Өндірістік экологиялық бақылау Бағдарламасын және өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелерін бекіту туралы

Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің 2007 жылғы 24 ақпандағы N 123-Ө Бұйрығы. Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2007 жылғы 8 маусымдағы Нормативтік құқықтық кесімдерді мемлекеттік тіркеудің тізіліміне N 4714 болып енгізілді.

Жаңартылған

      Қазақстан Республикасы Экологиялық кодексінің 17-баптың 29) тармақшасына сай БҰЙЫРАМЫН :

      1. Бұйрыққа қоса тіркелген Өндірістік экологиялық бақылау
бағдарламасы мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есептемеге қойылатын талаптарды ұйғару ережелері бекітілсін.

      2. Күшін жоғалтқан деп:
      1) "Өндірістік мониторинг жүргізудің үлгі ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4101 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 28 сәуірдегі N 76-77 (1056-1057) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасының Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2006 жылдың 2 ақпандағы N 45-б бұйрығы ;
      2) "Өндірістік экологиялық бақылау жөніндегі үлгі ережесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде N 4359 болып тіркелген, "Заң газетінің" 2006 жылдың 13 желтоқсандағы N 215 (1195) нөмірінде жарияланған Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрінің міндетін атқарушының 2006 жылдың 3 тамыздағы N 258-б бұйрығы .

      3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланғаннан бастап он күнтізбелік күн өткеннен кейін қолданысқа енгізіледі.

      Министр

Қазақстан Республикасы     
Қоршаған ортаны қорғау министрінің
2007 жылғы 24 сәуірдегі  
N 123-Ө бұйрығымен бекітілген 

Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен
өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша
есеп беруге қойылатын талаптарды келісу ережесі

      1. Осы Ереже өндірістік экологиялық бақылау бағдарламалары мен өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша есеп беруге қойылатын талаптарды келісу тәртібін анықтайды.

      2. Осы Ереже I, II, III санаттағы нысандарды пайдаланатын, арнайы табиғатты пайдалану құқығы бар барлық жеке және заңды тұлғаларға арналған.

      3. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламаларын келісу үшін I санат объектілері бар табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға және оның аумақтық бөлімшелеріне, ал II және III санат объектілері бойынша қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерге жүгінеді.
       Ескерту. 3-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәрібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      4. Табиғатты пайдаланушымен әзірленген өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасы қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органмен немесе оның аумақтық бөлімшесімен қоршаған ортаға эмиссиялауға рұқсат алуға өтінім материалдарын қарау рәсімі шеңберінде келісіледі.
      II, III санат объектілері бойынша өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын келісу үшін жергілікті атқарушы органдар өтінім материалдары ұсынылғаннан кейін үш жұмыс күн ішінде өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын келісуге қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелерге жолдайды. Бұл ретте өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасының қоршаған ортаны қорғау саласындағы аумақтық бөлімшелермен қаралу мерзімі оның келіп түскеннен бастап он бес күнтізбелік күннен артық емес.
       Ескерту. 4-тармақ жаңа редакцияда - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәрібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      5. Технологиялық объектілерді пайдалануға бергенде, сондай-ақ қоршаған ортаға авариялық эмиссия жасағанда, табиғат пайдаланушылар қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органымен, санитарлық-эпидемиологиялық қызметінің мемлекеттік органымен келісілген әсердің өндірістік мониторингін жүргізеді.

      6. Өндірістік экологиялық бақылау нәтижелері бойынша жасалатын есепте есеп беру кезеңдегі бағдарламаны орындау туралы толық ақпарат пен ішкі тексерулер нәтижелері көрсетілуі тиіс.

      7. Өндірістік экологиялық бақылау есептемесінде табиғат пайдаланушымен еркін түрде жасалған жұмыстарды орындау туралы түсініктеме хат қоса тіркелу керек.

      8. Өндірістік экологиялық бақылау бағдарламасын орындау туралы
есептеме және оған қоса тіркелген түсініктеме хат қоршаған ортаны қорғау саласындағы уәкілетті органға немесе оның аумақтық бөлімшелеріне осы Ережелердің 9-тармағында көрсетілген кестеге сәйкес тапсырылады.
       Ескерту. 8-тармаққа өзгерту енгізілді - ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрінің 2009.07.23. N 144-ө (қолданысқа енгізілу тәрібін 2-т. қараңыз) Бұйрығымен.

      9. Кезеңдік есептеме тапсыру кестесі:
      атмосфераға шығарылған шығарындар мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тапсырылады;
      суға төгілген төгінділер мониторингісі бойынша есеп беру, есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады;
      сулар мониторингісінің нәтижелері жыл сайын тапсырылады;
      арыздар бойынша есеп беру (арыздар түскен жағдайда), есептік тоқсаннан кейін 10 күн ішінде тоқсан сайын тапсырылады.