың физикалық (фазалық) жай-күйі
түрлерінің тізбесі
Индекс |
Физикалық (фазалық) жай-күйі |
Қалдықтың түрі |
L
L1
|
Сұйық күйі (L)
|
Паста
Пульпа
|
Қалдықтар сыныптамасына
4-қосымша
Қауіпті құрама қалдықтар түрлерінің
жалпылама тізбесі
Индекс |
Құрамдастың атауы |
С01
|
Алюминий және оның қосылыстары
|
Қалдықтар сыныптамасына
5-қосымша
Қауіпті қалдықтардың кодтары мен
сипаттамасы
H1 Жарылғыш заттар
Жарылғыш заттаp немесе қалдықтаp - бұл қатты немесе сұйық заттаp немесе қалдықтар (не болмаса қоспа заттар немесе қалдықтар), олар өз бетiнше температура кезiнде газ бөле отырып, химиялық peакцияға және аса жылдамдықпен қысым жасауға қабiлеттi, қоршаған заттарға зақым келтiредi.
Н3 Тез тұтанғыш сұйықтықтар
"Тез тұтанғыш" терминi "оңай жанатын" терминiмен мәндес, құрамында қатты заттар немесе суспензиялар бар сұйықтықтар (мысалы: бояулар, политурлар, лактар, олардың қауiптi қасиеттерiне сәйкес жiктелген заттардан немесе қалдықтардан басқа) және т.б. 60,5 С градустан жоғары емес температурада жабық ыдыста немесе 65,6 С градустан жоғары емес температурада ашық ыдыста тұтанғыш булар бөлiп шығаратын сұйықтықтар, сұйықтық қоспалары немесе ерiтiндiлер тұтанғыштар болып табылады, (Демек, ашық және жабық ыдыстардан алынған нәтижелердi дәл салыстырылды деп айтуға болмайды және сондай бiр әдiспен алынған жекелеген нәтижелердiң бiр бipiнeн айырмашылығы бар екенi жиi кездеседi, онда жоғарыда келтiрiлгендерден сандардың айырмашылығы болу ережесi аталуға айқындаулар pухында қалады).
Н4.1 Тұтанғыш қатты заттар
Тасымалдау процесiнде кездесетiн жағдайларда, жарылғыш ретiнде жiктелгендерден басқа қатты заттар немесе қатты қалдықтар оңай тұтануға, не болмаса үйкелген кезде от шығаруға немесе қатты лап ете түсуге бейiм.
H4.2 Өздiгiнен жануға бейiм заттар немесе қалдықтар
Өздiгiнен жануға бейiм заттар мен қалдықтар қалыпты тасымал кезiнде қызып кетуге немесе желге шаққан кезде қызып кетуге бейiм, содан кейiн өз өзiнен жалын шығаруға бейiм.
Н4.3 Су тиген кезде тұтанғыш газ бөлетiн заттар немесе қалдықтар
Заттар мен қалдықтар су тиген кезде өз өзiнен жануға немесе қауiптi мөлшерде оңай тұтанатын газ бөлуге бейiм.
H5.1 Тотыққыш заттар
Заттар өз өзiнен жанбайды, ол, әдетте, тотық бөлудiң салдарынан басқа материалдардың тұтануына әкеп соғады немесе әсер етедi.
H5.2 Органикалық пероксидтер
(Термикалық тұрақсыз заттар болып табылатын құрамында - О-О-биваленттi топтар бар органикалық заттар өзiнен өзi экзотермикалық жылдам шiруге ұшырайды).
H6.1 Уытты (улы) заттар
Тыныс алу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар адамдардың өлуiне әкеп соғады немесе оған қатты керi әсерiн тигiзедi.
H6.2 Жұқтырғыш заттар
Құрамында тiрi микроорганизмдер немесе олардың уыты бар заттардың немесе қалдықтардың адамдарды ауруға шалдықтыратыны белгілi немесе түсiнiктi.
Н8 Коррозиялық заттар
Тiкелей қарым-қатынас кезiнде химиялық әсер ету жолымен ықпал ететiн заттар немесе қалдықтар тiрi тканьдi әжептәуiр зақымдайды немесе мұндай заттар мен қалдықтардың ағып шығуы немесе себiлуi басқа жүктердi немесе көлiк құралдарын зақымдайды және тiптi бүлiнуге дейiн әкеп соғады; сондай-ақ басқа да қауiп түрлерiн қамтуы мүмкiн.
H10 Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған кезде уытты газ бөлу
Ауаға шыққан немесе сумен ылғалданған заттар немесе қалдықтар қауiптi мөлшерде уытты газ бөледi.
H11 Уытты заттар (ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруға шалдықтыратын)
Тыныс aлу, ас қорыту органдары арқылы немесе терi арқылы организм iшiне түскен заттар немесе қалдықтар ұзаққа созылған немесе созылмалы ауруларға, рак ауруын қоса, едәуiр шалдықтырады.
H12 Аса уытты заттар
Заттар немесе қалдықтар қоршаған ортаға тап болған жағдайда қоршаған ортаны биотоптау нәтижесiнде қоршаған ортаға бiрден қауіп төндiредi немесе бiртiндеп төндiредi және/немесе биотикалық жүйелерге уытты әсер eтедi.
H13
Заттар, аулаққа шығарылғаннан кейiн қандайда бiр түрде басқа материалдар түзуге бейiм, мысалы, сiлтiсiздендiру жолымен, оның үстiне бұл материалдар жоғарыда аталғандардың iшiнен қандай да бiр қасиеттi иеленедi.
Қалдықтар сыныптамасына
6-қосымша
Кодтар және қалдықтармен жұмыс істеу
жөніндегі операциялар
Е.1
Қалдықтарды аластау жөніндегі операциялар (оларды кәдеге жарату - қалпына келтіру, регенерациялау, рециркуляциялау, рекуперациялау, тікелей қайталап немесе баламалы қолдану мүмкіндігіне әкеп соқтырмайтын)
D1
Жерге немесе жердің бетіне қоймалау (құлату), мысалы, үресінге және т.б.
D2
Топырақты өңдеу үшін орналастыру (жерді мелиорациялау) - сұйық немесе тұнбалы қалдықтарды топыраққа биохимиялық жаю және т.б.
