Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2007 жылғы 22 мамырдағы N 183 бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 14 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4742 болып енгізілді.

Жаңартылған

      "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабы 5-тармағының 11) тармақшасын іске асыру мақсатында БҰЙЫРАМЫН :

      1. Ұсынылып отырған Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі бекітілсін.

      2. Мемлекеттік активтерді басқару әдіснамасы департаменті (Ж.Н.Айтжанова) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және заңнамада белгіленген тәртіппен ресми жариялануын қамтамасыз етсін.

      3. Осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді.

Министр



  Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2007 жылғы"22 мамырдағы
N 183 бұйрығымен бекітілді

Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу ережесі
1. Жалпы ережелер

      1. Бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеудің осы ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы" Қазақстан Республикасы Заңына (бұдан әрі - Заң) сәйкес әзірленді және бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік саласында реттеуді жүзеге асыратын орталық уәкілетті органның (бұдан әрі - уәкілетті орган) Қазақстан Республикасының бухгалтерлердің кәсіби ұйымдарын (бұдан әрі - кәсіби ұйымдар) және бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымдарын (бұдан әрі - сертификаттау жөніндегі ұйым) аккредиттеу және аккредиттеуден айыру жүргізу тәртібін белгілейді.

      2. Аккредиттеуден Заңға сәйкес кәсіби ұйымдардың, сертификаттау жөніндегі ұйымдардың заңдылығын уәкілетті органның ресми тануы мақсатында кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар өтеді.

2. Аккредиттеу рәсімін жүргізу тәртібі

      3. Кәсіби ұйымдар оларға аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініш;

      2) құрылтайшы құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: жарғы және мемлекеттік тіркелгені туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен статистикалық карточкасы берілгені туралы куәлік;

      3) ұйым жарғысына сәйкес бекітілген халықаралық тәжірибеге сәйкес келетін және оның барлық мүшелері үшін міндетті болып табылатын Этика кодексі.

      4) осы Ереженің 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрамы туралы мәлімет;

      5) осы Ереженің 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша кәсіби ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлімет;

      6) өз мүшелерінің біліктілігін ұдайы арттыру жүйесінің бар екендігін растайтын құжаттар.

      4)-6) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.

      4. Сертификаттау жөніндегі ұйымдар аккредиттеу жүргізу үшін уәкілетті органға мынадай құжаттар ұсынады:

      1) осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша өтініші;

      2) құрылтайшы құжаттарының нотариалды расталған көшірмелері: жарғы және мемлекеттік тіркелгені туралы, салық төлеушінің тіркеу нөмірі мен статистикалық карточкасы берілгені туралы куәлік;

      3) осы Ереженің 4-қосымшасына сәйкес нысан бойынша сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құрылымы, жұмыс органдарының болуы туралы мәлімет;

      4) емтихандық жүйедегі оқытуға бағынысты еместігін растайтын құжат (соның ішінде, емтихан өткізу тәртібі, емтихан алушыларға қойылатын талаптар);

      5) Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілігі туралы заңнамасына шолуды қамтитын сертификаттау бойынша емтихандық модульдардың және бекітілген оқу бағдарламаларының, оларды жаңарту жүйесінің бар екендігін растайтын құжат.

      3)-5) тармақшаларда санамаланған құжаттар қағаз және электрондық тасығыштарда беріледі.

      5. Сертификаттау (өтініш қабылдаған сәттен бастап) және аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден бас тарту туралы куәлік беру туралы шешім қабылдау бойынша кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың құжаттарын қарау мерзімі отыз күнтізбелік күннен аспауға тиіс.

      6. Уәкілетті органның басшысы айқындайтын құрылымдық бөлімше (бұдан әрі - құрылымдық бөлімше) өтініштерді қарау қорытындылары бойынша кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдардың Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына сәйкестігі туралы қорытынды әзірлейді. Уәкілетті орган кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы немесе аккредиттеуден дәлелденген бас тартуы туралы шешім қабылдайды.

      7. Егер кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай талаптардың кем дегенде бірін орындамаса, уәкілетті орган аккредиттеуден дәлелденген бас тартуды енгізе алады:

      1) кәсіби ұйымдар:

      осы Ереженің 3-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесін ұсынбаса;

      ұсынылған құжаттардың расталмағаны белгілі болса;

      Қазақстан Республикасын заңнамаларының талаптарына сәйкес келмесе.

      2) сертификаттау жөніндегі ұйымдар:

      осы Ереженің 4-тармағында көзделген тиісті құжаттардың толық тізбесі ұсынылмаған;

      ұсынылған құжаттардың расталмағаны белгілі болса;

      емтихандық модулдер мен оқу бағдарламаларының мазмұны қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары мен Қазақстан Республикасы заңнамаларының талаптарына жауап бермесе;

      Қазақстан Республикасын заңнамаларының талаптарына сәйкес келмесе.

      Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдар аталған бұзушылықтарды жойған кезде аккредиттеу туралы өтініш осы ереженің 3 және 4-тармақтарында белгіленген тәртіппен қаралады.

      8. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы мемлекеттік және орыс тілдеріндегі бұйрықтарға уәкілетті орган басшысы немесе уәкілетті орган басшысы айқындайтын лауазымды тұлға қол қояды және уәкілетті органның мөрімен бекітіледі.

      Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы бұйрықтың негізінде уәкілетті орган тиісті куәлікті береді.

      9. Кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік аккредиттеуді растайтын ресми құжат болып табылады, Қазақстан Республикасының барлық аумағында күші бар.

      Кәсіби ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік Ереженің

      6-қосымшасына сәйкес нысан бойынша бес жыл мерзімге беріледі.

      Сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәлік ереженің 7-қосымшасына сәйкес нысан бойынша үш жыл мерзімге беріледі.

      10. Куәлік бланктерінде бағалы қағаз деңгейіндегі қорғаныш дәрежесі, сондай-ақ есепке алу сериялық номері бар және қатал есептіліктегі құжат болып табылады. Құрылымдық бөлімше кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымдарды аккредиттеу туралы куәліктердің бланктерін даярлауды, есепке алуды және сақтауды қамтамасыз етеді.

      11. Егер кәсіби ұйымдар және сертификаттау жөніндегі ұйымдар мынадай талаптардың кем дегенде бірін орындамаса, уәкілетті орган

      1) кәсіби ұйымдарға:

      осы Ережелерді сақтамаған;

      осы Ереженің 5-қосымшасына сәйкес нысан бойынша аккредиттеу туралы куәлік берген сәттен бастап бір жылдың өтуі бойынша кәсіби ұйымның құрамындағы кәсіби бухгалтерлердің саны туралы расталмаған мәліметтер берген;

      2) сертификаттау жөніндегі ұйымдарға:

      осы Ережелерді сақтамаған;

      аккредиттеу туралы куәлік берілген сәттен бастап, алты ай өтуі бойынша бір немесе бірнеше кәсіби ұйымдармен өзара әрекеті туралы келісімі болмаған жағдайларда Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жауапкершілік туралы шешім қабылдайды.

      12. Аккредиттелген кәсіби ұйым мен сертификаттау жөніндегі ұйымды аккредиттеу туралы куәлігін уәкілетті орган басшысы мынадай жағдайда алып қоюды, егер:

      1) кәсіби ұйым аккредиттелген күннен бастап отыз күнтізбелік күн ішінде екі адамды бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік мәселелері бойынша Консультативтік орган құрамына өз өкілдерін жібермесе;

      2) соңғы үш жылдың ішінде аккредиттеу ережесін жүйелі түрде (үш реттен көп) бұзса;

      3) уәкілетті органға өзі және өз қызметі туралы көрінеу жалған ақпарат берсе;

      4) уәкілетті орган жасаған немесе әкімшілік жаза қолданған себептерді екі айдың ішінде жоймаса.

      13. Уәкілетті орган аккредиттеу туралы куәлікті алып қою туралы шешім шығарған сәттен бастап, кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым он күнтізбелік күн ішінде куәлікті қайтаруға тиіс.

      14. Кәсіби ұйым және сертификаттау жөніндегі ұйым сот тәртібімен уәкілеттік органның аккредиттеу куәлігі туралы шешіміне шағым жасауға құқылы.

      15. Кәсіби ұйымның және сертификаттау жөніндегі ұйымның атауы (соның ішінде, ұйымдастыру-құқықтық нысаны), заңды мекен-жайы өзгерген жағдайда ол туралы уәкілетті органға он бес күнтізбелік күн ішінде жазбаша хабарлайды және осы Ереженің 3 және 4-тармақтарына сәйкес оларға құжаттардың қосымшасымен аккредиттеу туралы куәлікті қайта ресімдеу туралы өтініш береді.

      16. Кәсіби ұйымның және сертификаттау жөніндегі ұйым аккредиттеу туралы куәлікті жоғалтқан жағдайда:

      1) оның жоғалғаны белгілі болғаннан кейін бес күнтізбелік күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында сериясын, номерін және берілген күнін көрсете отырып, аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы мәлімет жариялауы;

      2) уәкілетті органға аккредиттеу туралы куәлікті жарамсыз деп тану туралы және көшірмесін беру туралы өтініш беруі қажет.

