"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 18-тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :
1. Қоса беріліп отырған Қаржылық есептілікті депозитарийге беру ережесі (бұдан әрі - Ереже) бекітілсін.
2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н. Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.
Министр
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы 6 маусымдағы
N 197 бұйрығымен
бекітілген
1. Осы Ереже (бұдан әрі - Ереже) қаржылық есептілік депозитарийіне (бұдан әрі - депозитарий) қаржылық есептілікті беру тәртібін анықтайды.
Депозитарий - пайдаланушылар үшін ашық қатынаумен өткізетін, жыл сайын ұйымдармен тапсырылатын қаржылық есептіліктің электрондық дерекқоры.
2. Жария мүдделі ұйымдар жыл сайын есептіден кейінгі жылдың 30 сәуірінен кешіктірмей Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған қаржылық есептілікті депозитарийге береді.
Еншілес ұйымдары бар жария мүдделі ұйымдар Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы заңнама талаптарына сәйкес жасалған шоғырландырылған қаржылық есептілікті қосымша береді.
3. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге беретін қаржылық есептілік мынадай нысандарды қамтиды:
1) бухгалтерлік баланс;
2) пайда мен шығындар туралы есеп;
3) ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп;
4) капиталдағы өзгерістер туралы есеп.
5. Жария мүдделі ұйымдар депозитарийге қаржылық есептілікті почтамен жіберген жағдайда почта ұйымының штемпелінде көрсетілген жіберу күні қаржылық есептілікті беру күні болып табылады.
6. "Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабының 1-тармағына сәйкес электрондық мекен-жай бойынша жіберілген қаржылық есептілік электрондық цифрлық қолтаңбаны растау рәсімдерін сақтай отырып ұсынылады.