D3
Тереңге айдау (тиісті консистенциялы қалдықтарды ұңғыма арқылы тұзды күмбездерге немесе табиғи ыдыстарға және т.б. айдау)
D4
Жер бетіндегі су айдындарына (әдетте жасанды) тастау (сұйық немесе шламға ұқсас қалдықтарды котловандарға, жинақтаушы шұңқырларға, тұнбаларға, бассейндерге, лагуналарға және т.б. орналастыру)
D5
Арнайы бейімделген жер құрылыстарына (полигондарға) орналастыру (салу), мысалы, жоғары жағынан жабылған және бір-бірінен әрі қоршаған ортадан оқшауланған жеке бөліктерге орналастыру
D6
Қатты қалдықтарды теңіздер мен мұхиттардан басқа, су айдындарына тастау
D7
Теңіздер мен мұхиттарға тастау, оның ішінде теңіз түбіне орналастыру (көму)
D8
Осы толықтырудың басқа тармақтарында келісілмеген биологиялық өңдеу, оның нәтижесінде түпкілікті қосылыстар немесе қоспалар пайда болады, олар кейін осы толықтыруда көрсетілген кез келген операцияның көмегімен аластатылады.
D9
Осы толықтырудың басқа тармақтарында келісілмеген физикалық-химиялық өңдеу, оның нәтижесінде түпкілікті қосылыстар немесе қоспалар пайда болады, олар кейін осы қосымшада көрсетілген кез келген операцияның (булау, кептіру, кальцилеу, бейтараптандыру, тұндыру және т.б.) көмегімен аластатылады.
D10
Құрғақта (жерде) өртеу (күлге айналдыру)
D11
Теңізде өртеу (күлге айналдыру)
D12
Тұрақты сақтау (шахтадағы арнайы контейнерлерде және т.б.)
D13
Осы толықтыруда санамаланған қандай да бір операцияны пайдаланардан бұрын араластыру, сапырылыстыру
D14
Осы толықтыруда санамаланған қандай да бір операцияны пайдаланардан бұрын басқа ыдысқа ауыстыру (қайта орамдау)
D15
Осы толықтыруда санамаланған қандай да бір операцияны күтіп сақтау
D16
Өзгелері
Е.2
Қалдықтарды кәдеге жаратуға әкелетін немесе әкелуі мүмкін операциялар (регенерациялау, рециркуляциялау, рекуперациялау, тікелей қайталап немесе баламалы қолдану)
R1
Энергия алу үшін отын түрінде (тікелей жағудан басқа) немесе басқа түрде қолдану
R2
Еріткіштерді регенерациялау (рекуперациялау)
R3
Еріткіштер ретінде пайдаланылмайтын органикалық заттарды регенерациялау (рециклдеу)
R4
Металдар мен олардың қосылыстарын рециклдеу
R5
Өзге
де органикалық емес материалдарды тиімді пайдалану
R6
Қышқылдар мен сілтілерді регенерациялау (рекуперациялау)
R7
Ластағыштарға (шығарындыларға) қарсы күреске пайдаланылатын құрамдастарды регенерациялау (рекуперациялау)
R8
Катализаторлар құрамдастарын регенерациялау (рекуперациялау)
R9
Пайдаланылған мұнай өнімдерін қайталап айдау (тазарту) немесе бұрын пайдаланылған мұнай өнімдерін қайта пайдаланудың басқа тәсілдері
R10
Жерді өңдеу (жерге енгізу), бұл оны ауыл шаруашылығына пайдалануға ықпал етеді немесе экологиялық жағдайды жақсартады, оның ішінде компостирлеу және биожинақтаудың өзге де үдерістері
R11
R1-R10 нөмірлері бойынша операцияларды жүзеге асыру нәтижесінде алынған қалдық материалдарды (қалдықтарды) пайдалану
R12
Оларға қатысты осы толықтырудың R1-R11 нөмірлері бойынша операцияларды жүзеге асыру үшін қалдықтармен алмасу
R13
Оларға қатысты осы толықтыруда санамаланған қандай да бір операцияларды жүзеге асыруға арналған материалдарды жинақтау, дайындау
R14
Кәдеге жаратудың өзге де тәсілдері
Қалдықтар сыныптамасына
7-қосымша
Нәтижесінде ықтимал қауіпті қалдықтар
пайда болуы мүмкін қызмет түрлері
Ауыл шаруашылығы - фермерлік қызмет
А100 - Ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы
А101 - Өсімдіктерді культивациялау
А102 - Мал шаруашылығы
А103 - Орман шаруашылығын басқару және орманды пайдалану
А110 - Азық-түлік секторының мал шаруашылығы және өсімдік шаруашылығы өнімдері
А111 - Ет өнеркәсібі, мал сою, ет сату
А112 - Сүт шаруашылығы
А113 - Жануарлар мен өсімдік майын және тоң майлар өндіру
А114 - Қант өнеркәсібі
А115 - Басқасы
А120 - Сусындар шығару
А121 - Алкогольдік сусындар мен спирт дайындау
А122 - Сыра өндіру
А123 - Басқа да сусындарды дайындау
А130 - Ет өнімдерін дайындау
Энергетика
А 150 - Көмір өнеркәсібі
А 151 - Көмір мен көмір өнімдерін өндіру және байыту
А 152 - Кокстеу операциялары
А 160 - Мұнай өнеркәсібі
А 161 - Мұнай мен табиғи газды барлау және (немесе) өндіру
А 162 - Мұнайды қайта өңдеу және (немесе) тасымалдау
А 163 - Мұнай мен табиғи газды қайта өңдеу кезінде алынатын өнімдерді сақтау
А 170 - Электр энергиясын өндіру
А 171 - Теплоэлектроцентралдар
А 172 - Гидроэлектростанциялар
А 173 - Атом электр станциялары
А 174 - Басқа да электр станциялары
А 180 - Сумен жабдықтау
Металлургия, машина жасау және электротехника
А 200 - Рудаларды (металдарды) барлау және (немесе) өндіру және байыту