      17. Аккредиттеу туралы куәліктің көшірмесін уәкілетті орган өтініш берген күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде береді.

      18. Уәкілетті орган аккредиттелген кәсіби ұйымдар мен сертификаттау жөніндегі ұйымның тізілімін жүргізеді және уәкілетті органның сайтында орналастырады.

  Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
1-қосымша

      Өтініш

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының, бухгалтерлерді кәсіби

       сертификаттау жөніндегі ұйымның толық атауы

       (керегінің асты сызылсын)

      қызметті жүзеге асыру үшін _________________________________________

      аккредиттеуді сұраймыз

      Орналасқан жері: ___________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының,

      бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның, сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы _____________ __________________

      (керектісінің асты сызылсын) (қолы) (аты-жөні)

      М.О. _______________________

  (датасы)
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
2-қосымша

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрамы

      Мүшелері ___________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының атауы көрсетіледі)

       N 1 кесте

N

р/

р

Аты-

жөні

Жұмыс орны, қызметі

Мекен-

жайы, телефоны, электрон-

ды мекен-

жайы

Жұмыс тәжірибесі (нотариалды расталған көшірмесін қоса бере отырып, құжаттармен расталған бухгалтерлік есеп пен аудит саласындағы жұмыс өтілі)

Бухгал-

терлер-

дің кәсіби ұйымына кірген күні

Мүшелік билетінің немесе кәсіби ұйымға мүшелігі туралы растайтын құжатының нөмірі
















       №2 кесте

N р/р

Бухгалтер-

лік ұйым

атауы

Заңды мекен-жайы,

куәлік

нөмірі

және

мемлекеттік тіркелген күні

Мекен-

жайы,

телефоны,

электрон-

ды мекен-

жайы

Бухгалтер-

лердің

кәсіби

ұйымына

өткен күні

Мүшелік

билетінің

немесе

кәсіби

ұйымға

мүшелігі туралы

растайтын

құжатының

нөмірі

Басшының аты-жөні
















      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының

      басшысы ________________ ___________________

       (қолы) (аты-жөні)

      М.О. _______________________

  (күні)
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
3-қосымша

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының құрылымы,

      жұмыс органдарының болуы туралы

      (комитеттер, бөлімдер және т.б.)

      мәлімет

Бөлімше атауы

Басшының аты-жөні

Қызмет атауы

Байланыс телефоны






















      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының

      басшысы ________________ ___________________

       (қолы) (аты-жөні)

      М.О. _______________________

  (күні)
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
4-қосымша

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның құрылымы,

      жұмыс органдарының болуы туралы

      (комитеттер, бөлімдер және т.б.)

      мәлімет

Бөлімше атауы

Басшының аты-жөні

Қызмет атауы

Байланыс телефоны






















      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау

      жөніндегі ұйымның басшысы ________________ ___________________

       (қолы) (аты-жөні)

      М.О. ____________________

  (күні)
Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
5-қосымша

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымын аккредиттеу туралы куәлік

      Серия БЕХФ N ____

      Осы куәлік _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (бухгалтерлердің кәсіби ұйымының толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (орналасқан орны, СТН) ___________________________________________________________ берілді.

      Куәлік 5 жыл мерзімге беріледі Қазақстан Республикасының барлық

      аумағында күші бар.

      Куәлік берген орган ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (уәкілетті органның толық атауы)

      Негіздеме: ________________________________________________ бұйрығы

       (уәкілетті органның толық атауы)

       20___ ж. "__" ________ N ____

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы

      __________________

      М.О.

      Берілген күні 20___ ж. "__" ____________

  Бухгалтерлердің кәсіби
ұйымдарын және бухгалтерлерді
кәсіби сертификаттау жөніндегі
ұйымдарды аккредиттеу ережесіне
6-қосымша

      Бухгалтерлерді кәсіби сертификаттау жөніндегі ұйымды

      аккредиттеу туралы куәлік

      Серия БЕХФ N ____

      Осы куәлік _________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (бухгалтерлерді сертификаттау жөніндегі ұйымының толық атауы)

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (орналасқан орны, СТН) ___________________________________________________________ берілді.

      Куәлік 3 жыл мерзімге беріледі Қазақстан Республикасының барлық

      аумағында күші бар.

      Куәлік берген орган ________________________________________________

      ____________________________________________________________________

       (уәкілетті органның толық атауы)

      Негіздеме: ________________________________________________ бұйрығы

       (уәкілетті органның толық атауы)

       20___ ж. "__" ________ N ____

      Бухгалтерлердің кәсіби ұйымының басшысы

      __________________

      М.О.

      Берілген күні 20___ ж. "__" ____________