Нормативтік құқықтық базаны Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес келтіру мақсатында
БҰЙЫРАМЫН:
1. "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі
N 548 бұйрығына
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1577 болып тіркелген, 2001 жылғы тамыз айында N 27 Қазақстан Республикасы орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдарының Нормативтік құқықтық актілер бюллетенінде жарияланған; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 1916 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгеріс пен толықтыру енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2002 жылғы 11 маусымдағы N 411; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2893 болып тіркелген, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы" 2004 жылғы 8 мамырдағы N 266; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 3669 болып тіркелген, 2005 жылғы 13 тамыздағы N 33 "Ресми газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" 2005 жылғы 17 мамырдағы N 289; Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4220 болып тіркелген, 2006 жылғы 26 мамырдағы N 97-95 "Заң газеті" газетінде жарияланған, "Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2001 жылғы 9 шілдедегі N 548 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы" 2006 жылғы 19 сәуірдегі N 181 бұйрықтарымен енгізілген өзгерістері мен толықтырулары бар) мынадай өзгеріс енгізілсін:
аталған бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жоғары оқу орындарына қабылдау ережелерінде:
8-тармақта:
үшінші сөйлем мынадай редакцияда жазылсын:
Тыңдаушылар қатарына қабылдау конкурсына қатысу үшін қажетті ең төменгі баллдар деңгейі 60 баллды құрайды, оның ішінде кемінде 7 балл бейіндік пәннен, ал қалған пәндер бойынша жақсы бағалар болуы тиіс.".