А 210 - Қара металлургия (қара металдар рудаларын барлау және (немесе) өндіру және байыту)
А 211 - Шойын өндіру (кокстеу)
А 212 - Тазартылмаған болат өндіру
А 213 - Болатты бастапқы өңдеу (прокаттық стандар)
А 214 - Қара металдар рудаларын барлау және (немесе) өндіру және байыту
А 215 - Уран рудаларын барлау және (немесе) өндіру және байыту
А 216 - Атом өнеркәсібі өнімдерін өндіру
А 220 - Түсті металлургия
А 221 - Глинозем өндіру
А 222 - Алюминий өндіру
А 223 - Қорғасын мен мырыш өндіру
А 224 - Қымбат бағалы металдар өндіру
А 225 - Басқа да түсті металдар өндіру
А 226 - Ферроқұймалар өндіру
А 227 - Электродтар өндіру
А 230 - Құю өндірісі және металл өңдеу
А 231 - Қара металдар құю өндірісі
А 232 - Түсті металдар құю өндірісі
А 233 - Металл өңдеу (механикалық өңдеуді қоспағанда)
А 240 - Машина жасау, электротехникалық және электрондық өндіріс
А 241 - Механикалық өңдеу
А 242 - Термоөңдеу
А 243 - Беттерді өңдеу
А 244 - Бояу жағу
А 245 - Желіні жинау, құрастыру
А 246 - Батареялар мен құрғақ элементтерді өндіру
А 247 - Электр өткізгіштері мен кабелдерді шығару (жалату, гальваникалық жабындылар жағу, оқшаулау)
А 248 - Электронды жинақтаушы элементтер шығару
Құрылыс материалдары, қыш, шыны өнеркәсібі
А 260- Рудалы емес материалдарды жер асты немесе ашық тәсілмен өндіру
А 270- Құрылыс материалдары, қыш, шыны
А 271 - Әк, цемент және құрылыс гипсін өндіру
А 272 - Қыш бұйымдарын дайындау
А 273 - Құрамында асбестоцемент бар бұйымдарды дайындау
А 274 - Басқа да құрылыс материалдарын шығару
А 275 - Шыны өндірісі
А 280 - Құрылыс, құрылыс алаңдары, аумақты абаттандыру
Химия өнеркәсібі
А 300 - Бастапқы химиялық заттар мен химиялық материалдар өндірісі
А 301 - Хлор өндіру
А 351 - Тыңайтқыштар өндіру
А 401 - Бастапқы органикалық емес өнеркәсіптік химиялық заттардың басқа да өндірісі
А 501 - Бастапқы пластмассалар өндірісі
А 551 - Бастапқы органикалық химиялық заттардың басқа да өндірісі
А 601 - Майларды химиялық өңдеу; жуу құралдарына арналған бастапқы заттар шығару
А 651 - Фармацевтикалық препараттар, пестицидтер, биоцидтер, гербицидтер шығару
А 669 - Соңғы химиялық өнімдердің басқа да өндірісі
Бастапқы химиялық заттар негізінде бұйымдар жасау
А 700 - Сиялар, лактар, бояулар, желімдер шығару
А 701 - Сиялар шығару
А 702 - Бояулар шығару
А 703 - Лактар шығару
А 704 - Желімдер шығару
А 710 - Фотоматериалдар дайындау
А 711 - Фотосезімтал пластиналар шығару
А 712 - Фотоөңдеуге арналған өнімдер шығару
А 720 - Парфюмер өндірісі және сабындар мен жуу құралдарын шығару
А 721 - Сабын шығару
А 722 - Жуу құралдарын шығару
А 723 - Парфюмер өнімдерін шығару
А 730 - Соңғы резеңке және пластмасса материалдары
А 731 - Резеңке-техникалық өндіріс
А 732 - Соңғы пластмасса материалдары
А 740 - Асбесттің базасында бұйымдар шығару
А 750 - Оқ-дәрі мен жарылғыш заттар шығару
Текстиль және тері; ағаш өңдеу және жиһаз жасау
А 760 -Тоқыма және тігін өндірісі
А 761 - Тоқыма талшықтарды тарақпен тарау және түту
А 762 - Жіп иіру, тоқу, тігіншілік
А 763 - Ағарту, бояу, нығыздау
А 764 - Тігін өндірісі
А 770 - Былғары өндірісі, тері илеу
А 771 - Тері өңдеу өндірісі
А 772 - Тері илеу өндірісі
А 773 - Аяқ киім және теріден жасалған басқа да бұйымдар шығару
А 780 - Ағаш өңдеу және жиһаз шығару
А 781 - Ағаш тілгіштер, ағаш панелдер шығару
А 782 - Ағаштан жасалған өнімдер, жиһаз шығару
А 790 - Әр түрлі туыстас өндірістер
Қағаз-картон - баспахана жұмыстары
А 800 - Қағаз және картон шығару
А 801 - Целлюлоз шығару
А 802 - Қағаз және картон шығару
А 803 - Қағаз бен картоннан жасалатын дайын бұйымдар
А 810 - Баспахана, баспа жұмыстары, фотозертханалар
А 811 - Баспаханалар, баспалар
А 812 - Фотозертханалар
Коммерциялық қызметтер
А 820 - Кір жуу, ағарту, бояу
А 830 - Бизнес кәсіпорындары
А 840 - Көлік, автомобильдер сату және жөндеу қызметтері
А 841 - Автомобилбдер сату және жөндеу
А 842 - Тасымалдар
А 850 - Қонақ үйлер, кафе, мейрамханалар
Жалпы қызметтер
А 860 - Денсаулық сақтау
А 861 - Денсаулық сақтау (ауруханалар, медициналық орталықтар,
қарттар үйлері, мүгедектер үйлері, хоспистер, зертханалар)
А 870 - Ғылыми зерттеулер
А 871- Ғылыми зерттеулер (зерттеу зертханаларын қоса алғанда)
А 880 - Әкімшілік қызметі, кеңселер
Үй шаруашылығы
А 890 - Үй шаруашылығы
Шығарындылар мен қалдықтар жинауды бақылау қызметі
А 900 - Қоғамдық орындарды тазарту
А 910 - Елді мекендерде су дайындау жөніндегі қызметтер
А 920 - Елді мекендердің қоқысын қайта өңдеу
