Рейтинг агенттіктері мен банктер мәмілелерін жүзеге асыра алатын облигацияларға арналған ең төменгі талап етілетін рейтингін, сондай-ақ екiншi деңгейдегі банктер брокерлік және/немесе дилерлік қызметті жүзеге асырған кезде мемлекеттік бағалы қағаздарымен мәмілелер жасай алатын елдердің ең төменгі талап етiлетiн рейтингін белгілеу туралы

Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және Қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2007 жылғы 30 сәуірдегі N 128 Қаулысы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 9 маусымда Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4717 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Ескерту. Қаулының атауы жаңа редакцияда - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      "Қазақстан Республикасындағы банктер және банк қызметі туралы" Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 31 тамыздағы Заңының 8-бабының 5-тармағына және 30-бабының 12-тармағына сәйкес Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігінің (бұдан әрі - Агенттік) Басқармасы ҚАУЛЫ ЕТЕДІ :
      Ескерту. Кіріспеге өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      1. Банктердің рейтингі"ВВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "Ваа3" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) рейтингі бар шетел эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
      Банктер мәміле жасай алатын шетел эмитенттерінің облигацияларының рейтингін төмендету кезінде осы тармақта белгіленген деңгейден төмен мәмілелерді жүзеге асыра алады, аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде банктер өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 1-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз), 2009.11.30 N 239 Қаулыларымен.

      2. Банктердің рейтингі"ВВ-"-дан төмен емес ("Standard & Рооr's" және "Fіtсh" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша) немесе "ВаЗ" төмен емес ("Мооdу's Investors Service" рейтинг агенттіктерінің жіктелімі бойынша), не жоғарыда аталған рейтинг агенттіктерінің ұлттық шәкілі бойынша "кzВВВ" төмен емес рейтинг бағасы бар Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларымен мәмілелерді жүзеге асыра алатындықтары белгіленсін.
      Банктердің мәмілелерді осы тармақта белгіленгеннен төмен деңгейде жүзеге асыра алатындай болып, Қазақстан Республикасы эмитенттерінің облигацияларының рейтингі төмендеген кезде, банктер аталған төмендету пайда болған айдан кейінгі алты күнтізбелік ай ішінде өз қызметін осы тармақтың талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 2-тармаққа өзгерту енгізілді - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239 Қаулысымен.
      2-1. Қазақстан Республикасының эмитентіне қатысты соттың қайтақұрылымдау жүргізу туралы шешімі бар болғанда, оның қайта құрылымдандырылатын облигациялары және өзге де міндеттемелері бар, осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкес келмейтін банктер қайта құрылымдау тоқтатылған айдан кейінгі он екі ай ішінде өз қызметін осы қаулының 2-тармағының талаптарына сәйкестендіре жүргізеді.
      Ескерту. 2-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239 Қаулысымен.
      2-2. Осы қаулының талаптарына сәйкес келмейтін облигациялары бар банктер осы қаулының 2-1 және 3-тармақтарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, 2011 жылғы 1 қаңтарға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды сатсын.
      Ескерту. 2-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2009.11.30 N 239 Қаулысымен.

      3. Банктер осы қаулы қолданысқа енген күнде осы қаулының 1 және 2 тармақтарының талаптарына сәйкес келмеген облигациялары қолда бар болған жағдайда 2012 жылғы 1 маусымға дейінгі мерзімде аталған облигацияларды іске асырсын.

      3-1. Екiншi деңгейдегi банктердiң ("Standard & Poor`s" немесе "Fitch" рейтинг агенттiктерiнiң жіктелуі бойынша) "ВВВ-"-дан төмен емес немесе ("Moody`s Investors Service" рейтинг агенттiгiнiң жіктелуі бойынша) "Ваа3"-тен төмен емес шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi бар елдердiң мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыра алатындықтары белгiленсiн.
      Ескерту. 3-1-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      3-2. Екiншi деңгейдегi банктер мемлекеттiк бағалы қағаздарымен брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi осы қаулының 3-1-тармағында айқындалған деңгейден төмен жүзеге асыра алатын елдердiң шетел валютасында тәуелсiз ұзақ мерзiмдi рейтингi төмендеген кезде брокерлiк және (немесе) дилерлiк қызметтi жүзеге асыратын екiншi деңгейдегi банктер көрсетiлген төмендеу орын алған айдан кейiн келетiн үш күнтiзбелiк айдың iшiнде өз қызметiн осы қаулының 3-1-тармағының талаптарына сәйкес келтiредi.
      Ескерту. 3-2-тармақпен толықтырылды - Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2008.02.26 N 19 (қолданысқа енгізілу тәртібін 3-тармақтан қараңыз) Қаулысымен.

      4. Мыналардың күші жойылды деп танылсын:
      1) Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының және шетел эмитенттеріне арналған ең төменгі рейтингтің тізбесін белгілеу туралы Қазақстан Республикасының Қаржы рыногын және қаржылық ұйымдарды реттеу мен қадағалау жөніндегі агенттігі басқармасының 2004 ж. 9 ақпандағы N 25 қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 2740 тіркелген, Қазақстан Республикасының орталық атқарушы және өзге де мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері бюллетенінде жарияланған, 2004 жыл, N 37-40, 1004-құжат);

      2) "Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының "Облигациялармен екінші деңгейдегі банктер мәмілелерді жүзеге асыра алатын халықаралық қаржы ұйымдарының тізбесін белгілеу туралы" 2004 жылғы 9 ақпандағы N 25 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу мен қадағалау агенттігі Басқармасының 2006 жылғы 25 ақпандағы N 45 Қаулысы (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4151 тіркелген);

      5. Осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он төрт күн өткеннен кейін қолданысқа енеді.

      6. Стратегия және талдау департаменті (М.С. Бөбеев):
      1) Заң департаментімен (Байсынов М.Б.) бірлесіп, осы қаулыны Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткізу шараларын қолға алсын;
      2) осы қаулы Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуден өткен күннен бастап он күндік мерзімде оны Агенттіктің мүдделі бөлімшелеріне, екінші деңгейдегі банктерге, "Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығы" заңды тұлғалар бірлестігіне мәлімет үшін жіберсін.

      7. Агенттіктің Халықаралық қатынастар және жұртшылықпен байланыс бөлімі осы қаулыны Қазақстан Республикасының бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау жөнінде шаралар қабылдасын.

      8. Осы қаулының орындалуын бақылау Агенттік Төрағасының орынбасары Е.Л.Бахмутоваға жүктелсін.

      Төраға