А 930 - Өнеркәсіптік ағын сулар мен қалдықтарды қайта өңдеу
А 931 - Өртеу
А 932 - Физикалық-химиялық қайта өңдеу
А 933 - Биологиялық қайта өңдеу
А 934 - Қалдықтарды нығыздау
А 935 - Қалдықтарды жинау және/немесе алдын ала өңдеу
А 936 - Қалдықтарды жерден жоғары, оның үстіне немесе астына орналастыру
Регенерация - қалпына келтіру
А 940 - Регенерациялау жөніндегі қызмет
А 941 - Майларды қалпына келтіру
А 942 - Еріткіштерді қалпына келтіру
А 943 - Ион алмастыру шайырларын қалпына келтіру
А 950 - Қалпына келтіру қызметі
Қалдықтар сыныптамасына
8-қосымша
А. 1 ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЖАСЫЛ ТІЗІМІ
GA МЕТАЛДАР МЕН МЕТАЛЛ ҚОРЫТПАЛАРЫНЫҢ МЕТАЛДЫҚ ДИСПЕРГИРЛЕНБЕЙТІН НЫСАНДАҒЫ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GA010 Алтын
GA020 Платина ("платина" термині платинаны, иридийді, осмийді, палладийді, родийді және рутенийді қамтиды)
GA030 Басқа да қымбат бағалы металдар, мысалы, күміс
GA040 Шойынның қалдықтары мен сынықтары
GA050 Даттанбайтын болаттың қалдықтары мен сынықтары
GA060 Басқа да легирленген болаттардың қалдықтары мен сынықтары
GA070 Қалайыланған темір мен болаттың қалдықтары мен сынықтары
GA080 Токарь жоңқасы, кесінділер, фрезерлеу қалдықтары, үгінділер,алынған қабыршықтар, штамптау қалдықтары (пакеттерде немесе пакеттерде емес)
GA090 Қара металдардың басқа да қалдықтары мен сынықтары
GA100 Бракталған қайта балқыту құймалары
GA120 Мыстың қалдықтары мен сынықтары
GA130 Никельдің қалдықтары мен сынықтары
GA140 Алюминийдің қалдықтары мен сынықтары
GA150 Қорғасынның қалдықтары мен сынықтары
GA160 Мырыштың қалдықтары мен сынықтары
GA170 Қалайының қалдықтары мен сынықтары
GA180 Вольфрамның қалдықтары мен сынықтары
GA190 Молибденнің қалдықтары мен сынықтары
GA200 Танталдың қалдықтары мен сынықтары
GA210 Магнийдің қалдықтары мен сынықтары
GA220 Кобальттің қалдықтары мен сынықтары
GA230 Висмуттың қалдықтары мен сынықтары
GA240 Кадмийдің қалдықтары мен сынықтары
GA250 Титанның қалдықтары мен сынықтары
GA260 Цирконийдің қалдықтары мен сынықтары
GA270 Сурьманың қалдықтары мен сынықтары
GA280 Марганецтің қалдықтары мен сынықтары
GA290 Бериллийдің қалдықтары мен сынықтары
GA300 Хромның қалдықтары мен сынықтары
GA310 Германийдің қалдықтары мен сынықтары
GA320 Ванадийдің қалдықтары мен сынықтары
GA330 Гафнийдің қалдықтары мен сынықтары
GA340 Индийдің қалдықтары мен сынықтары
GA350 Ниобийдің қалдықтары мен сынықтары
GA360 Ренийдің қалдықтары мен сынықтары
GA370 Галийдің қалдықтары мен сынықтары
GA380 Таллийдің қалдықтары мен сынықтары
GA390 Торийдің қалдықтары мен сынықтары
GA400 Селеннің қалдықтары мен сынықтары
GA410 Теллурдың қалдықтары мен сынықтары
GA420 Сирек жер металдарының қалдықтары мен сынықтары
GВ МЕТАЛДАРДЫ БАЛҚЫТУДЫҢ, ҚОРЫТУДЫҢ ЖӘНЕ ТАЗАРТУДЫҢ
ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛЫ БАР ҚАЛДЫҚТАРЫ
GВ010 Чушкалы мырыш
GВ020 Мырыш дростары:
GВ021 Мырышты ванналардағы мырыштық тегіс дайындамасының
жоғарғы қалдықтары (мырыштың 90 % астамы)
GВ022 Мырышты ванналардағы мырыштық тегіс дайындамасының
төменгі қалдықтары (мырыштың 92 % астамы)
GВ023 Қалыптағы мырыш құймасының қалдықтары (мырыштың 85 %
астамы)
GВ024 Батырып ыстықтай мырыштау (партиялармен) ванналарындағы
тегіс дайындамасының қалдықтары (мырыштың 92 % астамы)
GВ025 Мырыш шлагы
GВ030 Алюминий изгарины
GВ040 Кейін айыру үшін қымбат бағалы металдар мен мысты
өңдегеннен кейінгі шлактар
GС ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛЛ БАР ӨЗГЕ ДЕ ҚАЛДЫҚТАР
GС010 Тұтасымен металлдардан және қорытпалардан тұратын
электр түйіндері
GС020 Электронды сынық (мысалы, баспа платтары, асыл емес
және қымбат бағалы металдарды регенерациялау үшін
жарамды электронды базалық элементтер)
GС030 Ішіндегіден және қауіпті заттардың немесе қалдықтардың
санатына жатқызылуы мүмкін басқа да заттардан мұқият
босатылған сауыттар және бөлуге арналған басқа да жүзіп
жүретін конструкциялар
GС040 Автомобильдердің сұйықтыұтары ағызып жіберілген
сынықтары
GС050 Пайдаланылған катализаторлар:
GС051 сұйықтықтардың каталитикалық крекингінің катализаторлары
GС052 құрамында қымбат бағалы металдар бар катализаторлар
GС053 өтпелі металдар катализаторлары (мысалы, хром, кобальт,
мыс, темір, никель, марганец, молибден, вольфрам,
ванадий, мырыш)
GС060 Темір мен болат өндіру кезінде пайда болатын түйіршікті
шлак
GС070 Темір мен болат өндіру кезінде пайда болатын шлак
GD ДИСПЕРГИРЛЕНБЕЙТІН НЫСАНДАҒЫ ТАУ-КЕН ӨНДІРУ
ӨНЕРКӘСІБІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GD010 Табиғи графиттің қалдықтары
GD020 Тұрпайы тазартылған немесе арамен немесе өзгеше түрде
кесілген сланецтердің қалдықтары
GD030 Слюда қалдықтары
GD040 Лейциттің, нефелиннің немесе нефелинді сиениттің
қалдықтары
GD050 Дала шпатының қалдықтары
GD060 Ерігіш шпаттың қалдықтары
GD070 Құю өндірісінде пайдаланылатындарды есептемегенде,
қатты күйдегі кремнезем қалдықтары
GD080 Көмір өндіру өнеркәсібінің ашылған жыныстары
GЕ ДИСПЕРГИРЛЕНБЕЙТІН НЫСАНДАҒЫ ШЫНЫ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GЕ010 Электронды-сәулелі түтікшелер менбелсенділендірілген
шынының басқа да түрлерін қоспағанда, сынған шыны мен
басқа да қалдықтар және шыны сынықтары
GЕ020 Шыны талшығының қалдықтары
GF ДИСПЕРГИРЛЕНБЕЙТІН НЫСАНДАҒЫ ҚЫШ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GF010 Пішіндеуден кейін күйдіруге ұшыраған қыш қалдықтары,
оның ішінде қыш ыдыстары (пайдаланылғанға дейінгі және
(немесе) кейінгі)
GF020 Металл қыштың қалдықтары мен сынықтары (композициялық
металл қыш материалдары)
GF030 Басқа бөлімдерде көрсетілмеген және басқа тізімдерге
енгізілмеген қыш нысанындағы талшықтар
GG ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС
ҚҰРАМДАСТАРЫ БАР БАСҚА ДА ҚАЛДЫҚТАР
GG010 Жағу газын күкіртсіздендіру кезінде алынатын кальцидің
ішінара тазартылған сульфаты
GG020 Ғимараттарды бұзу кезінде пайда болатын гипсті қаптау
плиталарының немесе құрғақ сылақ беттерінің қалдықтары
GG030 Көмірмен жұмыс істейтін энергия қондырғыларынан
бөлінетін күл қалдығы мен шлак
GG040 Көмірмен жұмыс істейтін энергия қондырғыларынан шығатын
ұшпа күл
GG050 Мұнай коксінің және (немесе) битумның анодты қалдықтары
GG060 Пайдаланылған белсенділендірілген көмір
GG070 Шойын немесе болат өндіру кезінде пайда болған фосфатты
тыңайтқыштар үшін немесе басқадай пайдалануға жарамды
негізгі шлак
GG080 Мыс өндірісінен алынған, химиялық тұрақтыланған,
құрамында көп темірі бар (20 %-дан астам) және
өнеркәсіптік стандарттарға сәйкес (мысалы, Дi N 4301
және Дi N 8201) өңделген, негізінен құрылыста және
абразивтер өндіру үшін пайдаланылатын шлак
GG090 Қатты нысандағы күкірт
GG100 Кальций цианамидін өндіруден алынатын известняк (рН 9,0
кем емес)
GG110 Глинозем өндіруден алынатын бейтараптандырылған қызыл
саз
GG120 Натрий, кальций және калий хлоридтері
GG130 Карборунд (кремний карбиді)
GG140 Жарылған бетон
GG150 Құрамында литий-тантал және литий-ниобит бар шыны
сынықтары
GG160 Кальций карбиді
GН ҚАТТЫ ПЛАСТМАССА ҚАЛДЫҚТАРЫ
GН010 Пластмасса қалдықтары, үзіктері және сынықтары:
GН011 этилен полимерлерінің
GН012 стирол полимерлерінің
GН013 винилхлорид полимерлерінің
GН014 полимерлер және сополимерлер:
-полипропиленнің
-полиэтилентерефталаттың
-акронитрил сополимерінің
-бутадиен сополимерінің
-стирол сополимерінің
-полиамидтердің
-полибутилентерефталаттың
-поликарбанаттардың
-полиэтиленсульфидтердің
-акрил полимерлерінің
-парафиндердің (С10-С13)
-полиуретандердің (хлорфторуглеводородтары жоқ)
-полисилоксандардың (силикондардың)
-полиметилметакрилаттың
-поливинилді спирттің
-поливинилбутиралдың
-поливинилацетаттың
-фторированды этилен полимерлерінің (тефлонның, ПТФЭ)
GН015 конденсация шайырлары немесе өнімдері, мысалы:
-карбамидоформальдегидтік шайырлар
-фенолоформальдегидтік шайырлар
-меламиноформальдегидтік шайырлар
-эпоксидтік шайырлар
-алкидтік шайырлар
-полиамидтер
GI ҚАҒАЗ, КАРТОН ЖӘНЕ ҚАҒАЗ ӨНІМДЕРІ
ӨНДІРІСІНІҢ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GI010 Қағаз бен картон қалдықтары және макулатура:
GI011 ағартылмаған крафт-қағаз немесе картон, гофрирленген
қағаз немесе картон
GI012 қағаз бен картонның негізінен ағартылған целлюлоздан
дайындалған, боялмаған массадағы басқа да қалдықтары
GI013 негізінен сүректік массада дайындалған қағаз немесе
картон (мысалы, газеттер, журналдар және басқа да
осыларға ұқсас баспа өнімі)
GI014 өзге де қалдықтар және макулатура: оның ішінде, бірақ
мыналар ғана емес:
1) ламинацияланған картон;
2) сұрыпталмаған қалдықтар және макулатура
GJ ТЕКСТИЛЬ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GJ010 Жібек қалдықтары (оның ішінде иіру дискісіне орауға
жарамсыз кокондар, иіру қалдықтары мен талшықтанбаған
шикізат):
GJ011 - таралмаған
GJ012 - өзгесі
GJ020 Жүннің немесе биязы немесе ірі жануарлар жүнінің
қалдықтары, оның ішінде талшықталмаған шикізатты
қоспағанда, иіру қалдықтары:
GJ021 жүннің таралған қыл-қыбырлары немесе жануарлардың биязы
жүні
GJ022 жүннің немесе жануарлардың биязы жүнінің басқа да
қалдықтары
GJ023 ірі жануарлар жүнінің қалдықтары
GJ030 Мақта қалдықтары
GJ031 иірім қалдықтары (оның ішінде жіп қалдықтары)
GJ032 талшықтанбаған шикізат
GJ033 басқа да қалдықтар
GJ040 Зығыр шүйкесі және қалдықтар
GJ050 Нағыз сораның шүйкесі және қалдықтары (оның ішінде
иірім қалдықтары мен талшықталған шикізат)
GJ060 Джут пен басқа да тоқыма қабықты талшықтардың
(зығырдан, нағыз сорадан және рамадан басқа) шүйкесі
және қалдықтары (оның ішінде иірім қалдықтары мен
талшықталған шикізат)
GJ070 Сизальдің және осы тектегі Avage басқа да текстиль
талшықтарының шүйкесі және қалдықтары (оның ішінде
иірім қалдықтары мен талшықталған шикізат)
GJ080 Кокос жаңғағының шүйкесі, таралған қыл-қыбыры және
қалдықтары (оның ішінде иірім қалдықтары мен
талшықталған шикізат)
GJ090 Абактың (манила сорасы немесе Musa textiles Nee)
шүйкесі, таралған қыл-қыбыры және қалдықтары (оның
ішінде иірім қалдықтары мен талшықталған шикізат)
GJ100 Басқа тізімдерде көрсетілмеген және енгізілмеген рама
мен басқа да өсімдік текстильдік талшықтардың шүйкесі,
таралған қыл-қыбыры және қалдықтары (оның ішінде иірім
қалдықтары мен талшықталған шикізат)
GJ110 Жасанды талшықтардың қалдықтары (оның ішінде таралған
қыл-қыбыры, иірім қалдықтары мен талшықталған шикізат)
GJ111 синтетикалық талшықтардың
GJ112 жасанды талшықтардың
GJ120 Қиілген киім және басқа да пайдаланылған тоқыма
бұйымдары
GJ130 Тұтынуда болған кілемдер, бракталған шпагат, арқан-жіп
бұйымдары, текстиль материалдарының жіптері немесе
арқандары:
GJ131 сұрыпталған
GJ132 өзгелері
GК РЕЗЕҢКЕ ҚАЛДЫҚТАРЫ
GК010 Резеңкеден (қатты резеңкеден басқа) жасалған және
олардың түйіршіктерінен алынатын қалдықтар, кесінділер
және ескі бұйымдар
GК020 Ескі пневматикалық шиналар
GК030 Қатты резеңкенің (мысалы, эбониттің) қалдықтары мен
сынықтары
GL ТОЗ БЕН СҮРЕКТІҢ ӨҢДЕЛМЕГЕН ҚАЛДЫҚТАРЫ
GL010 Бөренеге агломерирленген немесе агломерирленбеген
сүректің қалдықтары мен сынықтары, брикеттер, түйірлер
немесе өзге де ұқсас нысандар
GL020 Тоз қалдықтары; ұсақталған түйіршіктелген немесе
сыдырылған тоз
GM ТАМАҚ ӨНЕРКӘСІБІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН ҚАЛДЫҚТАР
GM010 Адамның пайдалануына жарамсыз, бірақ жануарлар азығы
үшін немесе басқа мақсаттар үшін жарамды кептірілген,
тазартылған тамақтық әрі азықтық ұн және ет пен ет
қалдықтарының, балықтың немесе шаян тектестердің,
молюскалардың немесе басқа да су омыртқасыздарының
түйірлері, азық шыжықтары
GM020 Дәнді немесе бұршақты өсімдіктерді елеу, ұсақтау немесе
өзге де қайта өңдеу операциялары кезінде пайда болатын
кебектер, екінші сападағы жармалар және түйіршіктер
немесе өзге де түрдегі басқа қалдықтар
GM030 Крахмал шығарудан қалған қалдықтар және ұқсас
қалдықтар, қызылша сығындысы, багасса және қант
өндірісінің басқа да қалдықтары, барда және сыра өндіру
мен спирт айдаудың түйіршіктер немесе өзге де түрдегі
басқа қалдықтары
GM040 Қытай бұршағын алу кезінде пайда болатын ұсақталған
немесе өзге де түрдегі күнжара және басқа да қатты
қалдықтар
GM050 Арахис майын алу кезінде пайда болатын ұсақталған
немесе түйіршіктер түріндегі немесе өзге де түрдегі
күнжара және басқа да қатты қалдықтар
GM060 Басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға
енгізілмеген тоң майлар мен майларды алу кезінде пайда
болатын ұсақталған немесе түйіршіктер түріндегі немесе
өзге де түрдегі күнжара және басқа да қатты қалдықтар
GM070 Шарап қалдықтары
GM080 Басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға
енгізілмеген түйіршіктер немесе өзге де түрдегі,
жануарлар азығы үшін пайдаланылатын кептірілген және
тазартылған өсімдік қалдықтары, қалдықтар мен жанама
өнімдер
GM090 Дегра; майлы заттарды немесе жануарлар немесе өсімдік
балауыздарын өңдеу кезінде пайда болатын қалдықтар
GM100 Механикалық өңделмеген, майсыздандырылған, қарапайым
дайындыққа ұшыраған (бірақ белгілі бір нысан бойынша
кесілмеген), қышқылмен өңделген немесе желатинделмеген
сүйектердің қалдықтары мен мүйіз өзектері
GM110 Балық қалдықтары
GM120 Какао-бұршақ бастардың қабығы, қауызы, кебегі және
какао-бұршақ бастарды өңдеудің басқа да қалдықтары
GN АЕ ТЕРІЛЕРІН ИЛЕУ МЕН ӨҢДЕУ ОПЕРАЦИЯЛАРЫ КЕЗІНДЕ,
СОНДАЙ-АҚ ТЕРІНІ ПАЙДАЛАНУ КЕЗІНДЕ ПАЙДА БОЛАТЫН
ҚАЛДЫҚТАР
GN010 Шошқа қылының және жүнінің немесе борсық жүнінің және
қылшық өндіруде пайдаланылатын басқа да жүн түрлерінің
қалдықтары
GN020 Негіз-материалмен немесе онысыз аралық материал
түріндегі жылқы жүнінің қалдықтары
GN030 Қауырсындарымен немесе түбітімен бірге құс терісінің
және басқа да бөліктерінің тазартудан,
дезинфекциялаудан немесе сақтауға дайындаудан басқа
ешқандай өзге өңдеусіз қалдықтары, қауырсындардың
немесе қауырсын бөліктерінің (шеттері кесілген немесе
кесілмеген) және жүнінің қалдықтары
GN040 Өңделген терінің немесе құрастырылған терінің
кесінділері мен басқа да қалдықтары; тері бұйымдарын
өндіруге жарамсыз, тері өңдеу ұлпасын қамтымайтын
GO ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС
МАТЕРИАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАС
ҚҰРАУЫШТАРДАН ТҰРАТЫН БАСҚА ДА ҚАЛДЫҚТАР
GO010 Адам шашының қалдықтары
GO020 Сабан қалдықтары
GO030 Жануарлар үшін азық ретінде пайдаланылуы мүмкін
пенициллин өндіруден алынатын дезактивтелген
саңырауқұлақ мицелиі
GO040 Фотопленка негізінің қалдықтары және құрамында күмісі
жоқ фотопленка
GO050 Батареясыз бір жолғы фотокамералар
А.2 ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ЯНТАРЛЫҚ ТІЗІМІ
АА ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛЫ БАР ҚАЛДЫҚТАР
АА010 Дросс, қабыршақ және шойын мен болат өндірудің басқа да
қалдықтары
АА020 Изгарь және мырыш қалдықтары
АА030 Изгарь және қорғасын қалдықтары
АА040 Изгарь және мыс қалдықтары
АА050 Изгарь және алюминий қалдықтары
АА060 Изгарь және ванадий қалдықтары
АА070 Изгарь және құрамында металы бар қалдықтар немесе басқа
ұстанымдарға енгізілмеген металл қосылыстары
АА080 Изгарь және таллий қалдықтары
АА090 Изгарь және мышьяк қалдықтары
АА100 Изгарь және сынап қалдықтары
АА110 Алюминий өндіруден қалған басқа ұстанымдарға
енгізілмеген қалдықтар
АА120 Гальваникалық шлам
АА130 Металдарды қанықтырғаннан кейінгі ерітінділер
АА140 Мырышты өңдегеннен кейінгі сілтілеу қалдықтары, шаң
және шламдар, мысалы, ярозит, гематит, батпақты темір
рудасы және т.б.
АА150 Құрамында органикалық емес цианидтердің іздері бар
қымбат бағалы металдардан тұратын қатты қалдықтар
АА160 Күл, шлам, шаң және қымбат бағалы металдардың басқа да
қалдықтары
АА161 Баспа платтарын жағудан қалған күл
АА162 фотопленка күлі
АА170 Қорғасынды аккумуляторлардың бүтін және сынған
батареялары
АА180 Қорғасынды аккумуляторлардың батареяларынан басқа
пайдаланылған батареялар немесе аккумуляторлар, бүтін
және сынған, сондай-ақ аккумуляторлар батареяларын
өндіруден қалған басқа ұстанымдарға енгізілмеген
қалдықтары мен сынықтары
АВ ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ
МАТЕРИАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ
ЕМЕС ҚҰРАМДАС ҚҰРАУЫШТАРДАН ТҰРАТЫН ҚАЛДЫҚТАР
АВ010 Басқа жерде көрсетілмеген және басқа ұстанымдарға
енгізілмеген шлак, күл және қалдықтар
АВ020 Қалалық/тұрмыстық шығарылымдарын жағудан қалған
қалдықтар
АВ030 Металдарды беткі өңдеу кезінде пайда болатын цианидсіз
негіздегі жүйелердің қалдықтары
АВ040 Электронды-сәулелік түтікшелерден және басқа да
белсенділенген шыныдан қалған шыны қалдықтары
АВ050 Кальций фторидінің шламы
АВ060 Фтордың сұйықтықтар немесе шламдар түріндегі басқа да
органикалық емес қосылыстары
АВ070 Құю өндірісінде қолданылатын пішіндеу қоспалары
АВ080 Жасыл тізімге енгізілмеген пайдаланылған катализаторлар
АВ090 Алюминийдің пайдаланылған гидраттары
АВ100 Пайдаланылған глинозем
АВ110 Негізгі ерітінділер
АВ120 Басқа ұстанымдарға енгізілмеген органикалық емес
галоидтік қосылыстар
АВ130 Бытырақұйып тазалауға арналған пайдаланылған бытыра
АВ140 Химия өнеркәсібі үдерістері кезінде пайда болатын гипс
АВ150 Кальцийдің тазартылмаған сульфаты және жағу газын
күкіртсіздендіргеннен кейінгі кальций сульфаты
АС ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС МАТЕРИАЛДАР
БОЛУЫ МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАС ҚҰРАУЫШТАРДАН
ТҰРАТЫН ҚАЛДЫҚТАР
АС010 Анод қалдықтарын қамтымайтын мұнай коксы мен битумды
өндіру/қайта өңдеу қалдықтары
АС020 Асфальт байланыстырушыларының қалдықтары
АС030 Мақсаты бойынша пайдалану үшін жарамсыз ескі майлар
АС040 Құрамында қорғасыны бар бензин шламы
АС050 Сұйық жылу ұстағыштар
АС060 Гидравликалық сұйықтықтар
АС070 Тежегіш сұйықтықтары
АС080 Антифриздер
АС090 Шайырларды, латексті, пластификаторларды және
желімдерді өндіру, дайындау және пайдалану қалдықтары
АС100 Нитроцеллюлоза
АС110 Фенолыдар, фенолды қосылыстар, оның ішінде сұйықтықтар
немесе шламдар нысанындағы хлорфенол
АС120 Полихлорланған нафталиндер
АС130 Эфирлер
АС140 Құюдың пішіндік қоспаларын бекітуге арналған
триэтиламиндік катализаторлар
АС150 Хлорфторкөміртегілер
АС160 Галондар
АС170 Тоз бен сүректің пайдаланылған қалдықтары
АС180 Тері өңдеу шаңы, күлі, шламдары мен ұны
АС190 Ұсақ-түйек - автомобильдерді бөлшектеу кезінде пайда
болатын жеңіл фракция
АС200 Органикалық фосфор қосылыстары
АС210 Галогенделмеген еріткіштер
АС220 Галогенделген еріткіштер
АС230 Органикалық еріткіштерді генерациялау кезіндегі
операциялар кезінде пайда болатын галогенделген немесе
галогенделмеген су емес дисцилляциялық қалдықтар
АС240 Алифитикалық галогенделген көмірсутегілерін
(хлорметандар, дихлорэтан, винилхлорид, винилденхлорид,
аллилхлорид және эпихлоргидрин) өндіру қалдықтары
АС250 Беткі-белсенді заттар (ББЗ)
АС260 Шошқа тезегінің сұйығы (фекалии)
АС270 Кәріз лайы
АС280 Моноэтаноламин
АС290 Көмір шаңы
АD ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС НЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАСТАРЫ
БАР ҚАЛДЫҚТАР
AD010 Фармацевтикалық өнімдер шығару мен дайындау қалдықтары
AD020 Биоцидтер мен фитофармацевтикалық препараттар шығару,
дайындау және пайдалану қалдықтары
AD030 Сүрекке сіңіруге арналған химиялық заттар шығару,
дайындау және пайдалану қалдықтары
Төменде санамаланған қосылыстары бар немесе олардан тұратын
немесе олармен ластанған қалдықтар:
AD040 органикалық емес цианидтердің ізі бар құрамында қымбат
бағалы заттар бар қатты нысандағы қалдықтардан басқа
органикалық емес цианидтер
AD050 Органикалық цианидтер
AD060 Пайдаланылған қоспалар, май/су эмульсиялары,
көмірсутегі/су
AD070 Сияларды, бояғыштарды, пигменттерді, бояуларды,
лактарды шығару, дайындау және пайдалану қалдықтары
AD080 Егер оларға басқа арнайы заңнама қолданылмаса, жару
сипатындағы қалдықтар
AD090 Басқа ұстанымдарда көрсетілмеген және енгізілмеген
баспаханалық және фотографиялық химреактивтер мен
материалдарды шығару, дайындау және пайдалану қалдықтары
AD100 Пластмассаларды беттік өңдеу кезінде пайда болатын
цианидсіз негіздегі жүйелердің қалдықтары
AD110 Қышқылды ерітінділер
AD120 Ион алмастырушы шайырлар
AD130 Аккумуляторлық батареялары бар бір жолғы фотокамералар
AD140 Басқа ұстанымдарда көрсетілмеген және енгізілмеген
өнеркәсіптік шығу газдарын тазалау үшін өнеркәсіптік
ластануға қарсы күрес құрылғыларының қалдықтары
AD150 Сүзгілік орта ретінде (мысалы, биосүзгі ретінде)
пайдаланылатын табиғи органикалық материал
AD160 Қаланың тұрмыстық қалдықтары
AD170 Полипропилен өндірісінің қалдықтары
АЕ МҰНАЙ ӨНДІРУ ЖӘНЕ МҰНАЙДЫ
ҚАЙТА ӨҢДЕУ ӨНЕРКӘСІБІНІҢ
ҚАЛДЫҚТАРЫ
AЕ010 Шикі мұнай
AЕ020 Мұнай, мазут сіңірілген топырақ
AЕ030 Мұнай шламдары
AЕ040 Пайдаланылған бұрғылау шламы
AЕ050 Мұнай-химия өндірісінің қышқыл гудроны
A. 3 ҚАЛДЫҚТАРДЫҢ ҚЫЗЫЛ ТІЗІМІ
RА ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР БОЛУЫ МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАС ҚҰРАУЫШТАРДАН ТҰРАТЫН ҚАЛДЫҚТАР
RA010 Құрамында полихлорланған дифенил (ПХД) және (немесе)
полихлорланған терфенил (ПХТ) және (немесе)
полибромдалған дефенил (ПБД), оның ішінде осы
қосылыстардың кез келген полибромдалған ұқсастары бар
немесе олардан тұратын немесе олармен 50 мг/кг немесе
одан да көп концентрацияда ластанған қалдықтар
RA020 Органикалық материалдарды тазарту, айдау немесе кез
келген пиролиттік өңдеу кезінде пайда болатын шайырлы
тұнбалар түріндегі (асфальттық байланыстырушылардан
басқа) қалдықтар
RB ҚҰРАМЫНДА МЕТАЛДАР МЕН ОРГАНИКАЛЫҚ МАТЕРИАЛДАР БОЛУЫ
МҮМКІН НЕГІЗІНЕН ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС ҚҰРАМДАС ҚҰРАУЫШТАРДАН
ТҰРАТЫН ҚАЛДЫҚТАР
RB010 Асбест (шаң және талшық)
RB020 Асбест сипаттамаларына ұқсас физикалық-химиялық
сипаттамалары бар қыш негізіндегі талшық
RC ОРГАНИКАЛЫҚ ЕМЕС НЕ ОРГАНИКАЛЫҚ ҚҰРАМДАСТАРЫ
БАР ҚАЛДЫҚТАР
Құрамында төменде көрсетілген заттар бар немесе олардан тұратын немесе олармен ластанған қалдықтар:
RC010 полихлорланған дибензофуранға туыстас кез келген қосылыс
RC020 полихлорланған дибензодиоксинге туыстас кез келген
қосылыс
RC030 Детонацияға қарсы қондырғылардың қорғасын қосылған
шламдары
RC040 Сутегі асқан тотығынан басқа, асқан тотықтар
Қалдықтар сыныптамасына
9-қосымша
Парниктер мен теплицалардың полиэтилен пленкасы
қалдықтарының мысалында қалдықтардың сыныптылық кодын
қалыптастыру
Көрсеткіштің атауы |
Берілген код |
Түсіндірме |
Қалдықтың атауы |
N 200103// |
1-қосымшадан мына
|
Берілген материал
|
Q 03// |
2-қосымшадан мына
|
Қалдықтың
|
W S1// |
3-қосымшадан мына
|
Қалдық құрамының
|
С 00// |
4-қосымшадан мына
|
Қалдықтың қауіпті
|
Н 41// |
5-қосымшадан мына
|
Қалдықпен жұмыс
|
D 10 + R 3// |
6-қосымшадан мына
|
Қызмет түрі |
А |
7-қосымшадан ұстаным
|
Қалдықтың
|
GН011 |
8-қосымшадан мына
|